Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01801 Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану в Сулейман Демирел атындағы университет

  • Әлеуметтік педагогика
    Несиелер: 6

    Оқу пәні аясында әлеуметтік педагогиканың теориялық мәселелері мен тәжірибелік қыры, негізгі категориялары, атқаратын қызметтері, әлеуметтендіру институттары, баланың әлеуметтік-мәдени әлеміне ықпал ететін факторлар жан жақты қамтылады. Әлеуметтік педагог іс-әрекетінің сипаты және ерекшелігі жайлы теориялық және практикалық білімдерді меңгеруін қамтамасыз етуді, тұлғамен социумда әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 1 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Қазақ және түрік тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне анализ жасап, ғылыми талдау принциптерін қолдана білуге дағдыландырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 1 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі 2 (A1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курс аяқталған соң, студенттер курстық, сөйлеу, оқу, түрік тілін тыңдау дағдылары мен қабілеттерімен бірге, түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін үйренеді, сөздерді тәрбиелеу саласында білім алады, фразеологиялық, терминологиялық сөздердің және сөз тіркестерінің көмегімен тілдік лексиканы кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану: теория және тәжірибе
    Несиелер: 6

    Пән аясында болашақ маманның практикалық және теориялық дайындығы маңызға ие болады. Курс барсында студенттерді адамзаттық рухани және адамгершілік тұрғысынан практикалық және теориялық негіздемелерді түсіндіру, оқытудың әдістемесі, тежірибенің мазмұны мен мақсаты, шарттары, оқыту үдерісін ұйымдастыруда болашақ мамамның іскерлігін қалыптастыру секілді тақырыптар қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі 2 (B1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік психология
    Несиелер: 5

    Пән жантану ғылымының саласы ретінде әлеуметтік топтардың рухани, психологиялық ерекшеліктерімен танысуға негізделген. Атап айтсақ, отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың т.б. адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына байланысты топтардың психологиясы. Пән әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесін, тұлға психологиясын, түрлі қауымдастықта қалыптасқан тұлғааралық өзара қатынастарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түрік тілі 3 (B2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Түрік тілінің тарихы оқытылып, тарихи-филологиялық мұраларын талдауға ерекше көңіл бөлінеді. Түрікше мәтіндер лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи- мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Этнопедагогика
    Несиелер: 5

    Пән аясында этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білім беріледі және болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық әдебиеттерді зерттеу біліктілігі, этнопедагогика саласындағы ғылыми ізденісі, шығармашылық жұмыстарға қабілеті дамытылады, білім беру мекемелерінің тәрбие ісі тәжірибесіндегі этнопедагогиканың негізгі жолдары, әдістері, формалары және құралдары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түрік тілі 3 (A2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Бұл курс іскери қарым-қатынас жағдайында пайдаланудың күрделілігінің түрлі деңгейлерінде түрік тілін жан-жақты зерттеу болып табылады. Бағдарлама бизнес үшін түрік тілін іс жүзінде игеруге және коммуникациядағы психологиялық тосқауылдарды жеңуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектеп оқушысының жас ерекшелігі физиологиясы
    Несиелер: 5

    Пән оқушылар организмі қызметінің жас ерекшеліктер заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады. Пәнді оқыту адам анотомиясы, медицина, педагогика, психология т.б. пәндермен байланысты жүзеге асырылады. Аталған пәнде педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары, оқыту мен тәрбиелеу жұмысындағы шартты рефлекс қызметтері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ювеналды және пенитинциарлық психология
    Несиелер: 5

    «Ювеналды және пенитинциарлы психология» пәнінің негізгі мақсаты – студенттерге заңды маңызы бар кәмелетке толмағандардың жеке басының заңдылықтары, жағдайлары мен механизмдері және психологиялық ерекшеліктері туралы жалпы түсінік қалыптастыру және студенттерді ювеналды психологияның негізгі проблемалық бағыттарымен таныстыру. Сондай-ақ, пенитинциарлы психология аясында тәрбиесінде қиындықтары бар білім алушылармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – маманның кәсіби құзырлық деңгейін жоғарлату үшін келешек мамандардың кәсіби іс-әрекетін әр түрлі аспектілерін жүзеге асырудағы кәсіби шет тілін қалыптастыру. «Кәсіби-бағытталған шет тілі» курсының негізгі мақсаты студенттерді бағдарламамен қарастырылған тақырыптарға қатысты шет тілінде сөйлеу қатынастарын, сөйлеу констекстерде грамматикалық, лексикалық және құрылымдықты қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасөспірімдер психологиясы
    Несиелер: 5

