Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06181 Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика I
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты механика бөлімінің кинематика, динамика, статика және сұйықтардың динамикасы қарастырылады. Молекулалық физика бойынша газдардың молекула –кинетикалық теориясы және термодинамика, электр және магнетизм бөлімі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің математикалық талдаудың негізгі әдістерін, аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра элементтерін меңгеру. Логикалық ойлауды дамыту және жоғарғы математиканың абстрактілі ұғымдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде жоғары математика әдістерін қолдана білу, алынған сандық нәтижелерді сапалы интерпретациялау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
    Несиелер: 6

    Бұл пәннің мақсаты бағдарламалаудың негізін, деректер құрылымын және алгоритмдер құруды үйрету. Сонымен қатар, С++ тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалар құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерімен жұмыс істеу, сұрыптау және іздеу алгоритмдерін және оның практикалық қолданылуын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдер және бағдарламалау технологиялары
    Несиелер: 6

    Бұл пәннің мақсаты Python тілінің синтаксисін негізгі алгоритмдік құрылымдар, литералдар мен өрнектер үшін оқыту болып табылады. Енгізілген деректер типінің сипаттамасы келтіріледі, сондай-ақ Python бағдарламалау стилінде жалпы қабылданған кейбір мәселелерді қарауға әрекет жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 4

    "Компьютерлік графика" пәнінің мақсаты компьютерлік графиканы құрудың заманауи әдістерін оқып үйрену және оларды кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс аясында студенттер растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеу үшін қажетті білім алады және оны болашақта өзінің кәсіби қызметінде тиімді пайдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Заманауи бағдарламалау тілдері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты ең танымал Python бағдарламалау тілін үйретуге болуының арқасында Python тілі ең оңай әрі қолданыста тиімді тілдердің бірі болып саналады. Алдымен арналған. Анықталған синтаксистік құрылымы мен оқылмайтын таңбалар санының аз тілдің негізгі құрылымы және Python бағдарламалау тілінің өзге де ерекшеліктерін үйренесіз, әрі қарай объектілі-бағытталған бағдарламалау негіздерін қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыларды қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістер мен моделдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Бұл пәнде жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтері қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау I
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдарымен таныстыру. ОББ жүзеге асыру негіздерімен таныстыру. Сонымен қатар, пән мақсаты идеология мен объектілі-бағытталған бағдарламалау парадигмасының негізгі аспектілерін түсінуді қалыптастыру, С++ жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясында теориялық білім мен практикалық тәжірибе алу болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер
    Несиелер: 5

    Бұл пән компьютерлік желілердің жіктелуін, қазіргі тораптық технологиялар ерекшеліктерін, Компьютерлік желілердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы, қазіргі ОЖ желілердің аппараттық құралдарды орнатуды және қалыптастыруды білу, қолдану құқығын реттеу, парольмен қорғау және файлдық жүйенің папкасының құрылымын көшіру, мәліметті жіберуді, қабылдауды, алмасуды ұйымдастыруды оқытады. Сондай-ақ қазіргі кезеңде есептеу машиналарының бір бірімен байланысы және мәлімет алмасу тенденциясы туралы мағлұматтар беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау II
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты объектіге негізделген концепциялар мен принциптерін оқып үйренуді, қолдануды, абстракциялық ойлау қабілетін дамытуды және болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыруды, программа құрылымын жобалауды, оны құра білуді және жобалау үлгілерін пайдалана отырып жобаны жүзеге асыру дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 3D графикалық бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - үшөлшемді компьютерлік графика саласында базалық білімді қалыптастыру және заманауи графикалық бағдарламаларда жұмыс істеу дағдыларын меңгерту. Сонымен қатар, кәсіби графикалық редакторлардың көмегімен үш өлшемді компьютерлік графика, дизайн саласында білім алушылар танымын кеңейту үшін оңтайлы педагогикалық жағдайлар жасау; күрделі жұмыстарды орындау кезінде қазіргі графикалық редакторда бар білімдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректер қоры теориясы
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің мақсаты деректер қорының теориялық негіздерін, деректер қорын құрудың принциптері және онымен жұмыс істеу құралдары, деректер модельдері, реляциялық модель, деректер қорын жобалауды және құруды үйрету. SQL тілінің негіздерімен және реляциялық деректер қорын жобалау әдістерін үйрету және дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интернет технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Интернет технологияларын ұйымдастыру және қызмет ету принцптерін меңгеру, интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау әдістерін меңгерту. Қазіргі кездегі web-сайттар құруға арналған кең қолданыстағы HTML, CSS, JavaScript бағдарламаларында жұмыс жасау технологияларын үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің негізгі мақсаты кезкелген салада жұмыс жасау барысында операциялық жүйелерді дұрыс қолдану тиімді жақтарын көрсету сонымен қатар көптеген мүмкіндігі жоғары бағдарламалармен тиімді жұмыс жасауды үйрену, жұмыс жасап практикада жиі қолданып олардың жоғары деңгейде мүмкіндіктерін арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 5

