Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02211 Дінтану в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Қазіргі заманғы ислам құқығы мәселелері
    Несиелер: 5

    Ислам құқығы ғылымының өзекті мәселелері, негізгі түсініктері, қағидалары мен теориялары, қоғамдағы діни-құқықтық, конфессияаралық қатынастар ерекшеліктері талданып, ислам құқығы мен қазіргі құқық мәселелерін салыстыру дамытылады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы ислам құқығының заманауи мәселелері мен қағидаларын талдап, заманауи құқықтың орны мен қызметін саралап, жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контекстіде өз білімін, түсінігі мен кәсіби қабілетін қалыптастыруына мүмкіндік алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі дінтану мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі дінтанудың мәселелерін, дінді зерттеудегі үстем парадигмаларының сипаттамасы мен жүйесін анықтау; діндік феномендерді оқып білудегі ғылыми көзқарастың алғышарт методологиясын анықтау, қазіргі дінтану құрылымы мен зайырлы діни білім арақатынасына теориялық және әдістемелік талдау жасауды жетілдіруге бағытталған. Курста қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, психологиялық және мәдени үдерістер туралы мағлұматты білім беру қызметінде қолдану үшін ақпарат жинау және түсінік беруді іске асыруға қабілеттігін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы діни сектанттық
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы діни сектанттық пәнінің қарастыратын саласы - жаңа діни ағымдар мен олардың сектанттық әрекеттері. Діни ағымдардың сектанттық болмысы әлеуметтік - саяси өзгерістермен, демографиялы қозғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстыра талданады. Магистрант жаңа ағымдардың мазмұнына, құндылықтарына, рәсімдерінің атқарылуына, ұйымдастыру жүйелерінің ерекшеліктеріне қарай топтама жасауға машықтанады. Қазіргі қоғамдағы діни қозғалыстардың қоғам үшін теріс ықпалдары ғылыми түрде сарапталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы ислам фундаментализмі
    Несиелер: 5

    Қазіргі жоғары технологиялар мен әмбебаб интеграция әлемінде экстремизм мен фундаментализм түсінігінің философиялық, дінтанулық, саяси және басқа да құндылықтық қызметтері, деструктивтік культтер мәселесі талданады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант ислам радикализмінің әлемдегі және Қазақстандағы саяси іс-әрекетін, қазіргі заманғы мәселелеріне қатысты талдауларын зайырлылық ұстанымына негіздеп зерттеулерінде қолдануға дағдыланады. Курста теориялық және әдістемелік зерттеу стратегиясы ретінде интегративті талдау әдісі қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы Калам мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазіргі ислам ойшылдарының діни және философиялық тақырыптағы пайымдауларын, дін мен философияға қатысты еркін ойлаудың даму кезеңдері, калам ғылымының пайда болғаннан бастап дін философиясы төңірегіндегі қағидаларының негіздерін, калам мектебінің мұсылман әлеміндегі рационалистік пайымдарын талдау қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар калам ілімінің түркі халықтарының тарихы тағдыры мен қазақ жеріндегі діни ойлау мәдениетін жетілдірудегі орнын көрсетуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дәстүрлі түркілік діни таным
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының дәстүрлі дүниетанымы мен діндарлығы мәселелерін талдау қарастырылады. Пәнде қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен Әбу Мансур әл-Матуриди, Әбу Ханифа және Қожа Ахмет Ясауиің ілімдері арасындағы сабақтастық, олардың өзара әсерленуі мен өзара байланысын тану әдістері зерделенеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант түркілік дәстүрлі мәдениеті пен өркениетін зерделеу нәтижесінде қалыптасқан идеяларды зерттеу жұмыстарында қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Модернизация, дәстүр және дін
    Несиелер: 5

    Мәдениет пен дін арасындағы қайшылықтың шығу себептері, діннің қоғамдағы өмір сүру формасының өзгеруі және модернизация құбылысының мәдениетке ықпалын зерттеу, дәстүр мен дін арақатынасы және оның болжалды нәтижелері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде дәстүр және дін арақатынасын, оның болжалды нәтижелерін, діни дәстүр бағыттарын зерделеуді ақпараттық-коммуникативтік құралдар арқылы өз бетінше жалғастыру үшін қажетті дағдыларын қолдана алуға бейімделеді. Курста талдау мен түсініктерді корреляциялау әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарды әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыта отырып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, зерттеу дизайнын эксперименттік әдістерді, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды қоса алғанда, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дін және бұқаралық мәдениет
    Несиелер: 5

