Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01122 Психиатрия ересектердің, балалардың в Қарағанды медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Психиатриялық денгейінде науқастарға медициналық көмек көрсету кезінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, медицинада, ғылым мен тәжірибедеозық инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға, халықтың денсаулығын нығайтуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Мамандар мемлекет және әлемдік қоғамдастық деңгейінде денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі жағдайларына бейімделуге, өмір бойы оқытуды жалғастыруға, қоғамның дамуына үлес қосуға дайын болуы тиіс.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R013 Психиатрия ересектердің, балалардың
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарға көмек көрсету үшін, кәсіби құзыреттілік деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби жетілдірудің қауіпсіздігін білу.
  • Әріптестердің көмегіне жүгіну, әрі қарай оқу және өзін- өзі жетілдіруге мақсат қою, білім, дағдылар мен тәсілдерді, кемшіліктерді жою үшін, өздерінің білімін жақсартуды бағалау.
  • Психикалық ауытқулары бар науқастарды қарау, анамнезін жинау, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің, негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтай отырып, қазіргі заманың нозологиялық жіктелулерімен, ажыраттпалы диагностиканы жүргізу және оларды медициналық ауру тарихын сипаттап жазуды білу, дағдыларды көрсету.
  • Этикалық принциптерді, құпиялылықты, ақпараттандырылған келісім мен іскерлік тәжірибені, Қазақстан Республикасындағы психиатриялық көмекті ұйымдастыру бойынша меншікті-құқықтық актілерді білу, соның ішінде «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» (19.04.2019ж. енгізілген өзгерістері мен қосымшалары) Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек 2009 жылғы 193- IV кодекісінің нормативтік құжаттардың сәйкестігін көрсету.
  • Қазақстан Республикасында белгіленген заңнамаға сәйкес, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық, әскери медициналық, мүгедектік сараптамаларын ұйымдастыру мен негізгі түсініктемелерінің дағдыларын үйрену.
  • Психикалық және мінез-құлық бұзылысытарының эпидемиологиясы туралы статистикалық көрсеткіштердің дағдыларын білу.
  • Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде психофармакотерапия және негізгі психотерапиялық кешенді емдеуде қолдану дағдыларын білу.
  • Жалпы және жеке психиатрия туралы білімін көрсетіңіз; амбулаторлық және стационарлық деңгейде емдеу процесінде дәлелді медицина қағидасына негізделген терапия мен әлеуметтік оңалтуды заманауи тәсілдерін қолдану; медициналық құжаттарды жүргізуде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану (КМАЖ-де және МАЖ-дегі жұмыс).
  • Пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысу.
  • Психиатриядағы төтенше жағдайлар және оларды емдеу әдістері туралы білімдерін көрсету (суицидтік мінез – құлық, тамақтан бас тарту, фебрильді шизофрения, эпилептикалық статус, ауыр алкогольді делирия, қатерлі нейролептикалық синдром, жедел сандырақтық синдром, аффективті синдром, агрессивті және аутоагрессивті тендециясы бар және де басқа да психотикалық жағдайла).
  • Психикалық ауытқулары бар науқастармен, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерде және олардың туыстарымен кәсіби қарым-қатынас дағдыларын білу, тиімді күтімді оңтайландыру үшін кәсіпқойлар арасындағы шеберлікті көрсету, сонымен қатар орта медициналық қызметкерлермен байланысты көрсету.
  • Дәлелді медицина принциптеріне негізделген заманауи терапевтік стратегияларды ескере отырып, зерттеп, алынған ақпаратты талдау және оңалту процестерінің нәтижелерін бағалау қабілетін көрсету.
Top