Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01602 Тарих-дінтану в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Археология және алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студент адамзат дамуының тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы білетін болады. Тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысады. Еуразия территориясының қола мәдениетінің даму барысын біледі. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясын оқиды. Сонымен қоса, адамзат қоғамының қалыптасуынан бастап, адамның пайда болуын, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың құрылуын, дамуын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы туралы мәліметтер береді. Пәнді оқыту барысында студенттер тас, қола, темір ғасырларының кезеңдері және археологиялық ескерткіштерімен танысады. Қазақстан жеріндегі өндіргіш күштердің дамуы мен өндірістік қатынастар барысы сипатталады. Орталық Азиядағы көшпенділер: сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар тайпаларының саяси тарихы қарастырылады. «Алтын адам» мәдениетінің дүниежүзілік тарихи маңызы айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи антропология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студент: антропология ғылымының қалыптасу тарихымен, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдармен танысады. Сонымен қатар, адамның пайда болу мәселесі, адам бассүйегінің дамуы, антропогенез, адам нәсілдері, Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі, Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі секілді мәселелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлем өркениеттері
    Несиелер: 5

    Пән қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі бағыттарын студенттерге талдап түсіндіреді. Студенттерді бүкіл адамзат тарихының даму үдерістерімен таныстырып қоймай, сонымен қатар болашық жас мамандарды қазіргі таңда болып жатқан жаһандық-өркениеттік және гуманитарлық дүниетаныммен, сонымен бірге әртүрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің жан-жақты құбылыстарымен таныстырып, өз алдына сараптама жасай білуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі мемлекеттің пайда болуы мен дамуы, құл иеленушіліктің дамуы. Ежелгі шығыстағы жер шаруашылығы ошақтары, ірі өзендер мен суландыру жүйелерінің маңызы, мемлекеттіліктің (шығыс деспоты) ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы орны және мемлекеттер жайлы деректер мен тарихнама, мемлекеттердің тарихын кезеңдерге бөлу. Құл иеленушілік қоғамдар туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі мемлекеттер тарихын оқи отырып студент Ежелгі мемлекеттер, оның территориясы, халқы мен тілі, шаруашылығы мен мәдени дамуының тарихын игереді. Ежелгі мемлекеттегі қалалар, сауда, әлеуметтік таптар мен мемлекеттік құрылысын, ішкі және сыртқы саясатын, көрші елдермен дипломатиялық қатынасын оқиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 5

    Қосалқы тарихи пәннің тарих ғылымында алатын орны. География, тарихи хронология, нумизматика, геральдика, сфрагистика, генеология, картография, тарихи ономастика ғылымдарының нені зерттейтіндігі , сондай-ақ қосалқы тарихи пәндерге ретіндегі орнын саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ислам философиясы
    Несиелер: 6

    Ислам философиясының негізгі мәселесі Құдай мен әлем түсінігінің әртүрлі (онтологиялық, космологиялық, гносеологиялық) қырларының мазмұны мен арақатынасы екендігі белгілі. Осы түбегейлі философиялық мәселенің барлық басты аспектілірінде, қарастырылып отырған кезеңдерде дүниедегі ең басты сұраққа қатысты екі бағыттың, екі дүниетанымдық үрдістің үздіксіз күресі анық байқалады. Бұл бағыттарды онтологиялық, космологиялық тұрғыдан саралауда теологиялық, философиялық бағыттағы үрдістерді тұжырымдауға болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тарихи демография
    Несиелер: 5

    Тарихи демография халық туралы ғылым, яғни өздігінен өсіп-өнетін, белгілі бір аумақты (әлем,құрлық,ел,т.б.)мекендейтін адамдардың жиынтығын зерттейді. Оның ғылыми таным нысаны–халықтың,өсу заңдылықтары. Ұдайы өсу – туу, өлім, некелесу және айырылысу үрдісіндегі халықтың табиғи қозғалысы, көші-қон мәселелері. Демография халықтың санын, аумақтық орналасуын, құрамын, әлеуметтік,экономикалық,биологиялық, географиялық факторлар негізіндегі заңдылықтардың өзгеру себебін тарихи бағытта зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Діни философия
    Несиелер: 6

    Ислам құндылықтары, ислам философиясын, ислам мәдениетін, өнерін дамытуға, жаңартуға қазақ халқы маңызды зор үлес қосты. Ортағасырлық мұсылмандық фило-софиялық ойының қалып¬тасуына сер¬піліс берген қазақ даласының ойшыл¬дары Әбу Насыр әл-Фара¬би, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұни т.б. басқаларының мұралары ислам өркениетінің асыл қазынасы, философия мәдениетінің рухани ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі болды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Діндер тарихы
    Несиелер: 7

