7M01502 Физика в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Физика пәні бойынша әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды келесі бағыттарда даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; физика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; білім берудің жаңартылған мазмұны аясында физика бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
-
Халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып физиканы оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Теориялық және практикалық халық педагогикасы мен жалпы физика пәнінен дайындықтарын қарастырып, негіздерін қазіргі заманға сай формалары мен түрлерін, физика пәні мазмұнының басқа пәндермен сабақтастыруды қарастыру көзделеді. Болашақ мамандарды дайындауда халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып меңгеруде әдіснамалық негіздері физикалық мазмұнының бірыңғай жүйелілігінің бастапқы сатысы болады, осыдан жалпы физика пәні халық педагогикасымен сабақтастығы қалыптасады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Несиелер: 3Курс жоғары білім берудің негізгі бағыттарын, қағидаттары мен заңдылықтарын зерделеуге бағытталған. Курсты оқу барысында қазіргі педагогиканың базалық ұғымдары, оқыту мен тәрбиелеудің тұжырымдамасы мен теориясы, жоғары мектептің дидактикасы қарастырылатын болады. Магистрант білім беру процесін ұйымдастыруды жобалау дағдыларын, жеке және топтық рефлексия тәсілдерін меңгереді, педагогикалық мақсаттарды сауатты тұжырымдай алады, білім беру технологияларын оқу үрдісінде қолдана алады, пәндердің жұмыс бағдарламаларын құрастыра алады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қатты дене физикасындағы кристалдардың модификациясы
Несиелер: 5Курста кристалдық қатты денелердің қасиеттері, олардың модификациялары, қатты денелердің құрылымы мен симметриясы қарастырылады. Кристалдардың түрлері, торлардың түрлері, Браве решеткалары. Конденсацияланған қатты заттардың құрылымы және оларды зерттеу әдістері. атомдардың бір-бірімен байланысы. Конденсацияланған қатты денелердегі байланыстың негізгі түрлері. Аморфты заттар, кристалдық денелердің аморфқа өту шарттары. Кристалдардың қатты дене физикасында, ғылымда және техникада қолданылуы.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Орта және жоғары мектепте физиканы оқытуда халық педагогикасы элементтері
Несиелер: 5Физика пәнін оқытуда халық педагогикасын қолданудың мүмкіндіктері жоғары себебі этнопедагогикасы материалдарынан сұрыпталған үлгілері қоршаған ортада, жаратылыста кездесетін физикалық құбылыстардың айқын көрінісін зерделейді және осы пәннен теориялық деректердің пәрменді меңгеруін жүзеге асырады. Халық педагогикасы сипаттағы іс-шаралар жүйесін жоспарлау, оны ұйымдастыру және өткізу, білім алушылардың танымдық іскерліктерін қалыптастырудағы тәжірибелік үлгілерін осы заманғы оқытумен пәрменді үйлесімділікті қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Зарядталған бөлшектер қозғалысының және сәулеленуінің классикалық және кванттық теориясы
Несиелер: 5Бөлшектердің айқасқан электр және магнит өрістеріндегі релятивтік қозғалысы қарастырылады. Мектеп курсында қарастырылатын жарық жылдамдығы ұғымы осы тақырыппен байланысты. Сонымен қатар осы бөлшектердің сәулелену қуаты қарастырылады. Мектеп курсында электр тоғы тақырыбы тақырыбы бар, осыған байланысты бұл курста электр тоғы релятивтік жағдайда табылады. Осы мәселелер әртүрлі электр магниттік өрістерде қарастырылады. Мысалы, біртекті магнит өрісінде және біртекті емес электр өрісінде.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Несиелер: 5Пән ғылыми ойлау мәдениетін зерттеуге бағытталған, аналитикалық мүмкіндіктер мен зерттеу дағдыларын қалыптастырады, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білім береді. Ғылымның тарихи эволюциясын және олар қалыптастыратын философиялық перспективаларды зерттейді. Қазіргі ғылымның пайда болуы, оның әлеуметтік және институционалдық байланыстары сипатталған. Ойлау эксперименттеріне, теорияларды растау мен теріске шығаруға, сандық және жоғары сапалы зерттеу әдістерінің пайда болуы мен қолданылуына байланысты жалпы философиялық мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Шет тілі (кәсіби)