    «Жасөспірімдер психологиясы» пәні психология негізгі саласының бірі ретінде жасөспірімдердің ерекшелік динамикасы тануда, даму тұрғысынан адам психикалық процестері мен психологиялық онтогенезі тұрғысынан маңызға ие. Пәнде жасөспірімдер психологиясын, жасөспірімдердің психикалық процестің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа сай ерекшеліктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын психология ғылымы аясында қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән түрлі ситуациялық жағдаятқа, әлеуметтік ортаға сәйкес маманның жүйелі кеңес беру дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. Әлеуметтік кеңес берудің әдістері мен тәсілдерін, мәселен қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші тренинг, т.б түрлерін теориялық әрі практикалық тұрғыдан талдап, түсінеді. Кеңес беруді өткізудің стратегияларын, түрлі әлеуметтік топтарға кеңес берудің әлеуметтік-психологиялық теориялық модельдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инновациялық үрдістер
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын игертуді, ақпараттық қолдану мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Болашақ Цифрлы Қазақстанның электронды ресурс мүмкіндіктерін еркін меңгеретін кәсіби маман даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Түрік тілі 4 (A2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Курстың аяқталғаннан кейін студент түркі халықтарының дүниетанымын, дінін және сенімін, әдебиеті мен өнерін, тілін және мәдениетін, сондай-ақ қазіргі түркітілдес мемлекеттердің халықаралық қатынастарымен байланысты әдебиеттерді еркін пайдалана алады және өздігінен зерттей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Түрік тілі 4 (B2 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты түрік тілінің грамматикалық білім жүйесін, тілдік коммуникацияның прагматикалық құралдарын меңгертуді, сөйлеу этикасы мен сөйлеу нормасын қалыптастыруды, түрік тілінде еркін сөйлесуді, пікірталасқа, көпшілік алдында сөйлеуге баулу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс әдістемесі
    Несиелер: 5

    “Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс әдістемесі” пәні жеке тұлғаның әлеметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасайды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету жолдары мен әдістерін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Өзін-өзі тану және ұлттық құндылықтар
    Несиелер: 5

    Пән аясында "Өзін-өзі тану" пәні жүйесінің негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, "Өзін-өзі тану" пәнінен жүргізілетін дәрістердің теориялық және әдіснамалық негіздері мен студенттердің жеке басына тән ерекшеліктері, ұлттық құндылықтарды меңгеру, толеранттылық, үйлесімді тұлғаны дамыту және біліктілікті қалыптасыруын қамтамасыз етуге арналған жолдары қарастырылды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Көшбасшылық психологиясы
    Несиелер: 5

    Көшбасшылық психология пәні білім алушылар үшін лидерлік қасиеттерді қалыптастыруда, көшбасшылықтың танымдық бағыттылығын зерттеуде және олармен психологиялық жұмыс түрлерін анықтауда маңызды рөл атқарады. Яғни, таным арқылы лидерлерді қалыптастыру процесі. Пән білім көшбасшылықтың даму ерекшеліктерін, арнайы теориялық-практикалық зерттеулерді,оны дамыту мен жетілдіру бағытындағы жұмыстарды, ұғымдық сипаттамаларды, көшбасшылықтың даму деңгейлері мен қалыптасу дағдыларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудің акмеологиялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән аясында білім берудің инновация жағдайындағы сапасын арттыру негіздері ретінде, білімнің теориялық-əдіснамалық, технологиялық жəне акмеологиялық аспектілері қарастырылады. Пән мазмұны қазіргі психологиялық-акмеологиялық білімнің əлеуетін жəне оларды жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің шынайы тəжірибесінде қолданудың мүмкіндіктерін қамтиды, сонымен бірге оқырманға акмеологиялық білімді кəсіби жəне тұлғалық мəселелерді шешудің құралы ретінде оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік жұмыс психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән әртүрлі әлеуметтік ортаның қалыптасу механизмдерін, тұлғаның дара ерекшеліктерін және отбасының, ұжымның, ұлттың, тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын меңгертеді. Пән аясында қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсіну, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындау сынды мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Девиантология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - девиантты мінез-құлықты адамдарға психологиялық кеңес беруді терең меңгеруге теориялық және практикалық дайындау. Білім алушылар девиантты мінез-құлықты адамдардың психологиялық болмысын тануды үйренеді. Атап айтқанда, теориялық-əдістемелік қағидаларын, ауытқушылық мінез-құлық түрлерінің жіктелімін, жас жəне тұлғалық ерекшеліктерін, психологиялық-педагогикалық превенция жəне интервенция əдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән әлеуметтік педагогиканың қазіргі даму деңгейін және әлеуметтік практиканың нақты қажеттіліктерін зерттеуді көздейді. Ғылыми фактілерді, тұжырымдамаларды, идеяларды игеру студенттерге қалыптасқан әлеуметтік-педагогикалық процестерді түсіндіріп қана қоймай, олардың одан әрі дамуын болжауға мүмкіндік береді. Пәнді оқытудың мақсаты болашақ әлеуметтік педагогтарға инновациялық және интербелсенді технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құндылықтарға негізделген коммуникация және дискурс
    Несиелер: 5

