Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01507 Математика және физика в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушы материалдық денелердің қозғалысын және олардың арасындағы өзара байланысты зерттейді, денелердің қозғалысының болу себебін қарастырады. Студенттер физиканың негізгі принциптері мен заңдарын, шамаларды зерттеудің әдістерін сын тұрғысынан сипаттайды, физикалық шамаларды және олардың өлшем бірліктерін тәжірибеде тиімді қолданады. Студенттер теориялық білімдерінің нәтижесінде механиканың негізгі заңдары арқылы есеп шығарады және табиғи процестерді тануға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Білім алушы аналитикалық геометрия негізгі түсініктерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы геометрияның рөлін анықтайды; студентердің абстрактілі логикалық ойлау қабілеті және математикалық ұғымдармен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; аналитикалық геометрия бойынша есептерді шешуде алған білімдерін қолданады; шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; есептер есеп шығаруда тиімді әдісін пайдаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электр және магнетизмнен есептер шығару әдістемесі
    Несиелер: 5

    Физикалық идеяларды дұрыс сипаттайды, физикалық есептерді талдап шығарады; жалпы заңдарын қолдану қабілетін қалыптастырады; формулалары мен анықтамаларын практикалық есептерді шешуде пайдаланады; негізгі физикалық шамаларды математикалық әдістермен өрнектейді; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Білім алушы алгебраның негізгі түсініктері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы алгебраның рөлін анықтайды; математикалық мәдениеттің алгебралық құрамын ашады; математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Cалыстырулар теориясы
    Несиелер: 5

    Білім алушы салыстырулар теориясының негізгі түсініктерін сипаттайды; бірінші және екінші дәрежелі салыстыруларды шешудің әдістерін анықтайды; математикалық мәдениеттің алгебралық құрамын ашады; математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Элементарлық математика
    Несиелер: 5

    Білім алушы орта мектепте және басқа да арнаулы орта оқу орындарында кәсіби қызметке дайындауға арналған, толық көлемде мектеп математикасының курсына кіретін бағдарламалық материалды қамтиды., кәсіби тұрғыда есептердің түрлерін және белгілі алгоритмдер құру дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    Бұл курста газдардың молекула - кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын қарастырылады. Заттың агрегаттық күйлері, ауаның ылғалдылығын, меншікті жылу сиымдылықтарын және сұйықтардың беттік керілу коэффицентін анықтайды; Электр зарядының сақталу заңдарын, денелердің өзара әсерлесуін және өткізгіштегі электр, магнит өрісін қарастырады. Студенттер тұрақты, айнымалы токтарды ажыратады; зертханалық жұмысқа қажетті құралдарының принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстардың салыстырмалы қателіктерін есептейді; негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектеп математика курсындағы қолданбалы есептер
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектеп математикасының негізгі бөлімдерін, қолданбалы бағытын сипаттайды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің математикалық модулін құру дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшеліктерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қарапайым бөлшектер физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курста қарапайым бөлшектердің классификациясын анықтайды; күшті және әлсіз әсерлесулерді қарастырады; физикалық идеяларды ғылыми тұрғыда сипаттайды; теориялық заңдылықтарды зерттеу барысында саралайды; физикалық есептерді талдайды; анти-бөлшектер жайлы ұғымды қалаптастырады; білімнің басқа салаларымен есептерді шешу үшін физиканың жалпы заңдарын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Білім алушы кездейсоқ және ақпараттық процестердегі заңдылықтардың анықтайды; адам өміріндегі барлық саласындағы кездейсоқ процестердің математикалық және компьютерлік моделін құрады; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін әр түрлі қолданбалы есептерді шешуде кеңінен қолданады; табиғаттағы кез-кезген кездейсоқ процестерді зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 8

    Білім алушы айнымалы шамаларды зерттеудің әдістерін толық сипаттайды; дифференциалдық және интегралдық есептеулер мағыналарын ажыратады; теоремаларды дәлелдеу барысында талдаулар жасайды; классикалық және қазіргі заманғы модельдерін талдаудың негізгі құралы ретінде алған теориялық білімін өз бетінше есептер шығаруда қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық логика және дискретті математика
    Несиелер: 5

