Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B06102 Сomputer engineering в Yessenov University

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В06102 – «Computer engineering» білім беру бағдарламасы Маңғыстау өңірінің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсына отырып, Университеттің миссиясын, саяси және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. Аталған білім беру бағдарламасының мақсаты тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де ақпараттық жүйелердің серверлік, желілік және компьютерлік әкімшілері тәрізді әр түрлі салаларына бағытталған кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды, кәсіби дағдылары халықаралық еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін ақпараттарды қорғау және қауіпсіздігі мамандарын дайындау, ақпаратты қорғаудың заманауиы бағдарламалық және аппараттық құралдарын әзірлеу және енгізу саласында қосымша құзыреттерді қалыптастыру және қызметтің барлық салаларында кәсіби міндеттерді шешу үшін мобильдік қосымшаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыру саласында кәсіби даму мүмкіндіктері бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады, бұл университет миссиясымен түсіндіріледі.. Бағдарламаның міндеті «АЖ-да ақпаратты қорғау», «Үлкен мәліметтер» атты екі траектория бойынша ақпараттық технологиялар саласында түлектерді даярлау болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы: коммерциялық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің ұйымдастырушылық басқару міндеттерін автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану; ақпараттық жүйелер мен бизнес-қосымшаларға қойылатын талаптарды талдау; ақпараттық жүйелер мен бизнес-қосымшаларды әзірлеудің әдістері мен құралдарының жиынтығы; бизнес-қосымшаны жобалау ерекшеліктері мен архитектурасын іске асыру; ақпараттық жүйелерді модификациялау, оңтайландыру және дамыту регламенттері; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дизайнерлер мен мобильді қосымшаларды әзірлеу, ақпаратты қорғау жөніндегі сарапшылар. Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері: ақпараттық жүйелердегі ақпараттық және коммуникациялық процестерді сипаттау және үлгілеу; жобаларды басқарудың құрал-жабдықтары; ұйымдастыруды басқарудың стандарттары мен әдістері, кәсіпорындарда есепке алу мен есеп беру; жүйелердің ақпараттық өзара әрекеттесуінің стандарттары мен әдістері; ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару; ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын жобалау және басқару; ақпараттық жүйелерді және олардың бөліктерін ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелердің, бағдарламалар мен бағдарламалық кешендердің компоненттерін құру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
Top