7M08109 Жеміс-көкөніс шаруашылығы (1 ж. проф) в Қазақ ұлттық аграрлық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мемлекеттік, жергілікті, өңірлік, шетелдік мекемелер үшін жеміс-көкөніс шаруашылығы бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Қазақ ұлттық аграрлық университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M081 Агрономия
-
Көкөніс – бақша дақылдарының тектік қоры
Несиелер: 4Көкөніс дақылдарының тектік қор жиынтығын қалыптастыру және оларды сақтау,сонымен қатар, тұқым шаруашылығы үшін олардың бастапқы материалдарының маңызы.Көкөніс дақылдарының сорттарын жақсартудың генетикалық негіздері, олардың Қазақстанда таралған жабайы түрлері мен агроәртүрлілігі. Ескі сорттарды селекцияда қолдану және сақтап қалу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Көкөністерді жинағаннан кейін пайдалану технологиясы
Несиелер: 5Көкөністерді жинаудың, тауарлық өңдеудің, сақтаудың, өңдеудің, сатудың заманауи технологиялары және оларды практикалық пайдалануды қамтамасыз ету. Көкөністерді сақтау, тауарлық өңдеу, өңдеу және сатудың дамуы, жетістіктері, қазіргі жағдайы. Көкөніс дақылдарын сақтаудың және өңдеудің теориялық негіздері. Көкөністерді консервілеудің заманауи әдістері, технологиялары. Көкөністерді сақтауға және өңдеуге арналған заманауи жабдықтар.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жеміс дақылдары мен жүзімнің тектік қоры
Несиелер: 4Жеміс дақылдары мен жүзімнің тектік қор жиынтығын қалыптастыру және оларды сақтау, сонымен қатар, тұқым шаруашылығы үшін олардың бастапқы материалдарының маңызы. Жеміс дақылдары мен жүзімнің сорттарын жақсартудың генетикалық негіздері, олардың Қазақстанда таралған жабайы түрлері мен агроәртүрлілігі. Ежелгі сорттарды селекцияда қолдану және сақтап қалу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Несиелер: 3Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады.Нарық жағдайында агро өнеркәсіптік кешеннің сферасы жүйесінде білім алушыларды даярлау. Экономикалық ойлау, кәсіпкерлік қабілетті, нарықта өзінің орнын табу, өз ісін ашу, жеке кәсіпорын ұйымдастыру және тиімді басқару іскерлігін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Бизнес шешімдерін модельдеу
Несиелер: 3Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жемістерді жинағаннан кейін пайдалану технологиясы
Несиелер: 5Жемістерді жинау, тауарлық өңдеу, сақтау мен консервілеу, сату технологияларының дамуы, жетістіктері, казірғі жағдайы; жемістерді сақтау мен өңдеудің теориалық негіздеу; жемістерді консервілеудің заманға сай әдістері, құрал-жабдықтары, технологиялары; жемістерді консервілеудің заманға сай құрал-жабдықтары; Жемістер өнімдерінің нарық жағдайында бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шет елдердегі көкөніс шаруашылығы
Несиелер: 6«Шет елдердегі көкөніс шаруашылығы » әлемнің жетекші елдеріндегі көкөніс шаруашылығы жағдайын көрсетеді. Дәріс курсы келесі сұрақтарды қарастырады: шет елдердегі адам басына шаққандағы көкөніс дақылдарын өндіру және тұтыну; шет ел селекциясының ең жақсы көкөніс дақылдары сұрыптары (гибридтері); көкөністер өндірісінде жаңа агротехнологиялар; көкөніс шаруашылығында жоғары технологиялы машиналар; жылыжай өндірісі; көкөністерді сақтау және қайта өңдеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Менеджмент
Несиелер: 2Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жалпы теориялық ережелерін; басқару мәселелерін практикалық шешу дағдылары меңгеру
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 2Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау үрдістерін басқару қызметтінде зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жеміс және жидек шаруашылығында жылыжай технологияларын қолдану
Несиелер: 6Қорғаулы топырақтардағы көшеттік шаруашылығы, жеміс (цитрустық және субтропикалық жеміс дақылдары) және жидек шаруашылықтарының қазіргі жағдайы мен келешегі. Жылыжайларда жеміс және жидек өсімдіктерінің толыққұнды өсуі мен дамуы үшін оңтайлы микроклиматты қалыптастыру. Қорғаулы топырақтарда жеміс және жидлек дақылдарының отырғызу материалдарын өсіру тәсілдері; жылыжайда жеміс және жэидек дақылдарын күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстарын ұйымдастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Несиелер: 2Пәнді меңгеру мақсаты шет тілін үйренудің тұрақты оң уәждемесін қалыптастыру, проблемалық-жобалық технологиялар негізінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми өнімдерді таныстыру дағдыларын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жеміс-көкөніс шаруашылығындағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі
Несиелер: 3Жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы салсасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың теориясымен, әдістемесімен танысу.Ғылыми агрономиядағы зерттеулер әдісі, егістік тәжірибелерді жоспарлау, бақылаулар мен есептерді жүргізу тәртібі, жеміс, көкөніс дақылдары және жүзіммен жүргзілетін тәжірибелерді қою, алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Код ON2
Жеміс-көкөніс дақылдары мен жүзімнің зиянды организмдерге төзімді жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарын өсіру үшін коллекция жинау.
-
Код ON4
Экспериментті жоспарлау және нәтижелерді математикалық түрде өңдеу. Ғылыми құжаттаманы дұрыс жүргізу, өсіп-өну кезеңінде жеміс-көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуына фенологиялық және басқа да ілеспе бақылаулар жүргізу.
-
Код ON5
Шетелдік селекциядағы көкөніс дақылдарының ең жақсы сорттарын (будандарын) және көкөністер өндірісіндегі жаңа агротехнологияларды зерттеу.
-
Код ON1
Кәсіпкерлік қызметін реттейтін Қазақстанның негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарын меңгеру. Стандартты процестер тобы арқылы жобаларды басқару тұжырымдамасына негізделген PMBOK стандарты түрінде тұжырымдалған PMI әдістемесі үшін жобаларды іске асыру нәтижелерін бағалау.
-
Код ON6
Жеміс-жидек дақылдарын өндіру үшін культивациялық құрылыстардың конструкцияларын және өсіру технологияларын пайдалану және жоғары сапалы отырғызу материалын алу тәсілдерін меңгеру.
-
Код ON3
Жеміс-көкөніс өнімдері мен жүзімнің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін агротехниканың озық тәсілдерін қолдану. Жемістер мен көкөністердің сақталу сапасы мен технологиялық қасиеттерін анықтау. Жемістер мен көкөністерді сақтауды немесе өңдеуді ұйымдастыру.