Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Математика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықты алгебра және Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты- студенттерге матрицалар мен анықтауыштар теориясын таныстыру. Комплекс сандар өрісінің негізгі ұғымдары туралы түсінікті қалыптастыру. Студенттерге сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) үйрету болып табылады. Курста студенттер координаттық жүйелер және жазықтықтағы түзу теңдеулерін жаза білуі керек. Жазықтықтағы екінші ретті қисықтардың канондық теңдеулеріне байланысты есептерді шығара алады. Координаттық жүйелерді түрлендіру ұғымын жақсы түсініп, есептер шығаруда қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (C1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Анализ І
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - математиканың жалпы ұғымдары мен белгілеулері, нақты сандардың толық теориясы, шектер теориясы мен бір айнымалылы функциялардың дифференциалдық есептеулері берілген. Сандық тізбектер, функция шегі, функция үзіліссіздігі. Бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері. Дифференциалдық есептеудің негізгі теоремалары. Туындының геометриялық және механикалық мағыналары келтірілген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Анализ II
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - математикалық талдау теориясымен таныстыруды тереңдете жалғастыру. Бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері және оның қолданыстары тақырыбында есептер шығару. Студенттерді қатарлар теориясымен таныстыру. Сандық қатарларды жинақтылыққа зерттеу. Функционалдық және дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиустары. Фурье қатарларын, Маклорен жәнеТейлор қатарларының жіктелуін мысалдармен қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқыту. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге арналған. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Интегралдық қисап
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – студенттерге еселі интегралды қайталама интегралға келтіру теориясын үйрету. Студенттердің қисық сызықты координаталар туралы білімін қалыптастыру. Полярлық координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу формулаларын қолдану. Сфералық, цилиндрлік координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Білім берудегі цифрлық технологияларды пайдаланып, болашақ педагогтың оқытуды ұйымдастыруы, цифрлық білім беру контенттерін құру және кәсіби педагогикалық ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру құзыреттіліктерін жетілдіру болып табылады. Оқытуда цифрлық білім беру қорларын пайдалану сабақтың көрнекілік, ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, цифрлық форматтағы оқу-әдістемелік материалдар сабақтың түрлі кезеңдерінде пайдалануға, қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Элементарлы математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - педагогикалық жоғары оку орындарында студенттерді орта мектеп пен арнаулы орта оқу орындарында кәсіби қызметке дайындауға және мектеп математика курсына енгізілген бағдарламалық материалдар мазмұнын толық көлемде қамтуға арналған. Элементарлық математика курсы математиканы оқытудың теориялық негіздері саналатын математикалық негізгі курстарды байланыстыратын түйін болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көп өлшемді талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулерінің және көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулерінің формулаларымен таныстыру. Студенттерге есептер шығару барысында Эйлер интегралдарын, Өрістер теориясын, Рационал функцияларды интегралдау әдістерін, Эйлер алмастыруларын және тригонометриялық функцияларды интегралдау әдістерін меңгерту. Меншіксіз интегралдар теориясында есептер шығаруға дағдыландыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Анализ III
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттерге көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері түсінігін беру. Студенттердің көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері тақырыбында есептер шығару біліктілігін қалыптастыру. Студенттерге Эйлер интегралдары, өрістер теориясы бойынша есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Студенттердің қисық сызықты координаталар туралы білімін қалыптастыру. Полярлық координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу формулаларын қолдану. Сфералық, цилиндрлік координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Элементар математиканың қосымша тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – элементарлы математика, математиканың концептуалды ғылыми негіздері және оның жалпы білім беру жүйесі мен құндылықтар жүйесіндегі орны туралы білімін кеңейту және тереңдету. Оқушылардың математикалық есептерді құрастыру мен шешуде табысқа жетуіне ықпал ететін арнайы және жалпы ғылыми дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математика пәнін арнайы оқыту әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша математика пәнін оқытудың арнайы әдістері қарастырылады. Атап айтқанда, құндылықты-бағдарланған тәсіл, интербелсенді әдіс, зерттеу тәсілі, интегративтік тәсіл және коммуникативтік тәсілдерді қолданып, студенттерге зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі және танымдық қызығушылық қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық сауаттылық
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-күнделікті өмірдегі математиканың рөлін анықтау және түсіну; сандық ақпараттарды оқу, түсіндіріп беру және талдай білу, негізделген математикалық пайымдаулар айту және математиканы практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану қабілеті. Студенттерге өлшеуге, қозғалысқа, құюға берілген есептерді, ребустар мен сөзтізбеқұрастыру және шығару;түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдердіпайдаланудың маңыздылығын;сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректердіграфикалық түрде берудің рөлін білуді үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстармен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қатарлар теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттерге сандық қатарлар мен қатардың жинақтылық белгілерін қолданып, қатарларды жинақтылыққа зерттеуді үйрету. Функционалдық және дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиустарын есептеу формулаларымен есептер шығаруды меңгерту. Фурье қатарлары. Маклорен және Тейлор қатарларының жіктелуі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақта математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді нақты білімдермен, практикалық дағдылармен қаруландыру және студенттердің педагогикалық ой өрісінің дамуына көмектесу. Болашақ мұғалімнің оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруды және әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастың әр түрлі талаптарын меңгеруге оқушылардың математикалық ойлауын дамытудың әр түрлі әдістерін меңгертуге үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты —студенттерге математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы екендігін түсіндіру. Әсіресе оң натурал сандар 1, 2, 3, …, оның қасиеттері мен оларға арифметикалық амалдар қолдану сандар теориясының зерттеу аясында ерекше орын алады. Грекияда б.з.б. 6 ғ-да (Пифагор мектебінде) бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері (мысалы, жай сандар, құрама сандар, квадрат сандар) ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылды. Евклид “Негіздерінде” Евклид алгоритміне сүйеніп, екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуға арналған жүйелі бөлінгіштік теориясы құрылды. Онда Евклид жай сандардың шексіз көп болатынын дәлелдеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық есептерді шешу практикумы І
