Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01501 Химия (ғ/п) в Mardan Saparbaev Instityty

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясаты мен стратегиялық даму жоспарына сүйене отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашылық және функционалдық құзыретті білім алатын, кәсіби қызмет үшін қажетті құзыреттерге ие еңбек нарығының жаңа талаптарына сай білікті маман дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M013 Химия педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік және серіктестік келісім-шарт жүргізеді. Ұжымдық жұмыста шеберлікті және коммуникацияны дамытуды ұштастырады. Іскерлік этика, жобаларды басқару, стратегия мәселелерінде ғылыми мақалаларды орындауда көрнекі құралдарға негізделген академиялық мәтіндерді пайдаланады. IT –технология және коммуникация: сайтты ақпаратпен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік мәселелер: ақпарат жинайды және ақпарат дайындайды. Ғылыми жұмысына презентация жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту әдіснамасы мен заманауи технологиясы
    Несиелер: 3

    Бейорганикалық химины оқытудың негізгі тапсырмалары және заманауи әдіснамалық әдістерін, сонымен қатар жалпы және бейорганикалық химияның мазмұны мен ЖОО-да химияны оқытудың инновациялық технологияларын меңгертеді. Бейорганикалық химияны интерактивті оқытудың заманауи ұйымдастыру жолдарын және бейорганикалық химияны оқыту ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастыруға бағыттайды. Қашықтықтан оқыту әдістерін, ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясын оқытудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Органикалық химияны заманауи оқыту әдістемелерінің негізі мен міндеттерін, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласында органикалық химия курсын зерттеудің әдіснамалық негіздерін меңгертеді. Органикалық химия пәнінің теориялық негіздерін, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласындағы органикалық химия курсының айырмашылығы мен ерекшеліктерін органикалық химия дәрістерінің мазмұны мен құрылымын ұйымдастыруға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Заманауи психологияның ғылыми-теориялық салаларын түсіндіреді. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық құбылысты анықтайды. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдерін, тәсілдерін сипаттайды. Коммуникативтік технологияларды пайдаланады, диагностикалық коррекция жасайды. Тұлғааралық қарым-қатынасты, сапалы нәтижеге қол жеткізу ұмтылысын, білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Көшбасшылық, жетекшілік қабілеттерге ие болуға дағдыландырады. Жаңа идеялар мен үдерістерді жасауға, ғылыми, кәсіби толықтығын, инновациялығын жетілдірудің машықтарын тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістерін заманауи аспектілерді есепке ала отырып ғылыми-зерттеу үдерісінде талаптарға сай меңгертеді. Аналитикалық химия және сирек элементтерді оқытудың әдістерін оқыту және негіздік және қышқылдық қосылыстардың химиялық анализ әдістеріне, ИК-спектрометриялық және термографикалық әдістеріне және рентгенограммалардың шешу амалдары мен микроскопиялық талдау жасай алуына дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Ғылым тарихы мен философиясының негізгі мәселелерін анықтайды. Ғылым және өркениеттің даму типтерін талқылайды. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу кезеңіндегі ғылымның дамуын түсіндіреді. Өркениет пен мәдениет аясындағы ғылымды талдайды. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарының философиялық мәселелерін бағалайды. Қазіргі кезеңдегі ғылымдағы жаңа бағыттарды тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Отандық және шетелдік ғылыми методологияның педагогикалық негізгі мәселелерін сипаттайды. Педагогикалық үдерісте педагогтың кәсіби қызметін қарастырады. Оқу-тәрбие үдерісінде тұлға дамуының қарама-қайшылықтарын талдайды, іс-әрекетін диагностикалайды, зерттеу әдістерін жүргізуді үйретеді. Әдістемелік талаптарды, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларын әзірлеу технологияларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Химияны оқытудың интербелсенді әдістері
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің заманауи интербелсенді әдістердің соңғы үлгілерін меңгертеді. Химияны оқытудың интербелсенді әдістерін барлық қағидалары мен ережелерін қолдануға, жаңа технологияны, инновациялық, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық, ЖОО-ғы оқытудың заманауи технологиясын, инновациялық оқытудың интербелсенді әдістерін химияны оқыту үдерісінде пайдалануға дағдыландырады. Қашықтықтан оқыту әдістерін, ерекшеліктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бейорганикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері
    Несиелер: 5

    Мектеп, ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім жүйесінде бейорганикалық химияның теориялық негіздері әдіснамасын меңгертеді. Бейорганикалық химияны оқытудың негізгі тапсырмалары және заманауи әдіснамалық әдістері мен оқу материалдарының құрылым-логикалық байланысын, бейорганикалық химия теориясының ұғымдары мен ережелерін қолдануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қолданбалы химия негіздері
    Несиелер: 5

    Қолданбалы химияның қасиеттері мен құрылысы арасындағы байланыстарды меңгертеді. Электролит ерітінділеріндегі реакция жүру механизмі, қышқылдар, негіздер, тұздарды алудың жалпы тәсілдерін айқындайды. Қолданбалы химиядағы қазіргі химиялық байланыстар теорияларын меңгеруге, кәсіби қызметіндегі теориялық білімдерін қолдануға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химия және жалпы химия технологиялары бойынша фундаментальды сұрақтар
    Несиелер: 4

    Химия және жалпы химия технолoгиялары бойынша фундаментальды сұрақтардың теориялық және қолданбалы аспектілері үдерісінің жалпы және жеке қағидаларын айқындайды. Жоғары мектепте химиялық технолoгияның заңдылықтарын, экономика негіздерін, химиялық өнеркәсіпте пайдалану әдістері мен заңдылықтарын қолдануға, алынған теориялық білімдерді қолданысқа енгізіп практика жүзінде іске асыруға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химия-педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Химия-педагогикалық зерттеулердің негіздерінің өзекті мәселелерін және педагогикалық зерттеудің негізі болған кәсіби талдауды меңгертеді. Оқу үдерісі барысында студенттің өзіндік жұмыс жасау әрекетін іске асыруға және педагогтың идеалды бейнесі мен кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуының бағдарын, педагогикалық іс-әрекеті жетістігінің шарттарын қолдануға, химия-педагогикалық зерттеулердің негіздерінің жетістіктерін іс жүзінде енгізіп отыруға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Зертханалық және демонстрациялық тәжірибелердің барлық әдістері мен тәсілдерінің міндеттері мен мақсаттарын айқындайды. Демонстрациялық және зертханалық эксприменттердің жасалу жолдарын толыққанды меңгертеді. Бейорганикалық қосылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайтын реакциялар, қышқылдардың химиялық қасиеттері, химиялық байланыс пен зат құрылысы тақырыбына тәжірибелер мен зерттеулерді жүргізуге, ұйымдастыруға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
    Несиелер: 5

    Химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді түрлерін, оқу-тәрбие жұмысы барысында химияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының барлық тәсілдерін меңгертеді. Жаһандану үдерісінің қарқынды кеңеюі аясында сын тұрғысынан ойлау технологиясы қолдану шеберлігіне дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химиядан білім берудің ғылыми-педагогикалық негізі
    Несиелер: 5

    Химиядан білім берудің ғылыми-педагогикалық негізі курсының қағидалары мен негіздемелерін айқындайды. Теориялық мазмұнның өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан, заманауи өндіріс үрдістеріне сай жақандану іс әрекеттерін есепке алуды меңгертеді. Заманауи химияның теориялық курсының кез келген зертханалық тәжірибелерін жасауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Химиялық технолoгияның теориялық және қолданбалы аспектілері
    Несиелер: 5

    Химиялық технолoгияның теориялық және қолданбалы аспектілері үдерісінің жалпы және жеке қағидаларын айқындайды. Жоғары мектепте химиялық технолoгияның заңдылықтарын, экономика негіздерін, химиялық өнеркәсіпте пайдалану әдістері мен заңдылықтарын, химиялық технолoгияның заттардың ыдырауы бойынша алынған нәтижелерді зерттеу барысында қолдануды, алынған теориялық білімдерді қолданысқа енгізіп практика іс жүзінде қолдануды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аналитикалық химияның таңдамалы бөлімдері
    Несиелер: 5

    Аналитикалық химияның теориялық негіздеріне қатысты барлық химикаттар мен құрал-жабдықтардың ерекшеліктерін айқындайды. Аналитикалық химияның теориялық негіздерін оқытудың әдістерін заманауи талаптарға сай меңгертеді. Аналитикалық химияның теориялық негіздері ұғымы, тотығу-тотықсыздану процестерін, типтерін, теңдеулерін құрастыру әдістерін қолдануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Беттік активті заттар химиясы
    Несиелер: 5

    Беттік активті заттар (БАЗ )химиясын оқыту барысында қойылып отырған негізгі талаптарды айқындайды. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту барысында үздіксіз меңгеруге, алынған білімдерді қорытындылай отырып, зерттеу барысын тиімді ұйымдастыруға дағдыландырады. БАЗ химиясы өнімдерінің кеңінен қолданылуын, техникада, тұрмыста және медицинада жаңа органикалық материалдардың қажеттілігін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электрохимиялық процестің кинетикасы мен термодинамикасы
    Несиелер: 5

    Электрохимиялық процестің кинетикасы мен термодинамикасы әдіснамасының негізгі қағидаларын меңгертеді. Электрохимия үрдістерін оқу процесі барысында теориялық негіздеме арқылы ұйымдастыруға, электрохимияның заманауи теориялық қорытынды ұйғарымдарын практикалық тұрғыда және нәтижелерін іске асыруда қолдануға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау пәнінен тоериялық білімдерін меңгертеді. Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау әдістері мен оларды қолданудың ерекшеліктерін айқындайды. Химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлауда үдерістерді пайдалана отырып анализді және алынатын нәтижелерді талдауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физикалық химияның заманауи мәселелері
    Несиелер: 5

    Физикалық химияның заманауи мәселелерін оқытудың инновациялық заманауи әдістерін айқындайды. Физикалық химияның негізгі қағидаларын теориялық және практикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып тиімді әдістерін меңгертеді. Оқу-тәрбие үдерісі барысында білім алушыларға басты мәселелерді түсіндіруде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физика-химиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Физика-химиялық зерттеу әдістерін зерттеу барысындағы инновациялық тәсілдерді қолдана келе физика-химиялық зерттеу әдістерін меңгертеді. Физика-химиялық зерттеу әдістердің талап етілген нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылдарады. Ғылыми зерттеу барысында алынған теориялық білімді ұштастыра білуге дағдыландырады. Теориялық, өндірістік жағдайларда квантты-механикалық әдістерді үздіксіз және тиімді түрде қолдануға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері
    Несиелер: 5

    Органикалық қосылыстардың негізгі сыныптарының өкілдері мен номенклатурасы арасындағы генетикалық байланысты үйренуге бағыттайды. Интерактивтік әдістерді қолдана отырып органикалық химиядағы атаулы реакцияларды оқытудың әдіснамасын меңгертеді. Органикалық заттар мен органикалық реакциялардың жіктелуін, циклді, карбоциклді және гетероциклді органикалық қосылыстардың құрылысын және қасиеттерін іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Суда ерігіш полимерлер химиясы
    Несиелер: 5

    Суда ерігіш полимерлер химиясы аспектілерін зерттеу барысында қойылып отырған негізгі талаптарды меңгертеді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту барысында үздіксіз қолдануға, алынған білімдерді қорытындылай отырып, зерттеу барысында тиімді іске асыруды ұйымдастыруға, суда ерігіш полимерлер химиясы өнімдерін кеңінен қолданылуына, техникада, тұрмыста және медицинада жаңа органикалық материалдардың қажеттілігінің өсуіне баға беруге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    Химияны оқытудың жаңа интерактивті әдістерін зерттейді және қолданады. Заманауи технологияларды сын тұрғысынан бағалайды және өзінің кәсіби қызметінде қолданады.

  • Код ON3

    Аналитикалық химия мен сирек элементтердің әдістемелік негіздерін талдайды. Органикалық химия мен жоғары молекулалық қосылыстардың құрамы мен құрылымын түптейді.

  • Код ON10

    Химияны оқытудағы ғылыми-педагогикалық негіздердің жаңа бағыттарын зерттейді және оларды кәсіби қызметте қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Әлеуметтік-қоғамдық өмірде суда еритін полимерлердің кинетика және термодинамика, электрохимия және химия білімдерін қолданудың маңыздылығын дәлелдейді

  • Код ON7

    Бейорганикалық, аналитикалық және органикалық химия теориясындағы жаңа бағыттарды зерттейді және нәтижелерін эксперименттер жүргізуде қолданады.

  • Код ON5

    Химия-педагогикалық саладағы зерттеудің жаңа әдістерін талдайды және оларды сыни бағалап, қолданады. Жоғары мектепте химиялық эксперименттер жүргізу әдістемесін жетік меңгереді.

  • Код ON1

    Тарих пен философияның өзекті мәселелерін табиғи ғылым ретінде философиялық пайымдаудың қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде бағалайды. Ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндер бойынша жаңа форматта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгерген.

  • Код ON9

    Қолданбалы химия, физикалық химия бойынша жаңа химиялық байланыстарды зерттейді және ғылыми-педагогикалық жұмысында қолданады. Химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін әртараптандырады және осы саладағы жаңа үрдістерді анықтайды.

  • Код ON8

    Химия аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалайды, жоспарлайды, модельдейді және олардың өзектілігі мен тиімділігін дәлелдейді. Физикалық химия ғылымының дамуындағы әлемдік жағдайлар мен үрдістерді зерттейді және өзінің практикалық қызметінде сыни бағалаумен қолданады. Беттік-белсенді химиялық заттардың интерактивті әдістерін жалпылайды.

  • Код ON2

    Жоғары мектептің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық этика нормаларын сақтаумен және Педагогтың кәсіби қадір-қасиетін қорғаумен байланысты кәсіби талаптарға сәйкес келетін Бағдарламаларды, нұсқауларды дайындау дағдыларын көрсетеді. Сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, ғылыми-педагогикалық қызметте ұйымдастыру және басқару дағдыларын жетілдіреді.

  • Код ON6

    Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын жобалайды және олардың нәтижелілігін дәлелдейді. Химия және химия технологиясы бойынша іргелі сұрақтар тізімін жасайды және оларды кәсіби қызметте қолданады.

Top