    Осы курста инженерлік және ғылыми-техникалық есептің тәжірибесінде ең жиі пайдаланылатын сандық әдістер қарастырылады. Сызықты алгебраның және сызықтық емес алгебраның теңдеулерін шешу әдістері , матрицаның меншікті мәнінін табу мәселесі, функцияны жуықтап есептеу мәселесі, дифферециал және интегралды жуықтап есептеу әдістері, функцияның экстремумдарын табу әдістері және дифференциалды теңдеулерді жуықтап шешу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 3D модельдеу және сканерлеу негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқытудың мақсаты – арнайы 3d-сканер құрылғысымен нақты объектінің, заттың, бұйымның физикалық пішінін осы заттың сандық 3 өлшемдік моделіне аудару үшін бірқатар жүйелі операцияларды орындау бойынша білім алушылардың дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ 3D кеңістігінде нысандарды жасап, түрлендіруге, 3D-сканердің нәтижелері бойынша өлшемдерді сақтай отырып, модельдеуді орындауға және т.б. үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графтар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді графтар теориясы мен желілік талдау негіздерімен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер әлеуметтік графтарды талдау және визуализациялау үшін Python NetworkX кітапханасымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алады. Алынған құзыреттерді жарнама және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар ақпараттық алаң мониторингі және коммуникациялық науқандарды жоспарлау үшін пайдалана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графикалық және операциялық жүйелерді басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - графикалық және операциялық жүйелерді орнату және қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық бөлігінің жұмысын басқару және бақылау мүмкіндіктерін анықтау дағдыларын меңгерту. Сонымен қатар, графикалық және операциялық жүйелердің жұмыс істеу талаптарын өзгертуге, жоюға, енгізуге, жаңа қосымшалар мен құрылғыларды орнатуға арналған жүйелердің орналасуын талдау, тапсырманы орындау үшін жүйенің мүмкіндіктерін анықтауға аппараттық-бағдарламалық бөлігінің жұмысын басқару және бақылау, қызмет көрсету және қолдау дағдыларын қалыптастырy

