Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Қазіргі заманғы педагогика ғылымының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән білім берудің жаңа моделін шығармашылықпен іске асыру және педагогика ғылымының жаңа технологияларын, оның тиімді әдістерін қолдану мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант ЖОО-дағы оқу үдерісіндегі педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесі мен жаңа педагогикалық технологияларын игеруге қажетті іскерлікті үйренеді. Педагогикалық білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың алғы шарттары мен тәрбие берудің жолдарын айқындау мақсатында оқытылады. ЖОО-дағы тәрбие тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, әлеуметтік қалыптасуы, тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, инновациялық педагогикалық жүйенің ерекшелігін қамтиды. ЖОО-ғы тәрбие жұмысы әдістемесінің оқыту және дамыту технологиясының мазмұнын талданып қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы тұлға бағдарлы білім беру теориясы
    Несиелер: 5

    Пән мектеп жасына дейiнгi балалардың әлеуметтік мәселелерi, сауат ашу мен тіл дамыту әдістемесі аумағында білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу бағдарламаларының психологиялық-педагогикалық негіздерінің талдауды қамтиды. Жаңа өзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес, әдістемелік және технологиялық қайта құруларды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі маманның қарым-қатынас этикасы
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарға мектепке дейінгі маманның қарым-қатынас этикасы, этикалық нормалары және басшы этикасын реттейтін нормативтік құжаттар туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Кәсібіне байланысты этикалық талаптарымен таныстыру, педагогикалық іс-тәжірибеде этиканы сақтау талаптарын қамтиды. Педагогикалық имиджді қалыптастырудың жолдарын практикалық тұрғыдан меңгертуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік сияқты қасиеттерді қарым-қатынас жасау дағдыларын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық ғылыми жазба
    Несиелер: 5

    Пән жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгертеді. Курс барысында мақала мәтінін құрастыру тәсілдерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқорды пайдалану тәсілдерін, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сәйкес мақалаларды дайындауды және онлайн журналдардың сайттарымен жұмыс істеуді үйренеді. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-ғы мектепке дейінгі білім технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі маман даярлауда оқытылатын білім беру технологиялары бойынша магистранттардың теориялық білімдері мен практикалық қызметін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курстың мазмұны білім беруді дамытудың негізгі үрдістерін қамтиды: білім беруді фундаментализациялау, технологияландыру, демократияландыру, ақпараттандыру және компьютерлендіру. Білім беруді жаһандандыруда магистранттарда оқытудың жаңа технологияларын, инновацияларды талдау және бағалау дағдылары қалыптасады. Ақпараттық технологияны игеру мүмкіндіктерін зертейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Отбасы педагогикасы және жанұя тәрбиесін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән магистранттардың білім беру мекемесі жағдайында отбасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру дайындығын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс магистранттарға балалардың, педагогтар мен ата-аналардың педагогикалық өзара іс-әрекетінің қызметі, мазмұны, қасиеттері, сапасы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Оқу нәтижесінде магистрант тұлғааралық коммуникацияны жүргізуді, әлеуметтік институт ретінде отбасы туралы теориялық білімді, отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс өсіп-дамуы үшін отбасылық тәрбиенің принциптерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлттық тәрбие негіздері
    Несиелер: 5

    Пән ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында оқытылады. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен тәрбие үлгілерімен байытып, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болу мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім беру технологиясын өлшеу
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі білім берудің өлшеу құралдары мен әдістерін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің мазмұны білім беру технологиясын өлшеу әдістерін: табыс тесті, бақылау формалары, өзін-өзі бағалау, сараптамалық бағалау, портфелді бағалау, бақылау тізімі, шкаласы, кілті әдістерін ашады. Магистранттарда білім беруде қолданылатын өлшеу әдістерін түсіндіру, өлшеу құралдарын әзірлеу мен қолдану дағдыларын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері
    Несиелер: 5

    Пән магистранттарды әдістемелік негіздері саласындағы білімдерін дамыта отырып, эмпирикалық зерттеулер жүргізуге үйретеді. Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, зерттеу жоспарын жасауға, гипотезаны құруға, зерттеу дизайнын эксперименттік әдістерді, сауалнамаларды, ашық сұхбаттар мен бақылауларды қоса алғанда, экспериментті әзірлеуге және жүргізуге проблемалық сұрақтарды талдауға дағдыларын қалыптастырады және ғылыми зерттеудің негізгі түрлерін анықтап, негіздеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі білім беру саясаты
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі білім беру жүйесі арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында оқытылады. Курс оқу дағдысын дамытатын бағдарламаларды енгізетін маман қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант инновациялық технологияларды меңгере отырып білім беру саясатының мәнін ашады. Білім берудің мазмұнын шығармашылықпен іске асыруды, оқытудың жаңа технологияларын, оның тиімді әдістерін қолдануды зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Пән жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің әдіснамалық негіздері мен қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерді зерттейді. Пәнді оқу барысында магистрант жоғары кәсіби білімнің ролі мен маңыздылығын және жоғары мектеп оқытушысына қойылатын негізгі талаптарды меңгере отырып, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлерін пайдалануды, нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым мен мектепке дейінгі білімнің қазіргі мәселелері
    Несиелер: 6

