Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B02302 Қолданбалы лингвистика в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты «Қолданбалы лингвистика» бағдарламасы аясында екі шет тілін терең меңгерген, әлеуметтік зерттеуді жүргізу әдістемесін меңгерген, шет тілін үйретуде заманауи тәсілдерді қолдана алатын, жазбаша және ауызша аударманы әрі редакциялау мен БАҚ аясындағы жазылым машықтарын меңгерген, кең бейінді жан-жақты білімді лингвист-маманды дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B036 Аударма ісі
  • Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
  • Базалық шет тілі (В2)
    Несиелер: 10

    Аталмыш курс сөздік қорды жетілдіру және күрделі грамматикалық құрылымдарды білу арқылы В2 деңгейіне дейінгі ағылшын тілін білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс аясында білім алушылар екпін мен айтылым дағдыларын жақсартады, әртүрлі тақырыптарда талқылаулар мен шығармашылық жазба жұмыстарын жазу арқылы жазылым мен ауызекі тіл дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс тіл мен тіл білімі деген ұғымдардың не екеніне жауап береді. Курс аясында студенттер лингвистика саласын және онымен байланысты тіл салаларын оқып біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі I (A0,A1)
    Несиелер: 10

    Аталмыш курс екінші шет тілін меңгеруі нөлдік деңгейлі студенттерге арналған. Өзге тілді коммуникациялық құзыреттілікті дамыту курс мақсаты болып табылады. Бұл курста студенттер күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасауға қажетті, көп қолданысқа ие сөз бен тіркестерді үйренеді, сөйлесімді естіп, зерделей алады, әрі сөйлеушілердің сөздеріне орай дұрыс жауап бере алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зерттеу әдістері I
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс зат пен құбылыс табиғатын терең тануға бағытталған, «неге?» және «қалай?» деген сұрақтарға жауап беретін әлеуметтік зерттеулердің сапалы әдістерін үйренуді қарастырады. Курс бағдарламасы сапалы ақпаратты жинақтауға қажетті негізгі құралдармен таныстыруды, сапалы мәліметтерді талдауды және нәтижені түсіндіруді қамтиды. Сонымен қатар алынған білімді іс жүзінде қолдана білуге мүмкіндік беретін тәжірибе алмасу сияқты курстың құрамдас бөлігі бар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс мақсаты ағылшын тілі грамматикасына қатысты білімді жетілдіру және студенттердің сол білімдерін кәсіби мәнмәтін аясында қолдана білулерін жақсарту. Курс бағдарламасы сөз таптары, сөйлем құрылымдары, уақыт, аспект, модальділік, сабақтылық сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар аталмыш курс мәтіндерге грамматикалық талдау жасату арқылы студенттердің өздерінің талдаушылық машықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс тіл мен қоғам құрылымының өзара қарым-қатынасы мен өзара әсер етуін қарастырады. Мұнда аймақтық, жыныстық, әлеуметтік деңгей мен мәдени топтарға байланысты анықталатын тіл ерекшеліктері қарастырылады. Курс аясында студенттер өзін қоршаған ортасынағы мәселелерді қарастырып, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық ағылшын тілі С1
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс студенттерге ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуге, өз ойын академиялық мәнмәтін аясында ауызша және жазбаша ұсына білуге үйретеді. Курс академиялық қордың дамуы мен молаюына, академиялық мәтіндерді оқу дағдыларын дамытуға, түйіндеме (summary), аргументті эссе (argumentative essay) және «мәселе-шешім» эссесі (problem-solution essay) сияқты жазылым машықтарын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар курс студенттерді академиялық адалдық ұстанымдарын ұстануға үйретіп, APA Style стилінде сілтеме келтірумен таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зерттеу әдістері II
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс статистикалық талдау көмегімен өлшенетін үдерістер мен құбылыстардың эмпирикалық зерттеулері болып табылатын әлеуметтік зерделеулердің сандық әдістерін оқытады. Курс бағдарламасы сандық ақпаратты жинақтаудың негізгі амалдарын оқып білуді, сандық мәліметтерді статистикалық талдаудың түрлері мен нәтижелерді түсіндіруді қамтиды. Сонымен бірге курста алынған білімді іс жүзінде пайдалану үшін тәжірибелерді өткізу қарастырылған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Академиялық ағылшын тілі С2
    Несиелер: 5

    Курс академиялық сөздік қордың дамуы мен толықтырылуына, академиялық мәтіндерді оқу дағдыларын дамытуға, салыстырмалы эссе (comparison and contrast essay), себеп-салдарлы эссе (cause and effect essay), «процесті сипаттау» эссесі (process essay) сияқты жазба жұмыстары арқылы жазылым машықтарын дамытуға бағытталған. Курс аясында студенттер APA Style сияқты сілтеме беру стилін қолдану дағдысын кеңейтіп, бекіте алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Лексика, морфология және синтаксис
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі бағыты тіл типологиясын үйрену болып табылады. Курс тілдің морфологиялық, лексикалық және синтаксистік ерекшеліктерін қамтиды. Алынған теориялық білімдерін білім алушылар лексикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау кезінде іс жүзінде қолдана алады. Ол өз алдына талдаушылық машықтар мен шешімдерді қабылдау дағдыларының дамуына ықпалдасады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шет тілі II (A2)
    Несиелер: 10

    Аталмыш курс көріп оқу және танысып оқу сияқты оқылым дағдылары мен икемін қалыптастыруға, сонымен бірге айтылым мен жазылымды дамытуға бағыталған. Грамматикалық материал тіл арқылы түсінісу мен мәтіндер мен әңгімелерді оқуда меңгеруге қажетті негізгі грамматикалық құбылыстарды қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіл үйренудің теориясы және әдісі
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс студенттерді тілді оқытудың негізгі теориясымен, сонымен бірге тілді оқыту үрдісімен таныстырады. Студенттер тілді оқытудың әдістері мен тәсілдерін, бірінші тіл мен екінші тіл үйренудің арасындағы ерекшеліктерді оқып біледі. Білім алушылар екінші тілді оқып білудегі үрдістерді түсіндіру мақсатындағы болжамдарды ұсына отырып, тестілеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шет тілі III (B1)
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс әлеуметтік-мәдени білім мен икемді дамытуға ықпалдасады. Курс заманауи лексиканың көлемді қорын қамтиды. Айтылымға үйренуде адамның оның алдында игерген айтылым машықтары мен дағдылары дами түседі. Жазылым тілін дамытуда хаттар мен эссе жаза білу машық-дағдыларын дамытуға ерекше көңіл аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Лексикография негіздері
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс тілтаным ғылымының лексикография сияқты жеке дара саласының даму тарихын, лексикографияның негізгі мәселелері мен сөздіктердің түрлерін зерделеуге бағытталған. Одан басқа білім алушы сөздіктерді құрастыру негіздерін игере алады және ол білімдерін іс жүзінде тақырыптық түсіндірме сөздіктерді құрастыруда қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Креативті жазылым
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс студенттерде өзара әрекеттесу арқылы анағұрлым кеңірек әдеби әлемге сүйене отырып, шығармашылық жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер классиктермен бірге заманауи жазушылардың шығармашылықтарына қарай отырып, жазу машығын дамытуға мүмкіндік алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мәдениетаралық қатысым
    Несиелер: 3

    Аталмыш курс аясында студенттер жаһандану және интернационалдыру дәуірінде маңызды сұрақтардың бірі болып табылатын мәдениетаралық қатысым құбылысымен танысады. Білім алушылар заманауи мәдениетаралық қатысымның негізгі түсініктері мен категорияларын біле алады. Сонымен қатар білім алушылар әртүрлі мәдениетті ұстанушылар арасында өзара тиімді әрекеттесудің амалдары мен ерекшеліктерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Зерттеу әдістері III
    Несиелер: 5

    Аталмыш курста студенттердің анағұрлым алдыңғы қатарлы әдістер арқылы кешенді құбылыстарды оқып білуі қарастырылған. Нақтылай алғанда, студенттер аралас әдістерді игеріп, олардың әртүрлі амалдарын белгілі бір зерттеушілік міндеттерге қатысты шешім шығаруда қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Фонетика және фонология
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс ағылшын тілінің теориялық фонетикасын зерттеудің пәні, мақсаты мен саласын, фонемалардың топтастырылуын, буынға бөлу мен ағылшын сөздеріндегі екпін жүйесін, ағылшын тіліндегі екпіннің ерекшеліктері мен қызметін, сөйлесімнің фонетикалық сипаттамасы мен ағылшын тіліндегі сөз айтылымының аймақтық ерекшеліктерін зерделейді. Аталмыш курс сөздерді талдау кезінде фонологиялық және фонетикалық талдау әдістерін қолдана отырып талдаушылық дағдыларды және сөздерді талдау кезінде шешім қабылдай алу машықтарын дамытуға арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Курстар және оқу материалдарды әзірлеу
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс аясында студенттер білім алушылардың түрлі қажеттіліктері мен дербес ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ материалдарын әзірлеуге үйренеді. Студенттер сонымен бірге пән мақсаты мен оқыту нәтижелеріне сәйкес силлабустарды, Блум таксономиясына сай оқыту нәтижелерін дұрыс әзірлеуді, пән мазмұнын анықтап, құрастыруды, материалдарды таңдап, әзірлеуді, курс бойынша тапсырмалар құрастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдебиет
    Несиелер: 6

    Курс аясында студенттер ағылшын тілді елдердің тарихымен танысып, ең маңызды тарихи және әдеби оқиғаларға қатысты білімдерін жүйелей алады. Студенттер ең атақты ағылшын, австралиялық және шотландиялық ақын-жазушылардың жұмыстарымен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқыту ұғымының негіздерін қамтиды. Білім алушылар тілдік емес пәндерді ағылшын тілінде тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқытудағы негізгі тәсілдерін оқып біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілін оқытудағы технологиялар
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс аясында білім алушылар тілдерді үйренуге әрі оқып білуге арналған түрлі электронды ақпараттық қорлар мен бағдарламаларды пайдалана білуге үйренеді. Білім алушылар өздерінің жеке электронды қорларын және шет тілдерін үйретуге қажетті материалдарын әзірлеуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ретті аудармаға кіріспе
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс ретті аударманың негізгі техникаларын, ретті аударма жасауды әзірлеу машықтарын оқып-білуге бағытталған. Білім алушылар ретті аудармамен жұмыс істеуге қажетті дағдыларды дамытып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шет тілі IV (B2)
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс студенттердің тілдік, әрі экстралингвистикалық білімдерін кеңейтуге, тілді түсіну ауқымын кеңейтуге, белсенді сөздік қорын байытуға, лексикалық және грамматикалық тақырыптар аясында ауызша және жазбаша тіл білуін жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • БАҚ аясындағы құқықтық сауаттылық және ақпараттың анықтылығы
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс аясында білім алушылар Қазақстандағы сот жүйесінің БАҚ туралы ҚР заңнамасын құрастыру және түсіндіру тарихымен және оның кәсіби журналистер, блоггерлер әрі республика азаматтарына қатысты әсерімен танысады. Курс жеке ақпарат құпиясы, жала, баспасөз бостандығы, ақпараттық технологиялар туралы заң сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар студенттерді мәтіндегі пікірдің шынайылығы мен дұрыстығын анықтау үшін түрлі БАҚ дереккөздеріндегі фактілерге негізделген пікірді тексере білуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілі және аударматаным
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс мамандығын аударма ретінде таңдаған білім алушылардың ағылшын тіліне қатысты білімдерін бекітуге бағытталған. Курс ағылшын тілінің арнайы грамматикалық құрылымдары мен лексикасын аудару мәселелерін қамтиды. Аталмыш курс аясында студенттер түрлі сөздік түрлерімен жұмыс істеуге, глоссарийді құрастыруға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • БАҚ және қоғам
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс білім алушыларды БАҚ-пен және оның қоғамға деген әсерімен таныстырады. Аталмыш курс аясында білім алушылар қоғамның түрлі ақпараттық дереккөздерінен алынған мәліметтерді қолданудың жағымды және жағымсыз жақтарын қарастырады. Білім алушылар БАҚ мәліметтерін сандық сауаттылық тұрғысынан дербес және кәсіби мақсаттарда қалай қолдануға болатынын, әрі қоғамның өкілдері арасында құзыретті, этикалық және стратегиялық өзара ықпалдасуды жүзеге асыру үшін әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарын қалай қолдануға болатынын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Коммерциялық аударма
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс студенттерде жазбалар, есеп және ауызша таныстырылымдар сияқты кәсіби және ресми бизнес құралдарының көмегімен ағылшын тілінде негізгі қарым-қатынас жасаудың дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім алушылар коммерциялық құжаттарды ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне және керісінше аударма жасау әдістерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Стилистика
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс студенттерді түрлі типтер мен жанрлар арасында стилистикалық талдау жүргізуге ықпалдасатын негізгі стилистикалық амалдармен, әдістермен таныстырады. Білім алушылар әдеби және әдеби емес шығармаларды түсіндіруде қолдана алатын әдеби және лингвистикалық амалдарды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл тарихы
    Несиелер: 5

    Курста тіл тарихының мақсаты, міндеттері мен тілтанымды зерттеудің басқа да салаларымен байланысы оқытылады. Курс аясында студенттер ағылшын тілінің негізгі даму кезеңдерін және тілдің дамуымен байланысты тарихи оқиғаларды оқып біледі. Сонымен қатар көне ағылшын және ортағасырдағы ағылшын тілдеріне салыстырмалы талдау жүргізу арқылы білім алушы іс жүзінде ағылшын тілінің дамуын түсініп, бақылауға мүмкіндік алады. Ол өз алдына талдаушылық машықтарды дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қарым-қатынас этикасы
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс білім алушыларға қоғамда өзін-өзі ұстау этикалық нормаларымен таныстырады және БАҚ қызметкерлерінің қазіргі кезде қарым-қатынас жасауда кездесетін этикалық өзекті мәселелеріне қатысты талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Курс ақиқат, құпиялылық, мүдде қайшылықтары, әлеуметтік әділдік сияқты ұғымдарды ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тілдік білімді бағалау әдісі
    Несиелер: 3

    Курс тілдік білімдерін бағалау құралдарын, білім берушілерге бағалау жүйесінің әсері мен мектеп пен жалпы қоғамдағы бағалаудың рөлін оқытады. Курс: Бағалау не үшін керек? «Жақсы» мен «нашар» мәтін деген не? Бағалау критерийлерін қалай белгілеу керек? деген сияқты сұрақтарға жауап береді. Әрі басқа да бағалау әзірлемелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құқықтық бағыттағы аударма
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс құқықтық тақырыпта жазбаша/ауызша мәтіндер/баяндамалар сияқты екіжақты диалог жүргізудің практикалық дағдыларын дамытуға және бекітуге бағытталған. Курсты меңгеру барысында студенттер заңгерлік лексика ерекшеліктерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңалық журналистикасы
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс студенттерді бұқаралық ақпарат құралдарына нақты, риясыз, әділ, толыққанды сипаттағы репортаждар мен газетке мақала жазуға үйретеді. Студенттер репортаждың негізгі элементтерін қалай қолдануға болатынын, оқиғаларды қалай шолу керек екенін, сұхбат алуды қалай жүргізу керек екенін, басқа зерттеу құралдарын қалай қолдануға болатынын оқып біледі. Студенттер баспасөз, радио, теледидар, ғаламтор сияқты түрлі бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңалықтар репортаждарын жазуға, газетке мақала жазуға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шет тілі V (C1)
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс білім алушыларда эссе, мазмұндама және перифраз жасау сияқты академиялық жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс аясында білім алушылар ғылыми мақалаларды оқу, таныстырылымдар жасау машықтарын және түпнұсқалы аудио-видеоматериалдарын тыңдау, қарау арқылы тыңдалым дағдыларын жақсарта алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ілеспе аудармаға кіріспе
    Несиелер: 6

    Аталмыш курс ілеспе аударманың негізгі техникаларын үйренуге, аударма жасауға қажетті арнайы құралдарды пайдалану машықтарын дамытуға бағытталған. Білім алушылар ілеспе аудармада жұмыс істеуге керек машықтарды ала отырып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасы туралы ақпаратпен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    лингвистикалық талдау жасауда ағылшын тілінің лескикалық, грамматикалық, фонетикалық және стилистикалық жүйелерін білу біліктілігін қолдана білу

  • Код ON2

    Лингвистика саласында және басқа да салаларда зерттеулер жүргізу және жобалау қызметімен айналысу

  • Код ON3

    оқыту мен бағалаудың заманауи әдістерін қолдана білу

  • Код ON4

    ағылшын тілінде, әрі екінші шет тілінде көп мәдени және көптілді орталарда тиімді қарым-қатынас жүргізе білу

  • Код ON5

    талдаушылық, шешім қабылдау және мәселені кешенді шешу дағдыларын иелену

  • Код ON6

    аудитория, мәнмәтін, мақсат және стиль ерекшелегіне бейімделе отырып, өзінің ойын, идеялары мен пікірін білдіре білу

  • Код ON7

    ақпараттың сенімді дереккөздерін іздеу, анықтау, бағалау үшін түрлі ақпарат қорларымен жұмыс істеу білу

  • Код ON8

    кәсіби этиканы басшылыққа алу

  • Код ON9

    жеке және кәсіби қарым-қатынаста эмоционалды интеллектіні басқара білу

6B02302 6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 6B02302-Аудармашы-референт
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Аударма ісі (ағылшын тілі)
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Aударма ісі (шығыс тілдері)
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Шетел филологиясы
Бакалавриат

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B02302 Шетел филологиясы
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B02302 Аударма ісі
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B036 Аударма ісі

Инновациялық білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
Top