Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері
    Несиелер: 6

    Ғылым мен білімнің даму бағыттары, ғылымның дамуындағы теориялық әдістері, тұжырымдамалары, білім беру саласындағы реформалар, ғылым анықтамасының мәселелері, ғылым қурылымы, атқаратын функциялары, ғылымға қойылатын критерийлер, бастауыш білімнің жаңартылған мазмұны зерделенеді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білімдерді, түсініктерді, зерттеу әдістерін қалыптастыру; мәселелерді шешу барысында шығармашылық қабілетін пайдалану жолдары ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері, ғылыми танымның методологиялық негізі мен ғылыми зерттеудің әдістерін қарастырылады. Зерттеу бағытын таңдаудағы ақпараттарды іздестіру жолдарын саралап, ғылыми талқылауға ұсына алуды; зерттеудің орындалуы барысында пәнаралық білімдерді интеграциялау арқылы кәсіби мәселерді шешуді көздейді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, ресми түрде жариялау, хабарлау, кәсіби мәселелерді шешуге қажетті білім мен түсінік, шығармашылық қабілетін қалыптастыруды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Психологиялық феномендер, категориялар және психиканың қызмет етуі мен дамуының заңдылықтарын зерттеу әдістері туралы ғылым ретіндегі психологияны, еңбек ұжымдарындағы әрекеттесу формаларын талдауды, өндірісті оптимизациялауға ықпал ететін психологиялық ахуалды қалыптастырады. Магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пән шетел тілін (ағылшын) кәсіби ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін деңгейде меңгеруге бағытталған, шетелдерден ақпарат алу, талдау, пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті және білім беру процесі бойынша серіктестермен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін; ауызша және/немесе жазбаша кәсіби маңызды мәтіндерді (реферат, аннотация, мақала тезистері, баяндама, сөз сөйлеу) т.б. тілдік дағдысын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылымның тарихи дамуының басты тенденцияларын, іргелі зерттеу қызметінің дүниетанымдық және әдіснамалық жүйесін интеграциялау, ғылыми-философиялық дүниетанымның принциптерін; ғылыми-зерттеу қызметінің мәнін, оның ерекшеліктерін; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктерін; ғылымның, ғылыми ізденудің, ғылыми зерттеулердің, ғылыми әзірлемелердің мақсаттары мен негізгі міндеттерін, диссертациялық зерттеуді дайындауда ғылыми аппаратты қолдануды, эксперименттік, мәліметтерді талдау және интерпретациялау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру т. б. құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектеп педагогикасының кешенді мәселелерін шешуде жалпы гносеологиялық жүйесін, оқыту және тәрбиелеу теориясын, жоғары оқу орнындағы ғылыми қызмет, білім беруді реформалау мәселелері; заманауи психологиялық басқарудың негізгі бағыттары, заңдары, әдістері мен принциптері туралы білімдерін дамытуға, кәсіби қызметінде және білім алуды жалғастыруда білім, білік және дағдысын жетілдіруге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Бастауыш мектеп педагогикасындағы зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Жоғары мектеп педагогтарының кәсіби біліктілігі мен зерттеу қабілетін дамыту бағытын таңдаудағы ақпараттарды іздестіру жолдарын саралап, зерттеудің орындалу барысында пәнаралық білімдерді интеграциялау арқылы кәсіби мәселерді шешуді көздейді. Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, ресми түрде жариялау, хабарлау, кәсіби әрекетінде шығармашылық қабілетін қалыптастыруды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін қашықтықтан білім беруге даярлау
    Несиелер: 5

    Болашақ мұғалімдерде бастауыш мектепте АКТ-ны пайдаланып оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті практикалық білігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бастауыш мектепте оқытылатын пәндерге арналған бағдарламалармен жұмыс жасауға бағытталады. Интернет желісінде жұмыс істеу, желілік этикет және Internet компьютерлік желілері, пошта арқылы ақпарат алмасудағы қауіпсіздік, бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибесінде интерактивті репетиторлар, интерактивті экскурсиялар, электронды тесттер, сөзжұмбақтар, ойындар құрастыруға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру механизмдері
    Несиелер: 5

    Сапаны қамтамасыз ету, сапа мәдениетінің дамуын, қоғам қажеттіліктерін, күтілетін нәтижелерді ескеру арқылы білім беру сапасын бағалауды ұйымдастыру, жүзеге асыру механизмдерін ұсынады. Пәнаралық контексте кәсіби мәселелер - білім беру сапасын арттыру үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, идеяны, қорытындыларды, мәселе шешімдерін нақты, тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, пәнаралық білімдерін интергациялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әркеттік тұғырлар
    Несиелер: 5

    Әдіснамалық қағидаттар, негізгі мазмұны және мәдени-тарихи теорияны қолдану, білім берудегі іс-әрекет тәсілі туралы, мәдени-тарихи және іс-әрекет тәсілдерімен үндес зерттеулер және оларды қазіргі отандық білім беруде қолдану туралы білімді игереді. Топтарда жұмыс істей отырып, мәдени-тарихи теорияның бастауларын, оның негізгі мазмұны мен әдіснамалық мүмкіндіктерін, отандық психологиядағы іс-әрекет тәсілінің пайда болу тарихын талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте қазақ тілін лексика-граматикалық тұрғыдан оқыту
    Несиелер: 6

