8D01507 Информатика в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылым, білім беру, информатика және білім беруді ақпараттандыру саласында тәжірибелік және ғылыми іс-әрекетті жүзеге асыру үшін халықаралық талаптарға сәйкес кәсіби, педагогикалық және ғылыми құзыреттіліктерге ие PhD докторларды – зерттеушілерді дайындау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D012 Информатика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
-
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудағы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі
Несиелер: 5Курста оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Функционалдық сауаттылықты дамытуға қажетті әдіснамалық ыңғайлар ұсынылады. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың функциональдық сауттылығын информатика пәні негізінде дамытуға дайындауда оқытудың технологиялық ыңғайы қолданылады. Функциональдық сауттылықты қалыптастырудың негізгі теориялық қағидаларын және құрылымдарын негізге ала отырып оқушылардың функциональдық сауттылықтарын дамытудың ерекшеліктері атап көрсетіледі
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Білім беру робототехникасы саласында информатика мұғалімдерін дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Несиелер: 5Заманауи робототехника негіздері/Білім беру робототехникасының мүмкіндіктері. Өздігінен басқарылатын робототехникалық жүйелерді жобалау және құрастыру. Алгоритмдік мәдениетті дамыту, робототехникалық жүйелерді программалау дағдыларын қалыптастыру. Түрлі робототехникалық іс-шараларға қатысудың әдістемелік ерекшеліктері. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде робототехникалық құрастыруды пайдалану мүмкіндігі. Білім беру робототехникасы аясында болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Білім мен ғылымдағы ақпараттық технологиялар
Несиелер: 5Ақпарат және мәлімет ұғымдары. Ақпараттық технология. Ақпараттық технологияның эволюциясы, олардың даму кезеңдері. Мәтіндік, сандық графикалық және дыбыстық, бейне ақпараттарды өңдеу технологиялары. Білім мен ғылымда қолданылатын ақпараттық технология құралдары. Желілік технологиялар. Оқу үдерісін технологияландырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Мәліметтер қоры білім қоры, сараптамалық жүйелер, интеллектуальды ақпараттық жүйелер. Сараптаманы автоматтандыру, мәліметтерді статистикалық өңдеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және ғылыми-педагогикалық аспектілері және білімді ақпараттандыру
Несиелер: 5Білім беру, оқыту, тәрбиелеу және және дамыту, педагогикалық жүйе, педагогикалық жобалау, педагогикалық технологиялар, педагогикалық техника түсініктері. Дәреже берілетін педагогикалық мамандықтар. Оқытудың әдістемелік жүйесі. Диссертациялық педагогикалық зерттеулердің негізгі әдіснамалық сипаттамалары. Зерттеулерді жүргізу үдерісін ұйымдастыру. Ұжымдық зерттеулерді ұйымдастыру. Оқыту формалары мен әдістері. Педагогикалық диагностика.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Электрондық білім беру ресурстарын жасаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Несиелер: 5Электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалау. Оқыту құралдарын және презентацияларды құрастыру. Электрондық оқыту басылымдарын немесе құралдарын жасау. Интернет желісінің ресурстар жүйесінен берілген тақырыпта білім беруге бағытталған ақпаратты іздеу. Гипермәтіндік электрондық оқыту басылымдарын жасау. Электрондық оқыту құралдарының құрылымын анықтау. Интернет желісінде жарияланатын білім ресурстарының жобасын жасау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалауды ақпараттандыру әдістері
Несиелер: 5Оқыту нәтижелерін бақылау мен бағалаудағы цифрлық технологиялардың рөлі. Тест тапсырмаларын жасауға қойылатын талаптар. Дискрипторлар және фасетті тапсырмалар. Білім бағалаудың халықаралық зерттеулері және олардағы тапсырмалар жүйесі. ICILS халықаралық зерттеуі. Цифрлық технология құралдарының көмегімен бағалау тасырмаларын жасау әдістері. Информатикадан бағалау тапсырмаларын жасаудың ерекшеліктері. Бағалау критерийі. Оқыту нәтижелерін онлайн және офлайн бағалау жүйелері
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Зерттеу тәжірибесі
Несиелер: 5Зерттеу практикасы докторлық диссертацияның тақырыбымен анықталады және оқу жоспарымен белгіленген мерзімде жеке жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 3
-
Код ON3
OН3. практикалық іс-әрекетке теориялық негізделген ғылыми зерттеулер нәтижесін енгізеді
-
Код ON6
OН6. аталған пәндік саладағы зерттеу сапасын бағалайды, жаңа ақпараттын бар ақпаратпен ара қатынасын белгілейді, өзінің зерттеуінің нәтижелерін логикалы және дәйекті ұсына алады
-
Код ON8
OН8. кәсіби қызметінің түрлі саласындағы білімді құрылымдайды және біріктіреді, оларды кәсіби мәселелерді шешу барысында пайдаланады және дамытады
-
Код ON2
OН2. өзбетімен ғылыми ізденіс, ғылыми мәселе экспертизасы мен талдау, оны шешу жолдарын анықтау дағдысын көрсетеді
-
Код ON7
OН7. информатиканы жоғары мектепте оқыту әдіснамасын, заманауи психолого-педагогикалық теорияны және оларды білім беру қызметінде пайдалану әдістерін қолданады;
-
Код ON1
OН1. іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеушілік дайындықты болжайтын ғылыми-педагогикалық бағыттағы зерттеушілік және инновациялық іс-әрекет дағдысын пайдаланады
-
Код ON5
OН5. зерттеу саласын жүйелі түсіну дағдысын пайдаланады және таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығын және нәтижелілігін көрсетеді
-
Код ON4
OН4. информатика және білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдайды және тиімді пайдаланады