Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті в Баишев Университеті

  • Нормативтік қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Білім алушы әдеби тіл, оның нормалары, тілдік нормалардың түрлері туралы жан-жақты білім алады. Фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика бойынша талдау түрлеріне арналған түрлі жаттығуларды орындау барысында тілдік нормалардың негізгі заңдылықтарын меңгереді. Тіл білімі салалары бойынша өз бетінше фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізіп, алған білімдерін жүйелей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің терминологиясы
    Несиелер: 3

    Пәнді оқыту барысында терминология жөніндегі түсінігі қалыптастырылады, қазақ терминологиясының қазіргі міндеттері, термин сөздер туралы мәселелер қарастырылады. Қазіргі қазақ тіл білімінің лексикологиясындағы қолданысы шектеулі сөздердің қатарына жататын термин сөздердің жасалу тәсілдері, заман талабына сай әр саладағы терминдерді қолданылу ерекшеліктері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің фразеологиясы
    Несиелер: 3

    Қазақ тілі фразеологиясының көркем әдебиетте ұлттық мәдени аспектіде қолданылуы, мәтін құрастырудағы рөліне талдау жасалады. Фразеологизмдердің түрлері, зерттелуі, сөз таптарына қатысы, ұлттық мәдени сипаты, құрылымы, аударылуы, шығуы туралы мәселелер қарастырылады. Пәнді игеру барысында білім алушылар қазақ фразеологиясы бойынша лексика-семантикалық, функционалды-стилистикалық заңдылықтарды қолдана алу дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы және рухани мұра
    Несиелер: 4

    Ежелгі дәуір әдебиеті түркі халықтарына ортақ ойшылдар мен ғалымдардың, ақындардың шығармашылығы арқылы түсіндіріледі. Қазақ халқының көне әдеби ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктері, олардың түркі халықтарының көне әдебиетімен ортақтастығы, өзара байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы және фразеологиясы
    Несиелер: 3

    Курсты оқу барысында білім алушылар тіл біліміндегі қазақ тілі лексикалық жүйесінің ғылыми теориялық негіздерін меңгереді, сөз байлығы жетіліп, ой-өрісі кеңейеді. Тілдік материалды талдай алады, мәтінді дыбыстық ерекшелігіне сай мәнерлеп оқи алады, тілдік бірлікті тілдесім жағдайы мен қолданылатын аумағына сәйкес түрлендіре алады, тілдік материалдың ғылыми қолданысы туралы өз пікірі мен ұсынысын дәлелдейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл білімі мен әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 4

    Бұл пән білім алушыларға тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы және оның салалары туралы білім беріп, олардың негізгі ұғымдарын түсіндіруге бағытталған. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының айырмашылығы түсіндіріледі және олардың зерттеу нысандары таныстырылады, білім алушылар тіл ғылымының өткені мен қазіргі деңгейі туралы ақпаратты шығармашылықпен байланыстыра игереді, ғылыми әдебиеттер талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • «Экономикалық-құқықтық, экологиялық білім және ғылыми зерттеу әдістері» (Ғылыми зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері, Экономика және кәсіпкерлік негіздері, Экология және тіршілік қауіпсіздігі)" модулі
    Несиелер: 5

    Модуль ғылыми зерттеудің әдіснамалық базасын, ғылыми жұмыстың тұжырымдамалық аппаратын, зерттеудің негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының құқық және құқықтық қатынастарының негізгі ұғымдарын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ экономика және кәсіпкерлік саласындағы теориялық және практикалық негіздерді, табиғи жүйелердің жұмысының негізгі экологиялық түсініктері мен заңдылықтарын, қоршаған ортаны қорғаудың проблемалары мен әдістерін, қоршаған ортаны ластайтын өндірістерге заңды және экономикалық санкциялардың қауіпсіз өзара әрекеттесу тәсілдерін, табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілерін игеруге бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Мәнерлеп оқу, Балалар әдебиеті)
    Несиелер: 8

    Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы, әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар, мәнерлеп оқытудың ерекшеліктері, дауыс ырғағы құрылысы, іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктері оқытылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Шешендік өнер, Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті)
    Несиелер: 8

    Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Іскерлік қатынасты жүзеге асырудың теориялық мәселелерімен, халықаралық іскерлік этикетпен, хаттама және оны жүзеге асырудың, ұйымдастырудың амал-тәсілдерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курс болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға, олардың қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін білім жүйесін меңгеруіне, білім беру парадигмасын, білім берудің жаңа стандарттарын ауыстыру жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • «Сандық технологиялар» модулі (Бұлтты және мобильді технологиялар, Smart-технологиялар, Электронды үкімет)
    Несиелер: 5

    Модульге кіретін пәндердің мазмұнында ОwnCloud бұлтта деректерді сақтауға арналған сервис, ұтқыр телекоммуникациялық IT-инфрақұрылым, Smart-технологиялар, 3D-принтинг сияқты бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қарастырылады. Модуль пәндерін оқу барысында білім алушыларда e-Gov электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу, құжат айналымында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, мобильді банкинг және басқа да сандық сервистерді практикалық қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Балалар фольклоры, Риторика)
    Несиелер: 8

    Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы және тағы басқа өзіндік ерекшеліктері зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Байтұрсыновтану
    Несиелер: 5

    Курс Байтұрсыновтану ғылымына қатысты еңбектерді ғылыми саралау, оларға ғылыми талдау жасау, теориялық болжамдар жасай білу және ғылыми сараптамалар жасауға дағдылану, өзіндік ой қорытындыларын түйіндей білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әуезовтану
    Несиелер: 5

    М.Әуезов шығармашылығының қазақ әдебиеті мен әдебиеттануындағы орны, шығармалары мен әдебиетiмiздегi көркемдiк тәсiлдi қалыптастыруға қосқан елеулi үлесі, туындыларының мазмұны, сюжеті және Әуезовтану ғылымының қалыптасып, дамуына еңбегі сіңген зерттеушілердің іргелі еңбектері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнында Абайтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы, Абайтануды қалыптастырушылар және олардың негізгі еңбектері мен зерттеу салалары, Абайтану ғылымының библиографиясы қарастырылады. Абай мұрасының жазылу тарихы, себебі, ақын мақсаты, идеясы, шығарма құрылымының жүйесі, көркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігі, мектеп бағдарламасы көлемінде алған түсініктері негізінде тереңдетіліп, болашақ мамандарға қойылатын талап деңгейінде абайтану ғылымының қыр-сыры меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Едігетану мәселелері
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде түркі халықтарына ортақ «Едіге» эпосының өзінен бұрынғы эпостарға қатысы, дәстүр сабақтастығы, тарихи негіздері оқытылады. Жыр-дастандардың жазылу тілі, жанры, стилі, поэтикалқ сипаты, «Едіге» жыры туралы білім негізінің қалыптасуы, оның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Грамматика 1 модулі (Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы)
    Несиелер: 15

    Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы тіл дыбыстары жүйесін, жасалу ерекшеліктерін, әртүрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарымен арақатынасын, тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыстардың қызметі, казақ тілінің дыбыстар жүйесін, дыбыстардың бір-біріне әсері, орфография мен орфоэпия, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы нақты ғылыми түсінікті қарастырады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын, сөзжасамдық заңдылықтар мен түрлі амал-тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздерді қарастырады. Сөзжасам теориясы, аталым теориясы, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ұя, есім сөздің сөзжасамы, зат аталымы, сын аталымы туралы түсініктер қалыптастырылады. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуі және жарыққа шығу жолдарымен, амал-тәсілдерімен таныстырады және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми-теориялық білім жайында мәлімет береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қоңдыбайтану
    Несиелер: 4

