Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02305 Қазақ филологиясы в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің теориялық фонетикасы және фонологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты студенттерге қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы мәлімет беру, фонетикалық және фонологиялық жүйе түсінігін ашу, айтылым түрлерін заңдылықтарын нақты пайдалану арқылы дамытуда лингвистикалық цикл ретінде фонетиканың орнын анықтау, артикуляциялық сараптауды үйрету, фонетикалық және фонетикалық транскрипцияларды пайдалана отырып мәтінге талдаулар жүргізу, орфоэпиялық және орфографиялық варианттардың ерекшеліктерін айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты қазақ тілі жүйесінің негізгі заңдылығы ретінде қазақ тілінің лексика-фразеологиялық қабатының жалпы заңдылықтарын және оның қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру, тілдегі сөздің қордың жүйелік категориясын айқындау, лексика мен фразеологиядағы парадигматикалық және синтагматикалық түсінік қалыптастыру, лексикалық бірліктің нормативті ақпарат қызмет етуінің өзара байланысы мен өзара ықпалдасуын ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 9

    Курс студенттерге сөйлем туралы дәстүрлі және заманауи көзқарастарды көп салалы, әрі тілдің негізгі функцияларын орындай алатын тілдік бірлік ретінде үйрету, жай сөйлем синтаксисі заңдылықтарын білу, филолог-мамандардың болашақ кәсіби жұмысына қажетті жай сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлерін, олардың ерекшеліктерін меңгеру, сөйлеушінің коммуниктивтік мақсатына сәйкес түрлі құрылымдағы жай сөйлемді құрастыра дәлелдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – теориялық білімді тереңдету және морфологияны белгілі бір құбылыстармен шарттастырылған тұтас жүйе ретінде түсінік қалыптастыру, қазақ тілінің морфологиялық жүйесіне жалпы сипаттама беру, сөз топтары мен сөз таптарының негізгі белгілерін айыра білу, сөз таптарына тән грамматикалық категорияларға тоқталу, қазақ тіліндегі сөз таптарының лексика-грамматикалық, синтаксистік қызметтерін саралау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - әдеби шығармашылық өнерді идеялық, саяси және адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу жоспары әдебиеттанудың негізгі негізін, көркем мәтіндерді талдау мен түсіндіру принциптерін формасы мен мазмұнының бірлігінде құрайды. Пән оқу және тәрбие іс-әрекетінің жоғары сапалы кәсіби келешегін қамтамасыз ету мақсатында көркем шығармалардың саралануын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - қазақ сөзжасамының теориялық қисындарын зерделеп, сөзжасамның негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымын ғылыми тұрғыдан талдап, сөзжасамның атау теориясы және уәждеме теориясы арқылы айқындалу жолдарын қарастыру, қазақ тіліндегі сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарын анықтау, қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу ерекшеліктері мен тәсілдерін меңгеру, атау теориясы мен уәждеме теориясының негізгі заңдылықтарын туынды сөзге қатысты талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру, ауызша нысанда көрсетілген туындылардың идеялық-көркемдік мәнін, фольклордың тарихы мен теориясын, халық өнері, олардың ішінде фольклордың алатын орны мен табиғатын, ауыз әдебиетінің туу, таралу-сақталу ерекшеліктерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: қазақ әдебиетінің бастау бұлағы саналатын ежелгі әдеби мұралармен танысу және оларды ғылыми негізде сараптау қабілетін қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы әдеби мұраларының қалыптасу, даму үдерісі, рухани, мәдени және көркемдік құндылықтар. Ежелгі әдеби мұралардың кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына тигізген ықпалы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Түбіртек теориясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты сөз құрамындағы тарихи-фонетикалық өзгерістерді, сондай-ақ түбіртектерді табудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды түркі тілдерімен салыстырып, олардың алғашқы формасын анықтау, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түпкітектерін ажырату, байырғы сөздердің түбіріне этимологиялық талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету, сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдарын меңгеру, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын меңгеру арқылы бүгінгі әдеби процестегі сынның рөлін, болып жатқан көркемдік құбылыстарды тану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу және даму кезеңдері жөнінде ғылыми тұрғыдан жүйелі білім беру, ұлттық қазақ тілінің беку кезеңдерімен, осы заманғы әдеби тілдің қалыптасуымен таныстыру, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналарды, тілдік дәстүр жалғастығын ажырату, қалыптасу тарихы туралы пікірлер қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің семантикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - семантика ілімінің негізгі ғылыми-теориялық жүйесі талданып беріледі және қазақ тілінің деректері негізінде сөз мағынасын талдау, семантика гносеологиялық, онтологиялық аспектіде зерттеу, сөздің терең мағыналық құрылымының қалыптасуының онтологиялық негізі бар болғандықтан, сөз мағынасы оның қалыптасу тарихымен сабақтастыра қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркем сөйлеу теориясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: Дискурсты сөйлеуші мен тыңдаушының қарым-қатынасын жүзеге асыратын айтылым деңгейінде анықтау, лебіздің коммуникативтік бағытына байланысты интонацияның типтерін, интонация деңгейлеріне байланысты интонема жасаушы факторларды меңгерту, көркем сөйлеудің прагматикалық, когнитивтік, этнолингвистикалық, мәдениеттанымдық т.б. сипаттарын түсіндіру және дәлелдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағыттарын айқындау, қазақ тілінің тарихы пәні негізінде қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық жүйесі, өзіне тән жүйелік ерекшеліктері, қазақ тілі тарихы пәнінің зерттеу нысанын, қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері мен тәсілдері және тарихи өзгерістер мен теориялық құбылыстарының тіл тарихына тигізген әсерін қарастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Рухани және материалдық лексика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - тіл мен мәдениет сабақтастығы, тіл мен мәдениет қатынасындағы іргелі ұғымдар жүйесі, туыстық атаулардың рухани мәдени ерекшеліктері, салт-дәстүр мен ырым-жоралғыға байланысты рухани мәдени лексиканың этносимволдық сипаты мен ұлттық этномәдени сипатын, түр-түс атауларының лингвомәдени және этнолингвистикалық табиғатын қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақтың импровизаторлық өнері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - қазақ халқының суырып-салма өнерінің тарихи құрылымы мен дамуын, рөлін білу, қазіргі қоғамдағы айтыстың рөлін білу, қазіргі айтысқа жан-жақты және терең талдау жасау, айтыстың жанрлық-көркемдік ерекшелігін, жазба әдебиетпен байланысын көрсету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Масс-медиа тілінің прагматикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – медиамәтіннің ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым екендігін, оның қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысын, прагматикалық ерекшеліктерін, медиамәтіннің ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы негізгі ұғым екендігін, оның қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен байланысын, прагматикалық ерекшеліктерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тіліндегі аналитизм
    Несиелер: 6

