7R01107 Пульмонология ересектердің, балалардың в Астана медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өздік жұмысы үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті пульмонолог мамандарындаярлау
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Астана медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R007 Пульмонология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
-
Пульмонология стационарда, балаларда
Несиелер: 40Пән ішіне балалрдың тынысалу ағзаларының анатомо-физиологиялық даму ерекшеліктерін оқыту, дер кезінде әр түрлі аурулардың клиникалық симптомдары мен синдромдарын анықтау, ауруханалық деңгейде балалардың респираторлық патологиясын заманауи диагностикалық әдістер арқылы диагностикалау және емдеу кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Пульмонология амбулаторлы-емханалық, ересектерде
Несиелер: 26Дәлелдімедицина негізіне сүйене отырып, науқастарға пульмонологиялық көмек көрсетудің амбулаторлы-емханалық кезеңінде резидент-пульмонологтардың тынысалу жүйесі ауру науқастарының диагностикасы, емдеу, жүргізу тактикасы бойынша білімін тереңдете түсу
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Пульмонология амбулаторлы-емханалық, балаларда
Несиелер: 26Пән ішіне балалрдың тынысалу ағзаларының жұқпалы және аллергиялық ауруларының клиникалық симптомдарының ағымдық ерекшеліктерін оқыту, заманауи димагностикалық әдістерді меңгеру, дәрілік заттардың фармакокинетика және фармкодинамика ерекшеліктеріне жүгіне отырып әсер ету механизмдерін түсіну, амбулаторлық кезеңде балалар аруларының вакцинопрофилактикасын білу кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Пульмонология стационарда, ересектерде
Несиелер: 40Заманауи ұсыныстарға сәйкес респираторлық патологиясымен науқастардың ауруханалық кезеңдегі диагностикасы, дифференциалды диагностикажәне емдеу тактикасы
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Ішкі аурулар клиникасындағы шұғыл жағдайлар
Несиелер: 4Білім алушылардың ішкі аурулар клиникасындағы төтенше жағдайларды диагностикалау дағдыларын қалыптастыру. Төтенше жағдайлардың дифференциалды диагнозы және пациенттерді басқару тактикасын таңдау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Пульмонологияның негізгі аспектілері
Несиелер: 4Респираторлық аурулар туралы заманауи түсінік
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 4
-
Код ON1
Науқастардыбақылау: дәлелдімедицина негізіне сүйене отырып, науқастарға пульмонологиялық көмек көрсетудің әр сатысында клиникалықдиагноздытұжырымдайалады, емдеужоспарынтағайындап және оның тиімділігінбағалай алады.
-
Код ON2
Коммуникация және коллаборация:пульмонологиялық көмек көрсетудің әр сатысында пациент үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның айналасындағылармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасай алады
-
Код ON3
Қауіпсіздік және сапа: қауіпсіздіктің және медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің тиімді әдістерін қолдана отырып, тынысалу жүйесі ауруымен науқастарда пульмонологиялық көмек көрсетудің әр сатысында қауіп-қатерлерді бағалай алады.
-
Код ON4
Қоғамдық денсаулық сақтау: Пульмонология, соның ішінде балаларпульмонологиясы мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдық шеңбер аясында әрекет ете алады, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсете алады, ұлт денсаулығын нығайту саясатын іске асыру үшін кәсіпқой топтар құрамында жұмыс жасай алады.
-
Код ON5
Зерттеу: адекватты зерттеу сұрақтарынқұрастыруға,пульмонологиялық кәсіби әдебиеттерді бағалауға, өзінің күнделікті жұмысында халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, ғылыми-зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті
-
Код ON6
Білім алу және даму: өз бетінше білім алуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және кәсіптік дамудың басқа да түрлеріне Пульмонология, соның ішінде балаларпульмонологиясы мамандығы аясында белсенді қатысуға қабілетті.
-
Код ON7
Менеджмент: медициналық ұйымдармен және олардың құрылымдық бөлімшелерінде пульмонологиялық көмек көрсетуде ұйымдастыру және басқарудың негізгі принциптерін қолдана алады
-
Код ON8
Психологиялық-педагогикалық қызмет: тұрғындарда, пациенттерде және олардың жанұйясындағы адамдарда өзінің және қасындағылардың денсаулық сақтауға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ынталандыруды қалыптастыра алады.