6B03204 Журналистика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Студенттерге журналистиканың білім беру бағдарламасының мазмұнын игерту арқылы БАҚ-тың жаңа талаптары мен заманауи сұраныстарын жалпы мәдени және кәсіби тұрғыдан меңгерту. Білім беру бағдарламасының мақсаты - студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамыту, еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің және бұқаралық ақпарат құралдарының талаптары мен сұраныстарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B042 Журналистика және репортер ісі
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B032 Журналистика және ақпарат
-
Спорт журналистикасы
Несиелер: 6Пәннің мақсаты спорт журналистикасының қалыптасуы мен дамуы, қазіргі жағдайын оқыту. Студенттерді спорттық ойындардың тікелей көрсетілімінде комментатор болуға баулу, шеберлігін шыңдауға жетелеу. Болашақта спорт журналистикасын дамытуға үлес қосатын жан-жақты мамандарды тәрбиелеу.
Селективті тәртіп
-
Қазақ журналистикасының тарихы
Несиелер: 6Студенттердің «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналынан басталатын қазақ журналистикасының даму кезеңдерін, тарихын, қазақ журналистикасының бастауында тұрған белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық ерекшеліктерін біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Журналистикаға кіріспе
Несиелер: 7Студент бұл пәнді оқу барысында журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, өзгешеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерімен танысады. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері студенттерге жете түсіндіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Сөйлеу мәдениеті және сөйлеу техникасы
Несиелер: 5Болашақ журналистерге сөздік қорын молайтып, дауыс қою, ақпаратты аудиторияға дұрыс жеткізе білу әдіс-тәсілдерін осы пән үйретеді. Тіл жаттығуларын жасау арқылы тілдегі кемістікті түзеу, студентті көпшілік алдында іркілмей, шешен сөйлей білуге бейімдеу. Сонымен қатар, орфоэпиялық норманы сақтай отырып, диалекті сөздерден тілді тазалау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағыт береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Журналистің жазу машығы
Несиелер: 5Пәннің мақсаты білім алушыларды жазу өнеріне үйрету. Ақпаратты баяндау, деректер мен сандарды қолдану, тақырып қою, маңызды ақпаратты таңдау, тұжырым жасау, материалдық композициясын құру секілді шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы мақала жазуға бейімдеу. Автордың ойын ұтымды жеткізудің теориялық мәселелері мен қоса тәжірибесін меңгеру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Несиелер: 5Мақсаты: қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу, адамның қоршаған ортасының қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары және қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары туралы білім беру. Сұрақтар: су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының сарқылуы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи және техногендік апаттар және олардан қорғану жолдары.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Имиджеология
Несиелер: 5Имиджелогияныңі міндеті - имидждің қалыптасуындағы мазмұны мен ерекшеліктерін ашып көрсету, түрлерін анықтап, айшықтау, имидждеудің тиімділігін зерттеу, тиімділігін жоғарылату тәсілдерін өңдеу, адам бойындағы шығармашылық ерекшеліктер мен мүмкіншілікті өмірде қолдана білу. Студенттер имиджге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттерді, саяси, экономикалық, тұлғалық имидж жасау мәселелерін қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Несиелер: 5"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні "Бизнес, басқару және құқық" бағытындағы білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сынды мемлекеттік құжаттар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтерді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Спичрайтер
Несиелер: 5Қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың халық алдында сөйлейтін сөзін жазудың тәсілдерін меңгереді. Спичрайтердік қызметтің барлық ерекшеліктерін түсінеді. Қазіргі спичрайтерлердің тәжірибесімен танысып, мемлекеттік маңызы бар шараларда танымал тұлғалардың сөйлейтін сөздерін дайындаудың әдістерін үйренеді. Қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін мәтін жазудың жолдарын біледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Телебағдарламаны ұйымдастыру
Несиелер: 5Студенттер бұл пәнді оқу барысында телеарнада журналистердің бағдарлама жасау барысындағы шеберліктері мен бағдарламалардың эфирге шығуына дейінгі жұмыстарды ұйымдастырудың қыр-сырын меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Несиелер: 5Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Рухани жаңғыру
Несиелер: 5Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Телерадиожурналистика
Несиелер: 6Мамандарды әр түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға бейімдеу, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттауға бейімдеу сияқты мәселелерге көңіл бөлінеді. Студенттердің БАҚ жүйесіндегі телерадионың өзіндік ерекшелігін, әлемдік және қазақстандық телерадиотарату ісінің тарихын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін, телерадиожурналист қызметін реттеудің ақпарат таратудың әдіс-тәсілдерін меңгеруіне мүмкіндік беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Журналистика жанрлары
Несиелер: 7Студенттер журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін білуі керек. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгереді. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай өзгеріске ұшырауының себебін түсіндіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Іскери риторика
Несиелер: 5Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Бильд-редактор
Несиелер: 5Білім алушылар мерзімді баспасөз, ақпараттық сайт, кез келген ақпарат құралында жаңалықты немесе оқиғаны суретпен үйлестіре беруге үйренеді. Суреттерді өңдеу, тазалау, мазмұнға сәйкес оналастыру, ақпарат құралының бағыт-бағдарын, деңгейін көтеретін суреттер мен оның өңдейтін компьютерлік бағдарламаларды меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
Несиелер: 5Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Бұқаралық коммуникация технологиясы
Несиелер: 5Бұл пән студенттерге қоғамдық қатынастардағы ақпаратты жеткізу, қабылдау және өзара әрекеттесудің негіздері, сыртқы ортамен байланысудағы пиардің артықшылықтары мен ерекшеліктері, заманауи байланыс тетіктерін үйретеді. Сонымен қатар бұқаралық коммуникацияның заманауи технологияларын меңгеруге көмектеседі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы
Несиелер: 7Пәннің мақсаты қазақ әдебиетінің теориясына қатысты ғылыми еңбектермен таныстыру. Әдебиет теориясы, әдебиеттану мәселелерін түсіну. Сөз өнерінің салалары мен әдебиет тарихын оқып, әр кезеңдегі қаламгерлер шығармашылығымен танысу. Көркем шығарманы талдау мен жазудың ерекшеліктері түсініп, әдеби жанрларды тануға дағдылану. Әдеби жанрда жазуға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Телевизиядағы интервью технологиясы және сценарий жазу шеберлігі
Несиелер: 5Студенттер телевизиядағы сұхбат алудың технологиясын меңгеріп, эфир әдебін, камера алдында өзін-өзі еркін ұстауды үйренеді. Сондай-ақ, телесценарий жазудың ерекшеліктерін ескере отырып, сценарий жазудың қыр- сырын меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Контент-редактор
Несиелер: 5Пән барысында сайт құрылымын, мазмұнын ұйымдастыру мен жоспарлауды үйренеді. Контент-редактор тек мазмұнмен ғана жұмыс жасамайды, ол ақпаратты сатудың, өткізудің амалдарын қарастырады. Студенттер ақпараттық сайттардың мазмұнын талдай отырып, мазмұнды арттырудың жолдарын меңгереді. Басылым беттерін әрлеудің қыр-сырын, олардың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан зерттеудің мақсат-міндеттерін, нысаны мен басты қағидаларын түсінеді. Сондай-ақ, БАҚ-тың интернет сайттарын безендірудің заманауи үлгілерін үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Әлем әдебиеті
Несиелер: 6Пәннің мақсаты әлем әдебиетінің тарихы мен әлемдік деңгейдегі көркем шығармалармен таныстыру. Әлем әдебиетінің даму бағыттары мен салалары, қоғамдық саяси ахуалға әдебиеттің әсері, резонанс тудырған шығармалардың жазылу тарихы мен қаламгердің шығармашылық шеберханасын оқып, үйрету. Әлем әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Репортер шеберлігі
Несиелер: 5Репортердің шеберлік қырлары, оның қалыптасу жолдары, ізденіс пен жүйелілік, шығармашылық табиғаты, танымал тележурналистердің тағылымдары қарастырылады. Тікелей эфирде репортердың жүргізу шеберлігі, өзін ұстау, жүйелі сөйлеуі ерекше рөл атқарады. Осы талаптарды студенттерге үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Телерадиожурналист шеберлігі
Несиелер: 6Бұл пәнде спорт журналистикасының қалыптасуы мен дамуы, қазіргі жағдайы оқытылады. Студенттерді спорттық ойындардың тікелей көрсетілімінде комментатор болуға баулиды. Шеберлігін шыңдауға жетелейді. Болашақта спорт журналистикасын дамытуға үлес қосаты жан-жақты мамандарды тәрбиелеуді мақсат етеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
БАҚ заңнамасы және этика
Несиелер: 6Болашақ журналистердің құқықтық, этикалық білімдерін арттыру мақсатында ҚР Конституциясын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы», «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарды, этика Кодекстерін, ұлттық тәрбие бастауларын негізге ала отырып, журналистік жауапкершілік ұғымын қалыптастыру көзделген.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Публицистика өнері және әдеби сын
Несиелер: 6Пәннің мақсаты студенттерге публицистикалық жанрда жазудың қыр-сырын үйрету. Мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүрген публицистикалық материалдарды негізге ала отырып, өздері де публицистикалық шығарма жазуға машықтау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Іскерлік журналистика
Несиелер: 6Студенттерге Іскерлік журналистиканың даму барысы, соңғы нәтижелер мен бизнеске қатысты мәліметтер, Қазақстан мен әлемдегі бизнестің журналистикада көрініс табуын үйретеді. Іскерлік журналистика өкілдері ұсынған мәліметтер мен ақпараттар билік басындағыларға, бизнес өкілдеріне жоспар құруға, жалпы аймақтық және халықаралық жағдайларды бағамдауға мүмкіндік беретінін түсіндіреді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Мультимедиялық журналистика
Несиелер: 6Мультимедиялық журналистика ақпараттық технологиялардың дамуының қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да көрермен назарын аудару үшін болашақ журналистер түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруі тиіс. Мақалаларды өңдеп,сюжеттерді бір-бірімен байланыстырып,тың интерфейс пен дизайнды қолдану арқылы цифрлы журналистика ғасырлар тоғысында қалыптасқан, жетілдірілген және кіріктірілген әлеуметтік ғылымның саласына айналатыны түсіндіріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Радиохабар дайындау
Несиелер: 6Пәннің мақсаты бейнетүсірілім мен бейнемонтаж жасаудың негізгі міндеттері мен техникасы қарастыру. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, видеотүсірілім, видеомонтаж жасау кезінде түрлі анимациялық, телевизиялық эффектілер қолдануды үйрену. Монтажкезінде кадрлар композициясын жинақтап сақтауды меңгеру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Ақпаратты визуализациялау
Несиелер: 6Пәннің мақсаты үлкен деректерді бағалау әдістерін меңгеру және деректер каталогын қалыптастыру; оларды журналистік мәтіндерде қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтау; ақпаратты визуализациялау түрлерін қолдана білу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Талдамалы журналистика
Несиелер: 6Пән студенттерге талдамалық стильдің қыр-сырын меңгертуді мақсат етеді. Саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптап үйрену, сандар мен фактілерге назар аударуға дағдылану болашақ журналистер үшін қажет екені түсіндіріледі. Сараптамалық материалдарға қойылатын талаптар мен оны меңгерудің әдіс-тәсілдері де осы пәнде қарастырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
БАҚ тілі мен стилі
Несиелер: 5Пән теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысуға бағытталған. Пәнді оқыту барысында студенттерге мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Медиапсихология
Несиелер: 5Білім алушылар осы курс барысында медиапсихология дамуындағы ерекшеліктер, өзгермелі әлемдегі адамның орны мен рөлін, мінез-құлық психологиясын зерттеп білуі керек
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Digital журналистика
Несиелер: 5Digital журналистика технологиялық, мультимедиалық құралдардың көмегімен ақпарат таратудың, оны безендірудің, түрлі пішінде инфограафияка, сурет, видео, подкаст жасауға үйретеді. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі цифрландыру саясатының маңызын түсінеді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
SMM журналистика
Несиелер: 5SMM ақпарат таратудың жаңа арнасы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік желілерде топ, қауымдастық құру, корпоративтік парақшаны жүргізу, аудиторияға өтімді пос жазу, психологиялық әсер етудің, түрлі пікірлерге жауап беру, әлеуметтік желі әдебін меңгереді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Сторителлинг
Несиелер: 5Пәннің студенттерді трансмедиялық баяндауға қойылатын негізгі талаптармен таныстырады. Баяндау арқылы аудиторияға таралу мәселелерін зерттеуді үйретеді. Медиа платформалар: теледидар, кітаптар, веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі хабарламалар, афишалар, плакаттар, презентациялар, компьютерлік ойындар және тағы басқалар. Бұл әдіс арқылы таралған ақпарат жақсы есте қалады және адамдардың қызығушылығын тудырады. Осы бағытта ақпарат таратуды студенттер меңгеріп шығады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
Несиелер: 5Журналистикада ақпараттық қауіпсіздік өте өзекті тақырып екені анық. .Ақпараттық қауіпсіздік мәселесін сөз еткенде БАҚ-та жұмыс істейтін мамандарды даярлау ісіне әдістемелік тұрғыдан шұғыл бетбұрыстың жасалуы талап етіліп отырғанын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да осы пән арқылы студенттер ақпаратты қорғауды, ақпараттық соғыс жағдайында қандай іс-әрекетке баруы керек екенін т.б. үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Экстремальды журналистика
Несиелер: 5Табиғи және төтенше жағдайлар кезіндегі ақпарат таратудың құқықтық нормаларынан бастап, ыстық нүктелерден репортаж дайындаудың халықаралық тәртібін меңгереді. Журналист қызметіндегі қақтығыс немесе табиғи апат кезіндегі қиындықтармен таныса отырып, тікелей эфир, сараптамалық материал дайындаға дағдыланады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Подкастинг
Несиелер: 5Пәннің мақсаты онлайн режимінде жүктеуге немесе тыңдауға болатын аудио бағдарламаларды, телешоуларды немесе блогтарды дайындауға үйрету.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Медиабрендинг
Несиелер: 6Медианарықта бренд қалыптастыру жолдарын үйренеді. Бренд ұғымы мен оның қазіргі заманауи технологиясын меңгереді. Басылым, сайт, телеарна, радио брендін қалыптастырудың жолдарын біледі.Шығармашылықта өз брендін қалыпстыру тетіктерін үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Спидоктор
Несиелер: 6Пән бойынша ақпарат құралын тұтынушыға ұсыну, ақпаратты басқарудың тәсілдері мен спиннің бірнеше түрлерімен танысып меңгереді. Спиндоктор қоғаммен байланыс технологияларын пайдаланып, ақпаратты қоғамның дұрыс бағытта қабылдануына ақпал етеді. Білім алушылар курс нәтижесінде қоғамдағы белгілі бір оқиға немесе жаңалық туралы ақпарат тарата отырып, аудиторияға қатысты қолданылатын тәсілдерді меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Журналистика социологиясы
Несиелер: 6Пәннің мақсаты әлеуметтік журналистиканың жұмыс істеу принциптері туралы білім қалыптастыру, кәсіби қызметте әлеуметтік медианың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктері мен дағдыларын дамыту.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Балалар телерадиобағдарламасын дайындау
Несиелер: 7Телерадиода балалар мен жасөспірімдер бағдарламасын дайындау уақыт талабында тұрған өзекті мәселе екені анық. Елдің болашағын ойлаған халық бірінші кезекте ұрпақ тәрбиесін қолға алады. Сондықтан да бұл бағыттағы бағдарламаларды дайындау ерекше журналистік шеберлікті талап етеді. Пән осының барлығын да болашақ журналистерге үйретуді мақсат етеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Қазіргі шетел журналистикасы
Несиелер: 6Дәріс барысында қазіргі шетел журналистикасының тарихы, ақпарат тарату әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері қарастырылады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы мен олардың дамуы осы пәнде оқытылады. Болашақ журналистердің отандық журналистика мен шетелдік журналистиканы салыстыра отырып, озық тәжірибелерін үйренуіне мол мүмкіндік береді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Алаш көсемсөзі
Несиелер: 7Алаш қайраткерлерінің баспасөз ісін ұйымдастыру мен басқарудағы демократиялық көзқарастары мен тұжырымдарын негізге ала отырып, публицистикалық мұрасына талдау жасалады. Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы Алаш қайраткерлерінің көсемсөзін жанрлық, стильдік тұрғыдан қарастырады, авторлық тұжырым жасауды үйренеді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
БАҚ-тағы жарнама технологиясы
Несиелер: 6Журналистика маркетингі мен менеджментінің берік ұстанымы да жарнамамен жұмысты жандандыруға келіп саяды. Оған қоса қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары да өз қызметін осы жарнама арқылы жетілдіруді мақсат етеді. Сондықтан да бұл пәнде студенттер БАҚ-тағы жарнама практикасы туралы теориялық және практикалық білімді жинақтап, жарнама технологияларымен танысады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Телевизия мен радиодағы журналистік зерттеу
Несиелер: 6Студенттер журналистік зерттеуге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттермен танысады. Радио мен телевизияда журналистік зерттеу көбіне көрермен, тыңдарман хаттарының желісімен жасалып жүр. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намасын аяққа таптамай, журналистік зерттеу әдістеріндегі: алдын – ала тексеру, деректер, салыстыра талдау, бақылауды хабарда жүйелі түрде көрсете білуі керек екенін студенттер осы пәннен үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Медиаменеджмент және медиамаркетинг
Несиелер: 5Бұл пән студенттерді журналистика менеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік журналистикадағы озық тәжірибелерімен таныстырады. Сондай-ақ, олардың мәселелері мен болашағын тарата айтады. Студенттер интерактивті тәсілді меңгеріп, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын игереді
Оқу жылы - 4
Семестр 1
-
Код ON9
жаңа медиалық технологиялардың мультимедиялық құралдарын меңгеру, медиаға қатысты заңнама мен этика талаптарын зерделеу, Іскер Журналистика тәжірибесін, редакторлық түзетуді және медиалық өнімді ресімдеуді дамыту
-
Код ON6
Әлемдік және отандық баспасөз тарихын біледі, журналистиканың функциясы мен қоғамдағы ролін анықтайды, телерадиожурналистика негіздерін талдайды, жанрлық ерекшеліктерін біледі, сондай-ақ журналистиканың қызметін үйренеді;
-
Код ON11
шығармашылық шеберлікті үйрету, редакциялық жұмысты ұйымдастыру мен басқаруды игеру, медиа брендинг мәселелерін талдау, жарнама технологиясын білу, мәтін жазуды сыни тұрғыдан дамыту
-
Код ON1
жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
-
Код ON4
дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
-
Код ON3
әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
-
Код ON5
құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
-
Код ON2
ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
-
Код ON12
ақпараттың өзектілігін анықтай білу, материалды өңдеу мен даярлауда шынайылықты ұстану , логикалық қисынын және салалық журналистиканың мәнін білу, әр түрлі салалық мәселелерге шолу жасау, талдау дағдысын қалыптастыру
-
Код ON7
бұқаралық коммуникация технологияларын меңгеру, публицистиканың тарихы мен тәжірибесін білу, шетелдік журналистиканың тәжірибесін зерделеу, тілдік, стилистикалық ерекшеліктерді, сөйлеу техникасы мен мәдениетін дамыту
-
Код ON13
телебағдарлама дайындау мен балаларға арналған хабарларды ұйымдастыруды үйренеді, телехабар дайындау технологиясы мен журналистік шеберлікке үйренеді
-
Код ON14
сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, проблема көтеру мен оларды шешу жолдарын қарастыру, контент сапасын байыту жолдарын меңгеру, ғылыми-танымдық журналистика және сторителлинг дағдыларын, Алаш қайраткерлерінің шығармашылығын үйрену
-
Код ON8
материалдарды дайын ақпараттық өнімге айналдырудың стратегиялық нұсқаларын анықтау және талдау
-
Код ON10
телевизиядағы интервью технологиясы мен сценарий жазу, журналистік шеберлік талаптарын біледі, медиапсихология мәселелерін анықтайды, ақпараттық қауіпсіздік сақтаудың маңызын түсінеді, имидж қалыптастыру, мәтін жазу, талдау, зерттеуді үйренеді
6B03204 Журналистика
БакалавриатЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B03204 Телерадиожурналистика
БакалавриатХалықаралық ақпараттық технологиялар университеті
БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі