Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02310 Филология: қазақ тілі в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Практикалық қазақ тілі
    Несиелер: 4

    Тіл саласындағы негізгі тақырыптарды терең меңгеру, тілдік талдаудың әртүрлі түрлерін орындау дағдыларын, емле және пунктуация ережелерін қолдандыра білу, өздігінен және өзара тексеруден өткен диктанттарды жазу дағдыларын қалыптастыру. Емле мен пунктуацияның негізгі ережелерін іс жүзінде қолдана отырып, әдеби тілде жазбаша және ауызша еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдік деңгейлер бойынша талдау
    Несиелер: 4

    Тілдік талдау немесе лингвистикалық талдау – тіл бірліктерінің сипаттамаларын, заңдылықтарын, ерекшеліктерін, бөліну жолдарын, бір-бірімен байланысу амалдарын ажыратып саралауға үйрену. Тілдік талдаудың маңызды шарттарын, оның негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерімен таныса келе, келесі сатыда тілдік фактілер негізінде өз бетімен ойлауға, сол құбылыстың белгілеріне сүйене отырып өзіндік ереже шығаруға дағдылану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулер
    Несиелер: 5

    Шығармашылық үдерістің теориясы мен практикасы туралы негізгі ережелерді қарастыру, өнерді бейнелі ойлау мен дұрыс қабылдаудың жалпы принциптерінсипаттау, адам өміріндегі көркем шығармашылықтың маңыздылығын бағалау. Өнер шығармаларын бағалауда эстетикалық талғам мен қабілет қалыптастыру, кәсіби білім мен дағдыларды дамыту және нығайту. Көркем шығармашылық идеясын саналы процесс ретінде бағалауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Көркемдік әдістерді сипаттау. Әдебиеттанудың мәселелерін талқылауда ойын толық жеткізіп, өз көзқарасын қорғау. Эксперимент жасап және көрсете білуге шығармашылықпен жол таба білу. Әр түрлі кезеңдегі ақын-жазушылардың шығармаларын түсіну, әдеби еңбектерді сыни бағалай білу, зерттелген материалды қорытындылау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқытылатын тіл теориясының негіздері
    Несиелер: 5

    Тілді белгі жүйесі ретінде сипаттайды. Әлемнің лингвистикалық картасын, тілдің типологиялық жіктелуін жасау мүмкіндігін дамытады. Тілдердің генеалогиялық жіктелуін салыстыру, жаңа білімдермен дағдыларды, оныңішінде кәсіпқой емес салаларда қолдану: кәсіби саладағы мәселелердің ғылыми мәнін сақтау, бағдарламалық қамтамасыз етуді және басқа лингвистикалық, әдістемелік, аударма және басқа кәсіби профильдерді сынақтан өткізуді жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ жазуының тарихы
    Несиелер: 4

    Жазу және жазба тілінің теориялық негіздері, жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау. Жазудың түрлері: идеографиялық жазу мен идеограммаларға анықтама беру. Табылған аймақтары мен жазудың сипаты, Түркі туыстас тілдердің, қазақ тілі графикасының дамуындағы кезеңдердің зерттелуі мен көзқарастар жайында мағлұмат беру. Графикалық лингвистика, оның палеография, эпиграфика, орфография тарауларын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоғамдық сананы жаңғырту және оның өзекті мәселелері
    Несиелер: 3

    Жаңғырту жетістігінің маңызды шарты ретінде үздік дәстүрлер мен алғышарттарды, ХХІ ғасырдағы ұлттық сана қалыптасуының негізгі теориялық қағидаларын білу. Елдегі жағдайды талдап, ойды айқын түзе білу, рухани-ғұрыптық әлеуетті пайдалана отырып, қорытынды жасау. Қоғамдық және саяси таразыланған әрекетті және өзіндік саяси көзқарастар мен әрекеттерді түзету дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мұхтартану
    Несиелер: 3

