Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01502 Физика в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушы материалдық денелердің қозғалысын және олардың арасындағы өзара байланысты зерттеу жолын қарастырады, денелердің немесе олардың бөліктерінің кеңістіктегі өзара орналасу уақытының өзгеруін есептейді. Студенттер физиканың негізгі принциптері мен шамаларды зерттеудің әдістерін сынтұрғысынан сипаттайды, шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін тәжірибеде тиімді қолданады. Курс студенттерге алған білімдерінің нәтижесінде механиканың негізгі заңдары арқылы есеп шығаруда және табиғи процестерді тануға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мамандандырылған ағылшын тілі
    Несиелер: 7

    Бұл курс кәсіби лексика және мамандық тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста практикалық тұрғыда белсенді қолдануға үйретуді ұсынады. Бұл курс студенттерге кәсіби мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқып түсіне алу, берілген мәліметтерді таба білу, оқығанының мазмұнын есте сақтау; іс қағаздарын толтыру, жеке немесе іскерлік сипаттағы шағын хат жазу; шетел тіліндегі мәлімдемелерді түсіну; өзінің кәсіби қызметіне байланысты сөйлеу және жазу дағдыларына ие болуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Молекулалық физика және термодинамика
    Несиелер: 5

    Бұл курста молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі ұғымдары мен қағидаларын және статистикалық әдіс, ықтималдықтар теориясының элементтерін қарастырады. Ауаның ылғалдылығын, меншікті жылу сиымдылықтарын және сұйықтардың беттік керілу коэффицентін ажыратады; жалпы физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектер мен өлшем бірліктерін анықтайды; физикалық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде таралған әдістерін зертханалық сабақтарда қолданып, абсолюттік, салыстырмалық қателіктерін есептеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    Бұл курста электромагнетизмнің өткізгіштегі электр өрісін, электростатикалық өріс энергиясы, қатты денелердің электр өткізгіштігін және газдардағы электр тоғын, заттың магниттік қасиеттерін қарастырады. Студенттер тұрақты, айнымалы токтарды анықтайды; электр энергияның тасымалдау жолдары мен әдіс тәсілдерін, электромагниттік құбылыстарды техникада және практикада қолдануды үйренеді; электр өлшеуіш құралдарының жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстардың салыстырмалы қателіктерін есептейді; негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Атомдық физика есептерін шығару әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курста кванттық физиканың есептерін шешуді үйретудің сипаттамалық ерекшеліктерін, дидактикалық және әдістемелік кезеңдерін; физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді пайдаланады; есептердің шешімін табуда ақпараттық технологияны қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физика есептерін шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Білім алушы физика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; физикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді пайданалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттер
    Несиелер: 6

    Білім алушы мектептегі физика курсындағы демонстрациялық эксперименттерінің негізгі түсініктерін сипаттайды; білім жүйесіндегі қазіргі заманғы физикалық рөлін анықтайды; физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін анықтайды; демонстрациялық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін қолданады; орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірибелерді салыстырады; арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
    Несиелер: 6

    Бұл курста мектептегі физикалық эксприменттің әдістемесі мен техникасының негізгі мақсаты мен міндеттері анықтайды; Физикалық демонстрациялық экспериментті жұмыстарды сипаттайды; зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап оны оқу үрдісінде ұйымдастыра отырып қолданады; мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал жабдықтармен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады;студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оптика
    Несиелер: 5

    Білім алушыларды жарықтың шағылуын, сынуын, жұтылуын, сәуле шығаруын, жарықтың бір-бірлерімен табиғатта әсерлесу құбылыстарын қарастырады және зерттеулерде алған білімдерін қолданады; күрделі мәселелерді талдауға қажетті шешім таба білуге дағдыланады; оптиканың пәнаралық шекарасында білімнің басқа салаларымен нақты есептерді шешу үшін физиканың жалпы заңдарын қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы
    Несиелер: 5

