6B01503 Информатика в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттайтын, кәсіби саласы бойынша жүйелі білімге ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті информатика мұғалімін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
-
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және теориялық негіздері
Несиелер: 6Білім алушы компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық қасиеттерімен танысады; ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің арифметикалық, логикалық, алгоритмдік негіздерін қолданады; микрокомпьютердің оқу моделі мен машиналық кодтау мен жоғары деңгейдегі тілдердің айырмашылықтарын бағалайды; компьютерді құрастыру және жаңғырту, бағдарламалық жасақтаманы баптау жұмыстарын іс жүзінде шешуге дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Педагогикалық кәсіпке кіріспе
Несиелер: 3Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Несиелер: 3Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Алгоритмдеу және бағдарламалау
Несиелер: 6Білім алушылар Python тілінің құрылымын, тілдің мүмкіндіктерін, бағдарламалау ортасында алгоритмдер құру принциптерін сипаттайды; Python-ның басқару құрылымдарын, циклдерді, тізімдер, кортеждер, жиындар мен сөздіктерді игереді;Python-ның негізгі стандартты модульдерін, қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау әдістерін, алгоритмдер мен бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Операциялық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыздандыру
Несиелер: 5Білім алушы компьютер құрылысында операциялық жүйелердің даму бағыттары мен жіктелуін сипаттайды; жүйенің және пайдаланушы процестерінің жұмыс істеу принциптерін біледі; үрдістерді басқару және ұйымдастыру, сигналдар өңдеу жабдықтары, есепті көп процессорлық шешуді басқару тәсілдері, жүйелері, енгізу шығаруды басқаруды, заманауи операциялық жүйелер мен қабықшаларды, функционалдық және сервистік бағдарламаларды қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Педагогикалық психология
Несиелер: 3«Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау
Несиелер: 6Бұл курста Python тілінің күрделі құрылымдарын зерттеуді сипаттайды, көптеген мәселелерді шешуге жарамды - деректерді талдаудан бастап жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау және мәліметтер базасымен жұмыс істеу әдістерін игереді. SQLite дерекқорын пайдалану негіздерін зерттейді және ақпаратты сақтау үшін жергілікті дерекқорды қолданатын қосымшалармен жұмыс жасай алады.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мамандандырылған ағылшын тілі
Несиелер: 7Бұл курс кәсіби лексика және мамандық тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста практикалық тұрғыда белсенді қолдануға үйретуді ұсынады. Бұл курс студенттерге кәсіби мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқып түсіне алу, берілген мәліметтерді таба білу, оқығанының мазмұнын есте сақтау; іс қағаздарын толтыру, жеке немесе іскерлік сипаттағы шағын хат жазу; шетел тіліндегі мәлімдемелерді түсіну; өзінің кәсіби қызметіне байланысты сөйлеу және жазу дағдыларына ие болуға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Педагогика
Несиелер: 5Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Дискретті математика
Несиелер: 6Дискретті математика пәні “Информатика” ББ студенттері үшін іргелі пән. Бұл пәнді меңгеру арқылы студенттер компьютердің логикалық негіздерін толық түсінетін болады, күрделі алгоритмдер құру, бағдарламалау барысында кездесетін қиындықтарды шешеді. Жиындар теориясы, предикаттар, күрделі графтар, Эйлер тізбектерін біледі, кодтау, криптография және логикалық желілермен жұмыс жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Жоғары математика
Несиелер: 6Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Робототехника негіздері
Несиелер: 5Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын игереді. Mindstorms NXT, Arduino, Fischertechnik платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, ардуино бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Адал азамат құндылықтары
Несиелер: 5Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Кәсіпкерлік негіздері
Несиелер: 5"Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Жасанды интеллект негіздері
Несиелер: 5Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар жасанды интеллект саласындағы жұмыстың негізгі бағыттары мен жасанды интеллектке арналған бағдарламалау тілінің синтаксисі мен жұмыс жасау принципін сипаттайды; білімді көрсету модельдерін және сараптамалық жүйені құру кезеңдерін талдайды; кез-келген бағдарламалау тілін қолдана отырып, сараптамалық жүйені құруды қолданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Экологиялық мәдениет