Несиелер: 3Тиісті білім саласының түпнұсқа әдебиетін шет тілінде еркін оқуға оқытуды көздейтін кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттерді меңгеру; мамандық бойынша монологиялық және диалогтік нысанда ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамыту; магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты тақырыптарда жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлерімен танысу.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 3Курстың мазмұны басқару психологиясының тәсілдері мен бағыттарын, басқарудың психологиялық заңдылықтарын, басқару мәселелерін жоспарлау мен шешу ерекшеліктерін меңгеруге бағытталған. Білім алушылар конфликттік жағдайларды шешудің психологиялық әдістерімен танысады, жұмысты ынталандыру тәсілдерін, басқарудың тиімді стильдерін қолдану әдістерін меңгереді. Басқару процесінің тиімділігінің төмендеуінің негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жартылай өткізгіштер физикасы және олардың қолданылуы
Несиелер: 5Жартылай өткізгіштер заманауи техника мен ғылымда үлкен рөл атқарады. Олар әртүрлі жартылай өткізгіш құрылғыларды жасаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл курста жартылай өткізгіштердің қасиеттері, олардың әрекеті, сонымен қатар жолақ теориясы, жартылай өткізгіштердегі әртүрлі ауысулар, диодтар, триодтар, әртүрлі түзеткіштер, күшейткіштер және т.б. Ферми теориясы, Ферми деңгейі және олардың жартылай өткізгіштердің қасиеттеріндегі рөлі қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Бөлшектер қозғалысының және сәулеленуінің релятивтік кванттық теориясы
Несиелер: 5Релятивтік кванттық теорияда зарядталған бөлшектердің электр және магнит өрістеріндегі қозғалыс және сәулелену мәселелері қарастырылады, сонымен қатар, әртүрлі өрістерде пайда болатын электр тогы негіз алынады. Кванттық теория бойынша сәулеленудің интенсивтілігі қуаты табылады. Біртекті магнит және біртекті емес электр өрісіндегі электронның релятивтік қозғалысы (спинді есепке алғанда), айқасқан электромагнит өрістердегі электрон үшін Дирак теңдеуі қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Кристалдардың модификациясы сұрақтарын қарастыру
Несиелер: 5Курста кристалдық қатты денелердің модификациясының кейбір мәселелері, қатты денелердің құрылымы мен симметриясы қарастырылады. Атомдар арасындағы байланыстарды, байланыс түрлерін: сутектік, коваленттік, молекулалық, Ван-дер-вальстық, иондық. Конденсацияланған қатты денелердегі байланыстың негізгі түрлері. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар қарастырылады. Аморфты заттар, кристалдық денелердің аморфқа өту шарттары. Кристалдардың қатты дене физикасында, ғылымда және техникада қолданылуы қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Қисық сызықты шоқтарды қолданатын электрондық аспаптар теориясы
