Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04211 Халықаралық бизнес-құқық в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық Бизнес-құқық Білім беру бағдарламасының мақсаты –халықаралық бизнес-құқық саласында терең білімі бар, ғылыми таным инструментарийіне ие, ағылшын тілін жетік меңгерген, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарында, құқық қорғау органдарында және үкіметтік емес секторларда, сондай-ақ, қызмет жасауға дайын жеке заң фирмаларында және коммерциялық ұйымдарда ғылыми-педагогикалық бейіндегі білікті мамандарды сапалы деңгейде даярлау. Осы бағдарламаны бітіруші түлектер трансшекаралық экономикалық қызметті реттейтін құқық нормаларын талдап, қолдануға, халықаралық және ішкі құқық нормаларына негізделген үйлесімді іскерлік қарым-қатынастардың құрылуын қамтамасыз ете алады; трансшекаралық коммерциялық қызмет саласындағы құқық бұзушылықты болдырмау; сыртқы экономикалық қызметтің субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау; дауларды шешу кезінде құқықтық көмек көрсету үшін сараптамалық консультациялар, өкілдік іс-шараларды жүргізу; іскерлік қарым-қатынастарды құқықтық қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін зерттеу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін қалыптастыру және ұсынуға қабілетті болады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Top