    Пән діннің пайда болу, өзгеруі, дамуы, қызмет ету заңдылықтарын, оның сапалық, маңызды сипаттамаларын, құрылымы, әртүрлі құрамдас бөліктерін (әр түрлі діндердің ерекшеліктерін ескере отырып), әр түрлі құбылыстарды зерттейді. Діннің шығу тарихын діни қоғамда, топтарда, ғалымдар ғылыми жаналықтар ашты. Дінтану саласында олардың негізгісі психология, феноменология, антропология дінділік феномені, оның эпистемологиялық мәртебесін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дінтанулық сараптама
    Несиелер: 7

    Дінтану сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы негізінде бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіліп келеді. Діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары, діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымын, діни ілімінің негіздерін, діни тәжірибесін айқындайтын құжаттар, сондай-ақ діни қызметтің нысандары мен әдістерін сипаттайтын құжаттар), діни білім беру бағдарламалары мен діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен әдебиет және діни мақсаттағы бағыт болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Европа елдерінің орта ғасыр тарихы
    Несиелер: 6

    Пән орта ғасырлардағы Батыс елдерінің тарихы, ортағасырлар қоғамының дамуының маңызды мәселелері, заңдылықтарын оқытады. Ортағасырлар тарихы ежелгі дүние тарихының жалғасы, жаңа заман тарихына дейінгі кезеңді қамтитын аралық деңгейде болғандықтан, жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, процесстері, құбылыс,заңдылықтарын таныстырады. Өркениеттілік,формациялық таным жолдары жоққа шығарылмайды,олардың тиімді жақтары ескеріліп, студенттердің өзіндік көзқарасын қалыптастыру жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақстанның ортағасыр тарихы
    Несиелер: 6

    ҮІ-ХІҮ ғасырлардағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы мәселелері, Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ, Найман, Керей мемлекеттерінің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық тарихы қарастырылады. Моңғол кезеңіндегі Алтын, Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығының саяси тарихы, ХҮ ғасырдың ортасы ХҮІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығының құрылуы, ішкі-сыртқы саясатының дамуы барысы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі дүниеден Орта ғасырларға өту кезеңіндегі Шығыс пен Батыста болған тарихи оқиғаларды талдай отырып, Шығыстағы Қытай, Иран, Үндістан, Араб халифаты т.б.және батыстағы Франция, Англия, Германия т.б. елдердің орта ғасырлық мемлекеттерінің пайда болуы, басқару жүйелері, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шығыс елдерінің орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Шығыс елдеріндегі орта ғасырлар тарихын терең танып, объективті заңдылықтарын түсіну; деректерді және тарихнамаларды талдаудың негізінде тарихққа дұрыс баға беру; Орта ғасырлардағы Шығыстың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани-идеологиялық даму үрдісін, белгілі бір саясатының қалыптасуына әсер ететін экономикалық, саяси, әлеуметтік бағыттарын тарихи фактілермен меңгере отырып, орта ғасырлардағы Шығыс тарихына жан-жақты талдау білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның жаңа заман тарихын оқытады. Студенттер Қазақстанның Ресейге қосылуын, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерін, Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуін, отаршылдыққа қарсы күрес және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы мен ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің тарихын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты оқытудың жаңа мазмұны мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттерге мектепте білім беру үдерісін ары қарай жетілдіру мақсатында тарих пәнін оқыту әдістемесі бойынша қажетті теориялық білім көлемін меңгерту. Ғылыми пән саласында студенттердің терең білімі мен ой- өрісінің кеңдігін, әдістемелік әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын, ерекше ойлау қабілетін, педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын есепке ала отырып, студенттердің жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлем елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән батыс қоғамының саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде болған маңызды үдерістерді бейнелейді. Бұл дәуірдің мерзімдік шектері XVIІ ғасырдың ортасынан бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына дейінгі уақытты қамтиды. Өнеркәсіптік революция, индустриаландыру, урбандану, демографиялық секіріс, халықтың миграциясы қарқынының өсуі Батыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды нышандарына айналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Алаш және Алашорда тарихы
    Несиелер: 5

    Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы. Батыс және Шығыс Алашорда тарихы. Ұлт зиялыларының қоғамдық қызметтері және тарихи тағдыры.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән инновациялық технологияларды оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Европа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Адамдардың шіркеу мен діннен еркіндік алуын, капитализмнің қалыптасып, жаңа сатыға көтерілуін, индустриалдық өркениеттің қалыптасуын, өндірістің монополиялануын, қоғамның әлеуметтік-мүліктік жіктелуін, әлеуметтік-корпоративтік қайшылықтардың күшеюін, социалистік және революциялық қозғалыстарды, Батыстың ірі мемлекеттерінің отарларды қайта бөлісуге ұмтылуын, Үштік Одақ, Антанта әскери-саяси одақтарының құрылуын, бірінші дүниежүзілік соғыс мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Этнология
    Несиелер: 5

