Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06102 Информатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Математика 1
    Несиелер: 8

    Математика 1 курсы ақырсыз аз шамалар талдауы арқылы жүргiзiлетiн айнымалы шамаларды зерттеудiң iргелi тәсiлдерiн оқуға бағытталған. Курс мәселесіне ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзуге қажеттi математикалық әдiстердi, басқа пәндердi оқуға қажеттi оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетiн дамыту кіреді. Курс бір айнымалы функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулерінен тұрады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 5

    «Физика» пәні жалпы теориялық дайындықтың негізін құрайды және инженерлік-техникалық қызметтің іргелі базасын дайындауда маңызды рөл атқарады. Физиканы оқытудың негізгі мақсаты: әлемнің қазіргі физикалық бейнесі мен ғылыми дүниетанымы туралы көзқарасты, іргелі заңдарды, классикалық және қазіргі заманғы физиканың теорияларын, кәсіби қызмет жүйесінің негізі ретінде физикалық зерттеу әдістерін қолдану білімі мен дағдысын қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Төменгі деңгейде програмалау тілдері
    Несиелер: 8

    Пән автоматтар теориясы, программалау, операциялық жүйелер, жабдық конфигурациясы, жад жағдайы, командалар, басқару берілісі, оқиғалар кезектілігі, болдырмау, күтпеген жағдайлар, құрылғылардың реакциясы және әрекет ету табыстылығы бойынша білімді интеграциялайды және Ассемблерде программалау тілін үйренуге, трансляторлардың қасиеттерін түсінуге негізделген С-программаларды оңтайландыруға, ЭЕМ аппараттық бөлігін ескеріп С мен Ассемблерде жоғары тиімді программаларды құруға және есептеу техникасы құралдарын моделдеуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика 2
    Несиелер: 5

    Математика 2 курсы ақырсыз аз шамалар талдауы арқылы жүргiзiлетiн айнымалы шамаларды зерттеудiң iргелi тәсiлдерiн оқуға бағытталған. Курс мәселесіне ғылыми-зерттеу жұмысын жүргiзуге қажеттi математикалық әдiстердi, басқа пәндердi оқуға қажеттi оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетiн дамыту кіреді. Курс көп айнымалы функцияның дифференциалдық және интегралдық есептеулерін және қатарлар теориясын қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • С++ тілінде программалау
    Несиелер: 8

    Пән стандартты типтегі деректер, констант, тұрақтылар, айнымалылар, операциялар, бірөлшемді және көпөлшемді массивтер, көрсеткіштерді зерттеуге арналған. С++программалау тілінде программалық қамтаманы әзірлеуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дискреттік құрылымдар
    Несиелер: 5

    Пән көп қосымшаларда орын алатын дискретті құрылымдар туралы білімді кеңейтуге мүмкіндік береді, компьютерлік және ақпараттық технологияларды (теориялық информатика, алгоритмдер теориясы, кодтау теориясы, қолданбалы математикалық және программалық қамтаманы құру). экономикалық(комбинаторлық талдау, графтар теориясы) және дискретті имитациялық модельдеуді үйренудің негізі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Web-қосымшаны жобалау
    Несиелер: 5

    Пән веб-қосымшаларды әзірлеудің негізгі дағдыларын қалыптастыруға, белгілеу тілдерін (HTML, XML) және байланысты технологияларды (CSS, XHTML, AJAX), серверде программалаудың негізгі ұғымдарын (PHP, JSF), сценарийлері бар HTML құжаттарын құру, серверлік қосымшаларды жасау дағдыларын жетілдіруге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дискретті математика
    Несиелер: 5

    Пән жиындар мен оларға қолданылатын операциялар, комбинаторика, буль функциялары, автоматтар теориясы, алгоритмдер теориясы, графтар теориясы бойынша білімдерді кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгоритмдеу және программалау тілдері
    Несиелер: 5