Несиелер: 5Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 2
-
Компьютерлік графика және 3D модельдеу
Несиелер: 5Пәнді оқу барысында графиканың негізгі функцияларымен, анықтамасы, қолдану аясымен танысады. Компьютерлік графиканы, векторлық графиканы, растрлық графиканы қолданып үйренеді. Векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құрып өңдейді. Пәнді оқуты нәтижесінде Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free және т.б. бағдарламалармен жұмыс жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Виртуалды және кеңейтілген шындық
Несиелер: 5Білім алушылар виртуалды және кеңейтілген шындық жүйелерін қолдану саласы, жүйелерді дамытудың негізгі ұғымдары, принциптері мен құралдарын игереді. Алған білімдерін VR жүйелерін жобалау кезінде қолданады. Оқыту нәтижесінде VR/AR даму ортасына 3D модельдерін импорттау, виртуалды және кеңейтілген шындық қосымшаларын әзірлеудің тиімді алгоритмдерін, виртуалды және кеңейтілген шындық қосымшаларын жасау және құру құралдарын қолдаанады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Несиелер: 4Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Несиелер: 6Бұл курста - ҚР Білім беру саласындағы нормативтік актілерін, мектептегі іс жүргізу әдістерін, бағалаудың негізгі тәсілдерін біледі, информатикадан сыныптық және сыныптан тыс сабақтарын жоспарлап, ұйымдастырып, өзіндік талдаулар жүргізе алады, қазіргі АКТ құралдарын қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Физика
Несиелер: 5Білім алушы физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, физикалық идеяларды дұрыс сипаттайды; есептерді талдап шығаруда заңдылықтарды қолданады; физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; физика пәнінің әртүрлі салаларына қатысты теориялық және эксперименталдық оқу мәселелерді шешуге дағдыланады; оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Инклюзивті білім беру
Несиелер: 5Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Ғылыми-зерттеу жұмысы және академиялық жазылым
Несиелер: 5Білім алушы академиялық жазбада мәліметтерді ұсыну принциптері мен әдістерін сипаттайды; ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектер жазу әрекеттерінің алгоритмін, мақсат пен міндеттерді қою, зерттеу әдістерін сипаттауды қолданады; статистикалық ақпаратты, графиктер мен диаграммаларды сипаттау, зерттеу қорытындыларын тұжырымдау, ғылыми әдебиеттерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме құруды жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Физика есептерін шығару практикумы
Несиелер: 5Білім алушы шығармашылық, суреттік, графиктік, кестелік есептерді анықтайды; физика есептерін шығарудың ортақ амалдарын табу арқылы уақытты ұтымды пайдаланады; есеп шартының талапқа сай жазылуын, формулалар мен сызбалардың дұрыс қолданады; тізбек арқылы есептеулердің жүргізу алгоритімдерін сипаттайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 1
-
Білім берудегі сандық технологиялар
Несиелер: 5Бұл курста студенттер оқу процесін ұйымдастыру мен әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады; электрондық оқыту ұғымдарының мәнін, оқытудың аудиовизуалды құралдарының түрлерін, жаппай ашық онлайн-курстардың негізгі платформаларын, қашықтықтан оқытудағы педагогикалық коммуникацияның ерекшеліктерін, ақпараттық технологияларды игереді; оқытуды дараландырудың заманауи мүмкіндіктерін, корпоративтік оқыту ерекшеліктерін қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Ақпаратты қорғау және криптография
Несиелер: 5Білім алушы кодтау тарихы және алғашқы қадамы, кодтау және декодтау, абстрактілі алфавит, цифрлық автоматтар теориясы және компьютердің логикалық негіздерін сипаттайды. Курс аяқталғаннан кейін студент криптографиялық, шифрлау және дешифрлау әдістерін пайдаланып берілген альфавиттер, мәтіндерді, цифрларды Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтауда кодтайды және декодтайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Педагогикалық шеберлік
Несиелер: 5Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Web бағдарламалау
Несиелер: 6Білім алушылар интернет-сайттарды толық дамыту үшін жеткілікті болатын веб-негіздерді игереді; HTML веб-бетті белгілеу және стильдердің каскадты кестелері (CSS), сайттардың клиенттік бөлігін JavaScript-те бағдарламалайды; сайттардың серверлік бөлігін PHP-де бағдарламалау, MySQL дерекқорды басқару жүйесін пайдаланады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Web технологиялар
Несиелер: 6Осы пәнді игеру нәтижелері бойынша студенттер web-беттің тұжырымдамасы мен дизайнын жасайды, тиісті іске асыру технологияларын таңдай алады, Internet-бағдарламалаудың негізгі ұғымдары мен қағидаттары туралы түсінікке ие болады, Сайттарды жобалау негіздері мен технологияларын, әртүрлі бағдарламалық құралдармен сайттарды бағдарламалау негіздерін біледі.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Оқытудағы инновациялық технологиялар