    Курсты оқытудың мақсаты әлем халықтарының этногенезін, этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениетін, қоғамдық және отбасылық тұрмысын, әлем халықтарының этнографиясы ғылымының қалыптасуындағы әлем халықтарының этнографиялық мектептері мен бағыттарының концепцияларын терең оқып білуге негіздейді. Бүгінгі таңдағы әлем халықтарының салт-дәстүрін, материалдық және рухани мәдениетін, экономикасын жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дін әлеуметтануы
    Несиелер: 4

    Пән мәдени байланыстардың бір буыны болып табылатын дін әлеуметтануының, оның қызмет етуін, олардың құрылымын, пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының, қалыптасуының факторы ретінде көрінеді: қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін, оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Діни антропология
    Несиелер: 5

    Студенттер Діни антропология пәнін игеру барысында діннің антропологиясының негізгі теориялары туралы білімді қалыптастыру; діни мұра объектілерін талдауда антропологиялық әдістерді қолдану перспективаларының нақты мысалдарын ашумен танысады және меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Күнделікті өмірдегі дін
    Несиелер: 5

    Қазіргі кезендегі дін қоғамның әлеуметтік қарымқатынастарында көрініс табатын құндылықтарына байланысты жекелеген жергілікті топтың əлеуметтік құрылымы «күнделікті өмір» тұрғысынан зерттелген. Күнделікті өмірде тарихта дінің ерекшелігін субъективті тұрғыдан түсіне білуі, шынайы өмірдің əр түрлі əлеуметтік топтарға əсер етуін кешенді түрде зерттеу арқылы қоғамның іс-əрекетін жəне оқиғаларға халықтың эмоциялық реакциясын анықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дінтануды оқытудың әдістемесі (курстық жұмыс)
    Несиелер: 5

    Пән дін тарихын зерттеуде қалыптастырған,бағытталған оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерн, құралдарын қолдануды қарастырады. Дінтану әдістемесінде әлемдік мәдениеттің жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді, философиялық, рухани бағыттағы құндылықтарды анықтауға көмектеседі. Дінтану әдістемесін оқытудың негізгі қағидалары қазіргі білім берудің педагогикалық қағидаларына сәйкес келеді: оқу-тәрбие, дамытушылық қызметпен айналысатындарға, әдістеменің мазмұндық, теориялық білімдерін практикалық дағдыларын игеруді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Діни этика
    Несиелер: 5

    Пәнде "Этика", "мораль", "адамгершілік" түсінігі туралы тарихи діни ілімдер қарастырылған. Діни тұрғыдан алғанда, бұл дінді мораль туралы ілім ретінде пайда болады. Діни жаңалықтарын, жетістіктерін қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда және ғылыми – техникалық процесті әлеуметтік және моральдық жетістіктерді іс жүзінде қолдану этикалық нормалар мен принциптерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Діни психология
    Несиелер: 5

    Пән сипаттамасы: дін психологиясының теориялық негіздері, зерттеу әдістемесін игеру; ғылыми білімнің осы саласын, ондағы бар бағыттарды, парадигмалар, ұғымдарды дамытудың жан-жақты бар бейнесін құру; өмірдің діни саласында көрінетін адамның психологиялық табиғаты туралы тұтас көзқарасты қалыптастыру; сыни ойлау қабілеттерін дамыту, студенттердің діни сана, мінез-құлық саласындағы күрделі құбылыстарды талдауда шығармашылық қабілеттерін дамыту; жеке құндылықтар туралы ойлауды қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Адам және қоғам
    Несиелер: 5

    Адам және оның шығу тегі туралы түсініктер. Адам, табиғат, қоғамның өзара байланысы. Жеке адам. Тұлға. Адамның іс-әрекеті. Қоғам және қоғамдық қатынастар. «Мемлекет» ұғымы. «Өркениет» ұғымы. Шығыс, Батыс, Көшпенділер өркениеті. Индустриялдық қоғам, қазіргі заманғы өркениет. Адам және экономика. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Ұлт, ұлтаралық қатынастар. Қоғам және отбасы. Қоғам және дін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дінаралық диалог
    Несиелер: 4

    Пән ХХ-ХХІ ғасырлардағы гуманитарлық ғылымдардың орталық сөз бен пікірдің бірі ретінде «диалог» түсінігін қалыптастырады. Пәнді игеру барысында студенттер диалогтың онтологиялық негізі ретінде адамның метафизикалық және діни тәжірибесінің нақты ерекшеліктерін анықтайды, өткен және қазіргі діни және діни емес дүниетанымдардың негізгі құндылықтарының иерархияларына салыстырмалы талдау жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстан тарихы бойынша деректер
    Несиелер: 5

