Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 Информатика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Білім алушылардың қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді, іскерлікті меңгеруін; Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиеленуін қамтамасыз ету; - Барлық деңгейдегі тұтынушыларға сапалы білім беру негізінде заманауи педагогика аймағындағы жалпы мәдениеттілік пен кәсіптік құзіреттілікті меңгерген, білім саласында сәтті жұмыс атқаратын кәсіби мамандарды даярлау; - Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары информатик-педагог мамандарды даярлау;
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 2

    Студенттерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамалық-теориялық білімімен қаруландырып, кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерумен бірге білікі құзыреттілікке баулу. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізу әдістемесін меңгерумен таныстырады.

  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыру.

  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Осман империясының құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы болған Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері осы пәннің басты мазмұны. Севр келісімін қабылдамаған түрік ұлтының басшысы ретінде 1923 жылы Мұстафа Кемал мемлекетке байланысты бірнеше принциптер ұстанады, пән осы принциптерді білімгерге түсіндіруді басты негізге алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Түркі мемлекеттер тарихы пәні студенттерге өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды мақсат етеді. Түркі халықтарының көне дәуірден бүгінге дейін тарихы оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Түрік тіліндегі дыбыстар; қалыптасуы, артикуляциялық ерекшеліктері, сөздерде орналасу тәртібі, қызметтері және өзгерістерге ұшыраған әр түрлі жағдайы оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Сопылық ілімнің ерекшеліктері, Ясауидің өмірі мен ілімі, оның негізгі ұстанымдары; түркі халықтары тарихында және бүгінгі күндегі Ясауи ілімінің маңызы; Ясауидің нақыл-өсиеттері, адамның рухани-моральдық дамуына қатысты ойлары; Ясауи ілімінің қазақ дүниетанымындағы орны мен рөлі, маңызы туралы жүйелі рухани-танымдық білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 4

    Бұл курс информатиканың ақпараттар теориясы, цифрлық автоматтар, алгоримдер, алгоримнің тиімділігі, ақпараттық модельдеу, информатиканың семантикалық негіздері тәрізді фундаментальды тұжырымдамаларының жиынтығымен таныстыратын информатика мамандығына кіріспе курс болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағдарламалау негіздері
    Несиелер: 4

    Бұл пән С++ бағдарламалау тілінің негізі, базалық алгоритмдеу және мәліметтер құрылымын қарастырады. Сонымен қатар С++ тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалар құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерін, сұрыптау және іздеу алгоритмдерін және оның практикалық қолданылуын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Түрік тілінің лексикасы, сөз құрылымы, сөздердің жасалу жолдары, жалғаулары мен жұрнақ түрлері туралы мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бағдарламалау тілдері
    Несиелер: 5

    Бұл пән С++ бағдарламалау тілінің негізі, базалық алгоритмдеу және мәліметтер құрылымын қарастырады. Сонымен қатар С++ тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалар құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерін, сұрыптау және іздеу алгоритмдерін және оның практикалық қолданылуын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогикалық мамандық және оның ерекшеліктері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогиканың аксиологиялық негіздері. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтері, математикалық логика элементтері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Visual studio ортасында бағдарламалау I
    Несиелер: 5

    Бұл пән С++ бағдарламалау тілінің негізі, базалық алгоритмдеу және мәліметтер құрылымын қарастырады. Сонымен қатар С++ тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалар құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерін, сұрыптау және іздеу алгоритмдерін және оның практикалық қолданылуын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық логика
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтері, математикалық логика элементтері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – Visual Studio С#-та визуалды бағдарламалаудың негіздерін оқып-үйрену, компоненттермен жұмыс, олардың қасиеттері мен әдістерін игеру. Microsoft Visual Studio .NET құрал-саймандарын пайдалана отырып C# тілінде автономды визуалды қосымшаларды жобалау тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Бұл курста информатиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдісін, ұйымдастыру формасы мен оқыту құралдарын, мектеп пәнінің жағдайы мен даму болашағын, информатиканың ғылым және оқу пәні ретіндегі қатынасын қамтитын жалпы әдістемесі және пропедевтикалық, базалық, кәсіби деңгейлерде мектеп информатика курсының тарауларын оқыту әдістерін қамтитын дербес әдістемесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
    Несиелер: 5