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – мазмұнды есептердің математикалық модельдерін құру; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардан тұратын жүйелерді шешу әдістерін: функционалдық алмастыру, функционалдық теңдеулерді шешу, графиктік, векторлық әдістерді қолдану; жазықтықта және кеңістікте есептерді шешуге тригонометрияны және векторлық-координаталық әдісті қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мәтінді есептерді шешу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге мәтіндік есептерді тура талқылауды керек ететін арифметикалық тәсілдерді қолдана отырып шығарудың логикалық ойлауды дамытуда маңыздылығын түсіндіру. Арифметикалық тәсілдерді жақсы меңгерген студенттер мәтіндік есептерге жылдам, әрі дұрыс теңдеу құра алады. Студенттерді есептің мағынасын, есепте берілген іс-әрекеттерді толығымен түсініп, есептің шартын жазуға қалыптастыру. Содан кейін шығару тәсілдерін бекіткен дұрыс болады. Сонымен қатар математика пәнінен алынған білімді өмірде жиі қолд��нуға тура келетіндіктен, өмірмен байланысты есептерді шығару - танымдылық пен қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық статистика элементтері
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің мақсаты - студенттерге математикалық статистиканың негіздерін және оны қолдану әдістерін үйрету. Пәннің міндеттері: қазіргі әлемдегі математикалық статистиканың орны мен рөлі туралы түсінік қалыптастыру; ең маңызды статистикалық модельдер мен әдістерді сипаттау үшін қолданылатын негізгі ұғымдар жүйесін қалыптастыру және осы ұғымдар арасындағы байланысты ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктіре оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерге мектептегі білім мазмұнын құрылымына қойылатын қазіргі заман талаптарының бірі – дүние мен адам жөніндегі тұтас білімді жан-жақты қайта жасаумен сипатталатыны туралы ұғым қалыптастыру. Жаратылыстану пәндері арасындағы үздіксіз өзара байланыс нәтижесінде ондағы биологиялық, физикалық, химиялық, экологиялық ұғымдардың байланысын өзара сабақтастыра отырып, математикалық білімдегі мамандықтарға сәйкес маңыздылығына қарай бағыттап қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық есептерді шешу практикумы ІI
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттердің математикалық есептерді шешу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру; стандартты емес есептерді шешу әдістертерін үйренуді қамтамасыз ету; студенттерді тақырыптар бойынша есептерді жүйеге келтіре білуге жаттықтыру; бір есепті бірнеше бірнеше бірнеше әдістермен шеше білуге үйрету; математиканы оқитын мектеп типіне сәйкестеп, есептерді қиындық дәрежесі бойынша іріктей алуға машықтандыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жай дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер ұғымымен, оның ішінде біртекті теңдеулер, сызықты теңдеулер және толық дифференциалдық теңдеулер ұғымдарымен студенттерді таныстыру болып табылады. Студенттерге жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер, дәрежесі төмендетілетін дифференциалдық теңдеулер тақырыптарына есептер шығаруды үйрету болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геометрия негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге геометрияның даму тарихын және қазіргі жағдайы туралы түсінік беру. Студенттерге геометрия аксиомаларын құруды, аксиомалар жүйесінің түрлерін есептер шығаруда меңгерту. Геометрияның негізгі теоремаларын қолданып, жазықтықта және кеңістікте есептер шығаруда қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математика пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерге ғылыми-зерттеулер жүргізудің жалпы заңдылықтарын сабақ өту барысында қолдануға үйрету. Педагогикалық-экспериментті ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін қалыптастыру. Дидактикалық ойды сыни көзқараспен талдау жасауды меңгерту. Педагогикалық зерттеулердегі математикалық статистика әдістерін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - ықтималдықтартеориясыныңнегізгітүсініктерін студенттерге түсіндіру. Студенттерді оқиғалар алгебрасымен, Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар және олардың сандықс ипаттамалары. Кездейсоқ процестер теориясының элементтерімен таныстыру. Математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын енгізу. Таңдама бойынша үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау тақырыбына есептер шығаруды үйрету. Гипотезаларды статистикалық тексеруді және корреляциялық және регрессиялық талдауды түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геометриялық салу есептері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Студенттерді салу есептері туралы ұғыммен таныстыру. Салу есептерін шешудің негізгі кезеңдерін айқындап беру. Геометриялық орындар әдісін Геометриялық түрлендіру әдістерін және Алгебралық әдістерін қолданып, студенттерге есептер шығаруды үйрету. Студенттердің салудың тиімді әдістерін таңдау жасай алуына мүмкіндік жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математика тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттер оқып үйрену арқылы ежелгі Мысыр және Үнді, Қытай, Вавилон математикасын, антикалық Грек және Рим математикасын, Араб және Орта Азия математикасын, орта ғасырдағы Европа математикасын, кеңес дәуірінің, сондай-ақ Қазақ математикасының даму тарихын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесінің таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математикалық білім беруді бәсекеге қабілетті, жан-жақты, терең ойлы, зерделі болашақ кәсіби маманды даярлап шығуда іргелі пән ретінде қарастыру болып табылады. Сонымен бірге математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі әр түрлі қолданбалы есептерді шешудің бірден-бір көзі ретінде танылады. Сондықтан аталмыш курстың міндеті тек анықтама, теорема, олардың дәлелдеулері, арасындағы байланыс, есептерді шешу тәсілдері сияқты мәліметтерді беріп қана қоймай, оларды өмірмен байланыстыра отырып, нақтылы мәселені шешуге жұмсау, қолдану болып табылады. Сонымен қатар курстың міндетіне студенттерге логикалық ойлау мен математикалық мәдениетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту жатады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық талдаудың таңдамалы тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – математикалық біліктілікке қойылатын осы заманғы талаптар математикалық талдаудың қосымша тарауларын оқыту процесіне келесі мәселелерді алдыңғы орфнға қояды: іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру; математика курсының қолданбалы бағытын күшейту; студенттерді қолданбалы есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдануға үйренуге бағыттау; студенттердің логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға, математикалық білімді өз беттерінше кеңейтуге және тереңдетуге қол жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дербес туындылы теңдеулер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге математикалық физиканың негізгі теңдеулері және оларға қисынды қойылатын есептер ұғымын түсіндіру. Екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді канондық түрге келтіруді мысалдармен көрсету. Гиперболалық, параболалық эллиптикалық типтес екінші ретті дифференциалдық теңдеулер мен олардың негізгі зерттелуі – интегралдық теңдеулер әдісін, Фурье әдісін қарастыру. Пәнді тереңдетіп оқыту, білімгерлердің логикалық ойлау, математикалық пайымдау дәрежелерін және математикалық мәдениетін физика, техника, жаратылыстану ғылымдарында кездесетін есептер мен мәселелерді шеше білу деңгейіне жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге математикалық физиканың негізгі теңдеулері және оларға қисынды қойылатын есептер ұғымын түсіндіру. Екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді канондық түрге келтіруді мысалдармен көрсету. Гиперболалық, параболалық эллиптикалық типтес екінші ретті дифференциалдық теңдеулер мен олардың негізгі зерттелуі – интегралдық теңдеулер әдісін, Фурье әдісін қарастыру. Пәнді тереңдетіп оқыту, білімгерлердің логикалық ойлау, математикалық пайымдау дәрежелерін және математикалық мәдениетін физика, техника, жаратылыстану ғылымдарында кездесетін есептер мен мәселелерді шеше білу деңгейіне жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Комплексті талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - комплекс сандарды енгізу әдістерін меңгеру, комплекс айнымалы шамаларды зерттеу әдістерімен танысу, комплекс айнымалы функцияны, оның дифференциалдық және интгералдық есептеу теориясын меңгеру. Аналитикалық функциялар теориясының (анықтама, теоремалар, олардың дәлелдеулері) нақты түсіну. Комплекс айнымалы элементар функцияларды қарастыру және оларды нақты айнымалы элементар функциялармен салыстырмалы түрде зерттеу.Комплекс айнымалы шамаларды есептеу әдістерімен ғылыми зерттеу жұмыстарында есептердің шешімін тауып,зерттей алатындай деңгейге жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 5

