Шетелде білім алған мектеп түлектеріне

Құрметті шетелде білім алған мектеп түлектері (Қазақстан Республикасының азаматтары)!

Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және ТАМЫЗ айларында.

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Сіздер ҰБТ-ға өтініш беру үшін тіркелу сайтында «Шетелде білім алған мектеп бітірушілері» блогын таңдайсыздар.

МАҢЫЗДЫ: Өтініш беретін кезде «ОҚУ ОРНЫНДА» тек білім алған МЕМЛЕКЕТТІҢ атауын ғана көрсетесіздер. МЕКТЕПТІҢ атауы сұралмайды.

Сәттілік!

Поделиться:
Top