    Пән мектепке дейінгі білім мен білім берудің өзекті мәселелеріне байланысты зерттеулердің ғылыми мәселелерін зерттеу мақсатында оқытылады. Мектепке дейінгі білім беру үшін қажетті әдістемелік және басқарушылық мәліметтер шеңберін кеңейтуге, педагогикалық процесте әр баланың эмоционалды жағдайын дамыту мәселелерін қарастырады. Баланың жас ерекшеліктерін, әлеуметтік ортаға сәйкес толыққанды дамуын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі білім берудегі құзыреттілік тұғыр
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі білім берудегі мектепке дейінгі маманның жалпы және кәсіби құзыреттіліктері мен білімін қалыптастыру мақсатында оқытылады. Білім беру мекемелерінде кәсіби этика принциптерін жүзеге асыра отырып, кәсіби қызметінде мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дəлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауды ашады. Педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысын да өз бетінше жəне саналы түрде зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанда мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы
    Несиелер: 7

    Пән мектепке дейінгі педагогиканың шығу тарихы мен білім саласындағы тарихи тұлғалардың еңбектерін білу мақсатында оқытылады. Теория мен тәжірибедегі тарихи байланыс туралы және Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика тарихы мазмұнының әртүрлі кезеңдерде тәрбие мен білім беру мазмұны мәселелері бойынша кәсіби педагогикалық білімін қалыптастырады. Магистранттар әр кезеңдегі тарихи педагогикалық жүйені басқару, өткен заманның педагогикалық көзқарастарын меңгеру және салыстыру дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білімді басқарудың жаңа тұғырлары
    Несиелер: 6

    Пән мектепке дейінгі білім беруді кәсіби басқаруды шығармашылық тұрғыда шешу мақсатында оқытылады. Бұл курста магистрант мектепке дейінгі білімді басқарудың жаңа тұғырлары, тенденциялары, заңдылықтары және ұйымдардың құрылымдары туралы білімін қалыптастырады. Білім беру сапасын басқаруды білім беру стандартына сәйкес үлгілеу және жобалау, басқарудың функцияларын, кәсіби әрекеттің типтік міндеттерін шешу, мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын анықтау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру әдістемесі
    Несиелер: 7

    Пән тұлға дамуының рухани-адамгершілік қалыптасуының теориялық негіздерін, жоғары мектептің білім беру процесінде болашақ мамандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне заманауи көзқарастарды қалыптастыру мақсатында оқытылады. Магистрант тұлғаны рухани-адамгершілік қолдаудың мазмұнын, университеттегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жетекші компоненттерін қалыптастыруды үйренеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы болашақ маман тұлғасының рухани-адамгершілік саласын қалыптастырудың педагогикалық шарттарымен, болашақ маман тұлғасының рухани-адамгершілік саласын қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламасын қолдану әдістемесін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері
    Несиелер: 6

    Пән педагогтың, оның тұлғасының кәсіби іс-әркеттің тұтас құрылымы туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Курс педагогикалық іс-әрекет негіздерінің құрылымдық құраушыларын: педагогикалық қабілеттерді, техниканы, педагогикалық әсер ету құралдарын, психологиялық педагогика элементтерімен қаруландыру мәселелерін қарастырады. Оқыту нәтижесінде магистрант қазіргі психология ғылымының жетістіктері негізінде педагогикалық міндеттерді шешудің кәсіби маңызды іскерліктер кешенін, әдіс-тәсілдерін, технологиясын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON3

    Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.

  • Код ON8

    Қазіргі заманғы тұлғаға бағдарлы білім беруде педагогика ғылымының өзекті мәселесі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптейді

  • Код ON9

    Білім беру технологиясын өлшеу мен мектепке дейінгі білім саясатында жаңа технологияларды қолданады

  • Код ON1

    Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды

  • Код ON7

    Мектепке дейінгі маманның кәсіби этикалық нормаларын талдай отырып, отбасы тәрбиесі мен ЖОО-дағы тәрбие жұмыстарын жоспарлайды

  • Код ON6

    Мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы мен педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздерін меңгеріп, білімді басқарудың жаңа тұғырларын зерттейді

  • Код ON5

    Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды

  • Код ON10

    Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыруда мектепке дейінгі білімнің құзыреттілік тұғыр мәселелерін талдайды

  • Код ON2

    Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.

  • Код ON4

    Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады

Top