    М.О. Әуезовтің өмірі мен қызметін зерттеу; жазушының шығармашылық лабораториясын, оның өмірбаянын шығармашылық тұрғыдан талдау; Абайтану ғылымының, «Манас» жырының құрушысы ретінде тану. М.Әуезовті көрнекті қоғам қайраткері ретінде таныстыру. Әуезовтің әдеби мұрасының әлемдік деңгейге көтерілгенінен мағлұмат беру. Отансүйгіштік пен елге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ фольклористикасы
    Несиелер: 5

    Ауызша поэзияны құрудың негізгі заңдылықтары туралы идеялардың нақты жүйесін қалыптастыру. Халық поэзиясының табиғаты туралы түрлі теориялар мен көзқарастарды мысалдармен қамтамасыз ету. Фольклорлық және әдеби шығармаларды типологиялық жалпы және ерекше қасиеттермен сәйкестендіру; әдебиеттану және фольклорды зерттеудің жаңа тәсілдерін қолданудағы дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклордың негізгі ерекшеліктері және олардың даму кезеңдерін сипаттау. Көне қазақ әдебиетінің пайда болуын оның қоғамдық өмірдегі орнымен қызметін анықтау. Фольклорлық шығармалардың мәтіндерін салыстыру, фольклордың жазба әдебиетінен айырмашылығын және олардың өзара байланысын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Түркі тілдерін және олардың тарихын сипаттау. Жалпы лингвистиканың және түркі тілдерінің негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақстанның заманауи мәдениетінің бастауларына деген қызығушылығын арттыру, керекті түсініктер қалыптастыру. Түркі тілдерінің негізгі даму этаптары мен оның фонетика-морфологиялық ерекшеліктері туралы түсініктер базасын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 3

    Студенттерді қазақ әдебиетінің классигі – Абай шығармашылығымен таныстыру. Абай қазақ поэзиясының реформаторы екендігін таныту. Абай және қазақ лирикасын талдау. Абайдың философ, ойшыл, ақын екенін тану. Абай дәстүрін қолдану және оның ұлттық әдебиетті дамытуға әсерін білу. Абайдың өмірі мен шығармашылығының тарихы сипаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экожүйе және құқық
    Несиелер: 5

    Экономика, құқық, антикоррупциялық мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарда мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және мәнерлеп оқу
    Несиелер: 4

    Шешендік өнер негіздері: дұрыс сөйлеудің және оны көпшілікке жеткізе білудің негізгі дағдыларын қалыптастыру. Шешендік өнер дамуының тарихи кезеңдерін біліп, пәннің ерекшеліктерін ғылымның әртүрлі салаларындағы білімнің бірыңғай кешенді екендігін анықтап, көпшілік алдында сөз сөйлегенде оны қабылдату үшін ауызша және ауызша емес компоненттердің маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Мәтіннен қажетті ақпаратты алу дағдыларын дамыту, оны оқу және кәсіби қарым-қатынаста түсіндіру. Кəсіби деңгейде байланыстар орнату қабілетінің дамуы, байланыстың мақсаттары мен жағдайына негізделген коммуникацияларды сауатты түрде қалыптастыру. Кәсіби қарым-қатынас саласында орыс тілінде сөйлеу мінез-құлық бағдарламасын жасау үдерісінде шығармашылықты, инновацияны енгізу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • V-XV ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    Біздің заманымызға дейінгі сақтар мен ғұндардың жазу-сызуларынан бастап, заманымыздың VI-XIV ғасырларында қалыптасып дамыған түркілік жазба әдебиетімізге байланысты біртұтас ұғым-түсінік қалыптастыру. Ежелгі дәуірдегі әдебиетті көне тарихпен, көшпенділер мәдениетімен сабақтастыру. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Оғыз қаған», «Құтты білік» т.б. тәрізді жазба ескерткіштердің идеясы мен көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы әдебиет тарихы
    Несиелер: 4

