Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01478 Көркем еңбек және графикалық жобалау в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Академиялық кескіндеме І
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: академиялық кескіндемені акварель техникасында орындаудың білімдерін меңгеру және практикалық іскерліктеріне дағдылану. Кескіндеменің теориялық негіздерін: композиция, перспектива, пропорциялық қатынас, жылы және суық түс заңдылықтарын техникалық тәсілдерін игеру, өз білімін тәжірибе жүзінде қолдану. Натюрморт жанрындағы картинаның кеңістігін көрсету, кескіндеме әдістерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктері мен құрылымдарын білу, В2 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде түрік тілін сапалы қолдану. Өз ойын жүйелі және сауатты жеткізу, көзқарастарын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсыну, ғылыми және ресми мәтінмен жұмыс жасау барысында тілдік құрылымдарды дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктері мен құрылымдарын, оқудың негізгі ережелерін түсіндіреді. A1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, қарым-қатынас құралы ретінде түрік тілін қолданады. Пәнді оқу нәтижесінде студент өз ойын сипаттап, әңгімелейді, мәтінмен жұмыс істеуде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын орындайды. Білім және әлеуметтік салаларда түрік тілін карым-қатынас құралы ретінде практикада қолданудың маңыздылығын түсінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық сурет І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: академиялық сурет салудың заңдылықтары мен техникасын үйрету үдерісі жүзеге асырылады. Заттың көлемінің үш өлшемдік пішінін жазықтық бетіне бейнелеу әдістері меңгеріледі. Бейнелеу өнеріндегі академиялық сурет салу элементтерін дұрыс қолдана білуге үйретіледі. Тәжірибеде әр-түрлі әдістер арқылы бейнелеуді, суреттің композициялық шешімін табады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Перспектива және сызба геометриясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Сызба жұмыстарын перспектива заңдылықтарын сақтай отырып орындауға үйретеді. Сызықтық, орталық, ауа перспективасы заңдылықтары бойынша графикалық сызба жұмыстар орындау әдістерін біледі. Интерьер перспективасын құру ережелері мен әдістерін игереді. Пәннің оқыту бағдарламасында сызбалардағы кескіндер, геометриялық денелердің проекциялары, перспективалық сызбаларды кескіндеу және белгілеу, ауа және сызықтық перспектива заңдылықтары мен техникасы туралы материалдар беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылатын педагогикалық іс - әрекеттердің ғылыми негіздерін білу; білімгерлердің өсу мен даму заңдылықтарының ерекшеліктерін, кезеңдерін және олардың зерттеу әдістерінің түрлерін білу; педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін меңгеру; білім беруді басқаруда психофизиологиялық тұрғыдан қолданылатын тиімді педагогикалық амалдармен әдіс -тәсілдерді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, мәдениеттін қалыптастыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық пен оның зияны, құқықтық сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы идеологиялық сипаттаулар мен ұғымдарды қалыптастыру. Жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Композиция негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: көлемді композицияны құру негіздерін оқыту. Көркемдік білім берудегі және бейелеу өнеріндегі композицияның заңдылықтары, ережелері мен тәсілдері, көркем шығармашылық ойлау қабілеттерін, композицияның спецификалық ерекшеліктерін меңгереді. Композициялық-көркемдік форманың барлық күрделілігіндегі алуан түрлілігі мен тұтастығының негіздерін қарастырады. Барынша мәнерлілік кезінде көркем құралдарды ақылға қонымды үнемдеуді ескере отырып композицияны жобалау және құруды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Бұл пән жаңа мемлекеттің басымдық философиясы болып табылатын Ататүріктің негізгі құндылықтарына, тұжырымдамалары мен принциптеріне сүйенген жаңа түрік мемлекетінің заманауи болмысын қарастыруға бағытталған. Жаңадан құрылған Түркия Республикасының көппартиялық саяси жүйеге көшуі, заң мен құқық саласындағы өзгерістері, қоғамдық өмірді жаңарту, саясат, экономика, білім мен мәдениет саласындағы жаңалықтары секілді сол кездің заманауи реформалары қарастырылады. Студент Ататүрік тұлғасын зерттеудің теориялық және әдістемелік тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық сурет ІІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: академиялық сурет салуда адам басының құрылысын сауатты түсіну және оны бейнелей білу. Үлкен пішінді анықтау үшін гипстен жасалған шақпақталған адам басының және бетінің бөлшектерінің конструкциялық құрылысын салуды үйрену. Академиялық сурет бойынша жаңа технологиялар негізінде сурет салу алгоритмін құрастыру және жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларда экологиялық ойлауды, пәнаралық ғылым ретінде экология туралы қазіргі заманғы идеяларды қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйін және зиянды, қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін барабар бағалау, қазіргі әлемде адамның жайлы өмір сүруі қоршаған ортаны оңтайландырусыз мүмкін еместігін көрсету, табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін жіктеу және зиянды, қауіпті және өте қауіпті жағдайларда қорғау тәсілдерін қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    «Мәңгілік Ел» пәні ұлттық идея контекстінде болашақ мамандардың ұлттық білім беру процесін қарастырады. Пән ұлттық бірегейлікті, азаматтықты, патриотизмді қалыптастыруға, білімгерлердің тарихи және әлеуметтік есте сақтауын, ұлттық мәдениетке, рухани мұраға деген құндылықтық көзқарастарын дамытуға, этникалық қарым -қатынас дағдылары бар интеллектуалды бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі заман бейнелеу өнері тарихы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - педагогикалық және көркем-шығармашылық іс-әрекетінде көркемөнер түрлерінің (визуалды өнер, дизайн, көркем технология, сәндік-қолданбалы өнер) тарихи заманауи теориялық білімдерін меңгеру. Классикалық көркемөнер тарихы негізінде қазіргі заманауи бейнелеу өнерінің тарихи ерекшеліктері. Қазіргі кезеңдегі бейнелеу өнерінің заманауи стилдері мен ағымдары, олардың көркемдік мазмұны.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық кескіндеме ІІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: бейнелеудің негізгі заңдылықтарымен және акварельмен жұмыс жасау ерекшеліктерін (түспен жұмыс жасау, түстер шағылысы) білу, түстердің кеңістіктегі сипаттамаларын (түстер спектры, ауа перспективасы элементтері) үйрену. Түстің қанықтығы мен колоритін білу. Кескіндемелік бейнелеудің негізгі заңдылықтар жиынтығын бере білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – экономикалық білімнің теориялық, әдістемелік негіздері ретінде ғылымның негізгі ерекшеліктерін білу; кәсіпкерліктің білімін, дағдысын және әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды талдауды, бағалаудыбілу; бизнесті жүргізудің ғылыми негізгі тәсілдері мен әдістерін білу; білім мен ғылымның инновациялық технологиялық дамуында теориялық және әдістемелік проблемаларды бағдарлай білу; кәсіпкерлікте ғылыми зерттеулер жүргізе білу, логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Материал тану
    Несиелер: 3