    Пән коммуникативтік құзыреттілікті ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру және дамытуды, бәсекеге қабілетті әрі жеке тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ауызша тілдің жүйесі мен құрылымы арқылы ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби-бағдарлы дайындығын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қүндылықтарға негіздей отырып сөйлеу дағдыларын, түрлі дискурс барысында коммуникативтік дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тұлғааралық коммуникацияның теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    «Тұлғааралық коммуникация пәні» адамзаттың, оның ішінде білім алушылардың бір-бірімен немесе қоғамдағы әлеуметтік топтармен дұрыс қарым-қатынасқа түсу барысындағы болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Пәнде коммуникация туралы ұғым-түсініктер, ғылыми-теориялық ақпарттар, тұлғааралық коммуникацияның функциялары мен түрлері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пән мазмұны «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесін, пәннің мәселелері мен міндеттері жөніндегі түсініктерін қалыптастыруын, педагогикалық процесс пен оның міндеттерін, сабақты ұйымдастыру формасын, оны оқытудың функциялары мен критерийлерін, әдіс-тәсілдерін үйретуді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Педагогикалық диагностика және кеңес беру
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық диагностика және кеңес беру» пәні оқу-тәрбие процесін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңыздылығын негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие барысында оның алғышарттарын, жағдайы мен нәтижесі зерттелетін әс-әрекеттің, жағдайдың себептерін анықтауда маңызға ие. Пән педагогикалық іс-әрекетті диагностикадан өткізіп, сол арқылы педагогикалық кеңес берудің алғышарттарын, теориялық-практикалық негізін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік-педагогикалық тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    “Әлеуметтік-педагогикалық тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі” пәні психологиялық тренинг технологиялары туралы түсінік бере отырып, тренинг өткізу ережелерімен танысады. Тренинг түрлерімен және жаттығуларымен жұмыс жасауды үйренеді. Қоғам сұранысына сай педагогиканың жаңа бағыттарын, даму сатыларын меңгере отырып, кәсіби саласында пайдалана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Арнайы педагогика
    Несиелер: 5

    Пән мүмкіндігі шектеулі балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды. Пән мақсаты - дамудағы екіншілік ауытқулардың пайда болуының алдын-алу, білім беру қүралы арқылы коррекциялау немесе компенсациялау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ұлттық тәрбиеге бағытталған оқыту технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән аясында ұлттық тәрбиеге бағытталған оқыту технологиялары, ерекшеліктері және олардың тәрбие беру ісіндегі мән-маңызы оқытылады. Оқыту технологияларын меңгерген кәсіби маман ретінде қалыптасып, мәдениетаралық және ұлттық құндылықтарға негізделген коммуникативтік дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Пән аясында бүгінгі күннің талабына сай психологиялық-педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы мұғалім шеберлігінің мәнін және оны қалыптастыру жолдары қарастырылады. Студенттер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерінің дамуына үлес қосады. Игерген педагогикалық шеберлік қабілеттерін кәсіби қызметі барысында қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Коррекциялық психология негізінде инклюкозивті білім беру
    Несиелер: 5

    Болашақ әлеуметтік педагог мамандарына балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, ақыл-есінің жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жағдайын қалыптастыру дағдыларын меңгереді. Коррекциялық психология негіздерін, оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін игереді. Курс болашақ маманның арнайы педагогикалық талаптарды қажет ететін мекемелердегі рөлін арттырудың негізін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Отбасы педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пән болашақ педагогтарға отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, оларды отбасымен бірлесіп жұмыс жасауға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге даярлайды. Пән аясында отбасы тәрбиесінің негіздері, отбасының бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлі, отбасының қазіргі даму тенденциялары, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін жетілдіру жолдары, білім беру мекемелерінің отбасымен әрекет жасау сияқты бағыттары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Педагогика тарихы
    Несиелер: 5