    Төл әдебиетіміздің тарихын, оның қалыптасу процесін, әр түрлі даму кезеңдерін және зерттелуі мен зерделенуін жан-жақты қарастыру. Бұған қоса, осы күнге шейін өзінің көркемдік мәнін, эстетикалық сипатын жоймаған, айырықша жаратылған жазба ескерткіштердің табылуы мен аударылуын, олардың мазмұн-мағынасын, әдеби ерекшеліктерін, көркемдік мұратын біліп, меңгеру. Болашақ мамандарға жекелеген жазба ескерткіштер мен көркем туындылардың мәтінін өз бетімен оқып-талдауына және әдеби-ғылыми тұрғыдан терең зерттеп-шұғылдануына мүмкіндік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби бағытталған мәтіндердің, оның ішінде, ғылыми-техникалық мазмұндағы мәтіндердің ауызша және жазбаша функционалдық ерекшеліктерін білу. Кәсіби тақырыптар бойынша ауызша сөйлеуді түсіну және кәсіби тақырыптар бойынша дәйекті хабарлама жасау. Мультимедиялық технологияларды қолданып ауызша хабарламалар жасай алу. Кәсіби терминологияны меңгеру. Болашақ мамандықтар бойынша мәтіндерді түсіну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениетінің теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Сөйлеу мәдениеті: әдеби тіл нормаларын, түрлерін, қарым-қатынасын, оның принциптері мен қағидаларын, әдеп нормаларын, функционалдық стильдер негіздерін игеруді көздейді. Сөйлеу мәдениеті үш аспектіні қамтиды: нормативтік, коммуникативтік, этикалық толық меңгереді. Сөйлеу нормаларында кездесетін қиындықтар мен мәселелерді және қазіргі жай-күйін таниды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 4

    Қазіргі қазақ тілі саласында фонетиканың тілдік жүйенің бір қыры және жүйелі құбылыстың ғылыми саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерін ашу; тілдің фонетикалық құбылыстарын талдау, мәтінді транскрипциялауды (фонетикалық және фонемалық транскрипция) үйрену, тілдің интонация құрылымдарына жататын, зерттелетін мәселелер бойынша қазіргі лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс жасау мүмкіндігін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Графика және орфография
    Несиелер: 4

    Қазақ жазу таңбасының негіздерін сипаттау. Емлемен пунктуация ережелерін қолдану, алынған ақпараттарды бағалау, ғылыми мәтіндерді өңдеу және талдау, негізгі білім-ғылым жанрындағы мәтіндерді құрастыру, емле дағдыларын, айтылуымен тыныс белгілерді дұрыс қою, жазбаша және ауызша тілдік формалар т.б. игерту. Өзін-өзі және өзара тексеру әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетінің сан ғасырларға созылатын өткен жолымен, тағылымға толы тарихи тағдырымен барынша жете танысу. Қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі болып саналатын әр кездердегі әр алуан дәрежедегі, әр түрлі жағдайда сөз ұстаған арқалы ақындары мен тереңнен толғайтын абыз-жырауларының шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қорын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Лексикологияны және оның жетістіктерін зерттеу негізінде әртүрлі сөздік қорларын, лексикография туралы теориялық білімдерінің кең ауқымын ғылыми тұрғыда жинақтау. Лексикография және лексикология – ғылымның екі тармағы, бір-бірімен тығыз байланысты қарастыру. Сөздіктердің сапасы осы ғылымдардың қалай және қандай дәрежеде зерттелетініне байланысты екендігін түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
    Несиелер: 6

    Қазақ хандығы негізінде Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептерімен таныстыру. Халықтың ауыз әдебиеті мен авторлар шығармашылығының рухани үндестік табуы арқылы жасалған асыл қазына – ұлт әдебиетінің нәрлігі мен әрлілігіне тұщындыру арқылы, олардың туған ұлтына деген мақтаныш сезіміне дем беру, сол арқылы білімдерін бекіту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ диалектологиясы
    Несиелер: 4

    Жалпы қазақ тілінің диалектілерінің құрылымын сипаттайды. Қазіргі қазақ говорларының фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық деңгейлерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Қазақ диалектілерінің диалектілік айырмашылықтарын бағалайды. Қазақ тілінің белгілі бір кезеңінің дамуын тану үшін қазіргі говорлардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құрылымын сипаттау арқылы қазақ говорларының диалектілік айырмашылықтарын талдау дағдылары дамиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру
    Несиелер: 4

