Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02262 Теология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Қазақ (түрік) дәстүрлі діни танымы: Ясауи философиясы
    Несиелер: 5

    Пән түркілердің дәстүрлі діни танымы мен діндарлығын үйлестіретін тарихи және әдіснамалық тәжірибесімен таныстыруға және сопылық ілімнің негізін салушы Қожа Ахмет Ясауидің діни-философиялық көзқарастарын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қазақ халқының дәстүрлі діни танымы мен исламдық өркениеттің негізін салушылардың ілімдері арасындағы сабақтастықты, Ясауи философиясының ерекшеліктері, Ахмет Ясауи көзқарастарының кейінгі ғалымдарға ықпалын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мұрасында дін және мемлекет қатынасы
    Несиелер: 5

    Пән әл-Фараби шығармаларындағы мемлекет туралы философиялық, моральдық және метафизикалық теориялардың діни құндылықтармен үндестігі туралы мәселелерді қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант әл-Фараби мұрасын зерттей отырып, мемлекет пен діни құрылым арасындағы адамның моральдық, философиялық және әлеуметтік орны мен ролін ашып көрсетеді. Адамның діни құқық пен азаматтық құқық арасын ажыратуындағы рационалды, логикалық және теориялық-практикалық ұстанымдарын көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ислам теологиясының қазіргі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән ислам тарихындағы орын алған әртүрлі теологиялық мектептердің пайда болуы мен даму тарихын және қазіргі өкілдерінің ұстанымдары мен ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант Алланың сипаттары, пайғамбарлық, ақырет, қабір әлемі, тағдыр сияқты қоғамда туындаған теологиялық сұрақтардың шығу себептері мен тарихын зерттей отырып, ханафилік және матуридилік сенімдік жүйесі және дәстүрлі діни таным негізінде мәселелерге талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ислам антропологиясының қазіргі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән ислам дініндегі адам туралы қалыптасқан көзқарастар мен мектептердің өкілдері және олардың шығармаларындағы антропологиялық мәселелерді зерделеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант адамның жалпы ислам діні мен философиясындағы жаратылысы, психологиясы, моральдық, әлеуметтік функциясы мен мәніне назар аударады. Сондай-ақ ислам антропологиясы мен бүгінгі антропологиялық мектептердің ұстанымы мен идеясы арасында салыстырмалы талдау жасайды. Басқа діндердегі антропологиялық мәселелерге баға беру дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ислам құқығының қазіргі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі ислам құқығы мен діни және зайырлы мемлекеттік құқық арақатынасы мәселелерді үйлестірудегі теориялар мен әдістерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қазіргі таңдағы ислам құқығы саласына қатысты күрделі мәселелердің шығу себептерін, олардың шешім жолдарын меңгереді. Ислам құқығында уақыт пен шарттарға қарай нормалардың өзгеруін үйренеді, қоғамдағы медицина, сауда саттық және әлеуметтік салалардағы діни-құқықтық мәселелердің шешімін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарды әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыта отырып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, зерттеу дизайнын эксперименттік әдістерді, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды қоса алғанда, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құран семантикасы және герменевтикасы
    Несиелер: 5

    Пән тафсир саласындағы негізгі бағыттар мен олардың ерекшеліктерін, Құран аяттарын түсіндірудегі жаңа әдіс-тәсілдерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант Құран аяттарындағы сөздердің семантикалық ерешеліктерін, аяттар арасындағы мағыналық байланыстарды, аяттарға интерпретация жасауда уақыт пен шарттардың маңыздылығын меңгереді. Магистранттар Құранды түсіндіруде заманауи әдістерді қолдануды үйренеді және түрлі діни бағытта жазылған тафсирлердің ұстанымдарына теологиялық тұрғыдан сараптама жасай алатын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстандағы ислам: тарихы мен мектептері
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстандағы исламның тарихи дамуы мен қазіргі жағдайы, дәстүр мен дін арақатынасы, дәстүрлі діни танымның қабаттары туралы зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қазақ даласындағы діни таным, діни тәжірибе, діни сенім және діни сана сияқты негізгі феноменологиялық қабаттарға талдау жасап, қазақ тарихындағы ислам ойшылдарының діни мұрасын зерттейді. Қазақстандағы діни білім беру жүйесінің тарихы мен қазіргі жай-күйі туралы тұжырымдама жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Салыстырмалы теология
    Несиелер: 5

    Пән теологиялық жүйелердің тұтас бейнесін және ішкі логикасын түсіндіруге, оның басқа діни өркениеттің ойлау жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант ислам теологиясының негізгі ережелерін, ұғымдары мен мәселелерін меңгере отырып, исламнан тыс (христиандық және иудаизм) және исламның ішіндегі (сунниттік, шииттік) теологиялық мәселелерді салыстырмалы түрде талдау жасауды үйренеді. Конфессияаралық қатынастар саласында толеранттылық пен зайырлылық ұстанымдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық ғылыми жазба
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Христиан теологиясының қазіргі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән христиан дініндегі католик, православие және протестанттық ағымдардағы құдай туралы қалыптасқан танымдар, Иса пайғамбар, үштік сенім, эсхаталогия сияқты теологиялық мәселелерді қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант христиандық дереккөздерді пайдалана отырып, христиан дініндегі әртүрлі ағымдардың сенімдерімен байланысты көзқарастарға талдау жасауды және христиандық конфессиялардың еңбектеріне сараптама жасауды үйренеді. Қазіргі қоғамдағы конфессияаралық қатынастар саласындағы мәселелердің шешімін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дін саласындағы халықаралық құқық
    Несиелер: 6