    Бұл курста математикалық объектілердің теориялық принциптерін, графтар теориясының негізгі мәселелерін және математикалық логика аппаратын қолдану әдіснамасын сипаттайды; жиындар теориясының, математикалық логиканың және графтар теориясының есептерін шешудегі оңтайлы әдістемелерін таңдайды; математикалық логиканың әртүрлі бөлімдерінің теориялық және тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу әдістерін қарастырады; болашақ кәсіби қызметте математикалық логикасы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оптика, атом және атом ядросының физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курста оптиканың және атом ядросының негізгі ұғымдарын меңгереді. Электромагниттік толқындар шкаласының мәндерін анықтайды. Жарықтың толқындық қасиетін түсінеді. Зертханада және практикалық есептер шығаруда қолданады. Жарықтың поляризациясын, ортадағы таралауын және атом ядролардың бөлінуін бақылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы мектеп физика курсының оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; физикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, демонстрациялық эксперименттерді жүргізудің әдіс - тәсілдерін қалыптастырады; электродинамика, кванттық физиканың элементтері, атом ядросының физикасының тақырыптарын оқытудың әдістемесін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика бойынша оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; математиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес математикадан сабақты жоспарлай алады; математикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, математикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі және академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Бұл курста ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдері, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін өңдейді, жинақтайды және ғылыми ұсыныстар береді, академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазады, гипотеза құрады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
    Несиелер: 6

    Білім алушы мектеп физика курсының негізгі мақсаты мен міндеттері анықтайды; Физикалық демонстрациялық экспериментті жұмыстарды сипаттайды; зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап оны оқу үрдісінде ұйымдастыра отырып қолданады; мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал жабдықтармен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады;студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математика және физика есептерін шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Білім алушы математика және физика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; математикалық және физикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; математикалық және физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тәжірибелік мәселелерді шешудің әдістерін зерттейді; әр түрлі әдіс-тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі жаңа технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курста оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін қарастырады; білім беру технологияларын қолдана отырып, теориялық зерттеулерін сипаттайды; инновациялық технологияларды меңгеру барысында оқыту әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтайды; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда бағалау жүйесінің критерийлерін және сандық ресурстарды пайдаланады; оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Бұл курста қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қарастырады; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді және қарапайым теңдеулерді жеке туындылармен сапалы интегралдау әдістерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; жаратылыстанудың әр түрлі облыстарында кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешудің тиімді әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беруде математика және физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында математика және физиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі математика және физиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, математика және физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физиканың цифрлық зертханалары
    Несиелер: 5

    Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Білім алушы әртүрлі табиғи процестердің математикалық модельдерін құру әдістерін сипаттайды: интегралды теңдеулерді шешудің тиімді әдістерін қарастырады; жеке туынды теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін зерттейді, алынған шешімдердің физикалық мәнін анықтайды; математикалық физиканың негізгі есептерін шешу үшін математикалық аппаратты қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрономия, радиоэлектроника және интегралды микросхемалар
    Несиелер: 5

    Бұл курста күн жүйесінің, аспан денелерінің табиғатын, құрылымын анықтайды; жұлдызды аспанның негізгі жұлдыздарын табады; ғарыштық денелерді зерттеудің ғылыми зерттеудің әдістерін қолданады; радиоэлектроника, интегралды микросхемалардың даму, әртүрлі электрондық құрылғыларды негізінде сигналдарды өндіру, тасымалдау, түрлендіруге байланысты физикалық заңдылықтарды талдайды; цифрлы микроэлектрондық құрылымдарын физикалық заңдар арқылы жоғары дәлдікпен есептейді; зертханалық жұмыстарды белсенді жүргізеді, күрделі зерттеулерді сараптайды; цифрлы электронды техниканы құрылғыны өңдеуде қолданады; радиосигналдарды түрлендіруді сын тұрғысынан сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • STEM-білім
    Несиелер: 5