    Қазақ тілінің тарихымен және оған кіретін диалектілермен танысу. Қазақ тілінің диалектілерінің пайда болуын және қалыптасуын білу. Қазіргі қазақ тілінің жалпы дамуын, тайпалардың тілінде және жергілікті тұрғындар мен көрші халықтар тіліндегі қазіргі диалектикалық ерекшеліктердің қалыптасуы мен дамуын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Лексикология мен лексикографияның негізгі категорияларын қарастыру. Мәтiннiң түпнұсқа мәтiндерiнде ақпараттық базаның кеңеюiн көрсету. Лексика менлексикографиядағы парадигматикалық және синтагматикалық қарым-қатынастарын салыстыру. Лексикалық бірліктердің қарым-қатынасы мен өзара тәуелділігін талдау. Лексикографиялық сөздіктердің түрлерін сипаттау. Қазақ тілінің нақты лексикалық және лексикографиялық сөздік құбылыстарын сипаттау. Кез келген жанрдың толық лексикологиялық мәтіндік талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде қазақ тілін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 4

    Білім алушылардың зияткерлік, коммуникативтік, лингвистикалық және шығармашылық қабілеттерін сипаттайды. Білім алушылардың жеке қасиеттерін, есепке алу дағдыларын қалыптастырады. Сапалы білім, дағдылар мен қабілеттерін қолдана алады, оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық ортасын қалыптастыра алады, материалды мұқият іріктеп, тапсырма етіп бере алады, үй тапсырмасының дәстүрлі емес түрлерін жасай алады, жаңартылған білім мазмұнының әдіснамасын түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы
    Несиелер: 4

    Білім беру және білім беру компетенциясының компоненттерін сипаттау. Студенттерге келесідей дағдылар қалыптастыру: мақсат қойып, оның жетістіктерін ұйымдастыру, жоспарлау, талдау, көрсету, өзін-өзі бағалау және танымдық белсенділікті бағалау. Анықталған фактілерге сұрақтар қою, құбылыстың себептерін іздестіру, зерттелетін мәселеге қатысты өз түсінігін немесе түсініспеушілікті белгілеу; өлшеу дағдыларына ие нәтижелерді сипаттап, қорытынды жасау; проблемалық жағдайларды жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ономастика теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Ономастиканы ғылым ретінде қалыптастыру және дамыту тарихын сипаттау. Тілдік жүйеде тиісті атаулардың және ономастикалық лексиканың орнын анықтау. Тиісті атауларды ономастика әдістері мен тәсілдері арқылы талдау. Тиісті атауларды түрлі ерекшеліктермен жіктеу. Заманауи ономастиканың түрлі концепциялары мен теорияларына сыни көзқарас қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдер
    Несиелер: 6

    Қазақ тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық жүйелердің ерекшеліктерін, қазіргі кезеңдегі осы жүйелердің даму тенденциясын қарастырады; қазақ тілінің сөзжасамдық-морфологиялық құбылыстарын талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Морфология деңгейіндегі лингвистикалық бірліктердің кіші жүйелерін, негізгі сөзжасам ұғымдарын морфологиялық талдау дағдыларын қалыптастырады. Лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс істей алуын қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар
    Несиелер: 4

    Заманауи оқыту технологияларын қарастыру. Әртүрлі оқыту әдістерін салыстыру және бағалау. Жаңартылған бағдарламалардың талаптарын ескере отырып, қазақ тілінде қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларды, қазақ тілін оқытудың заманауи технологиялары бойынша жаңа бағдарламаларды жасау мүмкіндігін қалыптастыру. Қазақ тілін оқытуда заманауи технологияларды жіктеу. Жаңа білім беру технологияларын қолдану арқылы сабақ құру мүмкіндігін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы және морфологиясы
    Несиелер: 6

    Тілдің морфологиялық жүйесін, сөздердің грамматикалық кластарын (сөз таптарын) жіктеуіш бірліктер ретінде ажырату қағидаларын сипаттайды. Қазақ тіліндегі әр сөз таптары туралы білімдері қалыптасады, қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық мәнін ескере отырып, дұрыс және нақты пайдалануға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті (1900-1940)
    Несиелер: 4