    Физикадағы элементар бөлшектер теориясының қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және атом ядроларының қасиеттерін талдайды; физиканың негізгі принциптерін, заңдылықтарының логикалық мазмұнын ажыратады; математикалық өрнектермен анықтап, негізгі құбылыстарды сипаттайды; қазіргі заманғы теориясының эксперименттік негіздерін, теорияның салдарын және практикалық қолдануларын түсіндіреді; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшелігін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кванттық физика және физика тарихы мен заманауи жетістіктері
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында микрообъектілер заңдылықтарын терең түсінуде материалистік позициядан кванттық процестерді интерпретациялау қабілетін қалыптастырады; кванттық физиканың математикалық аппаратын қолданады; теориялық физиканың бастапқы ұғымдары мен принциптерін сипаттайды; заманауи, тарихи жетістіктері мен деректерін жинайды, сыни тұрғыда ойларын толықтырады; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беруде физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында физиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі физиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білім алушы мектеп физика курсының оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; физикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, демонстрациялық эксперименттерді жүргізудің әдіс - тәсілдерін қалыптастырады; электродинамика, кванттық физиканың элементтері, атом ядросының физикасының тақырыптарын оқытудың әдістемесін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі және академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Білім алушы физика, білім саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, мазмұнының ерекшеліктерін, кіріспе мен қорытынды гипотезасын тұжырымдайды; зерттеудің жалпы әдістері жөніндегі ұғымдарды сипаттайды; жеке қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді; академиялық хаттың негізгі белгілері: жоба жұмысының мазмұндық құрылымын, кесте толтыруға, график тұрғызуға, физикалық есептерді кеңістікте кескіндеуге, ғылыми мақалалар, аннотациялар, рефераттар, рецензиялар, эсселер жазуға машықтанады; ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында талқылау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудағы сандық білім беру ресурстары
    Несиелер: 5

    Білім алушы компьютерлік модельдеу технологиясы мен əдістерін, жабдықталған жүйелерін талдайды, жобалау туралы жалпы түсінік қалыптастырады; компьютерлік модельдеуді практика жүзінде қолданады; негізгі физикалық құбылыстар мен олардың ерекшелігін сипаттайды; эксперимент жүргізуде және өлшеулер нәтижелерін өңдеуде кестедегі мәндерді график арқылы есептейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Аспан механикасының элементтері
    Несиелер: 5

    Бұл курс аспан механикасының негізгі элементтерін, түсініктері мен әдістерін сипаттайды; физикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы рөлін анықтайды; жұлдызды аспанның негізгі шоқ жұлдыздары мен айқын көрінетін жұлдыздарды ажыратады; астрономиялық ұғымдарды ажырата алады; Өз бетінше астрономиялық бақылаулар жүргізеді және теориялық білімді практикада дәлдікпен есептейді; негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі жаңа технологиялар
    Несиелер: 5

    Бұл курста оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін қарастырады; білім беру технологияларын қолдана отырып, теориялық зерттеулерін сипаттайды; инновациялық технологияларды меңгеру барысында оқыту әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтайды; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда сандық ресурстарды пайдаланады; оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп физика курсы
    Несиелер: 6

    Курсты оқу барысында мектепте оқытылатын физикалық идеяларды сипаттайды, физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; нақты практикалық міндеттерді шешу үшін алынған теориялық базаны қолданады; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми әдебиеттермен сауатты жұмыс жасайды; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физиканың цифрлық зертханалары
    Несиелер: 6

    Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрономия
    Несиелер: 5

    Астрономиялық құбылыстардың себептері мен салдарың анықтайды; аспан денелерінің қозғалысын физикалық заңдар арқылы жоғары дәлдікпен есептейді; астрономиядан эксперименттік зерттеулерді белсенді жүргізеді; үлкен өлшемдегі уақыт – кеңістік мәселелеріне сәйкес күрделі зерттеулерді сараптайды; ғарыш денелерін зерттеуде заманауи әдістерді қолданады; астрономиялық бақылауларды сын тұрғысынан сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын оқып үйренеді. Сонымен қатар LEGO EV3 Mindstorms NXT, ALPHA1 PRO платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, Alpha1 Pro бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды. Графикалық бағдарламалау өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін зертханалық сабақтарда сипаттап есептеулер жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • STEM-білім
    Несиелер: 5

    Бұл курс барысында білім алушының жай механизмдерден бастап күрделі механизмдерді құрастыра алу дағдысы қалыптасады, STEM технологиясын тәжірибеде қолданады; робот техникасын модельдеу барысында қозғалыс теректориясын анықтайды; зертханалық жұмыстарда жаңа механизмдер құрастырады, механизм қозғалысын реттейді; ғылыми зерттеулерде: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін, жел энергетикасын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Физикадан ғылыми әдебиеттермен жұмыс
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектеп оқушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу кезінде әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; қажетті дерек көздерін пайдаланудың тиімді әдістерін меңгереді; зерттеу жұмысының әдебиеттеріне сілтемелерді қоюды үйренеді; пайдаланған әдебеттер тізімін жазу ережесіне машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Функционалдық сауаттылық және логика
    Несиелер: 6