    Осы курста инженерлік және ғылыми-техникалық есептің тәжірибесінде ең жиі пайдаланылатын сандық әдістер қарастырылады. Сызықты алгебраның және сызықтық емес алгебраның теңдеулерін шешу әдістері , матрицаның меншікті мәнінін табу мәселесі, функцияны жуықтап есептеу мәселесі, дифферециал және интегралды жуықтап есептеу әдістері, функцияның экстремумдарын табу әдістері және дифференциалды теңдеулерді жуықтап шешу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жоғары геометрия
    Несиелер: 5

    Жоғары геометрия пәнінің мақсаты – студенттерге евклидтік және евклидтік емес геометриялар ұғымдарын түсіндіру. Студенттерге геометриялық фигураларды елестете білуі керектігін ұғындыру. Студенттерді геометрияның негізгі теоремаларын есептер шығаруда қолдану біліктілігін арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикада ақпараттық технологиялар қолдану (Maple)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерге Maple жүйесі процедуралық бағдарламалаудың типтік жабдықтарымен қамтылғанымен, бұл жүйе тіл ретінде математикалық есептерді шешуге бағытталғандығын түсіндіру. Maple жүйесі жоғары деңгейлік проблемалық бағытталған бағдарламалау классына жатады. Кәзіргі таңда математиканың көптеген есептерін шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады. Оқыту жүйесінде компьютерлік жүйелерді қолданудың өте маңыздылығы қарастырылатын есептердің шешімдерін визуалдау, яғни символды турде алу, графигін сызып көрсету, анимациялық графиктерді салу болып табылады. Maple жүйесін үйрену арқылы студенттер өзінің білімін нығайтады, оған қосымша математиканың көптеген пәндерін оқытуда және үйренуде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдана алу мүмкіндігін игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Элементар алгебраның қосымша тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - алгебралық және элементар функциялар және олардың қасиетері мен графиктері, алгебралық және трансценденттік өрнектерді өрнектерді тепе-тең түрлендіру ұғымдарымен студенттердің білімін қалыптастыра отырып дамыту. Алгебралық, трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың шешімдерін табу тақырыптарында стандарт емес есептерді шығару жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Элементар геометрияның қосымша тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттерге планиметрия және стереометрияның аксиомаларын айтып, негізгі теоремаларын дәлелдеулерімен түсіндіру. Векторлық алгебра элементтерін есептер шығаруда қолдану. Студенттерге жазықтықтағы салу есептерінің негізгі түсініктері мен әдістерін есептер шешуде және дәлелдеуде қолдануды меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.