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 3D басып шығару үшін 3D модельдеу негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты 3D-модельдеу және 3D-басып шығару үшін бағдарламалық өнімді пайдалану дағдыларын меңгеру. Білім алушыларды 3D модельдер жасауға, басқарушы кодты біріктіруге, 3D принтерді калибрлеуге және 3Д модельдеудің барлық негізгі құралдарын, техникасы мен тәсілдерін практикада қолдануға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректер қорын басқару
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты SQL Server әкімшілендіру мәселелері бойынша студенттерді оқыту: администратордың негізгі міндеттерінен бастап деректер базасын резервтеу және қалпына келтіру аспектілеріне дейін. Бұл курс SQL Server әкімшіліктендірудің түрлі аспектілерін қарастыруға арналған. Онда SQL Server әкімшілендіру бойынша міндеттерді табысты орындау үшін қажетті барлық негізгі мәселелер туралы толық ақпарат берілген. Әкімшінің барлық негізгі міндеттері қарастырылды және оларды орындау бойынша нұсқаулар берілді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • WEB және мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты – студенттерге WEB және мультимедиялық қосымшалардың түрлері, олардың бағдарламалық жасақтамасының функциялары, құрылғылардың операциялық жүйелері, интерфейстерінің түрлері, оларды әзірлеу жайлы түсіндіру болып табылады. Студенттер мобильді операциялық платформалардың бірінде тиімді жұмыс жасайтын, операциялық жүйеде қолданушыға пайдалы және қолайлы, көпфункциональды қосымшаларды әзірлеуді қарастырады. Әзірленген қосымшалардың жұмыс істеуі бойынша нұсқалықты, қажетті құжаттамасын жасайды, мобильді қосымшаны тіркейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық ресурстарды құру және басқару
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің негізгі мақсаты Интернет-ресурстарды жобалау процестерін қолдану және пайдаланушылардың талаптарын, ұйымның Интернет-ресурстарының құрылымы мен мазмұнын талдау, келіп түскен өтініштер, шағымдар туралы мәліметтер базасын және есептерді жүргізу, оларды дамытуға қолдау көрсету және бизнес-процестерді модельдеу. Жаңалықтар агрегаторларымен, электронды жазылымдармен, әлеуметтік желілермен, форумдармен жұмыс істеу мүмкіндігін жүзеге асыру дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адамның компьютермен өзара байланысы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттерді адам-компьютерлік өзара әрекеттестігі негіздерімен таныстыру – адам мен компьютер арасындағы өзара қатынасты жақсарту, яғни ыңғайлы (usability) және қолданушы қажеттіліктеріне сай ету. Қолданушы интерфейсін жобалауды дамыту, әдіснамасы, жүзеге асыру әдістері, бағалау, салыстыру; жаңа интерфейстермен өзара қатынас әдістерін әзірлеу; сипатталатын және болжамданатын модельдер және олардың өзара қатынастарын дамыту мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйелердің архитектурасын басқару
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты - ақпараттық өзара алмасу арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді жүзеге асыратын және нақты функционалдық мәселелерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдасқан жиынтығы. Бағдарламалық жасақтаманы жобалауға арналған құралдар мен әдістердің жиынтығы, бұл бағдарламалардың жоғары сапасын, қателіктердің болмауын және бағдарламалық өнімдерге техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағдарламалық қамтаманы әзірлеу
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің мақсаты бағдарламалық қамтамасыздандыру кодының қолданылуын, бағдарламалық қамтамасыздандырудың құрамдас бөліктерін және олардың интерфейстерін әзірлеу, құжаттау және сипаттау әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар бағдарламалық модульдерді құрастыру және бағдарламалық кодты жазу процедураларын орындау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ақпараттық қауіпсіздік пен ақпаратты қорғаудың мәнін, олардың ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орнын ашу, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық, әдіснамалық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтау болып табылады. Осының негізінде құжаттық ақпарат тасығыштардың түрлі типтерін, сондай-ақ құпия құжаттарды өңдеу және сақтау әртүрлі құралдарын, тәсілдері мен жүйелерін қолдану жағдайында қорғалған құжат айналымы технологиясын құру мен жетілдіруді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпаратты қорғау
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты студенттерді ақпараттық қауіпсіздіктің даму үрдісімен, ықтимал қауіптер үлгілерімен, Ақпарат қауіпсіздігі теориясының терминологиясымен және негізгі ұғымдарымен, желілерді бұзу алгоритмдерімен, компьютерлік жүйелерді қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарын зерттеумен, қауіпсіздік аудитінің бағдарламалық құралдарын әзірлеумен таныстыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жасанды интеллекті негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - жасанды интеллект негіздерін оқыту, құзыреттілігі, білігі мен дағдыларын меңгерту. Жасанды интеллект аспектілері. Күй кеңістігіндегі іздеу әдістері. Есеп беру жиынтығына мәлімет беру. Білімді ұсыну. Фреймдер. Семантикалық желілер. Тілдік қызметті модельдеу. Зияткерлік жүйелердегі табиғи тілдегі сұраныстар және оларды түсіну. Синтаксистік контекстінің негізінде табиғи тілдің мәтіндерін семантикалық кластерлеу және формализациялау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мобильдік қосымшалар құру