Несиелер: 5Мектептің физика курсында радиотехникада және электроникада бөлшектердің әртүрлі өрістердегі қозғалысы қарастырылады. Аса жоғары жиіліктегі приборларда қисық сызықты траекторияға ие болатын бөлшектердің қозғалысы қарастырылады. Бұл мәселе әртүрлі конфигурациядағы электр және магнит өрістерінде қолданылады. Магнит өрісі ретінде біртекті магнит өрісі, ал электр өрісі ретінде квадруполдық және параболалық конденсаторлардың электр өрісі алынады. Сонымен қатар жазық конденсатордағы бөлшектердің қозғалысы қарастырылады. Мәселе релятивтік жуықтауда қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жалпы орта білім беретін мектепте физика пәні бойынша халық педагогикасы элементтерін қолдану
Несиелер: 5Физика пәнінің көптеген тарауларының әрбір тақырыптарына халық педагогикасын, этнопедагогикасын, қазақтың жазушыларының жинақтарынан көрнекі материалдар, есептер, мысалдар, мәтіндерді кіріктіре оқыту білім алушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, мәні мен мағынасын зерделеуді игереді, қажетінше ауқымды тақырыптар мен үздіксіз физикалық құбылыстарды игеру үшін, теориялық білімнің физикалық мағынасын түсінеді. Осыдан, білім алушылардың танымдылығын халық педагогикасы негізінде қалыптастыруды қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Білім алушылардың физиканы оқудағы ғылыми-зерттеу әрекеті
Несиелер: 5Физиканы оқытудың маңызы зерттеу іс-әрекетінде қолдау үшін,и зерделеуде, айқындауда, жүйелі білісм беру ж.йесінде оқытуды ұйымдастыру үшін керек, нақты физикалық білімді игерту арқылы оның жас ұрпақ өркениетін, ғылыми-техникалық дамуды дамытудағы, бүгінгі ғылымдағы және қоршаған ортадағы рөлімен , сондай- ақ келешек ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін дамытудағы физикалық білімінің ерекшелігімен анықталады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Несиелер: 5Орта мектепте өтілетін физиканың маңызды тарауларының барлығындағы физикалық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылады. Физикалық құбылыстар, процестер, құрал жабдықтар, формулалар мәні, физикалық шамаларды қалыптастыратын ұғымдарды меңгереді. Физикалық ұғымдардың мағынасы мен мәнін игереді, сонымен қатар игертудің әдістемесін зерделейді. Қоршаған орта мәселесінің мазмұнын ашуда физикалық ұғымдарды салыстырып айқындайды. Тараудағы физикалық ұғымдарды ажыратады, қорытындылар жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Жанды және жансыз табиғаттағы термодинамикалық құбылыстар
Несиелер: 5Тірі және өлі табиғатта термодинамика заңдары бірдей. Тірі ағзалардың жылу энергиясын қабылдау және сақтаудың бірегей қасиеті бар. Бұл курс тірі организмдердің жылу энергиясын пайдалануының жинақталуын талқылайды, термодинамика заңдарын, тірі жүйелерге қолданылатын энтропия түсінігін, сонымен қатар жансыз және тірі табиғаттағы процестердің ағымын қарастырады. Жанды және жансыз табиғаттағы процестерді салыстыру да қарастырылады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Заттардың тепе-теңдікті қасиеттері
Несиелер: 5Курста физикалық жүйелердегі тепе-теңдік жағдайлары және олардың қасиеттері қарастырылады. Зерттеу және есептеу объектісі термодинамикалық жүйелер болып табылады. Газдар мен сұйықтардың қасиеттері, термодинамиканың бірінші және екінші заңдары қарастырылады; жылу машиналарының, жылуэнергетикалық және тоңазытқыш қондырғыларының жұмысы. Энтропия ұғымдары және жанды мен жансыз табиғаттағы процестердің бағыты, олардың қасиеттері, заттардың тасымалдану процестері оқытылады: диффузия, жылу өткізгіштік.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
Несиелер: 5Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдары, сонымен қатар қоршаған ортаның дамуындағы бүкіл әлемдік деңгейі, сонымен ұоса физикадағы бүгінгі жағдайды және ХХІ ғасырдың басында физиканың дүние танымдық, үздіксіздік және кеңістікті-уақыттық сипаттамада эволюциясының механизмдерін, оның күрделілігін, морфогенез және орта материясының өзіндік дамуының орындалу шарттарын, физикалық үдерістердің болжамдық шарттарын қолдануды білу.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі әдістемесі