    Аналитикалық құрылымдардың қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы орнын, функционалдық жүйесіндегі қызметін тану, талдай алу; білім, білік дағдыларын қалыптастыру пән мақсатын айқындайды. Көмекші сөздер тобының аналитизмге қатыстылығы; есім, етістіктердегі аналитикалық формалар, форманттар, аналитикалық құрылымдардың тіл деңгейлеріндегі қызметі сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көне қазақ тілі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілінің этимологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – қазақ лексикасының функционалдық, тарихи-семантикалық даму заңдылығының өзектілігін, тарихи-этимологиялық негізін анықтайтын байырғы түбірлердің этимологиялық реконструкциясын қолданудың дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: салыстырмалы-тарихи, ішкі, сыртқы реконструкция, сөзжасамлық модельдеу, морфемалық талдау әдістерін игеру; түбір морфеманың варианттылығын, фузиялық сипатын, морфологиялық, реликтілік құбылыстарын т.б. агглютинативтік үдерістің тарихи сипаттарын түсіндіріп беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мәтінтану негіздері
    Несиелер: 9

    Мәтін тілтануда өз ішіне барлық тілдік құбылыстарды қамтыған ең ірі сөйлеу бірлігі, сондықтан оны таным білу құрылымы, мазмұндық жағы білім алушының тілдік білімін тереңдетіп кеңейтеді, мәтінтанудың негізгі бағыттары, мәтіннің негізгі белгілері мен ұғымдары, категориялары мен түрлері мәтін түзудің заңдылықтары туралы білім беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – ХV-XVIІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармашылығының қазақ қауымының мақсат мүддесіне қызмет еткендігін терең игеру, ХVІІ ғасырда қазақ халқы бастан кешкен елеулі оқиғалардың Тәтіғара, Ақтамберді, Бұқар, Үмбетей шығармаларында өрнектелуін және М.Әуезов, С.Сейфуллин, Х. Досмұхамедов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Дербісәлин, Б.Кенжебаев, Ш.Сәтбаева, Ы.Дүйсенбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, М.Жармұхамедов,т.б. әдебиет тарихына байланысты еңбектерінің ғылыми құндылығын бағамдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Абай және оның әдеби мектебі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - Абай және оның әдеби мектебін меңгеру, Абайдың шығармашылық мұрасы мен қазіргі әдеби шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдықты талдау, бағалау, Абайтану мектебінің қалыптасу жолдарын меңгеру, қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын білу, Абайтану тарихының ғылыми құнды нәтижелерін тереңінен тану, талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ баспасөзінің термин қалыптастырудағы рөлі
    Несиелер: 6

    Баспасөздің ғылым мен техника және өнеркәсіп саласындағы арнаулы сөздерді, терминдерді қалыптастырудағы рөлі, терминологиялық жүйенің толығуы мен бір ізге түсуіндегі атқарған еңбегінің маңыздылығы, терминдердің жасалу жолдары, баспасөзде термин қалыптастыруда кемшіліктердің туындау себептері жөніндегі түсінігі қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - қазақ әдебиетінде модернизм мен постмодернизм үрдісінің ерекшеліктерін, әлемдік модернизм бастауларын, қазақ әдебиетіндегі модернизмнің қалыптасуын, қазақ прозасындағы жаңашыл ізденістер, қазақ прозасындағы модернистік және постмодернистік ұстаным, қазақ әдебиетші-ғалымдарының көзқарасын, қазіргі қазақ поэзиясындағы постмодернизмді қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәтіннің филологиялық құрылымы
    Несиелер: 6

    Мәтін туралы түсінік, ақпарат түрлері және функционалдық сөйлеу типтері, мәтінде авторлық модальділіктің берілуі, мәтін типтері мен түрлері, мәтіндердің стильдік түрлері, архетиктоникасы туралы баяндау, мәтіннің көркемдік құрылымы, көркем бейне, көркем уақыт пен кеңістік, мәтінді өңдеудің теориялық негіздері, мәтінді аударудың технологиясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің функционалды грамматикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: антропоцентриалық фактормен тығыз байланыста болатын көп жүйемен негізделген қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктерін қарастыру; әлемдік мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік-ассоциативті және эстетикалық байлығын анықтау және оның когнитивті маңыздылығын анықтау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Жанр типологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - қазақ әдебиетінің өзіндік типологиясы мен жанрларын оқыту, әдебиеттің текке бөлінуі, әдеби тектердің шығу тарихы, эпос: баяндау және оның субъекті, лирика заңдылықтары, текаралық формалар «Сана ағыны» әдебиеті, «Жанр» туралы түсінік, әдеби жанрлардың фольклорлық негізі, «Мазмұндық форма» ұғымы, роман: жанрлық мәні, жанрлық жүйе, жанр канонизациясы, жанр қайшылықтары мен дәстүрлер, қазақ повесінің тарихы, фольклор және эпос, батыс әдебиеттануындағы жанр мәселесін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Абай сөзінің лингвопоэтикасы
    Несиелер: 9

    Абай сөзіндегі лингвопоэтикалық ерекшеліктер мен Абайдың сөз қолданысы арқылы қазақ әдеби тілінің даму заңдылықтарын, Абай сөзіндегі мән мен мағынаның ерекшелігін, мәтіндегі сөз қолданыстарын, мағыналық құрылымын, мәтін ішіндегі поэтикалық қолданыстардың когнитивтік негізділігін қарастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әдебиеттерді салыстыра зерттеу принциптері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты әдебиеттерді салыстырмалы зерттеу, салыстырмалы әдебиеттану: ғылымдағы бағыт, филологиялық зерттеулердің әдісі; Шығыс пен Батыстың әдеби қатынастары, Әлемдік әдеби үдеріс, типологиялық түйісулер, мәтін, мәнмәтін, интермәтін, әдеби шығармадағы «бөгде» сөз, стилизация және еліктеу, мотив – тарихи және теориялық поэтиканың әмбебап категориясы ретінде, портрет, пейзаж поэтикасының ұлттық өзгешелігін қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сахна тілінің лингвистикалық поэтикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: сахна тілі – дыбыс, дикция, тыныс, дауыс ырғағы, кейіпкер үні, пауза, интонация сияқты элементтердің жиынтығын жетік меңгеру дағдысын қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Просодикалық тәсілдердің сахна тіліндегі дискурстық сипатын анықтау, актерлердің сөйлеу әрекетіндегі сөйлесім жағдаятын қазіргі тіл біліміндегі интонология тұрғысынан талқылап, интонациясының ерекшелігіне лингвистикалық тұрғыдан сипаттама беру басшылыққа алынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Лингвокогнитология негіздері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - қазақ көркем сөз өнерінің поэтикасын, таразылай алатын, сөздегі мән мен мағынаның ерекшелігін бағамдайтын, қазақ әдеби тілінің даму заңдылықтары негізінде қазақ поэтикасының маңызын зерделей білетін, көркем мәтіндегі сөз қолданыстарын, мағыналық құрылымына ғылыми талдау жасайтын, көркем мәтін ішіндегі поэтикалық қолданыстардың когнитивтік негізділігін саралай білетін маман қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы
    Несиелер: 6

    Қазақ тілі жазуында қолданылатын басты қағидаттардың негізінде дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер, қазақ жазуындағы үндестік заңының ықпалы, қолданыстағы емле нормаларының ерекшеліктері, бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесі, қазақ тіліндегі қосымшалардың кірме сөздерге жалғану қағидаттары қарастырылады. Орфография, орфоэпия және пунктуация бойынша теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру, қазақ тіліндегі емле заңдары мен тыныс белгілерінің заңдылықтарын меңгерту көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 9

    Мақсаты - лингвомәдениеттанудың негізгі постулаттары, зерттеу әдістері, әмбебап және мәдени-спецификалық, этностың рухани-мәдени құндылықтары туралы терең білім қалыптастыру, тілді лингвомәдениеттану қағидалары тұрғысынан зерттеудің теориялық негізін қалыптастыру және ұлттық менталды-лингвалды кешенді зерттеудегі мүмкін амал-тәсілдерді, талдау дағдысын жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің инновациялық технологиялары
    Несиелер: 9

    Бұл пән филолог мамандар үшін қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларын меңгертуді көздейді. Тілді оқытудағы әлемдік, отандық, қазақстандық жаңа педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдер теориялық және практикалық тұрғыдан талданады, сараланады. Бұл курстың негізінде білім алушының дербес қабілетін, белсенділігін қалыптастыру, оқу материалындағы жаңаша көзқарастарды өз бетімен пайдалана алу танымдық белсенділігі артады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Филологиялық білім берудің технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын кешенді-сатылы талдау технологиясы бойынша меңгерту, әдеби тіл нормасын үйрету, сауатты да көркем жазуға дағдыландыру, жүйелі ойлау мен мәдениетті сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ахметтану: теориялық негіздері
    Несиелер: 9

    Қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұраларын зерделеп, фонетикалық, лексикологиялық, грамматикалық қағидалары мен ондағы танымдық мәнді анықтау. А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» еңбегіндегі сингармологиялық және грамматикалық, грамматологииялық қағидаларға қазіргі ғылыми-теориялық деңгейден баға беріп, қазақ тіл білімінде кейін жасалған теориялармен салыстырып, сыни тұрғыдан бағалау, зерделеу, тану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – стилистиканың теориялық негізін оқу, заманауи стилистиканың жаңа зерттеулерін қарастыру арқылы болашақ филолог-маманның стильдік дағдылары қалыптастыру. Стилистиканың теориялық негіздерін түсіндіріп беру; қазіргі заманғы стилистиканың соңғы тәсілдерін сипаттау; осы саладағы теориялық білімдерді қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Жоғары білімді маман ретінде тілдің ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін анықтайды, қазақ тілінің фонетикалық және фонологиялық заңдылықтарын, сөз құрамын, сөзжасамдық ерекшеліктерін, сөйлемнің құрылымдық, логико-грамматикалық типтерінің коммуникативтік талаптар дәрежесіне сай түрленуін талдайды.

  • Код ON6

    Дискурсты, медиа-мәтінді лингвопрагматикалық тұрғыдан бағалайды,

  • Код ON4

    Филология салаларындағы ғылыми әдістерге сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мәтінді редакциялауды, филологиялық талдау түрлерін, мәтіннің негізгі бірліктерін меңгереді. Стилистикалық коннотацияны, тілдік және стилистикалық нормаларды анықтауға қабілетті болады.

  • Код ON7

    Қазіргі инновациялық идеяларды, тіларалық және мәдениет аралық қарым-қатынас қағидаларын меңгереді

  • Код ON2

    Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі, грамматикалық және лингвистикалық өзгерістер туралы біліиді меңгереді.

  • Код ON10

    БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады, блогтар жүргізеді, хабарлар жүргізеді. Қазақ әдеби тілінің нормаларын сақтап, әртүрлі стиль мен жанрдағы ауызша, жазбаша, жарнамалық, презентациялық мәтіндер құрайды.

  • Код ON12

    Қазақ қоғамы дамуының кезеңдері, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы ғылыми бағдарды меңгереді.

  • Код ON9

    Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында мәтінді редакциялайды, өңделген қолжазбаларды түзетеді. Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасудағы материалдарды редакциялайды.

  • Код ON8

    Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тіл білімі саласы мен әдебиеттануға қатысты ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер даярлай алады.

  • Код ON5

    Антропоөзектік бағытпен қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді.

  • Код ON11

    Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда рефераттар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобаларын, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистерін, филологиялық пікірлер жазады. Ғылыми құжаттарды дайындайды

  • Код ON1

    Әлемдік және қазақ тіл біліміндегі ғылыми-теориялық мәселелерді талдап түсіндіреді. Озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланып, филологияға қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар, өзекті мәселелері туралы өзіндік пікірі қалыптасады.

Top