Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Информатика в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

  • Студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән студенттерде мамандық профиліне байланысты ақпараттық мәдениетін, дүниетанымын білімдерінің, дағдыларының жиынтығы ретінде қалыптастыру және зерттеу-ізденушілік қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: Ғылыми жұмыстың әдіснамасы. Ғылыми - зерттеу жұмыстарының түрлері. Ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары. Курстық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері. Зерттеу кезеңі. Ғылыми мақала элементтері. Ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу, мультимедиялық презентация құру нормативті талаптары.

  • Мәтіндерді машиналық талдау
    Несиелер: 5

    Пән мәтін жолдарын өңдеу, тұрақты өрнектер мәселелерін, машиналық тезаурустар мен сөздіктер, мәтіндерді ұсыну модельдері, компьютерде мәтіндерді өңдеу кезеңдері, контент-талдау, мәтіндерді статистикалық талдау, мәтіндік ақпаратты визуализациялауды оқытады. Пән студенттерде жол өрнектерін өңдеу, мәтін үлгілерін құру, оларды адекваттылыққа бағалау, қадамдық талдау жүргізу, нәтижелерді түсіндіру қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Негізгі пәндер бойынша арнайы курс
    Несиелер: 5

    Пән электронды оқулықтардың ерекшеліктерін көрсету, HTML бағдарламалау тілін қолдану арқылы веб-беттерді құру, электронды оқулықтарды жасау, материалдарды дайындау, Front Page бағдарламаларымен жұмыс істеу, веб-құжаттарды құру негіздері мен технологиялары, веб-беттерге қойылатын талаптар, WEB-сайт туралы түсінік,Macromedia Flash Editor, Macromedia Flash редакторының көмегімен веб-беттерді құру, бағдарламалау технологиялары,Java және JavaScript бағдарламалау тілдері,электрондық оқулықтарды модельдеу ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған.

  • Компьютерлік жүйелерінің сәулеті
    Несиелер: 5

    Пән компьютерлерді ұйымдастыру принциптерін және олардағы мәліметтерді, компьютерлерде есте сақтауды ұйымдастыру принциптерін, интерфейстік жүйелерді, компьютерлік жүйелердің қазіргі заманғы архитектураларын, ЭЕМ ұйымдастыру принциптерін, компьютерлік техниканың даму тарихын, ЭЕМ ұрпақтарын және олардың жіктелуін, есептеу машиналарының сыныптарын, микропроцессорлық жүйенің архитектурасын, интерфейстердің жіктелуін, КЖ архитектурасының классикалық үш деңгейлі моделін, клиент-серверлік архитектурасын оқып білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Ұтқыр қосымшаларды бағдарламалау
    Несиелер: 6

    Пән ДББЖ ортасындағы бағдарлама құрылымын, жүйелік және пайдаланушылық функциялар кітапханасын, қолданбалы бағдарламаларға қойылатын талаптарды, CASE-бағдарламаларды әзірлеу құралдарын: дизайнерлер, шеберлер, жоба менеджерінің функцияларын оқытады. Пән студенттердің ДББЖ ортасында жобаны құру дағдыларын қалыптастыруға және мәліметтер алмасу технологияларын қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Криптографикалық алгоритмдер
    Несиелер: 5

    Пән ақпаратты қорғау мәселелерінің өзектілігін, криптографиялық жүйелердің математикалық негіздерін, криптографияда модулярлық арифметиканы қолдану тәсілдерін, шифрлаудың дәстүрлі жүйелерін, симметриялық және асимметриялық жүйелерді, құпия хабарламалармен алмасу кезінде криптографиялық хаттамаларды жүзеге асыруды, Диффи-Хеллман, RSA алгоритмдерін оқытады. Пән студенттерде электрондық қызметтерді жүзеге асыруда қолданылатын криптографиялық алгоритмдердің жұмыс принциптерін меңгеру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Программалау технологиясы және тілдер
    Несиелер: 7

    Пән программалау тілдерінің жалпы сипаттамасын, деректер типтері мен құрылымын, алгоритмдерді, қазіргі заманғы программалау тілдерінің базалық құрылымдарын, программалаудың әдістері, технологиялары мен аспаптық құралдарын, функциялары мен әдістерін оқытады; мәліметтерді тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін модельдерді, әдістерді, алгоритмдерді және бағдарламалық инфрақұрылымды құру қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Web те бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу негізі
    Несиелер: 6

    Пән проблемалы-бағытталған Web-ресурстарды жобалау, жасау және маркетинг дағдыларын қалыптастыру, есептеу техникасы мен ақпараттық технологияларды дамытудың әлемдік тенденцияларын білу негізінде кәсіби есептерді шешу және зерттеудің перспективалық әдістерін қолдануға бағытталған.

  • Үлестірілген жүйелер технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән таратылған есептеулердің мақсатын, таратылған жүйелерді ұйымдастыру принциптерін, Грид, таратылған мәліметтерді сақтау және өңдеуді оқытады. Бұл пән студенттердің таратылған есептеулерді ұйымдастыру үшін бағдарламаларды жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Компьютер архитектурасы
    Несиелер: 5

    Пән ДК және микропроцессорлық жүйелерді қолдану қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Көпагентті жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән көпагентті жүйелерді қолдану және жобалаудың базалық теориясымен, көпагентті жүйелердің архитектурасымен, зияткерлік агенттермен, агенттер кооперациясының моделімен, семантикалық паутинамен, көпагентті жүйелерді құру әдістерімен танысуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Шешім қабылдау теориясы
    Несиелер: 8

    Курсты оқу барысында әртүрлі ұйымдастыру жүйелерін тиімді басқару әдістерін әзірлеу және қолдану, оңтайландыру әдістері, сызықты бағдарламалау, жаппай қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, стохастикалық модель қарастырылады. Пәнді оқу процесі өндірістің шешілетін міндеттерінің моделі негізінде бағдарламалар әзірлеу біліктілігін қалыптастыруға, ғылыми-қолданбалы жобалардың бизнес-жоспарларын оңтайландыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Жасанды интеллект жүйесі
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің есептеу техникасы және ақпараттық технологиялардың дамуының әлемдік тренд білімдерінің негізінде кәсіби есептерді шешу және зерттеудің озық әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Сұлбатехника негіздері
    Несиелер: 5

    Пән схемотехникаға кіріспе, аналогтық электрониканың типтік электрондық тізбектері, бульдік алгебра негіздері, базалық логикалық элементтердің схемотехникасы, сандық функционалдық тораптар, бағдарламаланатын элементтер және есте сақтау құрылғыларын оқытады. Электр сұлбаларын құру, әртүрлі логикалық элементтердің, ЭЕМ цифрлық құрылғыларының тораптарының жұмыс істеу принциптерін қолдану, сондай-ақ оларды қолайлы қолдану саласын анықтау, интриггер сұлбаларының логикалық элементтері негізінде тізбекті және комбинациялық типті цифрлық құрылғылардың сұлбаларын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

  • Сигналдарды сандық өңдеу
    Несиелер: 6

    Пән дискретті сигналдар мен жүйелерді, периодтық дискретизацияны, Фурье дискретті түрлендіруін, цифрлық сүзу әдістерін, сигналдарды цифрлық өңдеудің қолданбалы аспектілерін оқытады. Бұл пән студенттерде дискретті сигналдар мен жүйелердің параметрлерін талдауды орындау, заманауи теориялық және эксперименталды зерттеу әдістерін қолдана отырып, сигналдың жиілік және уақытша түсінігін алу қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
  • Компьютерлік тораптар
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің жергілікті желілерді жобалау, интернет желісінде қолданылатын мәліметтер алмасу хаттамаларымен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән операциялық жүйелердің қысқаша даму тарихын, негізгі анықтамалар мен ұғымдарды, жоспарлау және синхрондау процессоры мен үрдістерін басқару мәселелерін, ОЖ үзу механизмін қарастырады. Курс аяқталған соң студенттер қазіргі заманғы жүйелік бағдарламалық құралдарды: операциялық жүйелер, операциялық қабықшалар, сервистік қызмет көрсететін бағдарламаларды, пайдаланушылар арасында есептеу жүйесінің ресурстарын бөле білуі қажет.