    Болашақ көркем еңбек оқытушысының (тоқыма, тігін өндірісі және технология; тігін бұйымдарын конструкциялау, моделдеу және технология мамандандыруы бойынша) материалдарының түрлері, қасиеті, қырылымы мен қолданылуы, конструкциялы - технологиялық материалдар мен олардан жасалынатын түрлі бұйымдар жөнінде ұғымдарын қалыптастыру; әрі алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелердің оқу – тәрбие роцестерінде қолдан білуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Бұл пән түркі мемлекеттерінің құрылу, қалыптасу мен даму эволюциясын, түркі халықтарының этногенезі мен этникалық тарихының маңызды кезеңдерін, олардың әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын, түркі халықтары тарихының даму заңдылықтары мен түркі мемлекеттерінің еуразия тарихының сан түрлі даму кезеңдеріндегі ерекшеліктерін зерттейді, түркі тарихы мен мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын айқындауға көмектеседі. Студент түркі мемлекеттерінің этникалық және мәдени тарихын зерттеуге байланысты пәнаралық зерттеу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық дүниетаным ерекшелігін, рухани құндылықтарды ұғындыру, ясауилік мектебінің ұстанымдарын сыни ойлау, ясауиліктің тарихи маңызын білу,өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді Қожа Ахмет Ясауи заманының ерекшеліктерімен салыстыра қорытындылайды;«хикметтердің» мәнін талдауға, оның рухани әлеуетін анықтауға үйретеді. Курста проблемалардың шешімін табу, ақпаратты талдау мен бағалау, ситуацияларды талқылау мен шешу әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық риторика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушылар мен оқытушының қарым-қатынас мәдениетін анықтау. Коммуникативтік құзыреттілікті педагогикалық риторика негізінде дамытудың жолдары. Білім алушылардың коммуникативтік және риторикалық құзыреттілігіне қажетті білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы жаттығуларды үйрену. Оқушыларды өнеріне, көркем еңбекке оқыту-тәрбиелеу барысында педагогикалық риториканың қолданудың әдіс-тәсілдері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бейнелеу өнері тарихы және теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: бейнелеу өнері тарихы және теориясы бейнелеу өнері және сызу маманының кәсіби қалыптасуына, көркемдік дайындығын қамтамасыз етеді. Бейнелеу өнері теориясы және тарихының кезеңдері, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша шығармалар, олардың авторлары, бейнелеу өнерінің тарихи ағымдары, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірлеріндегі бейнелеу өнерінің дамуы, ерекшеліктерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері туралы түсіндіре алады. Инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерді талдайды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете алады және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырады. Арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетеді, жоспарлайды және тәжірибеде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Тұтас педагогикалық процесс теориясын және педагогиканың әдіснамасын қолданады. Тұтас педагогикалық процесті кәсіби педагогикалық іс-әрекеті ретінде модельдеп көрсетеді. Оқытудың теориялық негіздерін, оқушылардың сыныптағы оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды және оқытудың әдістері, формалар мен технологияларын мақсатқа сай қолдана алады. Тәрбие процесінің ерекшеліктерін, құрылымдарын талдай алады, сынып ұжымының қалыптастыру технологиясын, тәрбие формаларын ұйымдастыру іскерліктерін, әдістерін көрсете алады. Тұтас педагогикалық процесте оқушыларды диагностикалаудың әдістері мен құралдарын анықтай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кескіндеме
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: кескіндеме пәнінде киімді ер адам мен әйел адам фигураларының кескіндемелік пластикасының өзіне тән ерекшеліктерін оқып үйренеді. «Ритм», «колорит» сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдетуге үлкен көңіл бөлінеді. Курс кескіндемелік міндеттер жиынтығын шешуге және кескіндеме бойынша бейнелеу жүйесін игеруге арналады. Басты назар жанрлық бір фигуралық композиция құруға аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сурет
