Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01506 География в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы талапқа сай ғылыми нәтижелерді кәсіби тұрғыда көпшілікке таныстыру үшін академиялық мәтінді дайындаудың, жазудың, редакциялаудың негізгі принциптерін, ережелерін, нормаларын біледі.
  • Инновациялық идеяларды жүзеге асыру үшін ғылыми мәтіндерді ресімдеудің формалары мен тәсілдерін, ғылыми зерттеулердің заманауи технологияларын меңгерген.
  • Білім берудегі жаңа парадигмалар мен концепцияларды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жобалай алады.
  • Географиялық ілімдердің қалыптасу тарихы және ғылыми зерттеулердің қазіргі мәселелерін талдау арқылы географияның басым бағыттарын анықтайды.
  • Қашықтықтан зерделеу мәліметтерін пайдалану арқылы геожүйедегі өзгерістерге мониторинг жүргізеді және олардың картографиялық үлгілерін құрастырады.
  • Зерттеу әдістерін жүйелей отырып, теориялық талдау және эмпирикалық зерттеу негізінде ғылыми проблеманы қоюды және қалыптасқан міндеттерді шешуді жүзеге асырады.
  • Табиғи ресурстарды пайдалану көрсеткіштерінің қарқынын және оларды игерудің экономикалық саясатын салыстыра отырып, әлем елдерінде болатын геоэкологиялық жағдайды болжайды.
  • Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін халықты оңтайлы орналастыру, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және қорғау жөніндегі жобаларды әзірлейді.
  • Идеялар мен ақпаратты кем дегенде екі тілде тиімді жеткізе алады, командада жұмыс істеп, көшбасшылық қабілеттерін көрсете алады, әр қатысушы өзін қабылданған және құрметті сезінетін инклюзивті орта жасайды және ұжымдық әлеуетті дамытуға ықпал етеді.
  • Жоғары деңгейдегі сыни және креативті ойлау дағдыларына ие, кәсіби мәселелерді шешу үшін өзін-өзі реттеуге және рефлексияға қабілетті.
  • Цифрлық технологияларды зерттеу мен пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды білу мен сақтауды көрсетеді. Цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу және деректерді қорғау кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, цифрлық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және этикалық пайдалануға жәрдемдеседі.
Top