    Пән дін саласындағы халықаралық құқықтық нормаларға салыстырмалы түрде зерттеу жүргізу және зайырлы мен діни қоғамдағы әртүрлі діни-құқықтық аспектілер мен ерекшеліктерді қарастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант дін саласындағы халықаралық құқыққа қатысты негізгі ұғымдарды біледі, мазмұны мен әдіснамалық қағидаларын меңгереді және қоғамдық өмірдегі құқықтық реттеу саласындағы қолданылатын қазіргі заңнамалық актілерін қолдану қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстандағы зайырлылық ұстаным проблемалары
    Несиелер: 6

    Пән мемлекеттегі құқықтық нормалардың қалыптасуы мен дамуындағы діннің рөлін және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі дін мен мемлекет арақатынасындағы құқықтық үндестікті қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант қазіргі мемлекеттік-конфессиялық қатынастардағы әлемдік тәжірибе және зайырлылық ұстанымдарын салыстырады. Сондай-ақ, зайырлылық принципі аясында мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық үлгісі құрылымының теориялық негіздерін зерттеу және қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерге талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Хадистерді сыни талдау әдістері
    Несиелер: 6

    Пән ислам ғалымдары мен шығыстанушылардың хадис мәтіндерін сынға алу әдістері мен тәсілдерін зерттеуге және талдауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант хадис тарихы мен әдістемесіне қатысты білімін қолдана отырып, хадистерді сыни тұрғыдан талдау тәсілдерін үйренеді, ислам тарихындағы әртүрлі факторлардың әсерінен кейіннен пайда болған хадистердің шынайылығын анықтау, салыстырмалы талдау жасау, кәсіби қызметінде хадистерді дұрыс қолдана білу дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Киелі мәтіндер интерпретациясы
    Несиелер: 7

    Пән Құран, Інжіл және Тәурат мәтіндерін заманауи әдістерді қолдана отырып, салыстырмалы түрде талдау жасауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант монотеистік діндердегі сенімге қатысты теологиялық мәтіндерді зерттей отырып, құдай болмысы, пайғамбар, періште, адам, әлем, тағдыр және ақырет сияқты мәселелерді герменевтикалық және семантикалық әдістерді қолданып талдау жасайды. Қасиетті кітаптардағы ортақ мәтіндердің мәні мен мағынасын түсінеді, конфессияаралық қатынастар саласында толеранттылық көзқарас қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Теологияның әдіснамалық проблемалары
    Несиелер: 6

    Пән ислам теологиясының қалыптасу кезеңдерін, әдіснамалық ерекшеліктерін, ислам сенім жүйесіндегі мектепаралық айырмашылықтарын ескере отырып, оның пайда болуынан қазіргі заманға дейінгі теологиялық ерекшеленуін және теологияның әдіснамалық проблемаларын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант теологиялық мәселелерге заманауи әдістерді қолдануды, талдау жасауды игере отырып, конфессияаралық салаларда тиімді қызмет ету дағдыларын қалыптастырады және теологиялық дискурс үлгілерін ғылыми-аналитикалық тұрғыдан зерттеу әдіснамасын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қолданбалы дін социологиясы
    Несиелер: 7

    Пән теология мен дінтану пәнаралық парадигмасын қарастыру арқылы діни тіршілік және тәжірибе құбылыстарын әлеуметтік құбылыстар негізінде зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант дін құбылысын қоғамдық процестердің ерекше түрі ретінде қарастырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша талдау жасайды. Қазіргі қоғамдағы діни ахуалды зерттеу, оған әсер ететін әлеуметтік, саяси және мәдени үдерістерді айқындау, олардың ерекшеліктері мен себептерін талдауды дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON5

    Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды

  • Код ON4

    Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады

  • Код ON6

    Түркілік-мұсылмандық өркениеттің тарихын, әдіснамасы мен философиясын меңгеріп, кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады

  • Код ON7

    Теологиялық мәтіндер мен мәселелерге заманауи әдістерді қолдана отырып талдау жасайды

  • Код ON2

    Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгеріп, теологиялық бағыттағы шетелдік дереккөздерді, материалдарды еркін талдайды

  • Код ON3

    Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады

  • Код ON9

    Теология саласындағы діни ілімдер және жаңадан пайда болған түрлі ағымдардың тәжірибелері мен ұстанымдарын зерттеп, қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерге сараптама жасайды

  • Код ON8

    Мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы діни-құқықтық, толеранттылық шарттары мен зайырлылық ұстанымдарын сақтап, конструкциялық диалог ауқымындағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен қолданады

  • Код ON1

    Дін, ғылым және философия салаларындағы білімін теологиялық мәселелерді шешуде пайдаланады

Top