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - сурет пәні шығармашылық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, шығармашылық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Академиялық кескіндеме IIІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: бейнелеудің негізгі заңдылықтарымен және акварельмен жұмыс жасау ерекшеліктерін (түспен жұмыс жасау, түстер шағылысы) білу, түстердің кеңістіктегі сипаттамаларын (түстер спектры, ауа перспективасы элементтері) үйрену. Түстің қанықтығы мен колоритін білу. Кескіндемелік бейнелеудің негізгі заңдылықтар жиынтығын бере білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика және жобалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – болашақ графика және жобалау мұғалімдерінде графикалық білімнің негізі болып табылатын графика және жобалау пәнін мектепте оқытуға қажетті графикалық жобалау бағдарламаларын игерудің теориялық және әдістемелік білімдерін арттыру. Мектепке графика және жобалау пәнінен сабақ беруде графикалық жобалау бағдарламаларын қолдану дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құрғақ қыл қалам
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты: құрғақ қылқалам мен көркем өнер шығармаларын және графикалық сурет салу әдісіне үйретеді. Бұл әдістің негізгі тәсілдері арқылы бояуды қолдану ерекшеліктерін, қылқаламмен қағаз, кенеп, ағаш және металл беттерін пайдалануға жаттықтырады. Бұл курсты зерттеу барысында, студенттер нақты құрғақ қылқаламмен сурет салу өнерін үйренеді. Негізгі міндеттерін, құрғақ қылқаламмен пейзаж, натюрморт, портрет т.б. түрлі шығармашылық жұмыстар жасауды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тағам дайындау технологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Тағам дайындау технологиясы тағам түрлерін қолдануға қабілетін дамытып, тағамдардың қажетті құрамын алуға және тағамдардағы дәрумендерді білуге, тағам түрлерін дамытып, тағамдарды дайындауға қажетті құрамды алуға, тағамдарды көркемдеп, нәрлендіріп, тәбетті етіп шығаруға қабілеттілікті арттырады. Десерттік тағамдарды көркемдеп әзірлеуде дербестік танытады өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға қабілеттілігін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерді көркем еңбекті оқыту әдістемесі пәні бойынша ғылыми - теориялық және тәжірибелік білім мен кәсіби құзіреттіліктері туралы түсінігін қалыптастыру. Пәнді оқыту мазмұны, орта мектеп жүйесіндегі көркем еңбекті оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдарын, балаларды дамыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын, қолөнер еңбегі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұнын мен қағидалары, әдістері мен фомалары туралы дағдылары қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Керамика негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: керамика өнерінің даму ерекшеліктерін білуге үйрету. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері тарихының негізгі кезеңдерін керамикамен байланысты қарастыру. Керамика шығармаларының түрлері, оларды жасау технологияларын, көркем өңдеу, әшекейлеу, қолдану әдістерін зерттеу. Керамикада қолданылатын құрал-жабдықтардың түрлері, оларды қолдану мен пайдалану жолдарын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графикалық дизайн
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: графикалық дизайн бағдарламасы растрлық графика және векторлық графика құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сызбаны түзету командалары. Объектілерді таңдау. Объектілерді өшіру және қалпына келтіру. Объектілердің орнын ауыстыру. Объектілерді бұру. Ұқсас объектілер құру теориялық негіздерін игерумен болашақ мамандық саласында нақты қазіргі программалық жабдықтарды кеңінен қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептеріндегі гафика және жобалау пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшелігін зерттейді. Графика және жобалау пәнін оқытудағы көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін игереді. Оқушылардың графикалық-танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесіне үйретеді. Графика және жобалау пәнін жүргізу және оны ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Академиялық сурет III
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: академиялық сурет салуда адам басының құрылысын сауатты түсіну және оны бейнелей білу. Үлкен пішінді анықтау үшін гипстен жасалған адам басының және бетінің бөлшектерінің конструкциялық құрылысын салуды үйренуді жалғастыру. Академиялық сурет бойынша жаңа технологиялар негізінде сурет салу алгоритмін құрастыру және жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тігін бұйымдарын құрастыру мен модельдеу
    Несиелер: 5