    Психология ғылымының жалпы курсының әлеуметтік психология мен тіл психологиясында қарым-қатынас психологиясы деп аталатын арнайы саланың негізгі түсініктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. Оқу курсында құқық саласының негізін қалыптастыратын құқықтық нормалар мен негізгі түсініктер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Сыни ойлау бөлімі - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 5

    Өзін-өзі тану пәні болашақ мұғалімдерінің педагогикалық және психологиялық қарым-қатынас компонентерін қалыптастырып жетілдіреді. Білім беру арқылы рухани-әдептілік құндылықтар жүйесін дамытады. Өзін тұлға және болашақ маман ретінде тануға мүмкіндік береді. өзінің өмірлік позициясын анықтауға көмектеседі және болашақ рухани денсаулық бетбұрысына бағытталған көзқарасын калыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Visual studio ортасында бағдарламалау II
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – Visual Studio С#-та визуалды бағдарламалаудың негіздерін оқып-үйрену, компоненттермен жұмыс, олардың қасиеттері мен әдістерін игеру. Microsoft Visual Studio .NET құрал-саймандарын пайдалана отырып C# тілінде автономды визуалды қосымшаларды жобалау тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
    Несиелер: 5

    Акмеологияның негізгі ұғымдарымен таныстыру, олардың әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мұғалімінің кәсіби қалыптасуы бағытындағы теориялық білімдерді меңгеруіне ықпал ету. Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандарының әрекетін ұйымдастыру туралы білімдерін жинақтауға көмектесу. Таңдаған мамандық саласында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 5

    «Еңбекті қорғау» пәні студенттерге мамандығы бойынша еңбек қатынастарына түскен кезде, өндірісте ҚР Еңбек заңдарымен көзделген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды, еңбекті қорғауды ұйымдастыруды, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылауды, қызметкерлердің еңбекті қорғау кепілдіктері, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 2

    Этнопедагогиканың теориялық негіздері. Халықтың педагогикалық көзқарастары мен этнопедагогика. Халықтың педагогиканың этникалық компоненті. Халық педагогикасындағы идеал тұлғаның бейнесі. Халықтың тәрбиелеу құралдарының көптігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсында адамды төтенше жағдайлар кезінде қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Желілік технологиялар
    Несиелер: 5

    Компьютерлік желілер, желілік топологияларын және деректерді беру орта кіру әдістерін, ашық жүйелер интерконнект сілтеме моделін жіктелуі. Концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және маршрутизаторлар: желілерді қосатын құрылғылар туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Білімгерлерді кәсіпке баулиды, бағыт-бағдар береді. Ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдана отырып, халықаралық бизнес мектептердің тәжірбиесіне сүйеніп бизнес кейспен, ойын түрінде кәсіпкерлік ойлауды дамытады. Білімгерлер әлемдегі кәсіпкерлік, стартап мәдениет, заманауи стартап мәдениеті, кәсіпкерлік пен инновацияның жаңа тенденциялары, салық, директор басқа да компания құрылымы және оның жұмысын танысады және кәсіпкерліктегі бәсекелестік орта туралы біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
    Несиелер: 5

    «Психикалық денсаулық және суицид превенциясы» курсының мазмұны психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау. Психологиялық денсаулық балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    ХХ-ХХІ ғасырларда экология әлемдік өркениеттің басты жаңалығы бола отырып, кез келген қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жұйелерін дамытуда экологиялық танымды пайдаланбай жүргізу мүмкін емес болды. Сол себепті «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту дәстүрлі үрдіске айналды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    «Мәңгілік Ел» пәнінің іргелі мәселесі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұлттық бағдарлама мәртебесіне дейін көтеріп, жаңартылатын әлемдегі ұғымдардың, қағидалардың және ұстанымдардың мән-мағынасын нақтылайды, әртүрлі көзқарастардың ауқымын қоғамдық сұранысқа орай үйлестіре отырып қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жобалар және процестерді басқару
    Несиелер: 5

    Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі, Жоба мақсаты. Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі. Жобаның фазалары және сатылары. Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобалардың классификациясы. Жобаны аяқтау процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жобаны аяқтау мерзімінің мәні және маңыздылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Тұлғаның лидерлік қасиеттерінің дамуына ықпал ететін факторларды анықтап, ақпараттарды жинақтайды. Лидер болу туа біте ме, әлде тәжірибе арқасында қалыптаса ма деген сауалға жауап іздеуге тырысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады. Болашақ мамандарды білім берудегі менеджмент жайлы қазіргі нарықтық жағдайда сәйкес білім, білік, дағдыларымен қаруландыруды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Латын графикасы және орфография
    Несиелер: 5

    Графика - жазуда қолданылатын таңбалардың жиынтығы, орфография – біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесі. «Латын графикасы және орфография» пәні латын негізді орфографияны үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәдениет және дін
    Несиелер: 5

    Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба – символдық элемент болып саналады. Дін мәдениеттің субстанциясы, ал мәдениет – діннің формасы. Діни мәдениет күрделі, кешенді құрылым болып саналады, қоғамдық жүйе ретіндегі діннің барлық аспектілері әлеуметтік-мәдени салада көрінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер
    Несиелер: 5

    Компьютерлік желілер, желілік топологияларын және деректерді беру орта кіру әдістерін, ашық жүйелер интерконнект сілтеме моделін жіктелуі. Концентраторлар, көпірлер, коммутаторлар және маршрутизаторлар: желілерді қосатын құрылғылар туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 2

    Қазіргі қоғам студенттерді кәсіби даярлауға жоғары талаптар қояды. Қазіргі жағдайда, әртүрлі іс-әрекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын жүзеге асыру қажеттілігі, адамның қоғамға қатысты әрекеттерінің мақсаттары мен салдарларын түсіну маңызды. Бұл білім беру үрдісінің маңызды мақсаттарының бірі кез-келген кәсіби және жеке міндеттерді шешуде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту принципіне негізделген болашақ ойлау мамандарын қалыптастыру дегенді білдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Java тілінде бағдарламалау негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде Java объектіге бағытталған программалау тілінің негіздері қарастырылады. Пәннің мақсаты Java объектіге бағытталған программалау тілінің негіздерін үйрету. Java тілінде программалаудағы білімдерін өздерінің кәсіби саласында қолдануға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Web технологияларға кіріспе
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде әлемдік ғаламтор технологиясының жұмысы, веб-стандарттар, JavaScript, CSS және HTML гипермәтінді белгілеу тілінің мүмкіндіктері, CSS, JavaScript және HTML тегтерінің көмегімен сайт құру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректер қоры негіздері
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде мәліметтер қорының теориялық негіздері, мәліметтер қорын құрудың принциптері және онымен жұмыс істеу құралдары, мәліметтердің модельдері, реляциялық модельдер, мәліметтер қорын жобалау және администрациялау. МҚБЖ MS Access қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Компьютерлік графика және геометриялық модельдеу құралы; векторлық және растрлық графика негіздері; фракталдық графика теориялық аспектілері; компьютерлік геометрия негізгі әдістері; шынайы сахналарды құрылысы алгоритмдік және математикалық негіздері; компьютермен компьютер GRA-fics алгоритмдерін іске асыру мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютер құрылымы және архитектурасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы компьютерлер, кешендер мен жүйелердің принциптері туралы студенттердің білім алу болып табылады; компьютерлік және ұйымдастыру жүйелердің негіздері, кіші, компьютерлер, олардың бір бірімен өзара кәсіби жұмыс үшін қажетті білім мен дағдыларды алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпаратты қорғау және криптография
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаттарына студенттерге ақпараттарды қорғаудың теориялары мен әдістерін оқыту, ақпараттарды шифрлеу және дешифрлеу арқылы қорғау мәселелері қарастырылады. Симметриялық және асимметриялық криптожүйелер және электронды цифрлы қолтаңба негізінде құпия байланыс орнату жатады. Қорғалынған жүйелерге криптографияның негізгі мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Компьютер архитектурасы
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы компьютерлер, кешендер мен жүйелердің принциптері туралы студенттердің білім алу болып табылады; компьютерлік және ұйымдастыру жүйелердің негіздері, кіші, компьютерлер, олардың бір бірімен өзара кәсіби жұмыс үшін қажетті білім мен дағдыларды алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графикалық жүйелер
    Несиелер: 5