Несиелер: 5Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қарастырып қолдана алады. Оқу іскерлігін ұйымдастыру, жекелеген бөлімдерін меңгертудің қазіргі әдістемесін білу негізге алынады. Дидактикалық материалдарды талдау әдістемесімен таныстыру, оларды физиканы оқыту процесінде қолданудың сәйкес әдістемесін көрсету; арнайы курста магистранттардың назарын физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі мен принциптеріне аударып, оларды физикалық процестерді және құбылыстарды талқылауға үйретіп, іске асыруға мүмкіншілік тудырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Жылу қозғалтқыштары және олардың қолданылуы
Несиелер: 5Жылу машиналары - жылу энергиясы әртүрлі көздерден алынатын құрылғылар. Мұнда жылу энергиясының әртүрлі көздері және оларды механикалық құрылғыларда қалай пайдалануға болатыны қарастырылады. Химиялық, ядролық, күн және басқа да жылу энергиясының көздері. Бұл курста сондай-ақ атом электр станцияларының, гальваникалық элементтердің, күн батареяларының және басқа құрылғылардың жұмысы және оларды өнеркәсіпте пайдалану қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Жалпы физика курсын меңгерту мәселесі
Несиелер: 5Қазіргі заманғы меңгертуге байланысты мәселелер қарастырылады. Меңгерту мәселелерінің негізгі түрлеріне, физиканы меңгертудің қазіргі заманғы оқыту құралдарына көңіл аударылады. Физиканың жалпы курсын кейс-методының, жобалау әдісінің, оқытудың белсенді әдістерінің, физиканы оқытудағы модельдеу әдістерінің, топтық, жұптық оқыту әдістерін оқытуда ерекшеліктерін қолданады. Білім беру үдерісінде зерттеу әрекеттері мен іскерлігі элементтерін қолданудың, мәселелік оқыту артықшылықтары қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
ЖОО білім беру жүйесінде физика пәнінен жаңартылған білім мазмұнын оқыту әдістері
Несиелер: 5Құндылықты-бағдарланған, тұлғалық әрекетті бағдарланған; сабақтастыру; белсенді әдіс-тәсілдер физика негізінде оқыту бағдарламаларының сипаты мен мазмұнын айқындаудағы басты бағдарлар болады. Білім алушылар физиканы оқытуда жаңартылған оқыту бойынша белсенді әдістерін АКТ пайдалану арқылы іскерліктерін қалыптастырады. Материалдарды іздеу және атқару барысында ұжымда пікірлермен алмасады, берілген тапсырмаларын бағалайды және зерделейді, құралдарды, қондырғылар мен жұыс істеу принциптерінің мол ауқымын меңгеруі қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Физика пәнінен эксперименттік есептерді шешу әдістемесі
Несиелер: 5Физикалық құрылғылармен жұмыс істей білу қабілеттерін байқау, осы құрылғыларды жетілдіру, тәжірибелік есептерді шығару және оны физика заңдарымен байланыстыру. Физиканың негізгі ұғымдары мен негізгі заңдылықтарын білуі, физикалық есептерді шешудің әдіснамалық негіздері арқылы физикадағы есептерді шығару әдістерін меңгеруі керек. Компьютерді пайдалану және өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу нәтижелерін алу мүмкіндігі; эксперименттік есептерді шығара білу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Жаңа технология арқылы физиканы оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Қосымша инновациялардағы тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қарастырғанда, мектепте тиімді қолдануға ықпал ететін бірқатар әдістемелік мәселелер (оқыту мен оқудағы заманауи тәсілдер, қарапайым логикалық ойлауды тәрбиелеу, оқытуда деректер мен коммуникациялық ақпараттық жаңалықтарды пайдалана алу, білікті және дарынды, іскерлігі қалыптасқан білім алушылар, қабілетті оқитындардың жас ерекшеліктері, қолайлы білім беру және оқу, оқуды басқару және көшбасшылық).