    Тігін бұйымдарын құрастыру мен модельдеу курсында балалар, әйелдер және ерлер киімдерін жобалайды. Базалық негізге бағытталған модельдеу түрлері мен тәсілдерін меңгереді. Киімдердің сызбасын сызып оны түрлі пішімге модельдеуге үйрету, алған білімдерін шығармашылық іс-әрекет барысын әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және конструкторлық ойлау қабілетін дамыту. Конструкциялық білімін практикада қолдану тәсілдері, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы сурет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: арнайы сурет пәні шығармашылық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, шығармашылық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Мектепті басқару принциптерін, функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау, тексеру түрлерін қолданаалады. Мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастырады, түсіндіре алады. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетін, менежментті өндірудің тиімділігін көрсетеді. Педагогикалық процесті ұйымдастыру, мектепті басқарудың ерекшеліктерін және мектептің педагогикалық ұжымын басқаруды ұйымдастырады. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін және білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіби дағдысын көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Бағалаудың өлшемдік технологияларының жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсінеді. Қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолданады. Бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуге қабілеті. Жалпы білім беретін мектептердегі сабақтарда критериалды бағалау технологияларын қолданады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқушылардың оқу жетістіктеріне диагностика жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім беру саласындағы педагогикалық менеджменттің теориялық білімін, жобалау мен мектептегі тұтас педагогикалық үдерісті басқаруды талдайды. Білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын біледі және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін көрсете алады. Кәсіптік тәжірибе барысында, сондайақ кәсіптік міндеттерді шешуде пайдалану дағдыларын және тұтас педагогикалық үдерісті басқару қызметіне байланысты түрлі жағдайларды зерттей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Критериалды бағалаудың қағидалары және білім беру квалиметриясының теориялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктері қалыптасқан. Критериалды бағалаудың әдістерін, технологиясын, дескриптор, рубрикалар, бойынша бағалау критерийлерін біледі. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерін жасайды. Кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына басшылық жасайды, оқуды меңгерудегі табыстарын, білім нәтижесін, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерімен меңгерген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Графика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - графикалық тапсырмаларды орындаудың әртүрлі техникалық тәсілдерін (сызықты, штрихты және нүктелі) үйрену бойынша жаттығулар циклы орындалады. Қарапайым геометриялық денелердің, гипістік құймалардың, бас пен фигуралардың бейнесі, тірі натураның суреті, сәулет ескерткіштерін суреттеу және композициялық нобайлар бейнелеу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көркем еңбек пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - көркем еңбек пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі арқылы көркем еңбектің мақсаттары мен міндеттерін, әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін көркем еңбектің әдістерін оқытады. Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін қаыптастырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін құруды үйретеді. Педагогикалық зерттеу бағыты және оны таңдауды, ғылыми ақпаратты іздестіру, жинақтау және өндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы кескіндеме
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: арнайы кескіндеме пәні сулы бояумен сурет салу техникасын, көлеңке мен жарықты беру шеберлігі, бедері мен текстурасы, материалдық пен көлемділікті қарастырып меңгертеді. Пән мазмұны түстану, қарама-қарсылық, тонның бейнелік құрамы, форманы қалыптастыру, моно композициясын құрастыру және түстің гармониялық қатынастарын білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тігін өнімдерін өңдеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Тігін өнімдерін өңдеу технологиясы пәні бойынша конструкциялық ойлау қабілетін дамытып, тігін бұйымдардың сызбасын сызуға қажетті өлшемдерін алуға, пішінін құрастыруға, оларды тәжірибеде қолдануға үйретеді. Тігін өнімдерін өңдеу технологиясы үдерісінде өз бетінше шешім қабылдай отырып, өзіндік талдау мүмкіндіктерін меңгеруі киімді жобалау үшін және әр-түрлі силуэтті пішімдегі модельдер құру үшін сызбаларын тұрғызудың әр түрлі әдістерін қолдануды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Пейзаж
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісін бейнелеу жанрын үйретеді. Пейзаждың кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталдық жанры, т.б.) қолданылу ерекшеліктерін қамтиды. Пейзаждағы суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы. Пейзажда қоршаған орта мен жарықтануға байланысты натураның қалыпты жағдайы мен формасын көре білу және түстерді қабылдаудың негізгі заңдылықтарымен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дизайн және заманауи өнер түрлері (ұлдар мен қыздар)
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты – дизайн және заманауи өнер түрлері саласындағы күрделі білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Дизайнның негізгі түрлері және қазіргі заманғы өнер түрлері. Жеке дизайн түрлері мен қазіргі заманғы өнер түрлерінің ерекшелігі мен көркем қасиеттері. Графикалық дизайн, оның объектілері. Орта дизайны, интерьерлер мен экстерьерлерді жобалау. Ландшафтық және экологиялық дизайн. Қазіргі өнердегі фотоурет. Медиа-арт.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Машина аппараттары
    Несиелер: 5