    Компьютерлік графика және геометриялық модельдеу құралы; векторлық және растрлық графика негіздері; фракталдық графика теориялық аспектілері; компьютерлік геометрия негізгі әдістері; шынайы сахналарды құрылысы алгоритмдік және математикалық негіздері; компьютермен компьютер GRA-fics алгоритмдерін іске асыру мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интернет технологиялары І
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде әлемдік ғаламтор технологиясының жұмысы, веб-стандарттар, JavaScript, CSS және HTML гипермәтінді белгілеу тілінің мүмкіндіктері, CSS, JavaScript және HTML тегтерінің көмегімен сайт құру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаттарына студенттерге ақпараттарды қорғаудың теориялары мен әдістерін оқыту, ақпараттарды шифрлеу және дешифрлеу арқылы қорғау мәселелері қарастырылады. Симметриялық және асимметриялық криптожүйелер және электронды цифрлы қолтаңба негізінде құпия байланыс орнату жатады. Қорғалынған жүйелерге криптографияның негізгі мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Java технологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде Java объектіге бағытталған программалау тілінің негіздері қарастырылады. Пәннің мақсаты Java объектіге бағытталған программалау тілінің негіздерін үйрету. Java тілінде программалаудағы білімдерін өздерінің кәсіби саласында қолдануға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректер қорының теориясы I
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде мәліметтер қорының теориялық негіздері, мәліметтер қорын құрудың принциптері және онымен жұмыс істеу құралдары, мәліметтердің модельдері, реляциялық модельдер, мәліметтер қорын жобалау және администрациялау. МҚБЖ MS Access қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 3

    Ғылыми және өзге де нысандағы корпоративтік ақпараттық жүйелердегі есептеу үдерістерін, сондай-ақ кәсіпорындардың корпоративтік желілеріндегі (интражелілеріндегі) үдерістерді жүзеге асыру үшін есептеу ортасын құруға бағытталған практикалық дағдыларды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы операциялық жүйелер мен орталардың архитектурасы (оның ішінде, таратушы) және оларды құру қағидалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жасанды интеллекті негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл курста жасанды интеллект жүйесінің архитектурасы, заңдарды интерпретациялау әдістері мен білімді көрсету әдістері, экперттік жүйелер білімдерінің базасын модельдеу және шешімді іздеу, модельдеудің негізгі түсініктері және нейрон желілік модельдері қарастырлады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Интернет технологиялары ІІ
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде PHP программалау тілдерінің мүмкіндіктері қарастырылады. PHP көмегімен сайт және веб қосымша құру. Интерентте мәліметтер қорымен жұмыс жасау. Apache веб-серверін қолдану. MySQL мәліметтер қорымен жұмыс жасау қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз білім алуға ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып оқу-тәрбие процесің ұйымдастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Linux негіздері
    Несиелер: 3

    Ғылыми және өзге де нысандағы корпоративтік ақпараттық жүйелердегі есептеу үдерістерін, сондай-ақ кәсіпорындардың корпоративтік желілеріндегі (интражелілеріндегі) үдерістерді жүзеге асыру үшін есептеу ортасын құруға бағытталған практикалық дағдыларды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы операциялық жүйелер мен орталардың архитектурасы (оның ішінде, таратушы) және оларды құру қағидалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуын, мектеп менеджерінің іс-әрекетінің теориялық негіздерін зерттейді. Менежменттің негізінде мектепті басқару принциптері. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін менежментті өндірудің тиімділігін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орта мектепте робототехника негіздерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Ғылыми-зерттеу және шығармашылық инновациялық мехатронды және роботтытехникалық жүйелер мен мехатронды және роботтытехникалық модульдер мен жүйелердің бақылау талдау және синтездеу саласындағы, сондай-ақ ғылыми-қолданыстағы өзгерту арқылы пәнаралық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу немесе жаңа әдістері мен алгоритмдерін дамытуға оқыту зерттеудің нақты мақсаттарына негізделген.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Оқу қызметіндегі педагогикалық өлшеу және бағалау пәні жоғары оқу орны студенттеріне білім беру квалиметриясының теориялық негіздерін, дидактикалық тестілеудің классикалық әдістерін, оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерімен байланыстыра отырып қарастырады және білім беру жүйесінің әр деңгейінде білім алушылар даярлығының сапасы туралы объективті ақпарат беруді қамтамасыз етуді көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Деректер қорының теориясы II
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде PHP программалау тілдерінің мүмкіндіктері қарастырылады. PHP көмегімен сайт және веб қосымша құру. Интерентте мәліметтер қорымен жұмыс жасау. Apache веб-серверін қолдану. MySQL мәліметтер қорымен жұмыс жасау қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Интеллектуалды жүйелер
    Несиелер: 3