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласу, жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыру, белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру дағдысы қалыптасады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз бойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Теориялық физика курсынан есептер шығару әдістері
    Несиелер: 5

    Курста теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдеріндегі физикалық ұғымдар мен принциптерінің сипаттамаларын талдайды және оларды қазіргі заманғы ғылыммен және техникамен байланыстырады; нақты есептерді шешу үшін физикалық заңдарын қолданады және зерттеу нәтижелерін әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді жүйелейді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Оптика есептерін шығару әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білім алушы оптикалық логика аппаратын қолдану әдіснамасын сипаттайды; физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен физикадағы жалпы заңдардың мазмұнын анықтайды; кәсіби тұрғыда есептердің түрлерін және белгілі алгоритмдер құру дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін пайдаланады; физикалық шамаларды, есептелуін талдап, негізгі формулалардың тиімді әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Физикадан олимпиадалық есептер шығару практикумы
    Несиелер: 6

    Білім алушы әртүрлі деңгейдегі физикалық есептердің түрлерін сипаттайды; есептерді шешудің мазмұнын анықтайды; олимпиадалық және ғылыми зерттеу есептерін қарастырылады; стандартты емес олимпиада есептерін шешуге классикалық идеяларды дұрыс ажыратады; күрделі есептерді шешуге дидактикалық және дамытушылық қызметін жүзеге асырады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Радиоэлектроника және интегралды микросхемалар
    Несиелер: 5

    Білім алушы электр тізбектеріндегі тұрақты және өтпелі процестерді есептеудің негізгі әдістері, олардың күшейткіштер, түзеткіштер, тұрақтандырғыштар, триггерлер және басқа құрылғыларды қоса алғанда электронды тізбектерге қолданылуы, микропроцессорлық жүйелерді қарастырылады. Жартылай өткізгіш элементтердің қасиеттері мен сипаттамалары салыстыра алады: диодтар, биполярлық және өрісті транзисторлар, тиристорлар, операциялық күшейткіштер, қарапайым логикалық элементтерді. алынған нәтижелерді өңдеп схемаларды жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қарапайым бөлшектер физикасы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында электрондық күшті және әлсіз әсерлесулерді ажыратады; қарапайым бөлшектердің классификациясын анықтайды; физикалық идеяларды сипаттайды; теориялық заңдылықтарды зерттеу барысында саралайды; физикалық есептерді талдайды; Анти-бөлшектер жайлы ұғымды қалаптастырады; білімнің басқа салаларымен есептерді шешу үшін физиканың жалпы заңдарын қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Теориялық физика негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы классикалық және кванттық механиканың, арнайы салыстырмалы теорияның, электродинамиканың, термодинамиканың және статикалық физиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады; Физикалық заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін, салыстырмалылық негіздерін, кеңістік – уақыт өлшемі туралы білімді арттырады; қазіргі математика мен физиканың проблемалары мен жетістіктеріне қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON4

    жас ерекшеліктерін ескере отырып, қоршаған ортаның тіршілік қауыпсіздігін және дамыту мәдинетінің жолдарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік қызметтерін, ұлттық құндылықтар мен азаматтық ұстанымды жүйелі меңгереді;

  • Код ON3

    орта білімнің жаңартылған мазмұны, инклюзивті білім беру жүйесі, критериалды бағалауды жетік меңгерген;

  • Код ON2

    зертханалық жабдықпен жұмыс жасау, жұмыс нәтижесін есептеу, физикалық есептерді шешу, математикалық есептеулер жүргізу дағдыларына ие болады;

  • Код ON8

    кәсіби тілдік қарым-қатынастың қажетті деңгейіне ие

  • Код ON1

    жалпы, теориялық физика заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын біледі, құбылыстар мен процестерді талдай алады;

  • Код ON6

    оқу тәрбие жұмысын жоспарлап, теориялық білімі мен нақты тәжірибелік дағдыларын басқарушы қызметте іске асыра алады;

  • Код ON7

    кәсіби білім саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, оқушылардың ғылыми жобаларын жазу және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады;

  • Код ON5

    цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, компьютерлік модельдеу дағдыларын, ғылыми зерттеуде сауаттылығын, логикасын, көшбасшылық қаблетін көрсетеді;

6B01502 Физика
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Физика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Физика
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01502 Физика
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
6B01502 Физика
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Физика пәнінің мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Физика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Физика мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Физика мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01502 Физика мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01502 Физика
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Физика
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01502 Физика мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top