    Машина аппараттары пәнінде білімгерлерге тұрмыста және өндірісте қолданылатын тігін машиналарының құрылысы, түрлері, қызмет жасау жолдарын толығырақ меңгеру. Тігін ісінің құрал-жабдықтарымен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сапалы өнім шығару үшін, машина аппаратарының ішкі құрылысы жайында, білімі мен іс-әрекет ептілігін қалыптастыру. Қол тігін жұмыстарын киім өндірісінде орындауға қабілетті. Тұрмыста және өндірісте қолданылатын тігін машиналарының құрылысы, түрлері, қызмет жасау жолдарын толығырақ меңгерту және дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Үй және тамақтану мәдениеті (ұлдар мен қыздар)
    Несиелер: 8

    Пәннің мақсаты: ұлдар: тұрғын үй, өсімдік шаруашылығы, электр құралдары мен тұрмыстық техниканы жөндеу. Интерьер жарықтандыру және интерьерге арналған затты әзірлеу. Қыздар: жеке гигиена, тұрғын үй экологиясы. Өсімдік, сәндік гүл шаруашылығы, киімдерді күту және сақтау. Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелері. Бұйым эскизін әзірлеу, интерьерге арналған сәндік бұйымдар жасау. Дұрыс тамақтану негіздері, ас мәзірін құрастыру, көкөністер мен жемістерден салаттар дайындау технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тері және материалдарды өңдеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ұлттық тоқыма бұйымдарын әзірлеу технологиясын интерпретациялайды. Жүннен және теріден жасалатын бұйымдарды технологиялық, нұсқау картасына сәйкес орындауға үйретеді. Тоқыма қолөнер бұйымдарын әзірлеуде дербестік танытады. Өзінің іс-әрекетін жобалау, ұйымдастыру, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Колористика және түстану негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түстану теориясы, оның мақсаттары және міндеттері, түстану заңдылықтары, оларды көркем шығармада қолдану тәсілдерімен таныстыру, түстер гаммасы мен ритмикасы, студенттердің түстану бойынша өзіндік жұмысының сипаты, басқа пәндермен байланысын білуге үйретеді. Пәнді зерттеу барысында студенттер түс үйлесімдерін құрудың заңдары мен ережелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сәндік қолданбалы өнері (ұлдар/қыздар)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сәндік қолданбалы өнері пәні қазақ халқының ұлттық қолөнерінің негізгі түрлерін, заңдылықтарын, жасалу технологиясы мен өңдеу әдістерін үйретуге бағытталған. Ұлттық қолданбалы өнердің өнімі көркем шығармашылықтың технологиялық картасына сәйкес шығарылған. Ұлттық қолданбалы өнердің өнімдері халықтың материалдық және рухани құндылықтары ретінде қарастырылады. Жобаларды қолданбалы өнермен ұйымдастырады, көркемдік қызметтің қауіпсіз жұмысының дағдыларын көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шығармашылық керамика және мүсін
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: керамика өнерінің даму ерекшеліктерін білуге үйретеді. Керамика шығармаларының түрлері, оларды жасау технологияларын, көркем өңдеу, әшекейлеу, қолдану әдістерін зерттейді. Керамикада қолданылатын құрал-жабдықтардың түрлері, оларды қолдану мен пайдалану жолдарын анықтайды. Адам денесінің мүсінін әртүрлі түрлерін құру принциптерін оқытады. Түрлі материалдардан мүсіндер жасау техникасы игеріледі. Кеңістік көріністері мен мүсінде шындықтың үш өлшемді объектілерін беру қабілетін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кілем, киіз және гобелен тоқу технологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Кілем, киіз және гобелен тоқу технологиясы пәні білімгерлердің білімділігі мен тәрбиесін, қоғам өміріндегі еңбектің, өнердің рөлін түсіну, өнер адамдарына деген құрмет, өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негіздерін үйрету, қауіпсіздік ережелерін білу сақтау дағдыларын жетілдіруге. Білімгерлер гобелен түрлеріне, кілем мен гобелен тоқу технологиясы арқылы бұйымдар жасауға, шағын бұйымдар тоқуға үйретіледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сурет шебері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: сурет шебері студенттерге адам басының құрылысын сауатты түсіну және бейнелеуді үйретуге бағытталады. Адам басының бұлшық еттерінің және бас қаңқасының анатомиялық бейнесін игеру мақсатында, бас қаңқасы және гипстік анатомиялық бастың суреттері салынады, одан кейін әр түрлі графикалық материалдарда гипстік портреттік бастардың бейнелерін орындау арқылы алған білім мен меңгерген графикалық біліктілікке, шеберлікке дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    Оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке алуда білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолданады, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, жүзеге асыру (ұйымдастыру) дағдыларын көрсетеді, оқу үдерісі барысында педагогикалық басқаруды іс жүзінде жүзеге асыруға қабілетті, ұжыммен жұмыс жасай алады.