    Бұл курста жасанды интеллект жүйесінің архитектурасы, заңдарды интерпретациялау әдістері мен білімді көрсету әдістері, экперттік жүйелер білімдерінің базасын модельдеу және шешімді іздеу, модельдеудің негізгі түсініктері және нейрон желілік модельдері қарастырлады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Электронды оқыту үшін бағдарламалық өнімдер және стандарттар
    Несиелер: 5

    Курсты оқу нәтижесінде қазіргі уақыт талабына сай студенттер мен педагогтарды қанағаттандыратын өздерінің төл программалық өнімдерін құра білу іскерліктері мен дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім берудегі бұлттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән білім бұлтты технологияларды қолдану әдістемесін зерттеуге арналған. Оқытушылар мен оқушылар арасында құрылған бұлт қоймасында ақпарат алмасу моделі ұсынылған. Болашақ информатика мұғалімдерін университеттерде бұлтты технологиялар пәніне даярлауды және оқу процесіне енгізуді жетілдіру - бұл зерттеу міндеттерінің бірі болып саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру қорларын құру технологиялары
    Несиелер: 3

    .Цифрлық білім беру қорларын құру білім берудің барлық сатылары мен формаларын ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Цифрлық білім беру қорлары оқу ақпаратынанықталған бөліктермен беруге, құбылыс динамикасын көрсетудe дереккөзі мен шамалары ретінде демонстрациялауға көмектеседі және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқыту нәтижелерін бақылау мен өзіндік бақылау жасау ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сайтты басқару жүйелері
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқыту барысында студенттер интернетте бағдарламалар құруға дағдыланады және Web беттер құруды меңгереді, сонымен қатар, компьютерлік тораптардағы сайт құрудың әдіс-тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курста педагогикалық информатиканың теориясы, негізгі әдістері және білім беруді ақпараттандыру үдерісінің негізгі бағыттары мен ақпараттық-коммуникациялық технология, электрондық оқулықтар және оны құрастыруға қойылатын дидактикалық талаптар, ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Анимациялық технологиялар
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты – студенттерді анимациялық жобаны құруға қажетті заманауи білімдерін, біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету және шығармашылық іскерліктерін жетілдіру. Компьютерлік анимацияның теориялық-әдіснамалық және тарихи аспектілері, сондай-ақ компьютерлік анимация құралдарының көмегімен жобаларды құру және пайдалану технологиясы ұсынылған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік ойын дизайнын құрастыру
    Несиелер: 3

    Бұл курста (ресми, драмалық және динамикалық жүйелері) ойын, әңгімелеу құрылымын, дизайн интерфейсін, командалық жұмыс және өнімді дамыту негіздерін үйрену, іске қосу жоспарлануда. Прототипті формальді оқыту, ойындарды және итерацияны тестілеу студенттерге барлық платформаларда ойындар құруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Информатикадағы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курста информатиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері, компьютерлік білім, ақпараттану және есептеу техникасы, мектеп курстарын оқытудың әдістемесі, халыққа білім беру жүйесіндегі есептеу техникасы, информатиканы оқыту технологиялары мен әдістері, білім берудің мемлекеттік стандарты, информатиканы оқытудағы ақпараттық оқыту құралдардың ролі мен тиімді қолдану әдіс-тәсілдері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Android бағдарламалау
    Несиелер: 4

    Пәннің негізгі мақсаты мобильді қосымшалар мен мобильді технологияларды құру негіздерін игеру арқасында жоғары сапалы мамандарды дайындау. Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер түрлі технологиялар мен шаблондарда алған дағдылар арқасында мобильді қосымшалар құра алатын болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үш өлшемді сызбаларды құрастыру
    Несиелер: 5