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты-білім алушыларда интерактивті қосымшаларды құрудың негізгі тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, қосымшалардың дұрыс интерфейсі мен архитектурасын әзірлеуге үйрету. Курс өткеннен кейін тыңдаушылар Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды жасай алады; қосымшаның түрлі белсенділіктері арасында навигацияны басқара алады; фрагменттер мен т. б. пайдалана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Машиналық оқыту
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты қолданбалы есептердің негізгі түрлерін, машиналық оқыту объектілерін меңгеруге арналған. Машиналық оқыту алгоритмдері мен стратегияларына аса назар аударылған. Классификациялаудың метрикалық және логикалық әдістері қолданылады. Ашық алгоритмдерді қолдану игеріледі. Сызықтық классификация мәселелері, регрессивті талдау әдістері талқыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үлкен деректерді өңдеу және сақтау жүйелерін әзірлеу
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты студенттерді үлкен деректер көздерін табу және түсіндіру, үлкен көлемді мәліметтерді басқару, деректер көздерін біріктіру, деректер жиынтығының келісімділігін қамтамасыз ету және мәліметтерді түсінуге көмектесетін визуализация жасау, деректерді пайдалана отырып математикалық модельдерді құру дағдыларына, сонымен қатар компьютерлік ғылымдар саласында, нақты айтқанда табиғи тілді өңдеу саласында практикалық жұмыс істей білуге үйрету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Деректерді визуализациялау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты үш өлшемді моделдеу, визуализация, анимация, нақты объектілердің үш өлшемді модельдерін құру қабілеттеріне, фотореалистік сападағы бейнелерді визуализациялау, компьютерлік анимациялар үйрету болып табылады. Бұл пәнді оқу барысында пайдаланушылық интерфейстер, 3D-сценаларды модельдеу әдістері, үш өлшемді объектілерді модельдеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бұлтты қосымшаларды әзірлеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсты бұлтты технологиялардың архитектурасы, бұлтты сервистерді жобалаудың тәсілдері мен ерекшеліктері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды алу, сондай-ақ негізгі қолданыстағы бұлтты платформаларға арналған қосымшаларды әзірлеу дағдыларын алу. Бұлтты есептеулердің негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ бұлтты инфрақұрылымға көшу және бұлтты сервистерді пайдалану бойынша алғышарттарды зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Framework негізінде Web-қосымшаны әзірлеу
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты студенттерді екі негізгі функциясы бар фреймворктарды қолдануға дайындайды: серверлік жағында (бэкенд) жұмыс істеу және клиенттік жағында (фронтенд) жұмыс істеу. Оларды қосымшаның сыртқы түріне жауап беретін қосымшаның сыртқы бөлігіне байланысты Фронтенд-фреймворктарды әзірлеуге дайындайды. Және бэкенд ӘЗІРЛЕУ, ол қосымшаның ішкі құрылғысына жауап береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Деректерді параллель өңдеу
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты білімгерлерге бірнеше әрекеттерді бір уақытта орындау идеясын үйрете отырып, олардың білімін, біліктілігін, дағдысы мен құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнді оқу барысында үлестірілген және параллельді жүйелер, деректерді өңдеу процестерін жоспарлау модельдері мен алгоритмдері, үлестірілген және параллельді жүйелерді бағдарламалау тілдері мен құралдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоақпараттық жүйелерді әзірлеу
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты геодезиялық түсірілім, аэрофотосуреттер және спутниктік деректер көмегімен алынған географиялық ақпаратты жинау, талдау және түсіндіру болып табылады. Картаны және басқа да кеңістіктік деректерді сандық формада зерттеу және дайындау. ГАЖ және картографиялық жүйелер үшін алгоритмдерді, деректер құрылымын және пайдаланушы интерфейсін әзірлеу және бағалау. ГАЖ деректер базасындағы жұмыс: ақпаратты өңдеу, сақтау, өзгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мобильді технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты студенттерді Android басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуге үйрету болып табылады. Android ОЖ үшін әзірлеудің негізгі принциптерін сипаттау. Сондай-ақ, Android платформасының құрылысы туралы айтылады, бағдарламалау ортасына шолу келтіріледі, эмуляторлар мен нақты құрылғыларда баптау мүмкіндіктері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жасанды нейрондық желілердің негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – негізгі нейроно-желілік парадигмалармен және олардың қолдану салаларымен таныстыру. Жасанды нейрондық желілердің негіздері – бір және көп қабатты нейрондық желілердің құрылымы, оқыту алгоритмдерінің жіктелуі, Персептрондар, Хопфилд және Хэминг, қарсы тарату желілері, екі бағытты ассоциативті жады, адаптивті резонанс теориясы, когнитрондар (неокогнитрондар), желінің сыйымдылығы мен тұрақтылығы мәселелерін талдау үдерісі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Робототехниканы бағдарламалық сүйемелдеу
    Несиелер: 6

