Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02212 Түркітану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Түркі әлемі теологиясы
    Несиелер: 5

    Түркі халықтары діни танымының мәдени-тарихи негіздерін терең меңгерту, діни жүйелер (шаманизм, тәңірлік, буддизм, манихейлік, нестериандық бағыттағы христиан, ислам) туралы ғылыми білімін жетілдіру, ғылыми талдаудың дағдылары мен тәсілдерін игерту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының рухани құндылықтары
    Несиелер: 5

    Ерте және кейінгі орта ғасырлардағы жазба ескерткіштерінде және түркі әдеби мәтіндерінде көрініс тапқан түркі халықтарының рухани құндылықтарын зерделеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазба
    Несиелер: 5

    Түркологиялық ғылыми дәстүрге, зерттеу бағытына сәйкес эссе, ғылыми мақалаларды мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан талдай білуге үйрету; өздігінен реферат, ғылыми мақала, диссертация, сондай-ақ рецензия, эссе дайындау дағдыларын игерту

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жазба ескерткіштер тіліндегі жүйелік-құрылымдық тәсіл
    Несиелер: 5

    Жүйелі-құрылымдық әдіснама аясында жазба ескерткіштер тілінің фонетикалық, морфемдік-деривациялық, лексикалық және грамматикалық жүйелерін зерттеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зертеу әдістері
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін зерттеу үшін интегративті түркітанудың ғылыми әдіс-тәсілдерін үйрету; түркітанудағы лингвистикалық зерттеу парадималарының маңызын түсіндіру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жазба ескерткіштер тілі
    Несиелер: 5

    Жазба ескерткіштердің тілдік жүйесі, лексикалық құрылымын игерту, ежелгі түркі тілінің қазіргі түркі тілдерімен байланысын, ежелгі түркі тілінің ішкі құрылымы, кейінгі кезеңдегі түркі тілдерімен байланысын сабақтастыра отырып түсіндіру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік жазба ескерткіштерін зерттеу мәселелері
    Несиелер: 5

    Түркі жазба ескерткіштерінің хронологиясы, таралу географиясы, жанры, тілі, жазу таңбаларының генезисі жайлы көзқарастарды талдау және жүйелеу

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON2

    Қолданыстағы ғылыми әдістер мен тәсілдерді олардың зерттелетін объектіге сәйкестігі тұрғысынан бағалай білу; түркология саласындағы негізгі қағидалар мен ғылыми тұжырымдамаларды, лингвистикалық талдаудың принциптері мен әдістерін білу.

  • Код ON3

    Түркі әдебиетінің негізгі даму тенденцияларын, әдеби шығармалар жанрларының типологиясын, жалпы сюжеттер мен мотивтерді, сондай-ақ түркі халықтарының әдебиетіндегі көркем бейнелеу құралдарының ерекшеліктерін меңгеру; түркі халықтарының дінінің алуан түрлі формаларын талдай білу.

  • Код ON4

    Руна, ұйғыр, манихей, араб, армян-қыпшақ, шағатай графикаларымен жазылған түркі жазба ескерткіштерінің мәтіндерін тіл мен әдебиет, тарих және мәдениет тұрғысынан талдай білу.

  • Код ON5

    Жазба ескерткіштердің құрылымдық байланысы мен тілдік жүйесін: графема белгілерінің мағыналарын, олардың дыбыстық және әріптік белгілерін, фонетикалық және фонологиялық заңдылықтарын, көне түркі сөзінің компоненттік құрамының көздерін, жазба ескерткіштер тілінің туынды потенциалын және ішкі грамматикалық заңдылықтарын білу.

  • Код ON1

    Ғылыми дәстүрге, автордың зерттеу бағытына сәйкес эссе, ғылыми мақалаларды стилистикалық және композициялық тұрғыдан талдай білу; басылымдар мен электронды ресурстар бойынша библиографиялық сипаттама жасауды; өздігінен конспект, аннотация, реферат және ғылыми мақала, диссертация, монография, сондай-ақ рецензия, эссе дайындау дағдысын меңгеру.

Top