    Бұл курста үш өлшемді графика, үш өлшемді графиканың артықшылықтары, үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары, 3D MAX интерфейсінің негізгі элементтері, МАХ 2.5 объектілері, үш өлшемді графиканың геометриялық үлгіленуі, 3D Studio Max бағдарламасының объектісінің түрлері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Электронды оқытуды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Электронды оқыту ұйымдастыру – таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Визуалды бағдарламалау ортасы
    Несиелер: 5

    Пәнде Python тілінің негізгі принциптері оқытылады. Python тілі әмбебап, ыңғайлы деректер құрылымы бар, бағдарламалау әдістері мен ықшам тиімді бағдарламаларды құруға арналған жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі ретінде оқытылады. Пәннің мақсаты – студенттерге Python тілінде бағдарлама құру негіздерін және интеллектуалды веб-скрипттерді үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Б1.ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ. Б1.1. Білімін қолдану: - білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;

  • Код ON2

    Б1.ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ. Б1.2. Ақпаратты сыни ойлау арқылы басқару: - ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін жазып көрсетеді; - сыни көзқараспен бағалай білу; - ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі;

  • Код ON3

    Б1.ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ. Б1.3. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану: - заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру және кәсіби салада қолдануға қабілетті;

  • Код ON4

    Б2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ. Б2.1. Өзін-өзі дамыту: - кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу қабілеті;

  • Код ON5

    Б2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ. Б2.2. Өзін-өзі ұйымдастыру: - өз уақытын тиімді ұйымдастырады; - өзінің әрекетінде жауапкершілікті сезінеді, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытады;

  • Код ON6

    Б2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ. Б2.3. топта жұмыс жасау: - командада өз ойын нақты жеткізеді, жаңа шешімдерді нәтижеге сәйкес ұсынады; - топта жұмыс істеуге қабілетті, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуде өз көзқарасы мен идеалдарын жақтауда жоғары сенім көрсетеді;

  • Код ON7

    Б2. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ. Б2.4. Этика және құндылықтар: - қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды түсіндіреді; - кәсіптік қызметінде дәлдікпен қолданады; - өзге халықтардың мәдениетіне толерантты;

  • Код ON8

    Б3.КОММУНИКАТИВТІК. Б3.1. Қоғам және кәсіби ортада коммуникативті дағдыларды қолдану: - ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдану;

  • Код ON9

    Б4. КӘСІБИ. Б4.1. Педагогикалық инновация және педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру: - педагогикалық технологияларды пайдаланады мен дағдыларын меңгереді, әдісті іздейді және оның шешімін табады; - мәселені суреттейді және жүйелейді, жаңашылдыққа қабілетті; - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылады, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете біледі;

  • Код ON10

    Б4. КӘСІБИ. Б4.2. Кәсіптік білімін жинақтау, өңдеу және жүйелеу қабілеті: - кәсіптік сферасы және қоғамдағы эволюциялық үдерістерге бейімделу қажеттілігі үшін кәсіптік білімін өмір бойы жетілдірудің маңыздылығын түсінеді (үздіксіз білім, қайта даярлау және өзін -өзі оқыту);

  • Код ON11

    Б4. КӘСІБИ. Б4.3. Ақпараттық-коммуникациялық технология жүйелерін пайдаланушыларды оқыту және техникалық қолдауды қамтамасыз ету қабілеті: - АКТ жүйелерін және олардың элементтерін өрістету, орнату, біріктіру және жұмысқа енгізу және қолдауды жасай біледі;

  • Код ON12

    Б5. МАМАНДАНДЫРУ. Б5.1. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуындағы ақпараттың болмысын және маңыздылығын түсіну: - Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның даму процессінде пайда болатын қаупі мен қатерін ұғыну, ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде мемлекеттік құпияны қорғаудың негізгі талаптарын сақтауға қабілетті;

  • Код ON13

    Б5. МАМАНДАНДЫРУ. Б5.2. Сұранымды қалыптастыру: - әдісті іздеу және оның шешімін табуға қабілетті; - мәселені суреттеу және жүйелеу, теңестірілуі, пәндік саланы талдауға қабілетті;

Top