    Пәнді оқытудың мақсаты робототехника негіздерін меңгеру және LEGO Mindstorms жиынтығының негізінде оқу процесінде робототехникалық конструкторларды қолдану үшін қажетті білім, білік, дағды мен құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнді оқу аясында Lego-робот күрделі алгоритмдерді меңгеруге және көрнекі түрде жүзеге асыруға, өндірістік процестерді және басқару процестерін автоматтандырумен байланысты мәселелерді қарастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    - мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады ; - барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады; - жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді;

  • Код ON2

    - жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады;

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді,тарихи деректер мен қағидаттардықолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады;

  • Код ON4

    - Іргелі математиканың классикалық бөлімдерінің негізгі ұстанымдарын, математиканың базалық идеялары мен әдістерін көрсету, математикалық модель құру, алгоритмдер мен бағдарламалар жасауға қолдану, қазіргі есептеу жүйелері мен желілерінің физикалық құбылыстары мен процестерін білу; - алгоритм құрудың және программалаудың негізгі тұжырымдамалары туралы білімдерін көрсету, есептерді шешудің алгоритмдерін құру мен олардың программаларын жасау үшін тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу;

  • Код ON5

    - қолданбалы және инженерлік-техникалық мәселелерді талдау және шешу кезінде модельдеу әдістері мен этаптарын, есептің қойылуынан бастап математикалық моделін компьютерлік тестілеуді іске асыру;

  • Код ON6

    - берілген есепті формализациялауды және математикалық моделін құру әдістерін пайдалану және негізгі алгоритмдік құрылымдарды білу және қойылған тапсырманы шешуге арналған алгоритм құру; - дайындалған алгоритмдерді бағдарламалай алу;

  • Код ON7

    - деректер базасы теориясы облысында білімнің және деректер базасын жобалаудың практикалық дағдысының болуы, қашықтықтағы деректер базасы мен ақпараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін әзірлеу және жобалау дағдысын игеру;

  • Код ON8

    - үлкен деректерді талдаудың программалық жүйелері мен алгоритмдерін әзірлеу технологияларын, бейнелерді тануға арналған құрал-жабдықтар мен математикалық аппаратты қолдана білу;

  • Код ON9

    - қосымшалардың интерфейсі мен дизайнын қолдану және қосымшаларды әзірлеуге арналған тиімді құралдарды талдауға және таңдауға арналған дағдыларды игереді (қолданбалы құралдар, компоненттер, әдістер, класстар); - мобильді қосымшаларды әзірлеу технологияларын үйренеді; - интернет-қосымшаларды пайдаланады және құрастырады;

  • Код ON10

    - деректердің әр түрлі түрлерін талдау және өңдейді; - заманауи бағдарламалық жасақтаманы пайдалана отырып компьютерлік есептеулер орындайды;

  • Код ON11

    - программалық қамтаманың әзірлеу процесстері (стандарттар, әдістер, құралдар, сенімділік пен қауіпсіздікті қоса алғанда, барлық талаптарды әзірлеу мен сапаны бағалауға байланысты әрекеттер мен міндеттемелер) меңгеру және программаның өмірлік циклының кезеңдерін қамтамасыз ететін аспаптық құралдары мен әдістемесін таңдауды негіздей білуі керек;

  • Код ON12

    - заманауи интеллектуалды технологиялар туралы білімнің болуы және аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің теориялық негіздерін білу және олардың заманауи даму үрдістерінде бағдарлай алу; - ақпараттық объектілерді модельдеу алуы және түрлендіріп көрсетеді;

Top