Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04108 Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама бизнес саласындағы қазіргі заманғы білім мен дағдыларды меңгерген, үдерістер мен кадрлық активтерді басқаруға, денсаулық сақтау ұйымының стратегиясын қалыптастыруға, стратегиялық және жедел міндеттерді анықтай білуге және басқарушылық құралдарды қолдана отырып, олардың жетістіктеріне қол жеткізуге қабілетті басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • кепілдендірілген тегін медициналық көмектің және ақылы медициналық қызметтер нарығының шеңберінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін басқару шешімдерін қабылдаудың оңтайлы үлгілерін әзірлеу;
  • денсаулық сақтау ұйымының стратегиясын, мақсаттарын, міндеттерін және сыртқы және ішкі жағдайларына сәйкес келетін өндірістік құрылымды және логистикалық жүйені қалыптастыру.
  • жалақы деңгейіне, медицина ұйымдарының ынталандырудың заманауи әдістеріне және әлеуметтік бағдарламаларына негізделген іріктеу тұжырымдамасы бойынша кадр саясаты мен стандарттарын дайындау;;
  • қаржы активтерінің ең тиімді құрылымын қалыптастырады, міндеттемелер мен қарыз қаражаттардың оңтайлы құрылымын белгілейді, денсаулық сақтау ұйымдарының ресурстарын жұмсаудың негізгі бағыттарын айқындайды.
  • денсаулық сақтау ұйымының жұмысын оңтайландыру, шығындарды азайту және пайданы ұлғайту үшін Business Intelligence қазіргі заманғы құралдарын, Big Data талдау әдістерін қолдану.
  • стратегиялық маркетингтік құралдарды дұрыс пайдалану және медициналық қызметтерді алға бастыру негізінде маркетингтік бағдарламаларды және маркетингтік стратегияларды әзірлеу.
  • денсаулық сақтау ұйымының негізгі функционалдық салаларымен байланысты жағдайлар мен процестерді талдау бойынша жүйені құру: денсаулық сақтау ұйымының даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру, адамдарды және ұйымдарды басқару, қаржы, жобаларды басқару;
  • денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау, таза ағымдағы құнды, кірістің ішкі нормасын, жобаны өтеу мерзімін анықтау.
  • мотивацияны, көшбасшылықты, жанжалдарды басқаруды және жоғары корпоративтік мәдениетті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда басқарудың жеке моделін әзірлеу.
  • қаржылық және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерін талдау және оларды экономикалық есептерді жүргізу және стратегияны іске асыру үшін қалыптастырылған ақпарат көздері ретінде пайдалану;
  • жеке тұлғалық өсу бағдарламасын құру, ол өз бойында аспаптық, тұлғааралық, жүйелік, тұлғалық құзыреттіліктерді, басқарушылық дағдыларды – көшбасшылық, мақсат қою, шешім қабылдау, уақытты басқару жоспарлау көкжиегін жаһандық және тұрақты кеңейтуді ойлау қабілеті.
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен және жұмыс берушілермен басқару мәселелері, басқарушылық кеңес берудің түрлері, әдістері, технологиялары, осы әдістерді қолдану салалары және олардың шектеулері туралы диалог жүргізу.
Top