Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07201 Мұнайгаз ісі в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, ақпараттық және библиографиялық мәдениет негізінде кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шеше білу, кәсіби қызметте экономикалық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы техникалық пәндердің негізгі заңдарын қолдана білу
  • мұнай, газ және газ-конденсат кен орындарын игеру технологиясын таңдау, кен орындарын, құбырларды, газ-мұнай қоймаларын пайдалану үшін жабдықты таңдау және оның жұмыс режимін белгілеу және олардың экономикалық тиімділігін есептеу, сондай-ақ мұнай-газ кәсіпшіліктерінің, мұнай-газ құбырларының, мұнай-газ қоймаларының жабдықтары мен құрылыстарын салу, пайдалану, күтіп-ұстау, жөндеу, мұнайды бастапқы және қайталама қайта өңдеу қондырғылары және аз қалдықты, энергия үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып газ негізгі технологиялық операцияларды орындау
  • газ шикізатын дайындау және қайта өңдеу процестерін аппаратуралық және технологиялық ресімдеуін, мұнай мен газды біріншілік, екіншілік және терең өңдеу, мұнай-газ-химия процестерінің технологиясын білуі
  • өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру, шығармашылық әлеуетті пайдалану қабілетін көрсете білу
  • барлық технологиялық блоктар мен бөлімшелер (қондырғылар) жұмысының үйлесімділігін, мұнай, газ және мұнай(газ)өнімдерін қабылдау және жөнелтуін қамтамасыз ете білу. Технологиялық процесс параметрлерінің сақталуын бақылау, берілген режимдерден жіберілген ауытқуларды анықтау және талдау және оларды уақтылы жою бойынша жұмысқа басшылық ету
  • шикізаттың, реагенттердің және өндірілетін өнімнің компоненттік құрамын, физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау, мұнай, газ және мұнай өнімдеріне талдау жүргізу, көп компонентті мұнай жүйелерін бөлудің тиімді әдістерін анықтау
  • ұңғымаларды бұрғылауды жобалау, мұнай мен газ өндіру, көмірсутектерді өндіруді кәсіпшілік бақылау және реттеу, мұнай мен газды құбыр жолымен тасымалдау, мұнайды сақтау және өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін деректер жинауды жүзеге асыру қабілеті, көмірсутек шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және мұнайды қайта өңдеу процестерін реттеу
  • ұйымның техникалық даму перспективаларын, заманауи технологиялық қондырғыларды қолдану бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибелерді талдау
  • практикалық қызметте процестік тәсілді қолдану, теория мен практиканы үштастыру, технологиялық процестерді жүзеге асыру және түзете білу
  • бөлімшелерді жедел бақылауды, реттеуді және үйлестіруді жүргізу үшін қажетті өндірістік нысандардан келіп түсетін ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру
  • - мұнай және газ өндіру, көмірсутектерді өндіруді кәсіпшілік бақылау және реттеу саласындағы зерттеулер бағыты бойынша отандық және шетелдік ғылыми-техникалық ақпаратты талдай білу
  • тәуекелдерді бағалау және мұнай-газ өндірісіндегі технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындау, практикалық қызметте өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыру қағидаттарын қолдану
  • процестің негізгі жабдықтарын, оның жұмыс істеу принциптерін және техникалық пайдалану ережелерін білу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз ете білу

Ұқсас БББ

Top