    Қоңдыбайтану курсында білім алушылар мифология ғылымына зор үлес қосушы, қазақтың мифтік-лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы ғалым Серікбол Қоңдыбайдың мол ғылыми мұрасымен танысып, ондағы тарихи ақиқат пен мифтік танымдар туралы түсініктер, мифологиялық, таңбалар теориясы, арғықазақтық таңбалар жүйесі, мифтік танымдағы кейбір ұғымдар, мифоконцептілер, миф туралы ұғымдар туралы терең білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Эпостану
    Несиелер: 4

    Эпостану курсын оқыту барысында қазақ эпосының жанрлық құрамы, классификациясы, шындықтың эпостағы бейнеленуі, шығу мезгілдері туралы тарихи жырлар талданып, жыр-дастандардың жазылу тілі, поэтикалық сипаты, оның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, негізгі кезеңдері, жыр-дастандардың жазылуы, эпостық жырлардың өзге қаһармандық эпостармен ұқсастығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • 15-18 ғ. қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Хандық дәуір әдебиетінің мазмұндық, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері, қазақ жырауларының тарих сахнасына шығу себептері, хандық дәуір әдебиетінің қазақ әдебиеті тарихындағы орны, осы дәуірдегі әдебиет шығармаларының тәрбиелік мәні, аңыз әңгімелер мен тарихи жырлардағы, нақтыланған жыраулар мен ақындар шығармаларындағы хандық биліктің ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркітану
    Несиелер: 5

    Пән түркі тілдерінің зерттелуін, түркітану ғылымының негізгі бағыттары, өзге халықтар тілдерінің зерттелуі, қазақ тіліне аударылу дәрежесі, жариялануы және жетістіктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі түркітану
    Несиелер: 5

    Түркі тіл біліміндегі жазба ескерткіштерінің тіл жағынан зерттелуін, фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, синтаксистік тұрғыдан талдануын қарастырады. Тіл және этнос, түркі тілдерінің қалыптасу және даму дәуірлеріне талдау жасайды. Түркі тілдерінің қазіргі күнгі зерттелу мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Тілдік элементтердің дұрыс қолданылуын өзінің объектісі санайтын стилистика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланысты. Стиль түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары, бір-бірімен байланысы, жүйелілігі түсіндіріліп, білім алушылар мәтіндер бойынша жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оларды стильдік ерекшелігі бойынша ажырата білуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 6

    Курс әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры, лирикалық жыр үлгілерінде кездесетін теориялық элементтер қамтылады. Әдебиет теориясындағы әдебиеттің даму заңдылықтары, шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілері айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құтыптың "Хұсрау мен Шырын" поэмасының лексика-грамматикалық сипаты
    Несиелер: 5

    Жазба ескерткіштің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін қазақ тілімен, қажет болған жағдайда басқа туыстас түркі тілдерімен салыстыру, салғастыру мақсат етіледі. Білім алушылар “Хұсрау мен Шырын” поэмасының тіліндегі грамматикалық категорияларды қазіргі қазақ тілінің морфологиялық ерекшеліктерімен салыстыра талдау жасауға үйренеді, тілдің грамматикалық құрылысының даму үрдісін айқындай алатын болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семантикасы
    Несиелер: 5

    Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына, сөз мағынасының лексика-семантикалық топты анықтаудағы ролі мен маңызы, сөздің лексикалық мағынасының анықталу шегі мен орны, сонымен қатар сөз мағынасы мен контекст, сөздердің тіркесуіндегі семантикалық факторлары мен құбылыстары қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін дәуірлеу
    Несиелер: 6

    Курс еліміз егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін, әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті мәселелерін қарастырады. Қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, пайымдалған оң тұжырымдарды жеткізу пәннің негізі мақсаты болып саналады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнында әдебиетті оқытудың дамуы, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің, сондай-ақ, жеке әдістемелердің кіріктірілуі, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым мен мәдениеттің даму барысына жан-жақты келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру, оқытудың жаңа түрлерін іздестіру мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стилистика және әдеби тіл
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің стилистикалық жүйесін, тілді стиль түрлеріне сай қолданудың және әдеби тілдің өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгереді. Стилистика ғылымының ұғымдары мен категориялары туралы түсініктерді, стилистикалық коннотация, функциональдық стилистика, грамматикалық стилистика, ауызекі сөйлеу тілі, ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі туралы білім-дағдыларды игеріп, мәтіндерге талдау жасауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі хандар бейнесі
    Несиелер: 5

    Жыраулар мен ақындар поэзиясындағы хандар бейнесі, көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізі, тілдік-көркемдік табиғаты, қазақ әдебиетінің өзіне тән сипаттары, ұлттық әдеби процестің, әдебиет терминдерінің ерекшеліктері жете түсіндіріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл пән қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-практикалық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өлең сөздің теориясы
    Несиелер: 6

    Пәнде өлең сөздің теориясы, ұйқас түрлері мен жанрлық түрлері сипатталады. Сонымен қатар бұл пән әдебиеттің түрлі кезеңдеріндегі қалыптасқан өлең жүйелерін, тармақ, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін қамтиды. Өлең сөздің теориясы бойынша жаңа теориялық ұғымдар қалыптастырылады, өлең құрылымын, теориясын қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы әдебиет тарихының бастауы саналатын жыраулар поэзиясының қыр-сыры зерделеніп, оларды жан-жақты талдау арқылы, болашақ филологтардың санасына тәрбиелік, отансүйгіштік ұғымдары сіңіріледі. Хандар тұлғасының бейнелік сипаты, тағылымы және басқа қырлары жан-жақты талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби сынның қазіргі кезеңі
    Несиелер: 4

    Әдеби сынның қазіргі кезеңі пәнінде берілген шығарманың мазмұнына сыни тұрғыдан қарау, басқа туыстас халықтардың әдебиеттерімен байланысы, ұлттық әдеби сынның тарихын жасаудағы заңдылықтары қарастырылады. Қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы, бағыттары, даму деңгейі қамтылып, әдеби сын тұрғысынан талданған ғылыми еңбектер зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Курс ағылшын тілін кəсіби мақсатта, ғылыми жəне тəжірибелік жұмыстарда, шетелдік əріптестермен қарым-қатынас барысында, өз білімін көтеру жəне тағы да басқа мақсаттарда қолдануы үшін студентті кешенді теориялық-лингвистикалық, тəжірибелік жəне ақпаратты-аналитикалық деңгейде даярлауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетінің поэтикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ әдеби шығармаларының көркемдік сипаты, жазушы стилі, шығарманың мазмұны мен пішіні, сюжеті, образдар жүйесі, шығарманың тілі талданып, жанрлық ізденістер, көркем образдар жүйесін қалыптастырудағы заманауи жетістіктер сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіл теориясы
    Несиелер: 5

    Тіл теориясының даму заңдылықтары, қалыптасу тарихы, тіл мен ойлаудың арақатынасы, тілдік бірліктердің даму тарихы, қазіргі ғылым саласындағы орны қарастырылады. Тіл теориясы, тіл білімінің даму бағыты, қазіргі тілтанымдағы көкейкесті мәселелер айқындалып, айырым мен ортақ белгілері дараланып, әрқайсысына тән ерекшеліктер ұғындырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
    Несиелер: 5

    Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы пәні бойынша грамматикалық ережелер және олардың сөйлеу барысындағы қызметі, ағылшын тілінің грамматикалық жүйесі дамуының негізгі бағыттары айқындалып, талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында ежелгі заман лингвистикасы, көне Қытайдағы, көне Грециядағы, көне Римдегі,, Армениядағы, Ирандағы тіл білімі және парсы лексикографиясы қарастырылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихы туралы мәліметтер беріледі. Тілдің анықтамасы, тілдің таңбалық, функциялық сипаты анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіл тарихы
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында тілдің даму тарихында қалыптасқан мектептер, заңдылықтары, оның негізін салған лингвист ғалымдардың теориялары, қазіргі тілдің даму заңдылықтары, тілдің жаңа салалары, тілдің қоғамдық мәні мен оның қызметі, жүйесі мен құрылымы туралы мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тарихи поэтика және әдеби сын
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері талданып, оның әдебиет тарихы және әдебиет теориясымен байланысы ұғындырылады. Сынның эстетикаға, журналистикаға жақындығы, әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны көрсетіледі. Сыншылық өнер мен сыншының берік ұстанымы, әдебиет классиктерінің сын туралы пікірлері, сын тарихы сипатталады. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған еңбектер талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХIX ғасыр қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақын-жыраулар поэзиясы оқытылып, өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер), әнші-ақындар шығармашылығы кеңінен қамтылады. Сондай-ақ, ағартушылық, демократиялық көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының дамуы, олардың реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалдары жөнінде терең мағлұматтар беріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Академиялық жазба және кәсіби тілдер модулі (Академиялық жазба, Кәсіби қазақ (орыс) тілі, Кәсіби бағытталған шетел тілі)
    Несиелер: 6

    Модуль тек лингвистикалық (тілдік, синтаксистік және стилистикалық) ғана емес, ең алдымен логика, талдау, сыни ойлау, объективтілік және өзге идеяларға және бөтен мәтіндерге құрмет сияқты металингвистикалық құзыреттіліктерді қамтитын күрделі және көпжоспарлы біліктер кешенін білдіреді. Кәсіби-бағдарлы шетел тілін оқыту студенттің жеке қасиеттерін дамытуға, оқытылатын тіл елінің мәдениетін білуге және кәсіби және лингвистикалық білімге негізделген арнайы дағдыларды меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілі грамматикасын ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі грамматикасын ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі курсының аясында қазақ грамматикасының зерттеу нысаны айқындалады, даму тарихы, заңдылықтары сипатталады, грамматикалық құрылымын, ерекшеліктерін меңгеру әдістемесі меңгертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Отарлау дәуіріндегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Бодандық дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен олардың көрнекті өкілдері мен шығармашылық ізденістері, өткен әдебиеттің биік деңгейінің болмыс-бітімі айқындалады. ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар шығармалары, осы кезеңдегі жаңа жанрлық тұрғыда пайда болған романдар, әңгімелер, роман-эпопеялар талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 4

    Әдеби сын әдеби туындыны жан-жақты талдап, оның көркемдік құнын белгілеу, өз кезеңінің эстетикасы үшін мән-маңызын анықтау арқылы жазушыға туындыларының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей септігін тигізеді, оқырманға шығарманы жете түсініп, дұрыс бағалауға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті, Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті)
    Несиелер: 8

    Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады. Кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданып, тақырыбы жағынан өз дәуіріне сәйкес ерекшеленетіндігі көрсетіледі, сонымен бірге жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, кемелдену процестері айрықша көрініс табады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
    Несиелер: 6

    «Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі» пәні қазақ тіліндегі сөз тіркесі, сөздердің тіркесу формалары, есімді және етістікті тіркестер, олардың ерекшеліктері, мағыналық қатынастары, сөйлем мүшелері, сөйлемді тану принциптері, сөйлемнің, сөйлем мүшелерінің қатынасына қарай түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі, олардың тыныс белгісі жайлы теориялық материалдарды қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күнгі даму деңгейіне жету жолын, эволюциясын тарихи-салыстырмалық әдіс негізінде түсіндіру болып табылады. Бұл пәнде тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Тарихи романдар, Қазақ әдебиетінің парадигмалары)
    Несиелер: 8

    ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады. Роман жанрын жан-жақты қарастыру кейінгі дамуды бағамдап, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады. Қазақ әдебиетіндегі жарық көрген және әдебиеттің тарихы мен даму процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің ғұмырнамасы, шығармашылық ізденістері, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектер тереңдетіліп қарастырылады. Сондай-ақ, аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесім дәрежесіне жіті назар аударылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері
    Несиелер: 6

    Пән мазмұны бойынша орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің алғышарттары мен ерекшеліктерін, нормативтік және құқықтық базасын меңгерте отырып, білім алушыларды «Рухани жаңғыру» және SMART бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес тәрбиелеу, оқыту мен дамытуды жүзеге асыру қажеттілігі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (ХХ ғасыр қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті)
    Несиелер: 8

    ХХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихындағы жанрлардың дамуы, өрлеу кезеңі, даму бағыттары сипатталады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі мазмұнында кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданады. Қазіргі қазақ әдебиеті курсында тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің жаңа ағымдағы жанр түрлері талданады.ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы пәні бойынша түркі тілдері тобындағы туыстық, өзара орналасу аймағына байланысты салыстырулар талданып, түркі тілдерінің жүйесіне, сөзжасамдық бірліктеріне, заңдылықтарына, амал-тәсілдеріне, сөздердің жасалу жолдарына, әр сөз табының сөзжасамына талдаулар жасалынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұны бойынша қазіргі қазақ тілі синтаксисі мен оның салалары, атап айтқанда, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтакисін (жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі), мәтін синтаксисін, пунктуация туралы теориялық білім мен ұғымдар игеріліп, синтаксистік талдау жасау дағдыларына машықтандырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Грамматика теориясының тарихы
    Несиелер: 6

    Бұл курсты оқыту барысында құрмалас сөйлемдердің қалыптасу, даму жолдары қарастырылып, құрмалас сөйлемніңжай сөйлемнен айырмашылықтарын танытатын жасалу жолдарына қарай түрлері, құрмалас сөйлем сыңарларының арасына қойылатын пунктуация түрлері, құрмалас сөйлем құрамында кездесетін бөгде сөздер, олардың тыныс белгілері қамтылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің басқа құрмаластардан айырмашылығы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ақпараттық технологиялары)
    Несиелер: 4

    Пәнді оқып-үйрену барысында білім алушылардың педагогикалық және дипломалды практикадан өтуі және одан кейін кәсіби мамандығы бойынша жұмысын жалғастыруы үшін әдістемелік бағыт беру мақсатында қазақ тілі мен әдебиетін ақпараттық технологиялармен оқыту әдістемесін қолдана білу дағдылары қалыптастырылады. Ақпараттық технологиялардың заман талабына сай ерекшеліктері, пән мақсатына сай қолданысы, медиа сабақтардың құрылымдық сипаты талданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Лингвокомпаративистика
    Несиелер: 5

    Лингвокомпаритивистика – салыстырмалы-тарихи тіл білімін, тілдердің туыстық жағын зерттейді. Қазақ тілінің тарихына қатысты тайпалық одақ тілі мен түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары)
    Несиелер: 4

    Бұл пән қазіргі күнгі қазақ тілін оқытуда жаңа оқыту технологияларын ұтымды, оңтайлы пайдаланудың маңызы мен мақсат-міндеттерін түсіндіреді. Білім берудің жаңартылған бағдарламасының ерекшелігін ескеріп, оқушылардың бейнелі және логикалық ойлауын дамытуға, пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін тіл саласындағы білім берудің жаңа оқыту технологияларын қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгертуді мақсат етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 6

    Курс болашақ педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлін, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдерін, бағалаудың қазіргі заманғы үлгілерін, критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыру, оны жүзеге асырудың тәсілдерін, нысандары мен құралдарын анықтау мәселелерімен байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары)
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында оқушылардың қазақ әдебиетінен алған білімдерін жүйеге келтіруге, осы пән бойынша оқу нәтижелерін жетілдіруге қызмет ететін қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінде қолданысқа енгізіліп жатқан оқытудың жаңа технологияларын меңгерту мақсаты қойылады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері қарастырылады. Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқудың нәтижеге жеткізетін тиімді әдісі ретінде қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 6

    Инклюзивті білім беру пәні бойынша барлық балаларды жалпы білім үдерісіне толық тартуға; оларды әлеуметтік бейімдеуге; жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жікке айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдауға, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Антикалық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 4

    «Антикалық дәуір әдебиеті» курсында осы дәуірдегі көркем туындыларды қазақ әдебиетімен салыстыра білуге үйрету, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білім алушылардың білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраны бағалай білу қарастырылып, антикалық дәуір әдебиеті шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын Батыс Еуропа елдерінің әдебиеті, өзге халық туындыларын қазақ әдебиетімен салыстыру, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраның қалыптасуы туралы мағлұматтар беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Түркі әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында түркі халқтары әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, шығармалары, көркемдік ерекшеліктері талданып, түркі әдебиетінің тарихы мен таңдаулы әдеби нұсқалары, түркі халықтары әдебиеттерінің тақырып, идея, сюжет пен композиция, көркемдік стиль тұрғыдан талдануы, түркі әдебиеті мұраларын оқыту қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Батыс әдебиеті
    Несиелер: 4

    Батыс Еуропа елдерінің әдебиетінің ерекшеліктері, эстетикалық құндылықтары сипатталып, шығармалардың көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты қарастырылады. Батыс Еуропа әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен талдана отырып, көркемдік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 4

    «Әлем әдебиеті» пәні антикалық дәуірдегі грек әдебиетінен бастап, бүгінгі шетел және шығыс әдебиетінің түрлі кезеңдеріндегі әлем әдебиетінің даму бағытын, сипатын қарастырады. Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің жауһар туындылары таныстырылады, оларға баға беріледі, талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Шығыс әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын шығыс елдерінің әдебиеті қарастырылады. Шығыс шайырлары шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, жанрлық қалыптасуы, нәзиралық дәстүрдің дамуы туралы талдаулар жасалады. Шығыс әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON11

    қызмет барысында тіршілік қауіпсіздігі, экология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы заңнамалық және нормативтік-техникалық актілерді пайдалана отырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-мәдени, экономикалық әртүрліліктегі тарихи дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді. Дене тәрбиесінің әдістері мен құралдары арқылы әлеуметтік және кәсіби қызметінде салауатты өмір салтын ұстанады.

  • Код ON4

    оқыту процесіндегі ынтымақтастыққа бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға бейімделген оқыту технологияларын, оқушылар физиологиясын ескере отырып қолдана алады;

  • Код ON5

    ақпаратты-коммуникативтік, цифрлық технологияларды өз кәсіби саласында түрлі ақпараттарды іздеу мен мәтіндерді өңдеуде, салыстыруда, іріктеуде қолданады;

  • Код ON8

    оқытудың түрлі педагогикалық технологияларын таңдауда дербес кәсіби шешімдер қабылдауға дайын және оны негіздей отырып қорғай алуға қабілетт

  • Код ON7

    білім алушылардың мәдени және тілдік сұраныстарын қанағаттандыруда жаңартылған білім беру және пәндік-тілдік оқыту технологияларын оқу сабақтарында өз бетінше жоспарлауға қабілетті;

  • Код ON6

    филологиялық пәндер бойынша жинақтаған білімдерін өз бетімен толықтыруға, оларды оқу үдерісінде және практикалық қызметінде қолдануға дайын;

  • Код ON1

    заманауи мұғалім тұлғасы талаптарына сай оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың психология-педагогикалық теориясын кәсіби мақсаттарға бейімдеп, қолдана алады

  • Код ON9

    педагогикалық этика ережелерін сақтап, білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильде гуманистік педагогика идеяларын ұстанып, оны өз қызметінде көрсетеді;

  • Код ON10

    кроссмәдени құндылықтарды ұлттық мәдениетпен сабақтастырып өз кәсіби қызметінде қолдана алады.

  • Код ON2

    оқыту қағидаттарына, әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарға сай сабақтарды жоспарлап, оқыту және тәрбиелеу үдерісінде кәсіби мәселелерін өз бетімен шешуге, ғылыми зерттеу бағытын таңдап, ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеуге қабілетті

  • Код ON3

    оқытудың лингво-коммуникативтік негізінде тілдік бірліктерді, әдеби шығармаларды талдап, түрлі жанрдағы мәтіндерді синхрондық және диахрондық аспектіде өңдеуге, әдеби сын жасауға қабілетті

Top