  • Код ON6

    көркем еңбектегі педагогикалық әдіснама ерекшеліктерін анықтай алады, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ретке келтіреді, білім беру барысында заманауи әдіс-тәсілдерді қолданады.

  • Код ON1

    Ақпаратты басқарады, цирфлық технологияларды және барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады, көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

  • Код ON10

    ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мәтінді, тәсілді, диаграммаларды, қарапайым графикалық композицияларды қолдану әрекеттерін зерттейді, интерьер, экстерьерді көркемдеуді орындау, қолөнер мектептерінде, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеушісі қызметтерін атқарудың білімдері мен дағдыларын жіктейді, көркем өнер бағыттары бойынша дизайнерлік жобалар жасау, шағын бизнес, кәсіптік білім саласында (этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, т.б.) жұмыс ұйымдастыруды айқындайды.

  • Код ON7

    педагогикалық зерттеу нәтижелері мен ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануды интерпретациялайды, өзінің алған білімін педагогикалық және бейнелеу процестерінің теориялық негіздері мен практикасына сүйену арқылы жүзеге асыру жолдарын орындайды, ғылыми әдістеменің ерекшеліктері танымдық ғылыми негіздерін, оқыту процесін, көркем білімді меңгеру психологиясын, шығармашылықты және өнерді қабылдау машықтылығын қалыптастыруға пікір береді.

  • Код ON9

    өнердің даму тарихы мен теориясы бойынша білімі мен дағдыларды бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекеті арқылы демострация жасайды, кәсіби даярлығын дәрістер оқу, өнер туралы әңгіме өткізу, мұражай, галерея, сәулет ескерткіштері мен ұлттық мәдени орталықтарына экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауға пайдаланады, көркем шығармалар мен өнердің дамуындағы стиль мен көркемдік қағидалар негізінде құрал-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруды сипаттайды.

  • Код ON2

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы мәселелерді реттейді, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орната алады.

  • Код ON3

    қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғынады, қарым-қатынастың этикалық нормаларын нақтылап қарастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады, қоғамның өмір сүру ортасын, экологиялық негіздерін біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, кәсіби қызметінде қолданады.

  • Код ON5

    Психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалауды жүзеге асыра алады, педагогикалық басқарудың әдістері мен ережелерін меңгерген,ұжымды басқаруға қабілетті және тәрбие жұмысының сапасын жақсартуда, ұйымдастыруда біліктілігін көрсете алады.

  • Код ON8

    бейнелеу өнерінің, көркем еңбектің, графика және жобалау жұмыстарын талдау, жоспарлау, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асырады, көркем еңбек мұғалімінің қызметін кескіндеме, графика, мүсін өнері, қолөнері, тігін өнері бойынша көркем өнер шығармаларын жасау мен оны оқыту іс-әрекеттерін талдайды, шығармашылық жұмыстар бойынша үйірмелер, көрмелер ұйымдастырудың әдістемелік қызмет шеңберін таңдап алады.

Top