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Физиканы оқыту үдерісіндегі жаңа білім беру технологиялары
Несиелер: 5Алған білімдері қажеттіліктерін қанағаттандыру, сұранысқа ие мұғалімдерге заман талабына сай өзгерген өмір сүруде үздіксіз кәсіби іскер маман болуына көмектесу. Әдістемеліктің тиімділігін қамтитын оқыту жүйесіндегі интерактивті үдерістерді қолдауға жағдай жасау. Сандық білім беру технологияларда қажетті іс тәжірбиелік дайындықпен қамтуына жағдай жасау. Физикадағы жалпы түсініктері, анықтамалары, заңдарына көңіл аудартып, оны физикалық, құбылыстарға талдау жасауға үйретіп, практикада қолдануға мүмкіншілік тудырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Нейтрондардың затпен әрекеттесуі
Несиелер: 5Әртүрлі энергиядағы нейтрондар затқа түскенде ядролық реакциялар тудырады. Энергиясына қарай олар серпімді, серпімсіз және дұрыс ядролық реакциялар болып бөлінеді. Зат арқылы өтетін нейтрондар әртүрлі зақым келтіруі мүмкін. Бұл залалдарды зерделеу қажет, өйткені атом электр станцияларын салу және олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті қорғаныс материалын таңдау алғау осыған байланысты.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Қатты денелердегі радиациялық ақаулардың пайда болу механизмдері
Несиелер: 5Курс кристалдық қатты денелердің қасиеттеріне сәулеленудің әсерін зерттейді. Сәулелену көздері және олардың қасиеттері. Қатты денелердегі ақаулардың түрлері, қатты денелердегі ақауларды алу әдістері. Рентген сәулелерінің көздері. Рентгендік дифракциялық талдау. Қатты заттардың радиациялық әсері, қатты заттардың жылулық қасиеттеріне әсері. қатты денелердің электрлік қасиеттері туралы. Қатты денелердің механикалық қасиеттеріне әсері, қатты денелердің оптикалық қасиеттеріне әсері.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
ЖОО білім беру жүйесінде физика пәнінен жаңартылған білім мазмұнын оқыту жолдары
Несиелер: 5Болашақ физика мұғалімдердің білім мен дағдылар ауқымын меңгерудегі іскерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру, мұғалімдерге үздіксіз өзгеріп жатқан орта жағдайында жүйелі кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мәселелерді шешу керекті стратегияларын игеріп, әдістемелік жұмыстың оңтайлылығын қамтамасыз ететін оқытуда инновациялық үдерістерге қолдау көрсету. Педагогикалық әдістер мен тәсілдер арқылы негіздерін қалыптастыруға (не, неліктен және қалай) айқындайтын тапсырмалар орындау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Физика пәнінен олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемесі
Несиелер: 5Физиканың ұғымдарын, құбылыстарын, заңдары мен принциптерін олимпиадалық есептер шығаруда зерделейді, физикалық процестерге талқылау жасап талдау және өңдеуге үйретеді; барлық тараулардағы физикалық эксперименттерді, оларды орындау ерекшеліктерін, шамаларды, эксперимент әдістерінің негіздерін және өлшеу нәтижелерін есептер шығаруда айқындайды; Физикалық есептерді әдістемелік негіздері арқылы арнайы олимпиадалық шығару жолдарын біртұтас жүйесінің ең жоғарғы сатысы болып табылады, сондықтан логикалық қабілеттері артады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
ЖОО білім беру жүйесінде физика пәнінен жаңартылған білім мазмұнын оқыту мәселелері
Несиелер: 5Болашақ физика пәні мұғалімдерінің оқушылардың өз бетінше білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту; сандық технологияларда құзыретті, заманауи әлемде табысты өмір сүруге дайын, әртүрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын белсенді азаматты қалыптастыру. Мұғалімнің кәсіби дамуы мен білім беру реформасын болашақ маманды қалыптастыруға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру қажетті білім мен практикалық дайындықты қамтамасыз етеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Физикалық есептер шығаруда іргелі ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Несиелер: 5Орта мектепте тәжірбие жасауды дамыту жолдарын білген және күрделі практикалық маңызды бар есептерді шығара алатын білікті мамандарды дайындап шығару қарастырылады. Физикалық есептерді шығарудың әдіснамалық негіздері физикаға арнайы физикадан меңгерген білімнің бірыңғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып келеді. Негізгі физикалық іс тәжірбиелерді жасау маңыздылығын, негізгі физикалық ұғымдарды, анықтамаларды, күрделі әдістерді меңгеру және қорытынды нәтижелерін өңдеуді үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Физикада оқыту технологияларын қолдану жолдары