    Селективті тәртіп
  • Бағдарламалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Курс модельдеу үрдісінің негізгі құрауыштарын: физикалық, математикалық, компьютерлік модель; компьютерлік жобалау құралдары, ОББ негізгі концепциялары, әртүрлі программалау жүйелеріндегі объектілі модельді жүзеге асыру процесі, объектілі-бағытталған бағдарламалаудағы компоненттік тәсіл, зерттеу есептерінің объектілі-бағытталған аналогын құру, компьютерлік модельдеу нәтижелерін визуализациялауды оқытады. Бұл пән студенттерде процедуралық, объектілі-бағытталған және функционалды-логикалық тәсілдердің стилінде бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Үйлесімдеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пән әртүрлі салаларда (экономикалық, техникалық және т.б.) пайда болатын, математикалық тұжырымдалған оптимизациялық есептер түрінде операциялардың математикалық модельдерін жасауды қарастыра отырып, оңтайлы басқару теориясымен, негізгі формулалармен және олардың дәлелдемелерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
  • Технологиялық үдерістерді компьютерлік үлгілеу
    Несиелер: 5

    Пән модельдеу теориясының негізгі ұғымдарын, модельдердің жіктелуін және оларды қолдану аймағын, модельдеудің міндеттерін, жобаны бөлшектеудің әр түрлі сатыларында жүйелерді жобалау процесінде қолданылатын модельдеудің негізгі құралдарын; жүйелерді модельдеу және талдау әдістерін; модельдерді құру принциптерін оқытады; студенттерде модельдердің типтік кластарын және күрделі жүйелерді моделдеу әдістерін түсіну және ақпараттық жүйелерді зерттеу, жобалау және пайдалану кезінде жүйелік тәсілді қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Бағдарламалық инженерия
    Несиелер: 8

    Пән бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклін, модельдер мен үрдістерді, БҚ архитектурасын, архитектураны моделдеу, БҚ талаптарын әзірлеу, талаптарды басқару. Пән студенттерде бағдарламалық инженерияны оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің қазіргі заманғы технологияларын зерттеу және қолдану бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Қолданбалы есептердің компьютерлік модельденуі
    Несиелер: 5

    Пән компьютерлік модельдеудің принциптері мен түрлерін, сонымен қатар компьютерлік математикалық модельдеудің қажеттілігінен туындайтын есептерді шешуде компьютерлік экспериментті жүзеге асырудың мақсаттары мен кезеңдерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Қолданбалы статистика
    Несиелер: 5

    Пән үлестірудің сандық сипаттамаларының нүктелік бағалауын, параметрлердің интервалдық бағалауын, сенімді интервалдарды және т.б. зерттейді. Курс соңында студенттер статистикалық ғылым негізінде жатқан теорияны, компьютерді қолдана отырып қажетті есептеулерді орындай білуі және тәжірибеде стандартты әдістерді қолдана білуі керек.

    Селективті тәртіп
  • Компоненттік технологиялар негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің көп буынды жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, корпоративтік желілерде жұмыс істейтін жүйелерді құру туралы білім негіздерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Бағдарламалық өнімдерді жобалауда, әзірлеуде, енгізуде, сүйемелдеуде жүйелік бағдарламалық құралдар мен жаңа бағдарламалық технологияларды пайдалану мәселелері, атап айтқанда клиенттік және серверлік қосымшаларды әзірлеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
  • Деректер қорының теориясы
    Несиелер: 6

    Пән мәліметтерді моделдеудің теориялық негіздерін, деректер қоры жүйелерін жобалау және жүргізу принциптерін, деректерге қолжетімділікті басқару және деректерді бұзылудан қорғауға бағытталған. Тұжырымдамалық модельдерді жобалаудың практикалық дағдыларын береді, деректер базасы (ДБ) және олармен жұмыс істеу интерфейстерін жүзеге асырады.

  • Ақпаратты қорғаудың көп деңгейлі үлгісі
    Несиелер: 5

    Пән идентификация, аутентификация және авторизациялау мәселелерін базалық қорғау процедуралары ретінде, қаскүнем моделі, қорғаудың көп деңгейлі схемасы, желі аралық экрандар, антивирустық бағдарламалар, қауіпсіздік саясаты; ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жобалау кезеңдері, қауіптерді талдау, тәуекелдерді басқару саясатын оқытады.

    Селективті тәртіп
  • 3Д графика
    Несиелер: 5

    Курста 3D графиканың концептуалды негіздері, 3D графика жүйелерін аппараттық қолдау, 3D нысандарын геометриялық модельдеу негіздері, 3D сахна композициясының негіздері, анимация әдістері оқытылады. Пәнді оқу үдерісі көрнекілік, деректерді өңдеу үдерістерін қабылдаудың тұтастығына, объектілер арасындағы ақпараттық байланысты қол жеткізуге арналған графикалық әдістердің мүмкіндіктерін түсіну қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Үрдістер мен жүйелерді компьютерлік үлгілеу
    Несиелер: 5

    Пән теориялық негіздерді оқи отырып, ғылыми гипотезаларды тексеру үшін есептеу техникасын қолданудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруге, модельдеу әдістерінің негізінде техникалық және әлеуметтік объектілерді жобалауда жұмыс істеуді талдауға бағытталған; студенттердің бастапқы есептерге талдау жасай білуін қалыптастыру, есептерді модельдеу әдісімен шешу қажеттілігін бағалауды жүзеге асыру, үлгілеу үшін бастапқы модельді қолайлы түрге келтіру, модельдеудің нақты есептерін шешу үшін бағдарламаларды әзірлеу, математикалық модельдерді идентификациялау үшін белгілі әдістерді қолдануға негізделген.

    Селективті тәртіп
  • Кәсіби шет тілі
    Несиелер: 5

    Пән оқытудың мәдениаралық және ғылыми-кәсіби бағыттылығын тереңдетуге, тілдің грамматикалық жүйесі туралы тұтас түсініктерді қалыптастыруға, Кәсіби-бағытталған және ғылыми мәселелер бойынша толық және дәлелді сөйлеуге, кәсіби қарым-қатынас мақсатында тілді қолдануға мүмкіндік береді.

  • Имитациялық үлгілеу
    Несиелер: 5

    Курс үлгілеу теориясының негізгі ұғымдарын, модельдердің жіктелуін және оларды пайдалану саласын, үлгілеу есептерін, жобаны бөлшектеудің әр түрлі сатыларында жүйелерді жобалау процесінде қолданылатын үлгілеудің негізгі құралдарын, жүйелерді модельдеу және талдау әдістерін, модельдерді құру принциптерін оқытады. Пәнді оқу үрдісі студенттерде күрделі жүйелерді модельдеу қабілетін қалыптастыруға, қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып статикалық және динамикалық модельдерді құруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Ақпараттық іздеу
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық іздеу моделдерін, ақпараттық-іздеу жүйелерін ұйымдастыру принциптерін, ақпараттық-іздеу тезаурустарын және онтологияларды, семантикалық іздестіруді, метадеректерді және электрондық ресурстарды өңдеуді, құжаттардың аннотациясы мен жіктеуін оқытады. Студенттерде тезаурустарды, онтологияларды қолдану және құру, электронды ресурстарды аннотациялау және жіктеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Эксперттік жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән идеялармен, зерттеудің негізгі әдістерімен және жасанды интеллект қосымшаларымен (эксперттік жүйелер, ойын бағдарламалары, теоремаларды автоматты түрде дәлелдеу және т.б.), сондай-ақ сараптамалық жүйелерді және басқа да жасанды интеллект жүйелерін құрудың аспаптық бағдарламалық құралдарымен танысуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Мәліметтер қорын бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Пән БББЖ ортасындағы бағдарлама құрылымын, жүйелік және пайдаланушылық функциялар кітапханаларын, қолданбалы бағдарламаларға қойылатын талаптарды, бағдарламаларды әзірлеу CASE-құралдарын, жоба менеджерінің функцияларын оқып білуге бағытталған. Пән студенттердің ДББЖ ортасында жобаны құру дағдыларын қалыптастыруға және мәліметтер алмасу технологияларын қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Ықшамдау әдістер және операцияларды зерттеу
    Несиелер: 5

    Пән математикалық модельдер негізінде шешу алгоритмін әзірлеуді,ғылыми-қолданбалы жобалардың бизнес-жоспарларын оңтайландыруды,операциялардың математикалық модельдерін, моделдеу принциптерін, нәтиженің пайдалылығын өлшеу әдістерін, сызықтық және бүтін санды модельдерді, графалардағы экстремалды есептерді, желілік жоспарлауды, қорларды басқару теориясын, жаппай қызмет көрсету жүйелерін, ойын теориясы мен статистикалық шешімдерді, имитациялық моделдеудің негізгі принциптері мен кезеңдерін оқытуға бағытталған.

  • Математикалық талдау
    Несиелер: 5

    Пән дифференциалдық және интегралды есептеулерді, шексіз шағын шамаларды талдау жолымен айнымалы шамаларды зерттеу әдістері мен түсініктерін оқып үйренуге,берілген пәннің типтік есептерін шешудің негізгі әдістерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдана білуді үйренуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Автоматтар мен тілдер теориясы
    Несиелер: 5

    Пән тілдер мен автоматтар теориясы саласында білім алуға, ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің аппараттық-бағдарламалық құралдарын құрумен, базалық және арнайы білімді, заманауи аналитикалық әдістер мен модельдерді қолдана отырып, кешенді талдау есептерін шешу тәсілдеріне бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Интернетте бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі заманғы Интернет-технологияларды, Web-бағдарламалау принциптерін, PHP-ға кіріспе, деректердің массивімен жұмыс жасау, PHP-дегі функцияларды оқытады. Пәнді оқу кезінде білім алушылар ақпараттық технологиялардың негізгі модельдерін, әдістері мен құралдарын және оларды пән саласындағы есептерді шешу үшін қолдану тәсілдерін қолдана білуі тиіс.

    Селективті тәртіп
  • Объектіге-бағытталған программалау
    Несиелер: 8

    Пән объектілер құрылымының сипаттамасын, объектінің интерфейсін, объектінің өмір сүру уақытын, класс ұғымдарын, объектілердің қасиеттері мен әдістерін, оқиғаларды бағдарламалауды, сынып кітапханаларын, ЖБП негізгі принциптерін, бағдарламаларды әзірлеуді меңгеруге бағытталған.

  • Роботтарды басқаруды бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Курс ЛЕГО конструкторларының негізгі компоненттерін, әртүрлі модельдердің конструктивтік ерекшеліктерін, роботтарды бағдарламалау тәсілдерін, құрылған бағдарламаларды пайдалану жолдарын, арнайы элементтерді пайдалана отырып бағдарламаларды құрастырудың тәсілдері мен тәжірибесін, негізгі алгоритмдік құрылымдарды, ЭЕМ-ді пайдалана отырып есептерді шешу кезеңдерін зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты-білім алушыларда роботтарды басқаруды бағдарламалау үшін қажетті технологиялық білімдер мен біліктіліктер жүйесін қалыптастыру және дамыту.

    Селективті тәртіп
  • Flash ортада графиканы бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Пән Macromedia Flash ортасында, Macromedia Flash бағдарламасының көмегімен бейнелерді, анимацияларды, трансформацияларды, навигацияларды, әртүрлі flash-көріністерді, презентацияларды, фильмдер мен сайттарды құру технологияларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Оперциялық жүйелер және сервистік бағдарламалар
    Несиелер: 5

    Пән операциялық жүйелердің қысқаша даму тарихын, негізгі анықтамалары мен ұғымдарын, процессор мен процестерді басқару мәселелерін, жоспарлау мен синхрондауды, ОЖ үзу механизмін, есептеу жүйесін аппараттық қамтамасыз етудің логикалық мүмкіндіктері арасындағы байланысты қамтамасыз ету есептерін шешу үшін жұмыс принциптерін үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Программалау технологиясы және тілдер
    Несиелер: 5

    Пән программалау тілдерінің жалпы сипаттамасын, деректер типтері мен құрылымын, алгоритмдерді, қазіргі заманғы программалау тілдерінің базалық құрылымдарын, программалаудың әдістері, технологиялары мен аспаптық құралдарын, функциялары мен әдістерін оқытады; мәліметтерді тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін модельдерді, әдістерді, алгоритмдерді және бағдарламалық инфрақұрылымды құру қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Математический анализ (ІІ)
    Несиелер: 5

    Бұл пән дифференциалдық және интегралдық есептеуілер болып келетің шексіз аз шамалар талдаулары арқылы айнымалы шамаларды зерттеудің түсініктері мен әдістерін оқу берілген пәннің типтік есептерін шешудін негізгі әдістерімен танысу және оларды тәжіребеде қолдана білуге бағыттылған. Пәннің мазмұны өзіне келесі бөлімдерді қосады: бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеуі: анықталған интеграл, меншіксіз интегралдар. көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеуі, қатарлар теориясы

    Селективті тәртіп
  • Қолданбалы бағдарламалар бумасы
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі математикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді: негізгі түрлерін, мүмкіндіктерін, қолдану аясын; арнайы және әмбебап математикалық пакеттерді; компьютерлік алгебра жүйелерін және сандық есептеулердің әмбебап жүйелерін (Mathematica, Maple, Matlab, Mathcad) оқытуға бағытталған. Курстың мақсаты студенттерді ЭЕМ-де ғылыми-практикалық есептерді қою және шешу әдістемесіне, есептеу техникасының бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдеріне үйрету болып табылады.

  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Пән экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуының негіздері туралы терең жүйелі білім мен түсініктерді алуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білім алуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларда роботтар мен робототехникалық жүйелерді құру үшін білім беру конструкторларымен жұмыс жасаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын меңгеру үшін қажетті технологиялық білімдер мен біліктіліктер жүйесін қалыптастыруға және дамытуға, ЛЕГО конструкторларының негізгі компоненттері, әртүрлі модельдердің конструктивтік ерекшеліктерін, арнайы элементтерді және басқа да объектілерді пайдалана отырып құрастыру жолдарын, бағдарламалау тәсілдері мен тәжірибелерін жетілдіруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау
    Несиелер: 7

    Пән кеңістіктік және уақыттық сипаттамалар тұрғысынан тиімді алгоритмдерді жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Экономика және кәсіпкерліктің негіздері
    Несиелер: 5

    «Экономика негіздері және кәсіпкерлік» пәні экономикалық категорияларды, экономикалық заңдарды және өндірісті, таратуды, алмасуды және тұтынуды, қатынастарды реттейтін басқару механизмдерін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру принциптері мен әдістерін оқытады.Кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырудың, кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың, өнеркәсіптік және коммерциялық қызметтің нысандарын жүзеге асырудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Пәнді оқып үйрену үрдісі экономикалық қызметті түсіну және тәжірибелік игеру, ойлаудың кәсіпкерлік мәдениеті, экономикалық ақпаратты қабылдау және талдау, кәсіпкерлік мақсатты қалыптастыра білу және оны жүзеге асыру жолдарын таңдау компетенцияларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Тіршілік қауіпсіздігін сақтау негіздері
    Несиелер: 5

    Пән қауіпсіздік мәдениетін оқыту, күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық үшін оқыту студенттерге табиғи, техногенді төтенше жағдайлар, соның ішінде қауіп, болып табылады, олар алғашқы медициналық көмек көрсету салауатты және қауіпсіз өмір салтын мен дағдыларды қалыптастыру оқуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 5

    Пән болашақ педагогтардың гуманистік дүниетанымын дамыту, кәсіби өзіндік дамуын және тұлғалық теориялық білімдер және тәжірибелік дағдылар жүйесін қалыптастыру, студенттердің өзіндік дамуы мен өзіндік тануын педагогикалық қолдау оқуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Код ON1

    жаратылыстану-ғылыми есептер моделін жасау

  • Код ON2

    экономиканы цифрландыру технологиясын енгізу

  • Код ON3

    кәсіпорын қызметін сипаттау үшін есептеу және ақпараттық процестердің компьютерлік моделін әзірлеу

  • Код ON4

    аппараттық-бағдарламалық құралдарды, компьютерлік желілерді тестілеу және верификациялау рәсімдерін жүргізу

  • Код ON5

    сайттарды, деректер базасын, ақпараттық жүйелерді жобалау дағдысы болу

  • Код ON6

    3D принтерлер арқылы күрделі үш өлшемді проекциялық модельдерді жасау

  • Код ON7

    халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға үлес қосу

  • Код ON8

    кеңістіктік деректер инфрақұрылымының моделін жасау

  • Код ON9

    компьютерлік жүйелер мен желілердегі есептеу архитектурасын талдаукомпьютерлік жүйелер мен желілердегі есептеу архитектурасын талдау

  • Код ON10

    ақпараттық іздеу технологиясын меңгеру

  • Код ON11

    деректерді зияткерлік талдау әдістерін қолдану

  • Код ON12

    робототехникалық жүйелерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

  • Код ON13

    мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас тілін еркін меңгеру, бір немесе бірнеше шет тілдерін пайдалану

  • Код ON14

    экономикалық білімді, кәсіби және қоғамдық қызметтегі менеджмент туралы ғылыми түсініктерді пайдалану

6B06101 Информатика
Бакалавриат

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика және ақпараттық қауіпсіздік жүйесі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Дизайндағы қолданбалы информатика
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті)

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Алматы экономика және статистика академиясы

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Информатика
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B06101 Информатика және Web-дизайн
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Қолданбалы информатика
Бакалавриат

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B06101 Агроинформатика
Бакалавриат

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

БББТ: B057 Ақпараттық технологиялар

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top