  • Код ON4

    -оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі; -оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі.

  • Код ON5

    -психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі.

  • Код ON11

    - математиканы оқыту саласында білім алушылармен бірлесе жетістіктерді бағалау үшін жетістік критерийлерін анықтайды; -математика пәнінен дәріс беріп, талқылауды ұйымдастыра біледі және пәндік саланы терең игере отырып, өз қабілеті мен мүддесін бағалайды, оны қоғам сұранысымен үйлестіре алады, заманауи зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады.

  • Код ON9

    -Негізгі жаратылыстану ғылымдарының білімдер мен тану әдіснамасын математикалық есептерді шығаруда қолданады; -күнделікті кәсіби қызметте және білімді жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгереді

  • Код ON10

    -педагогикалық жұмыстың тиімді құралдарын жинақтау және тарату әдістерін қолданып, пәндік-тілдік оқытудың кіріктірілген технологиясына сәйкес пән бойынша оқу-әдістемелік материалды рәсімдейді және әзірлейді;

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады.

  • Код ON8

    -Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талдаудың заманауи тәсілдерін меңгереді, теория мен эмпирикалық ара қатынастарды бағалай алады және тексереді

  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON6

    - күнделікті өмірдің әртүрлі жағдайларында математикалық білімдерін, математиканы тану әдістерін және практикалық іс-әрекет тәсілдерін қолдана біледі.

  • Код ON7

    -Есептердің математикалық моделін құрады және әртүрлі математикалық әдістермен оны шеше біледі

  • Код ON12

    -ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талдаудың заманауи тәсілдерін меңгереді, теория мен эмпирикалық ара қатынастарды бағалайды және тексереді; - өз бетімен педагогикалық міндеттерді шешу барысында мониторинг зерттеулердің нәтижелерін, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауға және жүзеге асырады.

6B01509 Математика
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика
Бакалавриат

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01509 Математика-Информатика
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01509 Математика-Физика (көптілді білім беру)
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика – информатика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика-Физика
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика-Информатика мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01509 Математика және информатика мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01509 Математика және информатика мұғалімдерін дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top