    Пән С++ тілінің негізгі операторлары негізгі білімдері мен құрылымдық программалаудың негізгі принциптерін, әртүрлі алгоритмдердің құрылымдық схемаларын жасау; әртүрлі деректерді өңдеу әдістері мен алгоритмдерін іске асыру үшін программалар құру; тапсырманың талаптарына байланысты қажетті деректер құрылымдарын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Web программалау
    Несиелер: 5

    Пән, кәсіби проблемаларды шешу үшін Web-технологияларға ие болу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Пән HTML тілінің негіздерін, CSS стильдерін, HTML-беттерінде CSS стильдерін қолдану технологиясын үйренуге мүмкіндік береді. РНР программалау тілін білу, веб беттер мен сайттарды стилистикалық рәсімдеу әдістерін қолдана білу, веб-беттердің формалар мен басқа да объектілерін құруда РНР программалау тілін қолдануды үйренуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән операциялық жүйелердің негізгі функцияларымен механизмдерін, пайдаланушы интерфейстерін және операциялық жүйелердің командаларын оқып үйренуге, операциялық жүйелерді ұйымдастыру мен баптау дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Киберқауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздік туралы жалпы түсініктер мен дағдыларды алуға және ақпараттық қауіпсіздік технологияларын түсінуді қалыптастыруға, барлық қызмет салаларында киберқауіпсіздік тұжырымдамасын қолдана білуге, электрондық коммуникациялар арқылы өзара әрекеттестікті және мәліметтермен алмасуды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің ақпаратты қорғаудың құқықтық және программалық-техникалық мәселелерін, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін және адаммен ақпараттық процестердің өзара әрекеттесуін реттеудің практикалық әдістерін меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Java тілінде объектіге бағытталған программалау
    Несиелер: 5

    Пән Java жоғары деңгейдегі программалау тілін пайдалана отырып, практикалық есептерді шешу негізгі дағдыларын алуға, объектілі-бағытталған программалау технологиясын меңгеруге, мәліметтерді өңдеу алгоритмдері мен әртүрлі құрылымдарын, программалау әдістерін қолдану және графикалық пайдаланушы интерфейсін жүзеге асыруға, объектілі-бағытталған программалаудың негізгі тәсілдерін пайдалануға, деректер базасына қосылу үшін JDBC технологиясын пайдалану үшін көп ағынды қосымшалар мен GUI-интерфейстерді құруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйе архитектурасы
    Несиелер: 5

    Пән ЭЕМ-нің негізгі ұйымдастыру қағидалары мен жүйесін; ЭЕМ-нің негізгі құрылғыларының кұрылымдары және жұмыс істеу алгоритмі; әр түрлі ақпараттық және басқару жүйелері құрамына кіретін ЭЕМ-нің техникалық құралдарына қойылатын негізгі жүйелік талаптарды; техникалық сипаттамалары және экономикалық көрсеткіштері бойынша үздік отандық және шетелдік үлгілер қатарына кіретін ЭЕМ және оның жүйелерін біліп үйренуге арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік ақпаратты қорғау әдістері және құралдары
    Несиелер: 5

    Пән компьютерлік ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық, техникалық, алгоритмдік және басқа әдістері және құралдары, осы саладағы заңдары мен стандарттар, заманауи криптожүйелер, пайдаланушы сәйкестендіру әдістерімен, вируспен күресу әдістерімен танысып, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін жобалау және басқару кезінде ақпараттық қорғау әдістерін қолдану әдістерін үйрену бойынша білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    ЭАдамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    ККурс білім алушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін арттыруға, коммуникативтік әрекеттестіктің әртүрлі жағдайындасөйлеу барысында тілдік құралдарды дұрыс қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу мәдениетінің негізгі белгілері. Сөйлеу мәдениетінің нормативтік, коммуникативтік, этикалық аспектілері. Сөйлеу этикасы. Сөйлеу стратегиясы, әдіс, тәсілдер. Коммуникативтік сәтсіздіктердің себептері. Ауызша іскерлік сөйлеу мәдениеті және жазбаша сөйлеу мәдениеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскерлік мәдениет
    Несиелер: 5