    Білім алушы: ғылым, технология, инженерлік, өнер, математика бағыттары бойынша білімдерін кіріктіреді; қарапайым сандар, үш өлшемдермен жұмыс істеу, эскиз арқылы пішіндерді жасау дағдылары қалыптасады, 3D объекттің операциялары, роботтехникада деталдарын қолдана отырып модельді құрастырады; зертханалық жұмыстарда шығармашылық идеяларын насихаттап, жүзеге асырады; ғылыми зерттеулердегі: бағдарламау тетіктерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математика және физикадан ғылыми әдебиеттермен жұмыс
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектеп оқушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу кезінде әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; қажетті дерек көздерін пайдаланудың тиімді әдістерін меңгереді; зерттеу жұмысының әдебиеттеріне сілтемелерді қоюды үйренеді; пайдаланған әдебеттер тізімін жазу ережесіне машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математика және физиканы оқытуда сандық білім беру ресурстарын қолдану
    Несиелер: 5

    Білім алушы компьютерлік модельдеу технологиясы мен əдістерін, жобалау туралы жалпы түсінік қалыптастырады; компьютерлік сандық ресурстарды практика жүзінде қолданады; негізгі математикалық есептеулер мен физикалық құбылыстардың ерекшеліктерін сипаттайды; эксперимент жүргізуде және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде кестедегі мәндерді график арқылы есептейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Теориялық физика курсынан есептер шығару әдістері
    Несиелер: 5

    Курста теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдеріндегі физикалық ұғымдар мен принциптерінің сипаттамаларын талдайды және оларды қазіргі заманғы ғылыммен және техникамен байланыстырады; нақты есептерді шешу үшін физикалық заңдарын қолданады және зерттеу нәтижелерін әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді жүйелейді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы: робототехниканың қазіргі уақыттағы даму жетістіктерімен танысады; Mindstorms NXT, Arduino, Fischertechnik платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, ардуино бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды; ғылыми зерттеуде зертханалық жұмыс нәтижелері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Электротехниканың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы электротехниканың даму перспективалары мен жаңа салаларын қарастырады; электр тізбектеріндегі тұрақты және өтпелі процестерді есептеудің негізгі әдістері, олардың күшейткіштер, түзеткіштер, тұрақтандырғыштар, триггерлер және басқа құрылғыларды қоса алғанда электронды тізбектерге қолданылуын сипаттайды; тәжірибе жүргізу барысында және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде кестедегі мәндерді график арқылы есептейді; электронды құрылғылардың кез-кезген көрсеткіш мәндерін есеп шығаруда қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Функционалдық сауаттылық және логика
    Несиелер: 6

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; мағыналарды ажырата алады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз бойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Теориялық физика негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы статистикалық физиканың негізгі қағидаларын, арнайы салыстырмалы теорияның постулаттарын және кеңістік пен уақыт, санақ жүйелерін қарастырады; күрделі мәселелерді талдауға қажетті шешім таба білуге дағдыланады; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    элементар математиканың логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;

  • Код ON3

    жалпы және теориялық физика заңдарын қорытуды, оптикалық, кванттық, механикалық принциптерді, аспан денелеріндегі табиғи құбылыстарды, физикалық идеялардың дұрыстығын, математикалық және физикалық тұрақтыларды зертханада, интегралдау арқылы физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;

  • Код ON5

    математика және физиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;

  • Код ON4

    физикалық, радиоэлектроникалық, электрондық құралдармен, микросхемалармен жұмыс істеуді, алынған деректер мен мәндерді есептеуді, есеп шығаруда формуланы қорытуды меңгереді;

  • Код ON1

    айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, алгебра мен геометрияның теориялық негіздерін, салыстырулар теориясын есеп шығаруда қолданады;

  • Код ON8

    мектептегі ғылыми зерттеу-жұмыстарды, академиялық жазуды, әдебиеттермен жұмыс жасауды, математика және физика саласында ұйымдастыруға қабілетті;

  • Код ON6

    психология мен педагогиканың теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолдана, теориялық білімімен нақты тәжірибелік дағдыларын басқарушылық қызметте іске асыра, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;

  • Код ON7

    оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гигиенасын, қоршаған ортаның тіршілік қауіпсіздігін және дамыту мәдениетінің жолдарын, кәсіпкерлік қызметтерін, ұлттық құндылықтар мен азаматтық ұстанымдарды меңгерген;

Top