    ХХ ғасырдағы әдебиеттің тарихи және әдеби процестерін сипаттау. Жазушылар мен ақындардың стилінің ең маңызды ерекшеліктерін қарастыру. Өнер туындысын оның тақырыптық және формальды аспектілерінің бірлігін талдау. Автордың шығармашылық өмірбаяны және жұмыс мәтіндері туралы деректерді пайдалану арқылы өздерінің көзқарастарын дәлелдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетінің классицизмін, оның мерзімділігін белгілеу; дамудың негізгі бағыттары, шығармашылық стильдері мен жанрлары; XIX ғасыр әдебиетінің даму тарихының ерекшелігі мен заңдылығы осы кезеңде Ресейдегі қоғамдық өмірдің және әдебиет қозғалыстарының өзара байланысын бейнелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет
    Несиелер: 4

    ХІХ ғасыр қазақ әдебиетін оқытудың негізгі мақсатымен студенттерді таныстыру. ХІХ ғасыр әдебиеті – үлгі, әртүрлі, әдебиет жанры. Бұл курстың негізгі мақсаты - XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік сипаты мен әлеуметтік негіздерін зерттеу, ХІХ ғасыр әдебиетімен байланысты қазақ әдебиетінің тарихы бойынша бұрын жасалған және зерттелген зерттеулер нәтижелерін зерттеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алаш ұранды әдебиет
    Несиелер: 4

    Халықтың бостандығы мен азаттығы, болашағы үшін жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған алаш әдебиетшілерінің сан салалы асыл идеяларының негізі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан идеяларының жүзеге асқанымен түсіндіру. Алаш әдебиетшілерінің ұлт-азаттыққа байланысты туған жырларының идеялық сипатын ашып, ұлт-азаттық тақырыбының қазіргі таңдағы мәңгілік ел идеясымен сабақтастығын ұғындыру. Тәуелсіз Қазақстан және алаш идеяларымен сабақтастығын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 4

    Критериалды бағалауды ұйымдастырудың педагогикалық принциптерін сипаттау. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды үйрету. Алынған білімді теориялық және практикалық мәселелерді шешу, диагностикалық бағдарламаларды құру және бағалау түрлерін әзірлеу үшін әдіснамалық мақсаттарға пайдалануды меңгерту. Бағалау жүйесі оқушыларға оқу туралы, жоспарланған нәтижелерге жету үшін жеке жетістіктер туралы толық және әр түрлі ақпаратты алуға мүмкіндік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетін оқыту мектепте интерактивті әдістер тұрғысынан қарастырылады. Интерактивті әдістер мен оқыту әдістерін қолдану дағдылары әзірленуде. Әдебиет сабақтарында дидактикалық материалдарды таңдауға шығармашылық көзқарас дағдылары әрбір сатыға негізделген интерактивті сабақтарды құру; осы мақсатта қазақ әдебиетін оқытудың интерактивті технологиясының артықшылықтарын үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 4

    Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен кәсіптік дағдылардың әртүрлілігі ашылады. Онда білім беру үрдістерін ұйымдастыру мен дамытудың заңдылықтары, мазмұны, принциптері, әдістері мен формалары сипатталған; қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар білім беру мен оқыту міндеттеріне, қазіргі заманғы мектептегі оқытудың интерактивті әдістерінің мақсаттарына және мазмұнына сәйкес келеді; негізгі педагогикалық ұғымдар, олардың бірлігі мен айырмашылығы анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ономастика мәселелері
    Несиелер: 4

    Ономастиканы ғылым ретінде қалыптастыру және дамыту тарихын сипаттау. Тілдік жүйеде тиісті атаулардың және ономастикалық лексиканың орнын анықтау. Тиісті атауларды ономастика әдістері мен тәсілдері арқылы талдау. Тиісті атауларды түрлі ерекшеліктермен жіктеу. Заманауи ономастиканың түрлі концепциялары мен теорияларына сыни көзқарас қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стилистика және тіл мәдениеті
    Несиелер: 4

