Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02112 Дизайн (б) в Mardan Saparbaev Instityty

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді игерген, дизайн шығармашылық саласында көркем қиялдау, креативтілігі, кеңістіктік-бейнелік ойлау қабілеті қалыптасқан, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабы бойынша білікті маман дайындау ұстанымында анықталған
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M035 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Кәсіпкерлік және серіктестік келісім шарт жүргізеді. Ұжымдық жұмыста шеберлікті ұштастыру және коммуникация дамытуға мүмкіндік береді. Іскерліктегі этика мәселесі, жобаны басқару, стратегия, ғылыми мақала орындауда визуалды құралдарды негізге ала отырып академиялық мәтіндердерді пайдаланады. IT –технология және коммуникация: сайтқа ақпарат береді. Әлеуметтік мәселелер: ақпарат жинайды, ақпарат дайындайды. Ғылыми жұмысына презентация жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Басқару ғылымы пәні мен әдісін жіктейді. Менеджмент терминдерін және ұйым түрлерін түсіндіреді. Коммуникациялық үрдісті, оның түрлері мен элементтерін сипаттайды. Басқару шешімдерін және басқаруды ынталандыруды талдайды. Менеджменттегі басқаруды және жоспарлауды сипаттайды. Көшбасшылықты бағалайды: басшылық стилі мен менеджер имиджі. Қақтығыстар мен күйзелістерді басқаруға дайындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Заманауи психологияның ғылыми-теориялық салаларын меңгертеді. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық құбылысты анықтайды. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдерін, тәсілдерін сипаттайды. Коммуникативтік технологияларды пайдаланады, диагностикалық коррекция жасайды. Тұлғааралық қарым-қатынасты, сапалы нәтижеге қол жеткізу ұмтылысын, білімін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Көшбасшылық, жетекшілік қабілеттерге ие болуға дағдыландырады. Жаңа идеялар мен үдерістерді жасауға, ғылыми, кәсіби толықтығын, инновациялығын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайн саласындағы бизнестің құқықтық аспектілері
    Несиелер: 4

    Заманауи бизнес жүйесін сипаттайды, бизнестің қағидаларын тұжырымдайды. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандарының түрлерімен таныстырады. Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес-жоспарлау, маркетинг жоспары, бизнес-идея мен стартапты таңдау тәсілдерін үйретеді. Бизнес жүйесіндегі менеджмент және маркетинг, кәсіпорынның коммерциялық қызметі, коммерциялық мәмілелер ұғымы және түрлері туралы білімдерін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Авторлық құқық және патенттеу
    Несиелер: 4

    Қазіргі мәдениеттегі зияткерлік меншік түсінігін береді, мағынасы мен ерекшеліктерін түсіндіреді. Қазіргі құқық жүйесіндегі, шығармашылық қызмет нәтижелеріне авторлық құқық туралы мағлұмат алады. Авторлық құқық туралы халықаралық келісімдер жасауға, авторлық құқық объектілерін пайдалануға үйретеді. Авторлық құқық объектілері және олардың жіктелуін зерделейді. Патенттік құқықты және тауар белгілерін қорғаудың жүйесін сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау және әдістемесі
    Несиелер: 3

    Көп деңгейлі жоғары білім беру жүйесінде магистрлік дайындық жұмыстарын жүргізеді. Магистрлік диссертацияны ғылыми шығарманың бір түрі ретінде қарастырады. Ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамасын сипаттайды. Логикалық заңдар мен ережелерді қолдану жолдарын көрсетеді. Диссертация қолжазбасымен жұмыс жасау, диссертацияның тілі мен стилін таңдауға бағыт береді. Диссертациялық жұмысты рәсімдеу ережелерімен орындауға машықтандырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайн-жобалау
    Несиелер: 4

    Жобалау тәжірибесіндегі тапсырыс пен аналогтарын зерттейді. Құрылыс нормативтері және ережелерін жобалау жұмыстарын жүргізуде қолдануды үйретеді. Жоба композициясын, құрылымын үйлестіру, қоршаған ортаның дизайн нысанын жобалау қасбетін, жоспарын, қимасын, жалпы түрін (аксонометриясын) және қажетті бөлшектерін құрастыру жолдарын қарастырады Әртүрлі формада, фактурада жобаның нобайларын жасап, конструктивті сызбаларын орындауға, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға машықтандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Имиджелогия
    Несиелер: 4

    Имидж қалыптастыру заңдылықтарын, функцияларын зерттейді. Әлеуметтік орта талаптарын ескере отырып, адамның жеке бірегейлігі негізінде қалыптасқан жеке бейне, стиль ойлап табу жолдарын қарастырады. Қоғамдық өмірдің түрлі салалары мен кәсіби қызметтің жеке және корпоративтік имиджін жасаудың теориялық-қолданбалы тәсілдерін әзірлей білуге дайындайды. Имидж-технологиялар пакетін жасауға бағыт-бағдар береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дизайндағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    CorelDraw, Photoshop және Adobe Dreamweaver графикалық пакеттерінің, Internet технологияларын қоса алғанда, заманауи мультимедиа құралдарын қолдану аясы мен мүмкіндіктерін қарастырады. Web - дүкендердің түрлері және оларды құру ерекшеліктерін сипаттайды. CorelDraw, Photoshop және Adobe Dreamweaver, FrontPage және Macromedia Flash бағдарламасының көмегімен Web-беттерінде интерактивті компьютерлік бейнефильмдер жасауға машықтандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Трендвотчинг
    Несиелер: 5

    Брендті дамыту, табысты маркетингтік стратегияны құру үшін жаңа үрдістерді бақылайды. Инновациялар жасауда жаңа мүмкіндіктер ашу үшін тұтынушылардың мінез-құлқы мен қалауының заңдылықтарын анықтайды. Экономикалық және жалпы мәдени өзгерістерді, жаңа үрдістер мен бағыттарды, жаңа технологиялардың пайда болуы мен дамуын қадағалайды, зерттейді, талдайды. Өнім тұжырымдамаларына кеңес беруге және әзірлеуге дайындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығармашылық салалардағы жобаларды басқару
    Несиелер: 5

    Жобаны басқару әдістемесін үйретеді. Жобаларды басқару объектілері ретінде қарастырады. Жобаның ұйымдық құрылымдарын, жобалар және стратегиялық жоспарлауды, жобаларды басқару стандарттарын түсіндіреді. Жобаны басқарудың негізгі стандарттарына шолу жасайды. Жобаны басқару құралдарымен танысып, жобалық инвестицияларды басқару және жобаны талдауды үйретеді. Жобаны Бизнес-дизайн және бизнес-жоспар құру туралы білімдерін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өндірістік жобалау
    Несиелер: 5

    Жобалауды бастамас бұрын жобаланатын объектіні өндірістік бұйымдардың қолданыстағы жіктемесін ажыратады. Оны сәйкес түрімен, тобымен және класымен дұрыс сәйкестендіреді. Өндірістік өнімдердің жүйелеу системасына сәйкес идеялар ұсынады.Үйлесімдік, көркембейнелік шешімі біртұтас кешен ретінде көрсетеді, оларды өндірудің технологиясы мен функционалды қажеттігін тұжырымдайды. Болашақ өндірістік өнімдерді құрастыру және дайындау технологиясын ойлап табады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON4

    Кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс жасауда психологиялық тәсілдерді пайдаланып, дұрыс бағытты ұсынады. Менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеп, алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолданады, ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруды және практикалық проблемаларды шешеді.

  • Код ON6

    Ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, дизайн бағытындағы ақпараттарды іздеу және өңдеу үдерістерін ұйымдастырады; Жобаны жүзеге асырудағы проблемалар мен тәсілдерге ықтимал шешімдер жиынтығын, олардың ұсыныстарын саралайды. Шығармашылық қызмет нәтижелеріне авторлық құқық заңын қолданады.

  • Код ON5

    Кәсiпорынның (фирманың) дизайн саласы бойынша шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешiм қабылдайды. Өзіндік даму мен идеяларды іске асыруда ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған білімдерді қолданады. Ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми талдау жасайды, практикалық проблемаларды шешеді, кәсiптік қарым-қатынас және мәдени байланыс орнатады.

  • Код ON8

    Қажетті графикалық мәдениеті дамыған іргелі кәсіптік жобалар үшін қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады. Жобалау материалын өңдеуге қойылатын талаптарды анықтайды, жобаның жалпы экспозициясының композициялық шешімдерін жүзеге асырады.

  • Код ON7

    Жаһандану үрдісіндегі басты талапқа сай әлемдік тілдерді жетік біледі, кәсіби қызмет саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды толық меңгерген.

  • Код ON1

    Жоба алдындағы материалды жинау және өңдеу, қолданыстағы жағдайды бекіту іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Шығармашылық тұжырымдама мен оның алдын-ала нобайдағы көрінісін қалыптастырады. Макеттер мен модельдердің түстік-графикалық шешімдерін жасайды

  • Код ON3

    Сәулет өнерінің үздік жобаларын жасаумен қатар заттық ортаны үйлестіру шараларын ұйымдастырады. Нақты жобалау барысында сәулет және дизайнның түрлі өнер шығармашылықтарының стильдік және жанрлық ерекшеліктерімен жұмыс жасайды.

  • Код ON2

    Графикалық өнімді жобалау, техникалық эстетика, көркемдік дизайн тұжырымдамасының графикалық бейнелеу процесінде көркемдік модельдеудің принциптері, әдістері туралы теориялық білімді қолданады. Қолданыстағы технологияны өзгерту және нақты зерттеу немесе көркемдік құру міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын көрсетеді.

Top