    Білім алушы әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін игереді. Педагогикалық дүниетанымы және шығармашылық ойлау қабілеттері қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімі жұмысындағы менеджмент
    Несиелер: 5

    “Әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімі жұмысындағы менеджмент” пәні жалпы білім беру ұйымдарындағы «менеджмент» ұғымын жан жақты ашып, жүзеге асырылу жолдарын көрсетеді. Аталған пән негізінде ұйымдастыру, басқару жұмыстарының технологияларын меңгеріп, әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми -педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән негізгі ғылыми зерттеу әдістерін талдау, ғылыми әдебиеттермен жұмысты ұйымдастыру, негізгі ғылыми еңбек түрлерін саралау, ғылыми дискурсқа нәтижелі араласу мәселелерін қарастыратын болады. Негізгі мақсаты – болашақ маманды ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау және өз бетімен жаза алуға дағдыландыру. Пән аясында білім алушылардың психологиялық диагностика жұмыстарына талдау жүргізу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектептен тыс тәрбие теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән аясында мектептегі тәрбие беру ісінен тыс жүргізілетін тәрбие ісінің теориясы мен әдістемелері, қоғамдық, спорттық, мәдени іс-шаралардың түрлері, ата-ана академиясы мен әкелер кеңесі атқаратын жұмыстардың түрлері оқытылады. Мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың алғышарттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құжаттық лингвистика
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты - қазақ тілінің ресми-іскерлік стилін талаптарына сай әлеуметтік-педагогикалық процеске қажетті нормативті-құқықтық құжаттардың мәтіндерін жазу, құрастыру және өңдеуге үйрету. Аталған пән мазмұны тіл мен сөйлеу заңдылықтары туралы, әдеби тіл мен функционалдық стильді түсінуді қалыптастыруды, ресми стилдің ерекшеліктерін анықтау және ресми стилінің нормаларына сәйкес құжаттарды сауатты ұйымдастыруды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі басқару психологиясының негізгі мәселелеріне шолу жасау, болашақ мамандар бойында басқару өнімділігін төмендететін психологиялық себептерді талдай білу іскерлігін қалыптастыру. Курс барысында басқару жүйесіндегі психологиялық білімнің орны, басқару іс-әрекеттерінің құрылымы мен функциялары,бірлестік құрылымдар ерекшеліктері, білім алушыға басқару жүйесіндегі практикалық жұмыс жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптстыру секілді мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Нормативті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән аясын студенттер нормативтік құжаттармен танысып, олармен жұмыс істеуді үйренеді. Аталған пәнде нормативтік құжаттардың басқа құжаттардан айырмашылы мен ерекшеліктері, нормативтік құжаттарға қандай құжатттар жатады, олармен қалай жұмыс істеу керек деген мәселелелер қамтылады. Білім алушы теориялық ақпараттар мен қоса практиқалық тапсырмалар орындап, нормативтік-құқықтық құжат айналымын жүргізу дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Діни білім және толерантттылық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән аясында балаға басқалардың ойына, көзқарасына, наным-сеніміне, іс-әрекетіне, әдет-ғұрпына, сезіміне, идеяларына төзімділік, жұмсақтық көрсете білудің мән-маңызы үйретіледі. Адам құқығы мен бостандығын, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептелетін толеранттылық негіздері және халқымыздың діни таным-түсінігі, сенім негіздерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тануды оқытудағы цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән сабақты ұйымдастыруда, мектептен тыс жұмыстарды жүргізу мен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда цифрлық технологияларды кешенді, тиімді қолданудың жолдарын меңгертуді мақсат етеді. Пән мазмұны "Өзін-өзі" тану пәнін ұйымдастыруға, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды жүргізуге қажетті сандық технологияларды қолдануды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде электронды кітапхана, порталдарды еркін пайдаланану мүмкіндіктерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кәсіби өзін-өзі тану және педагогтің дамуы
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог ретіндегі өзін-өзі тануы мен шығармашылық қажеттілігін дамытуын, әлемнің тұтастық картинасын қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінуіне көмектесуін, оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыруын қамтиды. Өзін-өзі танудың теориясы мен тәжірибесін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы арт білім
    Несиелер: 5

    Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы арт білім пәні білім алушының оқудан тыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыруда, оның ішінде арт арқылы оқушының көңіл-күйін, әлеуметтік-психологиялық өміріндегі мәселелерді шешуде, физиологиялық, тұлғалық даму тұрғысынан маңызды. Пән болашақ маманды оқушымен арт білім арқылы жұмыс істеуге, арт элеметтерін пайдалану арқылы оқу барысындағы кедергілерді шешудегі шығармашылық-теориялық білімді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Педагогикалық анимация
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық анимация» пәні анимациялық бағдарламалар құрастыру, мəдени дем алу жұмысын ұйымдастыру, ақпараттар жинау жəне оны құрастыру, іс-шара жоспарын құрастыру мəселелеріне байланысты білім ала отырып, тəжірибелік жұмыстар арқылы оны іске асыруды көздейді. Пән кәсіби аниматорлық іс-әрекетті, анимациялық бағдарламаларды, әдіс-тәсілдерін педагогикалық тұрғыдан жүзеге асыруды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Юногогика
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнында жастарды әлеуметтік өмірге біріктіруге арналған әлеуметтендірудің құралдары мен нысандарының жиынтығы, яғни жеке тұлға мен қоғамға қажетті өзгерістері, жастар жұмысының теориясы мен практикасы қамтылады. Пән нәтижесінде әртүрлі жастағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере білу дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ойын технологиясы арқылы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    "Ойын технологиясы арқылы оқыту әдістемесі" пәні "Өзін-өзі тануды" оқытуда, мектептен тыс әлеуметтік-мәдени шараларды ұйымдастыруда маңызды. Пән мазмұнында ойын - оқытуда жетекші әдістің бірі ретінде сипатталады және ойынға қойылатын әдістемелік талаптар, ойынның түрлері (дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б), әдістемедегі тиімділігі қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Полиэтникалық ортада оқушылардың бейімделуі
    Несиелер: 5

    "Полиэтникалық ортада оқушылардың бейімделуі" пәнінің аясында студент өз кәсібінде түрлі ұлт өкілдерінің, әсіресе елімізде өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі келеңсіз жағдайларды шешу, оқушылардың көпұлтты ортаға тез бейімделуін қамтамасыз ету, ұлтаралық сауатты диалог құру, мәдениетаралық коммуникацияны сақтау секілді дағдыларды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу және оқыту
    Несиелер: 5

    Пән баланы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуді, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруді, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесін жаңғыртуды мақсат етеді. Пәнді оқыту барысында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің жаңашыл тәсілдері, оқу-тәрбие процесі әдіснамасы мен технологиялары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану тарихы
    Несиелер: 6

    Пән болашақ маманның жалпымәдени, кәсіби, пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырады, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты білім беру бағдарламаларын және тұлғаның дамуына және әлеуметтенуіне ықпал ететін әлеуметтік-педагогикалық технологияларды үйретеді, тұлға дамуының жас және дербес ерекшеліктерін, жас кезеңдерін, тұлғаның психикалық дамуының негізгі заңдылықтары туралы білімдерді және тұлғаны әлеуметтендіру амалдары мен тәсілдерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 8
  • Код ON1

    Кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады.

  • Код ON2

    Өзін-өзі танудың теориясы мен тәжірибесін, қалыптасу тарихын және пәнді оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің сипаттамасын меңгереді.

  • Код ON3

    Басқарушы-ұйымдастырушылық қызметінде психологиялық және әдістемелік білімін, цифрлық технологияларды маманданған қолданушы деңгейінде пайдалана алады.

  • Код ON4

    Әлеуметтік-педагогикалық қызмет барысында әртүрлі жастағы оқушылардың, жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білу және әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады.

  • Код ON5

    Педагогика, психология салаларының теориялық негізін, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын, қоғам сұранысына сай педагогика мен психологияның жаңа бағыттарын жете меңгере отырып, кәсіби саласында пайдалана алады.

  • Код ON6

    Қазіргі заманғы мектептегі білім беру мазмұнын, кәсіби білім берудің өзара байланысын, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың алғышарттарын және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету жолдары мен әдістерін игереді.

  • Код ON7

    Оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі ғылыми-зерттеу әдістерін талдау, нормативтік-құқықтық құжат айналымын жүргізу дағдыларын қолдана алады.

  • Код ON8

    Мәдениетаралық және ұлттық құндылықтарға негізделген коммуникативтік дағдыны қалыптастыру арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және рухани құндылықтарды сіңіру жолдарын игереді.

6B01801 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
Бакалавриат

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 6B01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану , инклюзивті білім беру тьютері
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 --
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану маманын даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және тьюторлық
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы мамандарды дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01801 Әлеуметтік педагогика
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B019 Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top