    «Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті» пәні студенттерді іскерлік қарым-қатынастың негізгі стратегиясы мен тактикасын таныстырады, әр түрлі сөйлеу жағдайларында түрлі деңгейдегі бизнес-серіктестермен кәсіби қарым-қатынас жасаудың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Үш тақырыптық блоктардан тұрады: қарым-қатынас мәдениетінің негіздері; ауызша іскерлік қарым-қатынас (диалогтық жанрлар, дау-дамай); Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес басқару құжаттары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тілдер мен автоматтар теориясы
    Несиелер: 5

    Пән тілдер және автоматтар теориясын, формальды грамматиканың жалпы түсініктерін, регуляр тілдер тудыру механизмдерін, контекстсіз тілдер анықтау механизмдерін, компиляцияның негізгі кезеңдерін, берілген есепті шешуші класстан жалғаспалы азайтындыны ауысу санына және жағдай санына қарай мүмкін болатындай, абстрактілі автомат құруды уйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Python тілінде программалау
    Несиелер: 6

    Пән қарқынды дамып келе жатқан және қазіргі уақытта танымал сценарийлік программалау тілдерінің бірі– Python – ға арналған. Python тілі программалық жүйелердің прототипімен, сондай-ақ программалық жүйелерді тез жасауға мүмкіндік береді, өндірістік есептерді шешу үшін программалық қамтаманы ұштастыруға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Желілік технологиялар негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән компьютерлік желілердің архитектурасын зерттеуге, ЭЕМ және желіні ұйымдастырудың негізгі қағидалары, желілер мен олардың жеке құрылғыларының сипаттамаларын бағалау әдістері, желінің техникалық құрылғыларына қойылатын негізгі жүйелік талаптарды оқытыға арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Моделдеу және жаппай қызмет көрсету теориясы
    Несиелер: 6

    Бұл пән зерттеудің негізгі теориялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, жаппай қызмет көрсету жүйелерін моделдеуге, сонымен қатар жаппай қызмет көрсету жүйелерінде өтетін үрдістерді моделдеу қажеттілігімен байланысты есептерді шешуге, жүйе модельдерін ұсыну тәсілдерін жіктеуге, нысандарды, процестерді, құбылыстарды формализациялауға және компьютерлік техниканы пайдалана отырып олардың модельдерін жүзеге асыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Java тілінде жобалау үлгілері
    Несиелер: 8

    Пән Java тілінде программалау шаблондарын зерттеп үйренуге арналған. Пән шаблондар мен антишаблон, пайда болатын шаблон, мінез-құлық шаблоны, құрылымдық шаблондарды зерттеп үйренуге, программа шаблондарын қосымшаларды жобалау кезінде қолдана білуге, Java қосымшаларын жасауда түрлі программалау шаблондар негізінде дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Үлестірілген жүйелерді әзірлеу технологиясы
    Несиелер: 8

    Пән студенттерді үлестірілген есептеулердің теориясымен, бөлінген жүйелерді жобалау тәсілдерімен, үлестірілген жүйелерді құру саласындағы жетекші технологиялармен, қауіпсіздік аспектілерімен, сондай-ақ осындай жүйелерді құрастыруды жүзеге асыратын жүйелермен оқып білуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттар теориясы
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық теория негіздері және оның қазіргі заманға сай компьютерлік жүйелерді оңтайландыру барысында қолданылуы бойынша білімге ие болуға мүмкіндік береді. Пән қазіргі заманғы ақпаратты беру және өңдеудің қазіргі заманға сай тәсілдерін; ақпараттық жүйелерді талдау кезінде ақпаратты кодтау әдістерін пайдалануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгоритмдер теориясы
    Несиелер: 6

    Пән алгоритмдік программалаудың негіздері туралы білімді және дағдыны алуға мүмкіндік береді. Пән іздеумен сұрыптаудың классикалық алгоритмімен танысуға, NP- қиындық теориясын түсінуге, іздеу және сұрыптаудың классикалық алгоритмін программалау дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бейнелерді цифрлы өңдеу пакеттері
    Несиелер: 7

    Пән бейнелерді цифрлық өңдеу пакеттерін оқып үйренуге мүмкіндік береді. Пән графикалық бейнелерді ұсыну әдістерін, компьютерлік графикадағы түстер жүйесін, графикалық файлдардың форматтарын, бейнелерді цифрлық өңдеу негіздерін оқып білуге, қойылған міндеттерге байланысты бейнелерді сандық өңдеу пакеттерін қолдана білуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адам-машиналық интерфейс
    Несиелер: 5

    Пән объектілер интерактивтілігі, өзара іс-қимыл тетіктерін, абстрактілі объектілер интерактивтілігі, диалогтар стильі немесе өзара іс-қимыл, физикалық орта, сапа факторлары бойынша білім алуға мүмкіндік береді. ДК өңдеу барысында адам- машина өзара қарым қатынастың теориялық білімін пайдалануды, модельдеу және жобалауды уйренуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Деректер базасының теориясы
    Несиелер: 5

    Пән деректер базасының теориясы саласы бойынша білімді меңгеруге, реляциялық деректер моделін, деректер базасын басқару жүйелерімен жұмыс негіздерін, реляциялық алгебра мен реляциялық есептеу оқып үйренуге және деректер базасын жобалаудың әдіс-тәсілдерін уйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адамның компьютермен өзара байланысы
    Несиелер: 5

    Пән интерактивтілік объектілерін, өзара әрекеттесу тетіктерін, интерактивтілік абстрактілі объектілерін, диалогтар немесе әрекеттесу стильдері, физикалық орта, сапа факторлары бойынша білім алуға, берілген тапсырмаға және іс әрекетке талдау жүргізуді, пайдаланушыны, адамды модельдеу, сценарийлер, тапсырма моделін формальдау, формальды ерекшелікті талдауды жүргізуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Программалық инженерия
    Несиелер: 8

    Пәннің программалық қамтамасыз етуді әзірлеу үрдісін үйренуге бағытталған. Пән программалық қамтаманы даярлау үрдісін үйренуге; инженерлік жобалау қағидасын қолдану және программалық қамтама даярлау; программалық қамтамаға талаптарды әзірлеуді оқып үйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 7

    Пән екі өлшемді және үш өлшемді компьютерлік графика бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Пән графикалық бейнелерді ұсыну әдістерін, компьютерлік графикадағы түстер жүйелерін, графикалық файлдардың форматтарын, қабаттармен жұмыс істеу негіздерін меңгеруге, Adobe Photoshop, CorelDraw ортасында графикалық бейнелерді жасау дағдыларын меңгеру. Autodesk 3D max ортасында графикалық бейнелерді жасау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық есептерді шешу пакеттері
    Несиелер: 7

    Пән MATLAB пакеті туралы білім оқып үйренуге мүмкіндік береді. Пән MATLAB сызықтық алгебрадағы кіріктірілген функцияларды, полиномдармен жұмыс істеу функцияларын, негізгі статистиканың функцияларын және дифференциалдық теңдеулерді сандық шешуге, Intel MKL үшін кеңейтілген математикалық кітапханалар, тапсырмаға байланысты математикалық есептерді шешу үшін пакеттерді қолдануға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Онтологиялық модельдеу
    Несиелер: 5

    Пән онтологиямен тезаурустар туралы білімді алуға және интеллектуалды программалық қамтама компоненттерін әзірлеу кезінде онтологияны жобалау және қолдану бойынша тәжірибелік дағдыларды пайдалануға, кейбір пәндік аймаққа арналған онтологияны өз бетінше жасауға, мәтінді автоматы өңдеу және интеллектуалды іздеу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Предикаттар логикасы
    Несиелер: 5

    Пән предикаттардың логикасын зерттеу білуге, предикаттарды есептеуді, кванторлармен операция жасау ережелерін, рұқсат беру әдісін, формальды аксиоматикалық жүйелерді зерттеуге, кәсіби есептерді шешу үшін логикалық әдістерді қолдана білу, логикалық есептерді шешу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Процедуралық емес программалау
    Несиелер: 5

    Пән функционалдық және логикалық программалау технологиясын, білім инженериясының элементтерін және жасанды интеллект есептерін шешу кезінде қолданылатын програмалау парадигмаларын оқып үйренуге бағытталған. Пән функционалдық программаларды, жоғары ретті функцияны, виртуалды Лисп-машинаның концепцияларын жасау әдістерін меңгеруге; жасанды интеллект есебінің ерекшеліктерін және логикалық программалаудың осы есептерді шешу әдістемесі ретіндегі рөлін зерттеуге, функционалдық және логикалық программалау дағдысы меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Android және IOS ортасында программалау
    Несиелер: 5

    Пән Android және IOS ортасында программалау технологиясын оқып үйренуге мүмкіндік береді. Пән әзірлеушінің аккаунтымен жұмыс істеу ережелерін, Android және IOS ортасында программалау принциптерін үйренуге, Android ортасында қосымшаларды жобалау және әзірлеу, Android және IOS ортасында мобильдік қосымшаларды программалау дағдысы меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Cөйлеуді тану және синтездеу
    Несиелер: 5

    Пән сөйлеуді тану принциптерін оқып білуге ммүмкіндік береді. Пән сигналдарды цифрлық өңдеу, сүзгілеу, алиасинг, кескінді қысупринциптерін, сигналдарды өңдеу алгоритмдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық жүйелерді жобалау
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық жүйелерді жобалау дағдыларын ие болуға мүмкіндік береді. Пән ақпараттық жүйелерді жобалауды ұйымдастырудың негізгі ұғымдарын, әдіснамаларын, жалпы тәсілдерін (АЖ) меңгеруге, UML тілінің көмегімен ақпараттық жүйелерді жобалай білу, UML қолдану арқылы АЖ жобалау, жобалық құжаттарды әзірлеу, жүйеге қойылатын талаптарды меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Эксперттік жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән сараптамалық жүйелер теориясы бойынша негізгі білімдерді қалыптастырады. Пән сараптау жүйелерінің типтерін, сараптау жүйелеріндегі шешімдерді іздеу әдістерін зерттеуге, нақты есептерді шешу үшін жасанды интеллект саласындағы білімді қолдана білу, сараптамалық жүйелерді әзірлеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аксиоматикалық жүйелер
    Несиелер: 5

    Пән аксиоматикалық жүйелерді оқып білуге мүмкіндік береді. Пән бірінші ретті аксиоматикалық теорияларды, дедуктивтік теориялардың түрлерін меңгеруге, кәсіби есептерді шешу үшін логикалық әдістерді қолдана білу, логикалық есептерді шешу дағдысын меңгеру мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жасанды интеллекттің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән жасанды интеллекттің теориясы бойынша білім алуға бағытталған. Пән білім беру моделдерін, өнім жүйесінің теориялық негіздерін, статикалық және динамикалық сараптау жүйелерінің құрылымын зерттеуге, нақты есептерді шешу үшін жасанды интеллект саласындағы білімді қолдана білуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қашықтағы деректер базасын жобалау
    Несиелер: 5

    Пән қашықтықтағы деректер базасы туралы білім оқуға бағытталған. Пән жалпы түсініктерді, методологияны, қашықтықтағы деректер базасын жалпы ұйымдық жобалау тәсілдемесін уйренуге, SQL Server, Oracle жүйелерінде ҚДБ-ны басқаруды үйрену, ҚДБ-ны жобалауда дағдыны иелену мүмкіндін береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік стандарттары
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын біліп оқуға мүмкіндік береді. Пән ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты стандарттарды зерттеуге; ақпаратты қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері; ақпаратты қорғау бойынша нормативтік және басшылық құжаттарды талдай білу, оларға салыстырмалы талдау жасай білуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпартты интелектуалды талдау
    Несиелер: 6

    Пән деректер жинағындағы айқын емес заңдылықтарды анықтау дағдыларына ие болуға, үлкен көлемдер, деректер, математикалық статистика әдістері, деректер қоры теориясы, жасанды интеллект теориясы арасындағы жекелеген оқиғалар арасындағы өзара байланысты іздеу әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Пән деректерді интеллектуалды талдау алгоритмдерін, уақытша қатарлар мен кластерлеу алгоритмдерін, нейрондық желілер мен логистикалық регрессия алгоритмдерін, DMX, DMX тілінің концепцияларын үйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Параллельді есептеу жүйесінің архитектурасы
    Несиелер: 5

    Пән паралельді есептеу заманауи технологияларын оқып білуге; паралельді программалаудың әдістерін меңгеру, зерттеу және паралельді алгоритмдерді жазу, қазіргі заманғы тәсілдер мен паралельді есептеу технологиясын, паралельді программалау әдістерін білу, параллельдік есептеу әдістерін тәжірбиеде қолдану, паралельдік алгоритмдерді құру, көпағынды программалаудың қолдану орындылығы пен тиімділігін бағалау, параллельді программалауды дұрыстауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау

  • Код ON6

    Математикалық талдаудың, дискретті математиканың, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың, ақпарат теориясын, жаппай қызмет көрсету теориясын тиісті математикалық аппаратын пайдалана отырып, кәсіби есептерді шешу, қазіргі есептеу жүйелері мен желілерінің физикалық құбылыстары мен процестерін білу

  • Код ON7

    Алгоритм құрудың және программалаудың негізгі тұжырымдамалары туралы білімдерін көрсету, есептерді шешудің алгоритмдерін құру мен олардың программаларын жасау үшін тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу.

  • Код ON8

    Компьютерлік графика және графикалық сүқбаттың инструменталдық құралдарын қолдана білу

  • Код ON9

    Деректер базасы теориясы облысында білімінің және деректер базасын жобалаудың практикалық дағдысының болуы, қашықтықтағы деректер базасы мен ақпараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін әзірлеу және жобалау дағдысын игеру

  • Код ON10

    Үлкен деректерді талдаудың программалық жүйелері мен алгоритмдерін әзірлеу технологияларын, бейнелерді тануға арналған құрал-жабдықтар мен математикалық аппаратты қолдана білу

  • Код ON11

    Ақпараттық жүйелер мен технологиялар деректерінің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету қабілеті

  • Код ON12

    Компьютерлік желілерді ұйымдастырып, конфигурациялау, компьютер желісінің модельдерін құрастыру және талдау, әртүрлі тапсырмаларды шешу кезінде компьютерлік желілердің аппараттық және программалық компоненттерін тиімді пайдалану

  • Код ON13

    Программалық қамтаманың әзірлеу процесстері (стандарттар, әдістер, құралдар, сенімділік пен қауіпсіздікті қоса алғанда, барлық талаптарды әзірлеу мен сапаны бағалауға байланысты әрекеттер мен міндеттемелер) меңгеру және программаның өмірлік циклының кезеңдерін қамтамасыз ететін аспаптық құралдары мен әдістемесін таңдауды негіздей білуі керек

  • Код ON14

    Математикалық логика курсының негізгі ұғымдарын білу: пікірлер логикасы мен есептеулері, предикаттар логикасы мен есептеулері, алгоритмдер теориясының негізгі модельдері; алгоритмдік күрделілік теориясының негіздері; предикатты және пропозиционалды классикалық емес логиканың негізгі түрлері

Top