    Қазіргі қазақ әдеби тілінің стилистикалық нормаларын қарастыру. Қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын тіл жүйесінің барлық деңгейлерінде сипаттау. Мәтінді стилистикалық талдаудың негізгі принциптерін қолдануға үйрету. Мәдениетаралық қарым-қатынас мәтіндерін жасау және редакциялау, тілдік талдау жүргізу, түрлі функционалдық стильдердің мәтіндерін түсіндіру, сөйлеу түрлерін сыныптау, модель бойынша стилистикалық талдау жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндері
    Несиелер: 12

    Қосымша білім беру бағдарламасы (minor) (минор) - қосымша біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында білім алушылармен анықталған пәндер (немесе) модульдер және басқа да оқу жұмыстары түрлерінің жиынтығы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 4

    Мәтіннің стилистикалық ерекшелігін зерттеу, нақты стилистикалық құбылыстарды талдау. Тиісті түсіндірме және фразеологиялық сөздіктерді қолдануға, мәтінге тұтас стилистикалық талдау жүргізуге, сөйлеу ахуалының сипатын ажырата білуге, әдеби тілдің тілдік және стилистикалық нормаларына және коммуникативтік параметрге сәйкес әртүрлі тілдік бірліктерді таңдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 1941-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    Екінші дүниежүзілік соғыс, оның әдебиеттегі гуманизм, көркем шығармадағы геройлық бейнелердің соғыс тақырыбы аясында сомдалуын меңгерту. Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбек тақырыбы, соғыстан соңғы жылдардағы қаулы-қарарлары, олардың әдебиетке тигізген кесірі, осы жылдардағы әдеби дамудың көркемдік қырлары түсіндіріліп талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің тыныс белгілер жүйесі
    Несиелер: 4

    Қазақ тілінің тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығымен танысу. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың әрқайсысының қызметін таныстыру. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделіп, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарай қойылатындығын меңгерту. Пунктуация мәселелерінің шешілмей келе жатқан даулы тұстарын жан-жақты талдау. Тыныс белгілерінің қойылатын орындарын меңгерту арқылы сауатты жазуға дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 4

    Тілдің синтаксистік жүйесін сипаттау. Қазіргі синтаксистік теорияның негізгі ережелерін, даму кезеңдерін және тұтастай алғанда тарихтағы рөлін бағалау; қазіргі заманғы оқулықтардағы қазақ тіліндегі синтаксис теориясының негізгі қиын мәселелерін қарастыру; тілдің синтаксистік деңгейінің негізгі ұғымдарын, жай және құрмалас сөйлемдерді саналы түрде білу дағдыларын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)
    Несиелер: 4

    Студенттерге Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихымен таныстыру. Ұлы Отан соғысының тақырыбын көркемдік дамыту. Соғыс кезеңіндегі әдебиеттер мен трагедияларды, достық пен араздықты көрсету. Тарихи деректер тұжырымдамасы және шығармашылық қиялды бейнелеу жүйесін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Теориялық және қолданбалы лингвистика
    Несиелер: 5

    Студенттер тіл қолдану аймағы кең және әртүрлі екенін біледі. Әлемнің ежелгі саласын түсіну: тілдің лексикология, ана тілін үйрету, жазбаша аудару, аударма әдістері, типография, емле, транслитерация және терминологияны қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті және сын тарихы
    Несиелер: 7

    20-21 ғасырлардағы қазақтың тарихи, мәдени, тарихи және әдеби процестері туралы заңдарды сипаттайды. Көркемдік қызметтің ерекшеліктері: әдеби мәтінді оқу және толыққанды қабылдау, жұмыстың сюжетін түсіну, онда бейнеленген оқиғалар, кейіпкерлер мен шындықтар (әртүрлі түрдегі қайта жазу түрінде, репродуктивтік сұрақтарға жауаптар) болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар
    Несиелер: 4

    Мемлекеттік ауқымда зерттеу жүргізудің дайындығы, зерттеу жұмыстарын жүргізудің міндеттері, құралдары, процедуралары мен технологиялары бойынша жүйелі білім қалыптастырылады. Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қамтамасыз етудегі талдамалық қызметтің рөлі, үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимыл механизмінің тиімді жұмыс істеуі анықталды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және коммуникативтік тапсырмаларды шешу бойынша ақпараттық-аналитикалық іс-шараларды іске асыруда пайдаланылатын тұжырымдамалық және категериялық құрылымның қалыптасуына үлес қосады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 7

    Әдеби процесті дамытудың әртүрлі мәселелері. Ұлттық құндылықтардың әдеби процесімен байланысы. Шығармашылық психологияны талдай білу. Идеялар тұжырымдамасын түсіну. Пішіннің ерекшеліктерін дифференциациялау. Жинақталған интеллектуалды қорды таңдап алған курста қолдана білу, әдеби шығармаларды талдай білу. Тілдік троптар мен фигураларды айыра білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдағы 60 жылдардан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)
    Несиелер: 4

    1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің кезеңдері: Х.Ерғалиев, А. Тәжібаев, А.Нұрпейісов, И.Есенберлин, З. Молдағалиев, З.Кабдолов, С.Мәуленов, Т.Ахтанов, М.Мақатаев. С. Жиенбаев, Ф., Наджимеденов, О.Бөкей сияқты ақындар мен жазушылардың шығармалары идеологиялық және көркемдік деп саналады. Студенттер ақындар мен жазушылар шығармаларының мәтіндерін талдайды. Оқу жұмыстарын зерттеу, өнер туындысының тақырыптық идеясын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 4

    Басқа да тілдік пәндер қатарында Жалпы тіл білімі пәнінің орны сипатталады. Жалпы тіл білімі мәселесі: құрылымы мен тілі, тілдің белгілік табиғаты, тілдердің өзара әрекеттестігі мен дамуының негізгі заңдылықтары, тілдерді жіктеу принциптері және т.б. толық меңгертіледі. Терминология туралы білім, ғылыми түсінік, лингвистикалық талдау және тілдік құбылыстарды зерттеу дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа арналған шығармалар
    Несиелер: 4

    Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың тарихымен танысу. Тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білу. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін түсіну. Қазақ халқының өткені мен бүгінгісін, адамшылық табиғаты мен азаматтық тағдырын танытудағы тарихи шығармалардың алатын орнын тану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шет елдер әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 4

    Шетел әдебиетінің классикалық үлгісін таныту; шетел әдебиетіндегі көтерілген тақырыптар мен авторлардың бейнесін ашқызу, шетел туындыларын тақырыбына қарай жіктей отырып, әдеби талдау жасай білуге үйрету. Шет елдер әдебиетінің ролі мен мағынасы, тарихи әдеби процестердің негізгі ерекшеліктері, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуін анализ жасай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Эпистолярлық жанрдың тілі
    Несиелер: 7

    Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің қалыптасу, даму тарихы, функционалдық стильдер жүйесіндегі орны, өзіндік ерекшелік, белгілері мен қолданылуын жан-жақты қарастыру. Қазақ халқының біртуар азаматтары мен қоғам қайраткерлері, ақын жазушылардың хаттарын, қолжазбаларын дереккөз ретінде алып, хаттардың стилін, мәтін құрылымын, грамматикалық, лексикалық, стилистикалық ерекшеліктеріне қарай талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 4

    Әлемдік сөз өнері мұраларын игерту және әлемдік сөз өнері дамуының тарихына әдеби шолу жасауды үйрету. Әлем әдебиетінің жауһарларымен танысып, қазіргі әдеби үдерістің бағыт- бағдарларын айқындау. Әлем классиктерінің шығармаларын оқып, талдау және олардың шығармашылығымен танысу. Пәнді оқу барысында студенттер әлемдік әдебиеттің өткені мен бүгіні туралы анализ жасап, өз тұжырымдарын айта білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 4

    Әдеби түсініктер жүйесін қарастырады. Өнердің түрі және оның тарихи даму заңдылығы ретінде әдебиеттің жалпы ерекшеліктерін тереңірек және жан-жақты оқып үйрену дағдыларын қалыптастырады. Поэтика категориясы (автордың бейнесі, көркем уақыт және кеңістік, композиция), курстың терминологиясы, негізгі түсініктерді қалыптастыру үдерісі мен дамуы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ әдебиет теориясындағы жаңашылдық
    Несиелер: 4