    Ұсынылып отырған пән - Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректерді оқытады. Пәнді оқыту барысында Қазақстан тарихына қатысты грек, араб, парсы, қытай, түркі, орыс және батыс деректеріне баса назар аударылады. Сонымен қатар, шежіре, мерзімді басылымдар, заманхаттар қазақ халқының тарихына қатысты маңызды дерек ретінде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Теориялық деректану
    Несиелер: 5

    Ұсынылып отырған пән - Деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуын оқытады. Пәнді оқыту барысында теориялық - методологиялық мәселелелерге баса назар аударылады. Сонымен қатар, тарихи деректерді іздеу-табу, деректерге талдау жасау, тәжірибеде қолданудың жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихи өлкетану
    Несиелер: 5

    Пән Қазақтардың отандық тарихы мен Республиканың тарихи, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық, мәдени дамуы туралы өлкетану материалдарын зерттеп, жинақтап түсінік қалыптастырады. Өлкетануды тарихи тұрғыдан зерттеу, шарттары. Өлкенің тарихын, мәдениетін зерттеудің кезеңдері. Өлкенің тарихы туралы материал жинаудың негізгі принциптері мен әдістері. Тарихи өлкетану деректерінің түрлері. Қазақстандағы өлкетануды зерттеудің кезеңдері, ұйымдастырудың негізгі формаларын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихи зерттеулердегі математикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру барысында студенттер тарихи зерттеулерде сандық әдістерді қолданудың теориялық және әдіснамалық негіздерін, белгілі бір математикалық және статистикалық әдіспен жинауды, өңдеуді, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдауды және жүйелі түрде түсіндірді меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дінтанудағы далалық зерттеулер
    Несиелер: 5

    «Дінтанудағы далалық зерттеулер» дінтану саласында далалық зерттеулер жүргізудің теориялық және әдіснамалық негіздерін зерделеу үшін практикалық сабақтардың тірегі болып табылады. Дінтанудың заманауи бағыттары. Діни сананы және ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті, сондай-ақ діни бірлестіктермен өзара қатнастарды қамтитын зерттеу әдістері мен құралдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихи өлкетану және картография
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазақстанның тарихи-өлкетану картографиясының даму тарихымен танысу және Қазақстандағы өлкетанулық жұмыстар, мұражайлар, мұрағаттар мен ескерткіштерді қорғау қоғамының атқаратын рөлдерін қарастыру негізгі қызметі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Протестантизм тарихы
    Несиелер: 5

    Протестантизмде Библия ілімінің бірден-бір қайнары деп жарияланады. Папа азаматтық істерге араласпауы керек. Ол (папа) шіркеудің басшысы болып табылмайды, ал шіркеудің өзі адам мен Құдай арасындағы делдал болмайды. Шіркеудің ешбір құпияшылдықтары құтқару күшіне ие болмайды. Олар тек ырым-символдардың мәні. Құдай алдындағы сенушілердің түпнұсқа, онтологиялық теңдігін растайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ислам қазіргі нарықтық қатынастарда
    Несиелер: 5

    Ислам экономикалық ойы мен тәжірибесі және ислам экономикалық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін қарастырады. Мұсылман әлемінде қазіргі заманғы ислам экономикасы институттарының тарихына шолу жасалып, Ислам конференциясы ұйымы ауқымында әлемдегі мұсылман қауымдастықтарының экономикалық және әлеуметтік дамуын үйлестіріп отыратын халықаралық қаржы ұйымы Ислам даму банкі құрылу кезеңі жайлы түсініктерін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON9

    Қазақстанның қазіргі даму жағдайын дүниежүзілік тарихи – діни үдеріс контексінде бағалайды

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON7

    Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін әлемдік және еуразиялық тарихи даму контексінде сараптайды

  • Код ON5

    Тарихи-педагогикалық үдерістердің мәселелерін шешу үшін тарихи дамудың әр кезеңінің білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    Тарихи үдерістердің барысын түсінеді және біледі

  • Код ON6

    Құбылыстардың тарихи және діни үдерістерін сыни тұрғыдан бағалай алады

  • Код ON8

    Қоғамтану мен дінтануды оқытуда психология мен философияның пәнаралық байланыстарын қолданады

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген

6B01602 Тарих-Дінтану
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01602 Тарих-дінтану
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01602 Тарих-дінтану
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01602 Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01602 Тарих-дінтану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01602 Тарих-Дінтану
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top