    Әлеуметтану, философия, мәдениеттану және басқалай гуманитарлық ғылымдарды әлеуметтік желіні пайдаланып дінтанулық тұрғыдан зерттеу тәсілдері, қарапайым, орташа тұтынушының талғамына арналған төменгі дәрежелі, суррогат мәдениеттің өзекті мәселелері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант қоғамда орын алған бұқаралық мәдениет құбылыстарын талдау, талданған ақпаратты зерттеулерінде қолдануға дағдыланады. Курста дін және мәдениет қатынасын талдау және түсіндіру, корреляциялау әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық ғылыми жазба
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгерту. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты ғылыми ойлау тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми білімнің генезисі мен мәні, өсуі мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру. Қолданылатын проблемалық оқыту, тақырыптық талқылаулар, жобалық әдіс сияқты оқытудың белсенді әдістері магистранттарда заманауи ғылыми жетістіктерді сыни бағалау, қазіргі кезеңнің өзекті мәселелеріне қатысты өзінің этикалық ұстанымын қалыптастыру және пікір-таластарда өзінің көзқарасын негіздеп, дәлелдей алу дағдыларын меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Иассауи философиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында сопылық дүниетанымның мәні мен ұстанымдары қарастырылып, Қожа Ахмет Иассауидің философиялық және моральдық тұжырымдары талданады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант иасауилік ілімі мен философиясының мәнін талқылап, «хикметтерді» «хәлдер» (ахвал) мен «мақамдар» (макамат) арқылы түсіндіруді жүзеге асыру, оларға ғылыми-танымдық түсіндірме беру дағдысын дамытады. Курста исламдық әдебиет негізінде сопылық және иасауилік философиясын талдау мен салыстыру әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Киелі мәтіндер: кеше және бүгін
    Несиелер: 6

    Заманауи дінтанулық және тарихнамалық әдебиеттердегі киелілік феноменін салыстыру мәселелері қарастырылады. Курстың өзектілігі қазіргі заманғы діни әдебиеттер мен қасиетті мәтіндерді талдау қажеттілігімен байланысты. Курс тафсир ғылымындағы әдебиеттер мен қолжазбаларды зерттеулерді дамытуға дағдыланады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант киелі мәтіндерді заманауи мәселелермен байланыстыра түсіндіру дағдысын дамытады. Курста мәтіндерде орын алған ұғымдарды талдау, түсіндіру және салыстыру әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Діндарлық психологиясы
    Несиелер: 7

    Пәнде қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі діндарлық психологиясы пәнінің тақырыптары, негізгі міндеттері мен қызметтері, діни құбылыстардың психологиялық тұрғыда зерттелуі, дінтану ғылымындағы орны қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант психиканың әлеуметтік және діни құбылыстарын талдау қабілетін дамытады; діни тәжірибе, діни сенім психологиясын зерттеудегі ғылыми көзқарастың мәнін түсіну, баяндау және сыни тұрғыдан талдауға, діни ғұрыптар мен культтердің әлеуметтік және психологиялық аспектілерін көрсетуге машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Діни білім беру
    Несиелер: 6

    Пән магистранттың кәсіби педагогикалық даярлығының теориялық және әдістемелік негізін құруға, білім беру мәселелеріне олардың рухани негіздері тұрғысынан көзқарасын қалыптастыруға, философиялық және діни дүниетаным тұрғысынан педагогикалық сана мен тәрбие туралы жалпы түсінік беруге арналған. Міндеттері – діни оқытудың мақсатын нақтылау, діни мәселелерді талдау қабілетін дамыту, діни оқыту және тәрбиелеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтауды жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дін және ғаламтор
    Несиелер: 7

    Пәнде дін мен ғаламтор арасындағы қатынас зерттеледі. Ғаламтор қысқа мерзімде ақпараттық төңкеріс жасап, бүкіл ақпараттық кеңістікті жаулады, қоғамдық санада маңызды орын алды. Курста ғаламторда насихатталатын экстремизм және терроризм, діни сауатсыздық себептерін талдау үшін білімді зерттеулерде қолдану жолдары қарастырылады. Курсты оқу барысында ғаламтордағы әлеуметтік, этикалық, психологиялық және мәдени үдерістерді зерделеп, пікір қалыптастыру, ақпарат жинау және түсінік беру дағдыларын қолдануға машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дінтану әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Пәнде тарихи даму барысында қалыптасатын және тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени жағдайдағы діни танымның жалпы заңдылықтары мен тенденциялары қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант оқу материалын іс жүзінде әдістемелелік негіздеу дағдыларын меңгереді, қазіргі дінтанудың проблемалық контекстін түсінеді, дүниетанымдық түсінік пен әдістемелік түсіндіру контекстінде дін құбылыстарын зерттейді, дінтанудың дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерін талдайды, оқу курсын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуді әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы діни үдерістер
    Несиелер: 6

    Қазіргі заманғы діни үдерістердің ерекшеліктерін сараптау қарастырылады. Курстың міндеттері – діннің қоғамдағы орны мен қызметін көрсету, сакрализация және секуляризация үдерістерінің мазмұнын анықтау, ғылыми және діни құндылықтардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру, діндалық деңгейін зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде бүгінгі діни үдерістерді салыстыра зерттеу қабілеті меңгеріледі. Курста герменевтикалық және каузалды талдау әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON7

    Дін және қоғам арасындағы мәселелерді шешу үшін кәсіби білімді зерттеулерінде қолданады

  • Код ON9

    Діни құндылықтарды зерделеу арқылы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметіне сараптама жасайды.

  • Код ON4

    Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.

  • Код ON6

    Дінтану ғылымдарының, сонымен бірге қазіргі дінтанудың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін талдай отырып, кәсіби қызметін жүзеге асырады

  • Код ON3

    Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.

  • Код ON2

    Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.

  • Код ON5

    Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды.

  • Код ON8

    Кәсіби ортада қолданылатын заманауи оқыту әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, білім беру қызметінде жүзеге асырады.

  • Код ON1

    Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.

Top