    Бастауыш мектепте қазақ тілін лексика-грамматикалық тұрғыдан оқыту процесі тілдік қатынас дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың, дамытудың ерекшеліктері, жолдары, әдіс-тәсілдері, оқу материалдарын пайдаланудың ғылыми негіздемесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби білім педагогикасы
    Несиелер: 5

    Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын ұсынады. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыруға баулиды. Білім беру мазмұнын модернизациялау мен үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте әдебиеттік білім берудің қазіргі мәселелері
    Несиелер: 6

    Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, ақын, жазушылардың идеяларын, көркем шығармаларын оқушыға меңгерту арқылы жас ұрпақтың өмірге көзқарасын қалыптастырудың, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырудың қазіргі технологияларын қарастырады. Бастауыш білім беру саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, зерттеу әдістерін игеруді, кәсіби мәселелерді шешу, сандық білім беру ресурстарын қолдануды, пәнаралық білімдерін интергациялауды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі
    Несиелер: 5

    Халықаралық жүйе бойынша бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері, құралдары, оқыту мәселелерін болжауды қарастырады. Пәнаралық контексте кәсіби мәселелер - білім беру сапасын арттыру үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, идеяны, қорытындыларды, мәселе шешімдерін нақты, тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, пәнаралық білімдерін интергациялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері курсы болашақ мамандарды бастауыштағы оқу-тәрбие үдерісі мен оларды ұйымдастыру ерекшеліктерімен, дербес пәндердің мазмұнымен және аталмыш пәндерді оқытудағы қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, өздігінен білімін жетілдіру жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш мектепте интербелсенді оқу технологиясын қолдану
    Несиелер: 5

    Интерактивті әдістер жөнінде білім негіздерін қалыптастыру, соның негізінде белсенділік, өздігінен білім алу дағдылары мен іскерлік қасиеттерін кәсіби тұрғыдан басқаруда пайдаланады; идеяны, қорытындылар мен мәселелердің шешімдерін нақты және дәл көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, білім беру саласы бойынша оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдер жиынтығын интергациялауды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бастауыш мектепте cыни ойлауды дамыту технологиясын қолдану
    Несиелер: 5

    Сыни ойлауды дамыту технологиясын қолдануда дамыту технологиясы жөнінде білім негіздері қалыптасады; соның негізінде белсенділік, өздігінен білім алу дағдылары мен іскерлік қасиеттерін кәсіби тұрғыдан басқаруда пайдаланады; идеяны, қорытындылар мен мәселелердің шешімдерін нақты және дәл көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, білім беру саласы бойынша оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдер жиынтығын интергациялауды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өндеу әдістері
    Несиелер: 6

    Педагогикалық зерттеулердің негіздерін, тексеруде математикалық өңдеу әдістерін қолдану тәсілдерін, тәуелді, тәуелді емес таңдаулардың нәтижелерін бағалауды, әдістерді салыстыру жолдарын қарастырады. Педагогтың дидактикалық білгірлігін сабақ барысында және сабақтан тыс оқытуда математикалық өңдеу әдістері арқылы сыни ойлауларын дамыту негіздерін көздейді, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді, қорытындылар мен мәселе шешімдерін хабарлауды ұйымдастырады, пәндерді интергациялауды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Педагогикадағы математикалық әдістер
    Несиелер: 6

    Педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістері негіздерімен танысады; сабақта, сабақтан тыс оқытуда математикалық әдістермен негіздеу мен зерделеуді; ғылыми зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптармен аннотация жазуды, зерттеу нәтижелерін бағалау мен таратуды іске асыру әдістерін меңгереді, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді, қорытындылар мен мәселе шешімдерін хабарлауды ұйымдастырады, пәндерді интергациялауды сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Кәсіби құзыреттілігін кеңейту және коммуникативтік талдамалық мәтіндік қызметпен байланысты құзыреттерді, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренуді, ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерделеуді, педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдауды, ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді, педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзуді; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бастауыш мектептегі жобалау әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәнді оқып, зерделеу барысында болашақ мұғалімдер оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табатындығына көз жеткізе отырып, оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен таныстыру үйрету іскерлік ептіліктерін меңгереді; идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білім, түсініктер ғылыми ойларды ақпараттық мәдениетті, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ЖОО студентінің жобалық іс-әрекет әдістемесі
    Несиелер: 6

    ЖОО жобалау - білім беруді дамытудың жаңа саласының қажетті элементі ретінде және ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми жобалаудың қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жетілдіру, қайшылықтарды болдырмау міндеттеріне бағытталғандығы жайлы түсінік, қажетті іскерлік элементтері қалыптасады; идеяларды әзірлеу, қолдану кезінде дамытылатын білім, түсініктер ғылыми ойларды, ақпараттық мәдениетті, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON4

    идеяларды, қорытындылар мен мәселе шешімдерін көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлауды ұйымдастырады

  • Код ON5

    бастауыш білім беру саласында оқуды одан әрі жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін саралап, интергациялайды

  • Код ON1

    идеяларды әзірлеу мен қолдану кезінде бастауыш білім беру саласындағы дамытылатын білімдерді зерттеу контексінде игергенін көрсетеді;

  • Код ON2

    бейстандарт жағдайларды, кәсіби және басқарушылық мәселелерді шешуде өз білімін пәнаралық контексте шығармашылықпен пайдаланады;

  • Код ON6

    Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді

  • Код ON3

    өз пікірін қалыптастыруда әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларға негізделген сандық білім беру ресурстарды, шетел тілін пайдалана алатынын көрсетеді;

Top