Несиелер: 5Білім алушылар мектеп бағдарламасына сәйкес информатиканы оқытудың дәстүрлі, заманауи әдістерін және инновациялық технологияларды меңгереді; оқушыларды бағалау үшін әртүрлі бағалау стратегияларын пайдаланады; арнайы бағдарламалар (Flipgrid, Live board, PADLET және т.б.) негізінде онлайн және қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Ақпараттық қауіпсіздік
Несиелер: 5Бұл курста ақпаратты енгізу, шығару, беру, өңдеу, сақтау және ақпаратты қорғау, ақпаратты қорғау мәселелерін шешуге қажет қорғау нысандары мен элементтерінің сипаттамалары, ақпаратты қорғаудың теориялық әдістерін игереді. Курс аяқталғаннан кейін студент деректер қоймасын және программаларды қауіпсіз сақтауды, сонымен бірге программаларды рұқсатсыз көшіруден және компьютер ресурстарын рұқсатсыз қолданудан қорғайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 3
Семестр 2
-
Мектеп курсында информатика пәнінен мультимедиялық жүйелерді жобалау және құрастыру
Несиелер: 6Білім алушылар мультимедианы әртүрлі графикалық және көлемдік-кеңістіктік құралдарын қолдана отырып, жылжымалы экрандық композицияны құру тәсілдерін түсінеді; модульдік ақпараттық графикалық және анимациялық құрылымдарды жобалап, әзірлейді; анимация мен мультимедиа мазмұнын жобалау мен орналастырудың жүйелік тәсілін талдайды; мультимедиялық дизайн мен анимацияға мамандандырылған бағдарламалық өнімдердің әртүрлі түрлерімен жұмыс жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Заттар интернеті
Несиелер: 6“Заттар интернеті” курсында заттар интернетін ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптері, заттар интернетінің пайда болу және даму тарихы, заттар интернетінің дамуының негізгі факторлары туралы қарастырылады. Микроконтроллерлермен және негізгі жөндеу тақталарымен жұмыс жасай алады. Терминологияны біледі, бағдарламалаудың негізгі дағдысы - ақырғы құрылғыларды желіге қосу, бұлтты технологияларды қолдана отырып деректерді өңдеу және сақтау үшін бағдарламалық шешімді құру дағдылары қалыптасады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Несиелер: 6Білім алушылар компьютерлік желілердің, олардың құрылымдарының, функцияларының, хаттамаларының, іске асыруларының негіздерін игереді; компьютерлік желілердің тағайындалуы, жіктелуі, ұйымдастырылуы, домендік атаулар жүйесі, интернет желісіне қол жеткізу үшін шлюзді пайдаланады; веб-беттерді беру кезінде браузер мен интернет серверінің ерекшелігін, желі бойынша пакеттік деректерді беру принципін, желідегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерттейді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Несиелер: 6Бұл курста мәліметтер қорының объект, нысан, параметр, атрибут, триггер, ереже, шектеу, сақталатын процедура, сілтеме тұтастығы, нормалау, бастапқы, балама және сыртқы кілттер сияқты негізгі ұғымдарын сипаттайды; мәліметтер қорының, деректер үлгілерінің түрлері, реляциялық деректер қорын жобалаудың және құрудың негізгі принциптері мен MS SQL деректер қорын бағдарламалау негіздерін игереді; ақпараттық жүйелерді өңдеудің әдістемесі мен технологиясын қолданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Орта мектепте информатика пәнінен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Несиелер: 6Бұл курста информатика пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жолдарымен танысады; сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері, зерттеуді ұйымдастыру әдістерін қолданады; информатика бойынша ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, ғылыми әдістерді меңгеру; әдістемені зерттеу; баяндамаларды дайындау іздеу мәселелерін шеше алады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Білім беру бағдарламалық құралдарын жобалау және әзірлеу
Несиелер: 6Бұл курсты меңгере отырып күндізгі және қашықтықтан оқыту саласындағы білімді жүйелеуге және ең көп таралған мамандандырылған құралдарды-Articulate StoryLine, CourseLab және iSpring Suit қолдана отырып, электронды оқу курстарын құру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. аудио-сүйемелдеумен анимациялық дәрістер, интерактивті іскерлік ойындар, өзіндік жұмысқа арналған қадамдық бейне-нұсқаулықтар, құжаттардың үлгілері мен бақылау тестілерін жасайды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Мектеп курсында бағдарламалау ортасында мәліметтер қорымен жұмыс
Несиелер: 6Бұл курста студенттер объектіге бағытталған С++ бағдарламалау ортасында реляциялық мәліметтер қорын құру және олармен жұмыс жасау құралдарын игереді. Курсты аяқтаған соң кестелердің BDE үшін сұлбалар нұсқаларын жасауды, ақпараттық жүйені, МБ-ң кестелерін құруды және жергілікті деректер базасы, яғни дерекке қатынауды новигациялық, жазуды сүзгілеу әдістерін пайдаланады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Big Data технологиялары
Несиелер: 6Бұл курста үлкен құрылымдалмаған және әлсіз құрылымдалған мәліметтермен, технологиялармен және деректерді манипуляциялау тілдерін сипаттайды; үлкен деректерді талдау әдістері мен құралдарымен, оның ішінде бөлінген жүйелер мен қазіргі заманғы сұраныстар тілдерін пайдаланумен жұмыс істеу ерекшеліктерін игереді; деректер базасын ұйымдастыру және баптау, қолданбалы міндеттерді шешу үшін ДББЖ таңдау, АЖ құру жобаларында деректер базасын пайдалануды қолданады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Несиелер: 6“Мобильді қосымшаларды әзірлеу” курсында мобильді құрылғылардың негізгі түрлері, мобильді қосымшаларды әзірлеу принциптері; мобильді қосымшалардың өмірлік циклі туралы қарастырылады. Мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілінің негізгі конструкцияларын қолдануды, мобильді қосымшалардың пайдаланушылық интерфейсін жобалауды, толыққанды мобильді қосымшаларды әзірлеуді, мобильді қосымшаларды тестілеуді жүзеге асыра алады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Бұлттық технологиялар негіздері
Несиелер: 6Пәнді оқыту барысында бұлтты технологияның негізгі ұғымдары мен терминологиясымен, бұлтты технологияларды қолдану салаларымен, бұлтты есептеу инфрақұрылымымен танысады. Оқыту нәтижесінде бұлтты инфрақұрылым контекстінде қауіпсіздік, масштабтау, орналастыру, резервті көшірме жасау мәселелерін қарастырып қана қоймай, бұлттарда қолданылатын қосымшаларды әзірлеу және қолдау үшін жүйелік басқару дағдыларын игереді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 4
Семестр 2
-
Код ON6
мектеп жасындағы балалардың мақсатты тілдердегі қарым-қатынасқа бейімделуі үшін жағдай жасайды;
-
Код ON4
оқушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін жұмыста қолданады, тәрбие жұмысын жоспарлай және жүргізе алады;
-
Код ON2
компьютерлік жүйелердің архитектурасы, операциялық жүйелер, деректер қорын жинақтау мен талдау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мобильді қосымшаларды құруда практикалық дағдыларын жүзеге асырады;
-
Код ON7
роботтық жүйелердің нобайын жобалауда, 3D моделдеу принциптерін, мультимедиалық және виртуалды білімдік ресурстарды жобалауда оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқару, кәсіби салада зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетеді;
-
Код ON1
информатика, іргелі математика, заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы теориялық білімдерді таратады;
-
Код ON8
білім беру жүйесінің даму тенденциялары, адал азамат құндылықтарын, экологиялық мәдениет және кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру негіздерін біледі;
-
Код ON5
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын, компьютерлік желілер мен бұлтты технологиялардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, смарт-технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын қолданады;
-
Код ON3
информатиканы оқыту әдістемесін, физикалық есептерді шешу жолдарын, бағдарламалау тілдерінің құралдарын, технологиялары мен әдістерін, критериалды бағалау әдістерін, инклюзивті білім беру негіздерін меңгергендігін көрсетеді;
6B01503 Информатика
БакалавриатӨ.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B01503 Информатика
БакалавриатАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша6B01503 ИНформатика
БакалавриатЫ. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B01503 Информатика
БакалавриатҚ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі6B01503 Информатика
БакалавриатӨ.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B01503 Информатика мұғалімін даярлау
БакалавриатОңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі6B01503 Білім беру жүйесіндегі информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
БакалавриатХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі6B01503 Информатика мұғалімдерін оқыту
БакалавриатТараз мемлекеттік педагогикалық университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша6B01503 Информатика
БакалавриатШет тілдер және іскерлік карьера университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі6B01503 Информатика мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат"Сырдария" университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша6B01503 Информатика
БакалавриатШ.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша6B01503 Информатика мұғалімдерін оқыту
БакалавриатМ.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша