Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07159 Көлік техникасы және технологиялар в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жабдықтарды, құралдарды техникалық пайдалану үшін орындалатын жұмыстардың теникалық құжаттарын құра алады. Көлік техникасы саласында жаңа технологиялар мен техникаларды енгізу жолдарын талдау мен тиімді шешімдерін қолдануды, өндірістік үдерістерін жақсарту жолдары шешімдерін дәлелдеуді меңгерген
  • Техника және технологиялар принциптерінің негіздерін игерген. Көліктерді жөндеу және сақтау өндірісінде көлік техникасын, технологиялық жабдықтарды жоғары тиімділікте жұмыс атқаруын ұйымдастыра алады
  • Өзінің қызметтік міндеттерін орындауда практика жүзінде алынған теориялық және әдістемелік білімін қолдана алады, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалай алады, көлік мекемелерінде техникалық эксперименттер жүргізе алады
  • Көлік техникасын және технологиялық жабдықтарды өндіру тиімді пайдалану жолдарын біледі. Көлік техникасы және технологиялар саласында жаңа технологиялар мен түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарда, кәсіби қызметінде, ғылымда, қиыншылық туғызатын мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таба алады
  • Физика теориясының, заманауи және классикалық заңдардың, физикалық үдерістер мен құбылыстар негіздерінің ғылым мен экономикадағы үлесін, математика және физиканың қазіргі өмірдегі атқаратын ролін біледі
  • Қазақстан Республикасының еңбек, экология саласында көліктерді техникалық пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарындағы нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды, еңбек, экология, тіршілік қауіпсіздігі жүйесі негіздерін меңгерген
  • Дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру үшін философиялық, тарихи білімдер негіздерін пайдалана алады. Құжаттармен жұмыс істеуге және көп алдында шығып сөйлеу үшін тілдерді ауызша және жазбаша қолдану, әлеуметтік және этикалық коммуникативтік тәсілдерді меңгерген
  • Өзінің жеке кәсіби қызметіне өзіндік бағалауды іске асыра, кәсіби қызметін, алынған ақпаратпен, зерттеулер нәтижесін талдай және жоспарлай алады. Ұйымдастыру-басқару, коммуникативтік, мәдени, зияткерлік, моралды-танымдық өкілеттілікті және білімін дамытуға қабілетті
Top