Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02206 Дінтану в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік ортада тұтас тұлғаны қалыптастыруға және жеке тұлғаның жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсете білу
  • Қоғамдық қауіпсіздік әдістерін қолдана білу
  • Діни сенімнің антропологиялық аспектілерін қарастыруда сыни, рационалдық дағдыларға ие болу; діни ұйымдар құрылымының мазмұны және олардың әлеуметтік функцияларына талдау жасай алу, дінді зерттеудің фундаменталды әлеуметтік нәтижелері мен діннің заманауи әлеуметік теорияларына анализ жасауға дағдылану;
  • Діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді игеру, оларды діни өнер туындыларын қабылдауға және культтік таңбалар мен идеалдар жүйесін талдауға дайындау; діни тәжірибенің психологиялық ерекшеліктерін, діни сенім феноменін түсіну және діни және діни емес көзқарастардың арасындағы қарым-қатынасты талдау; діндерді өздерінің моральдық-этикалық құндылықтары мен нанымдарына сәйкес жіктеу және қазіргі діни және этикалық мәселелерді талдай білу; аргументтік процесті жүзеге асырады, аргументтің негізгі әдістеріне ие болу.
  • Ашық сөйлеу дағдыларын меңгеру және өз көзқарастарын жазбаша түрде нақты дәлелдей білу. Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Қазіргі діни үрдістер мен үдерістерді, әлемдік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің дамуының жай-күйі мен келешегін, діни ілімдердің эволюциясының негізгі бағыттарын іс жүзінде сипаттайды. қазіргі діни құбылыстарды діни талдау дағдыларын меңгеру; дәстүрлі емес діндерге қатысты негізгі теориялық және әдіснамалық тәсілдерді қолдану; дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен жаңа діни қозғалыстар туралы сұрақтарды талдау; білімді практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану.
  • Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында әдістемелік құжаттарды құрастыру; Сараптамалық зерттеулер жүргізу, сараптамалық қорытынды дайындау; Дін дамуының жалпы заңдылықтарын ашуға, түсіндіруге қабілеттілік;
  • Дінтанудың қалыптасуы мен оның даму кезеңдері жайлы түсінікке, діни мәселелерге негізгі теориялық және әдістемелік тәсілдерге ие болу
  • Діни мәтіндерді түпнұсқалық тілде оқып үйрену, қасиетті мәтіндердегі грамматикалық және семеотикалық ерекшеліктерін білу.
  • Діни және философиялық мәселелерді дамытудағы даулы мәселелер мен сабақтастықты қоса алғанда, әлемдік діндердің негізгі идеяларын басшылыққа алу; Тәжірибелік мәселелерді шешуде білімін табысты қолдану үшін әлемдегі және елдегі діни ахуалдың ағымдық үрдістерін білу; Талдау, ақпаратты жинақтау, зерттеу жұмыстарының бағыттарын таңдау; белгілі теологиялық мәселелер бойынша өз позициясын қалыптастыру және ақтау;
  • АКТ саласындағы дағдылар мен бизнесті ұйымдастыруды мемлекеттік және шет тілдерінде игере білу
  • Философиялық және тарихи мазмұнды мәтіндерді талқылау әдістерімен және пікірталастарды қолдана отырып, талдау дағдыларын меңгеру. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудің қағидаттары мен тәсілдерін, ғылым тілі мен зерттеу әдістемелерін игеру
Top