Несиелер: 5Қазіргі заманғы мектепке физиканы оқытуда инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіру мәселесі талданады. Мотивацияның жоғары деңгейімен, білім мен дағдыны игеруге саналы қажеттілікпен, нәтижелілігімен сипатталады. Компьютерді пайдалану оқу үдерісіне жаңа заманауи педагогикалық технологияларды енгізуге ықпал етеді. Заңдылықтардың маңыздылығымен сезінуге көмектесу, оқу процесінде әрбір оқушының жеке тұлғасының өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, өз бетінше жұмыс істеу қажеттілігін дамыту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Сәулелену көздері
Несиелер: 5Радиация көздеріне ядролық реакциялар кезінде элементар бөлшектерді шығаратын заттар жатады. Оларға табиғи және жасанды көздер жатады. Табиғилар - табиғатта бар, жасандылары - үдеткіштердегі әртүрлі ядролық реакцияларда, атом электр станцияларының жұмысы кезінде және атом бомбасының жарылуы кезінде алынатындар. Сонымен қатар табиғиға табиғатта бар радиоактивті ядролар, күн радиациясы, космостағы радиация және т.б.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Код ON1
Кәсіби қызметте негізгі ғылыми, педагогикалық, басқарушылық, коммуникативті білім мен дағдыларды қолдану.
-
Код ON2
Физиканы белсенді оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін практикада қолдану, жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесіне ең тиімді заманауи білім беру технологияларын интеграциялау.
-
Код ON3
Педагогикалық психология, физиканы оқыту әдістемесі саласында өзіндік ғылыми зерттеуді жүзеге асыру .
-
Код ON4
Жоғары білім деңгейінде алынған дамытушылық білім мен түсініктерді көрсету өзіндік дамудың негізі болып табылады.
-
Код ON5
Физикалық құбылыстарды және оларға сәйкес келетін теориялық модельдерді жіктеу, оларды қолдану тиімділігін бағалау; жалпы физика курсының физикалық процестерін сипаттау, физика және педагогика саласындағы есептерді шешу алгоритмдерін құру.
-
Код ON6
Тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру үшін физиканы оқытудың дәстүрлі және инновациялық білім беру әдістері мен технологияларын салыстыру.
-
Код ON7
Оқушылардың танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру, өз қызметінде физика бойынша оқу- тәрбие үрдісінің әдістемесін қолдану.
-
Код ON8
Магистранттарды жалпы білім беретін мектептерде және басқа да оқу орындарында, күнделікті кәсіби қызметке және докторантурада білім алуды жалғастыруға қажетті заманауи физиканы тереңдетіп, теориялық және практикалық тұрғыдан оқыту сабақтарын өткізуге дайындау.
-
Код ON9
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпараттық- аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу.
7M01502 Физика
МагистратураАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01502 Физика
МагистратураҚ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі7M01502 Физика
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика педагогін даярлау
МагистратураОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01502 Физика (бейідік)
МагистратураҚорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01502 Физика
МагистратураСәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика педагогтарын даярлау
МагистратураТараз мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика (1.5)
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика (1)
МагистратураҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика
МагистратураСәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша7M01502 Физика
МагистратураІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика
МагистратураІлияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика
МагистратураСемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика
МагистратураШ.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша7M01502 Физика педагогтарын даярлау
МагистратураМ.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
БББТ: M011 Физика педагогтерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша