Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01601 Тарих педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Курс білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастырады, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгертеді. Пән докторанттардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихы бойынша шетел деректері
    Несиелер: 5

    Курс Қазақстан тарихы бойынша шетелдік деректердің негізгі түрлерін олардың сипатын мазмұны мен ерекшеліктерін қарастырады. Қазақстан тарихы бойынша мәліметтерді қамтитын ежелгі шығыс және антикалық, ортағасырлық араб, қытай және түркі деректерін анықтайды. Қазақ тарихы бойынша орыс және батысеуропалық деректердің ерекшеліктерін зерттейді және сипаттайды. Қазақстан тарихы бойынша маңызды оқиғалардың құнды тарихи дерегі ретінде мұрағаттық және картографиялық материалдарды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Отандық тарих ғылымындағы тарих психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән тарих ғылымындағы психологияның теориялық маңыздылығын анықтайды. Адамзат қауымдастығын тарихи нормалар мен құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде зерттейді. Әлеуметтік-тарихи сананы адамды қоғаммен, өркениетпен, тұтас алып қарағанда тарихпен байланыстыратын шындық ретінде зерттейді. Адамның даму тарихы мен оның психологиялық әлемі адамзат тарихымен байланысты зерттеледі. Тарих ғылымындағы отандық психологияның ерекшеліктерін әлемдік тарихтағы психологияның жетістіктерімен салыстыра отырып қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеу процесін, оның құрылымын, кезеңдері мен негізгі әдістерін қарастырады. Пән негізгі тарихи аспектілер, теориялық ережелер, технологиялар, ғылыми зерттеулерді жүргізудің практикалық әдістері мен тәсілдері бойынша білім алуға, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, отандық және шетелдік ғалымдардың қазіргі заманғы жетістіктері базасында ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми іздеу, талдау, іздеу дағдыларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи тұлғатанудың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Курс тарихи тұлғаның тарихтағы рөлін теориялық тұрғыдан бағалайды. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғалар, ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістердің басшылары, ХХ ғ. басындағы ұлттық интеллигенция, Ұлы Отан соғысының батырлары, кеңестік кезеңнің қайраткерлері туралы мәліметтер әлемдік тарих контекстінде қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан сыни талданады және жинақталады. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі тарихи тұлғалардың рөлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Педагогиканың философиялық негіздері атты оқу курсы, педагогикадағы әдіснамалық метабілімнің ірі блоктары (педагогикалық әдіснама туралы жалпы түсінік және оны анықтауға қажет тұғырлар; ұғымдық аппараты; қызметтері және әдіснамалық білімдер құрылымы; әдіснамалық бағдарлар жиынтығы, педагогикалық әдіснаманың даму кезеңдері және үрдістері) туралы жүйелі ғылыми білімдер қалыптастырады және принциптері жайлы мағлұмат береді.Кәсіби және білім беру қызметінде теориялық білімдерді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихының кеңес деректері
    Несиелер: 5

    Курс ХХ ғасырдағы деректер корпусындағы типологиялық өзгерістерді, кеңестік кезеңдегі деректердің ерекшеліктерін, деректерді бұрмалау мәселелерін зерттейді. Статистикалық деректерді, заңнамалық құжаттарды, дипломатиялық дереккөздерді, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың құжаттарын, жеке дерек көздерін деректік талдаудың ерекшеліктерін сипаттайды. Кеңестік кезеңнің мерзімді баспасөзін тарихи дереккөз ретінде қарастырады, кеңестік мерзімді баспасөздің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Тарихты оқыту саласында пайдаланылатын академиялық хат пен ғылыми зерттеулер әдістерінің меңгеруін, жүйелі түсінуін көрсетеді;

  • Код ON2

    тарихи зерттеулердің кешенді процесін жоспарлайды, әзірлейді, іске асырады және түзетеді

  • Код ON5

    гуманитарлық ғылымдарға негізделген біліміне сүйеніп қоғамның дамуына ықпал етеді

  • Код ON3

    өзіндік зерттеулерімен ұлттық және халықаралық деңгейде жариялауға лайық зерттеулерімен ғылыми шекара аясын кеңейтуге үлесін қосады

  • Код ON6

    Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді;

  • Код ON4

    тарих ғылымындағы жаңа идеяларды жинақтайды және бағалайды, сыни тұрғыдан талдайды

Top