Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01511 Химия ағылшын тілінде в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларға баға береді, дәстүрлі қоғамның мәдениеті мен дамуындағы әлеуметтік-саяси ойдың рөлі мен маңыздылығын дербес және объективті бағалайды;
  • білім берудегі инновациялық және озық басқару тәжірибесін бағалау мен жалпылауда нақты әдістерін қолданады, бұл оның жеке өсуін белсендіреді және көшбасшылық қасиеттерін ынталандырады, бейнелеу өнерінің әртүрлі бағыттарына, әлемдік мәдениеттің дамуы контексіндегі өнер тарихына назар аударады, білім беруде арт-әдістерді қолданады;
  • оқу процесінде оқушыларға ғылыми-зерттеу, ғылыми жоба жұмыстары жайындағы ақпаратты таратуда және сақтау, өңдеу, іздеу бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әр түрлерін қолданады, педагогикалық қызметте нормативтік құқықтық актілерді және электрондық құжаттаманы жүргізу негіздерін біледі;
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды негізге ала отырып, оқу-тәрбие процесіне инновацияларды енгізу әдістерін біледі, химияны оқыту ерекшелігін ескере отырып, оқытудың заманауи технологиялары мен интерактивті әдістерін жүйелеп, қолдануды біледі, химиялық эксперимент жүргізудің оңтайлы нысандары мен әдістерін таңдайды;
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияны пайдаланады;
  • өмір бойы өзін-өзі басқару және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қадағалап,толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланып, денсаулық мәдениетін қалыптастырып, еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ұмтылады, Академиялық адалдық мәдениетін сақтайды және қолдайды;
  • білім алушылардың әлеуметтік, жас ерекшеліктерін, психофизикалық және жектұлғалық қабілеттерін ескере отырып, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асырады, қашықтықтан білім берудің оңтайлы нысандары мен әдістерін таңдайды; кәсіптік этика қағидаттарын сақтайды, пәндік саланының педагогикалық өлшемдердін, білім беру жүйесінің даму үрдістерін педагогикалық іс-әркетте пайдаланады;
  • химиялық процестерді бақылау, сипаттау, сәйкестендіру және жіктеу әдістерін меңгерген, химиялық процестер ағымының ерекшеліктерін, олардың өту және ұйымдастыру деңгейлерін, химияның дамуының негізгі тұжырымдамаларын, әдістері мен перспективаларын біледі;
  • химияның теориялық және эксперименттік негіздерін, химияны оқыту технологияларын, оқушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін, сондай-ақ химияға қызығушылықтарын қалыптастырудың, химия саласындағы білімді күнделікті өмірде пайдаланудың тәсілдерін, ғылыми зерттеулер және академиялық жазу әдістерін қолданады;
  • химиялық зерттеулер контексінде салалық, өңірлік, ұлттық және халықаралық проблемаларды жүйелейді, тұрмыстық және оқу сипатындағы экологиялық проблемаларды анықтайды және адамдарды қорғаудың оңтайлы жолдарын, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартудың түрлі нұсқаларын ұсынады;
  • эксперимент және есептер нәтижелерін, пайдаланылатын зертханалық жабдықтың сапасын, эксперименттік зерттеу әдістерінің тиімділігін, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын, химиялық өндіріс технологиясын және маңызды бейорганикалық және органикалық заттарды синтездеудің негіздерін бағалайды;
  • қазіргі заманғы тарихтың теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін, ҚР-ның қазіргі кезеңдегі мәдени дамуының негізгі тарихи оқиғаларын жүйелейді және түсіндіреді, академиялық адалдық мәдениетін түсіне және сақтай отырып, өз болашағын жоспарлайды;
Top