    Дәстүрлер мен инновациялар – диалектикалық бірлік, ескі және жаңа жалғасы, тарихты дамыту, өндірістің негізі ретінде өзгереді. Инновация әрдайым әдебиет пен өнер саласын кеңейтетін үлкен шеберлік пен таланттың нәтижесі болып табылады. Мұнда дәстүрлер мен инновациялардың заманауи әлем талаптарына сай болуы, әдебиет пен өнердегі ұлттық сәйкестікті сақтау қағидалары үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Іскерлік корреспонденция тілі
    Несиелер: 7

    Іскерлік қарым-қатынас тілі – бұл қызметтік саладағы адамдардың арасындағы байланыстарды дамытудың күрделі көпжоспарлы процесі екендігін таныстыру. Аталған процестің ерекшелігі регламенттелуін, ұлттық және мәдени дәстүрлермен, кәсіби этикалық принциптермен анықталатын белгіленген шектеулерге бағынуын осы пән барысында меңгерту. Корреспонденция журналистиканың зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публицистиканың жанры екендігін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Салыстырмалы типология
    Несиелер: 5

    Студенттер, әдетте типология екі жақты (формасы мен мағынасы) болмауы керек, бірақ лингвистикалық бірліктермен немесе салыстырмалы мағыналық формамен шектелуі тиіс екенін түсінеді. Әдетте типологиямен салыстырмалы аймақтық лингвистика және салыстырмалы тарихи лингвистика қарастырылады. Нысанға байланысты зерттеу типологиясы функционалды типологияға (әлеуметтік лингвистика) және құрылымдық типологияға бөлінеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON11

    Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу.

  • Код ON10

    Мәдени ойлау қабілетін көрсете отырып, ақпараттарды жинақтау, талдау.

  • Код ON3

    Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.

  • Код ON8

    Ақпарат жинау, ақпаратты түсіндіру және ғылыми материалдарды дайындау, филология ғылымы саласындағы нәтижелерді өңдеу, тіл және әдебиет курстарының басқа пәндермен пәнаралық байланысын қамтамасыз ету.

  • Код ON1

    Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.

  • Код ON4

    Кәсіби сөйлеу мәдениетін игергендігін және қазақ лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі теориялық түсініктемелері бойынша алған озық мамандандырылған білімдерін көрсету; кәсіби қызметтерінде және жеке зерттеу жұмыстарында өз беттерінше шешімдер қабылдау.

  • Код ON9

    Сауатты сөйлей алу; БАҚ редакциясына жеткілікті теориялық дайындығы бар, ақпаратты жұртшылыққа шеберлікпен жеткізе білу; басқару қызметі арқылы БАҚ рейтингісін көтеруге атсалысу; жаңа мәселелер мен жағдаяттарды шешуге жаңашылдықпен ойлау және шығармашылықпен келу; мемлекеттің экономикадағы рөлі мен негізгі қызметтері туралы білімі болу.

  • Код ON2

    Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті, академиялық адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру негізінде әлеуметтік - мәдени, кәсіби дамуды, ғылым және эксперименттік зерттеулердің, әдістерін көрсету.

  • Код ON5

    Теориялық негіздерді және қазақ тілін кәсіби деңгейде оқыту әдістемесі бойынша оқыту технологияларын білу,жалпы орта мектептерде және кәсіптік оқу орындарында, қазақ тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру және енгізу.

  • Код ON7

    Аргументтерді қалыптастыру және қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану және оқыту әдістемесі салаларындағы мәселелерді шешу.

  • Код ON6

    Қазақ әдеби тілінің нормаларын, функционалдық сөйлеу стилінің жүйесін практикада қолдану дағдыларын меңгеру; дәйектеу және көркем шығармаларды мәнерлеп оқу; ежелгі түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерді еркін оқу, түсіну және талдау.

  • Код ON12

    Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу.

Top