Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыларда қазіргі педагогика мен бастауыш білім беру жүйесінің жай-күйі, ағымдағы проблемалары мен даму перспективалары туралы түсінік қалыптастыру Негізгі тақырыптар: "ғылым мен бастауыш білім берудің өзекті мәселелері" оқу пәні ретінде, педагогика ғылымдарының жіктелуі, қазіргі педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымның дамуының тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары, ғылымның даму заңы ретінде ғылыми парадигмалар жүйесі, бастауыш білім берудің өзекті мәселелері, ғылыми білім алу әдістері, инновация ұғымы, инновациялық әрекет, қазіргі білім берудегі инновацияның факторлары, негізгі бағыттары, инновациялық білім беру жобалары, олардың тиімділігін бағалау критерийлері, педагогикалық инноватиканың негізгі түсініктері, мақсаттары мен міндеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі /кәсіби
    Несиелер: 5

    Жалпы білімдік пән ретінде шетел тіліне оқытудың мақсаты магистранттың әлеуметтік жетерлі қарым қатынас құзырлығын қалыптастыру болып табылады. Қарым қатынастық құзырлық деп, халықаралық деңгейде шетел тілінде сөйлеуге қабіліттілігі мен дайындығын айтамыз. Қарым қатынастық, мәдени түрде бағытталған оқыту мақсаты лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу) және әлеуметтік мәдени компоненттерді қамтитын қиын интегративті бүтіндікті білдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушыларды жоғары білімнің үздіксіз білім беру жүйесіндегі рөлі, оның даму стратегиясы, жоғары мектепте білім берудің әдістері, лекциялық, практикалық сабақ формалары, педагогикальқ бақылау, оны ұйымдастыру принциптері, жоғары мектептегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері, оқытушы мәдениетінің негізі жайлы біліммен қаруландыру. Негізгі тақырыптар: Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны, жоғары білім берудің қазіргі парадигмалары, Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі, педагогика ғылымының әдіснамасы, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі, жоғары мектептегі оқыту теориясы (дидактика), жоғары білім беру мазмұны, кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру, оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері, жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары, кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы, жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде, жоғары білім беру жүйесіндегі куратор, жоғары білім беру менеджменті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Егемен Қазақстанның дамуы қарым-қатынас, әлеуметтік байланыстар мәселелерін шешумен, басқару жүйесін дамытумен, психологиялық білімнің түрлі салаларын меңгерумен тікелей байланысты мәселелерді табысты шешумен тікелей байланысты. Пәнді игеру магистранттарға басқару саласындағы психологиялық құбылыстарды зерттеу әдістерін, соның ішінде Практикалық білім жүйесіне негізделген теориялық білімді құру әдістерін игеруге ықпал етеді, сонымен қатар ғылымның осы саласының іргелі ережелерін қолдануды талап етеді, осылайша студенттердің қажетті кәсіби деңгейге жетуін анықтайды. Пән магистранттарға теориялық білімді зерделеуді, дербес ақпараттық ізденіс дағдыларын меңгеруді көздейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. Білім алушылардың орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. Білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі. Жаңа мазмұндағы бағдарламалардың міндеттері. Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының құрылымы. Бастауыш сыныптар бойынша критериалды бағалау. Бағалау қағидаттары. Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша дүниетану пәнін оқыту. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша әдебиеттік оқу пәні бойынша жоспарлау. Зерттеуге негізделген оқу. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша ықшам сабақ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Білім алушыға ғылымның алғашқы негіздерін, қазіргі күнгі ғылымның даму бағдарын тануға ықпал жасау. Курс барысында әлемдік ғылым тарихынан мағлұмат беру. Ғылым ерекшелігін, құрылымын, тәсілдерін тісіндіру. Ғылым этикасын сақтауға ұстаным жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО-да білім сапасын бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 4

    «Жоғары оқу орындарында педагогикалық білім сапасын бағалау жүйесін жобалау» курсының бағдарламасы маман ретінде магистранттарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіне арналған. Курстың мақсаты –білім сапасын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, ЖОО-дағы білім беру сапасын қамтамасыз ету және білім сапасын бағалау жүйесі мен бағалау факторларын,сапасын қамтамасыз ету әдістемесін, педагогикалық өлшеулер теориясының ерекшеліктерін анықтай алуға дағдыландыру.Әр түрлі елдердің оқу орындарындағы оқу процесін диагностикалаудың әртүрлі әдістері. Оқу орнын бағалау жүйесімен білім беру саласындағы мониторингті дұрыс ұйымдастыра білу. Тестілеу студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың психологиялық-педагогикалық құралы ретінде. Тесттік бақылауға материалдар дайындау ережелерін білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орындарында дербес әдістемелерді оқытудың ғылыми- теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мақсаты: жоғары оқу орнындағы дербес әдістемелік пәндерді оқыту технологиясы бойынша магистранттардың теориялық білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру. «Педагогикалық технология» түсініктемесін қалыптастыру, дербес әдістемелік пәндерді оқыту теориясы және технологиясымен таныстыру.Дербес әдістемелік пәндер бағдарламаларының мазмұнымен, бастауыш мектептің оқу үлгісінде оқытудың өрелі (прогрессивті) технологиясымен таныстыру. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беру тәжірибесінде теориялық білімдерді пайдалану біліктілігін қалыптастыру. Дербес әдістемелік пәндерден сабақ беруге шығармашылықпен қарау дағдысын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми- зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: білім алушыларды ғылыми – зерттеу жұмысының мәнін тануға бағыттау, ғылыми – зерттеу жұмысының әдіснама мен әдістемесінің негізін үйрету, ақпарат көздерімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру, педогогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуге үйрету, зерттеу әдістерін қолдануды, ғылыми-зерттеу жұмысын жасау құзырлылықтарын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білім алушылардың бастауыш білім беру мазмұнын құрастыру мен оқыту технологиясын түзу бойынша өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізе білу қабілетін қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері оқу пәні ретінде, білім мазмұны, білім мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар, бастауыш білім мазмұнын іріктеу мәселелері, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, компьютерлік (ақпараттық) технологиялар, П.В.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясы, тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары, C.Н.Лысенкованың оқыту технологиясы, мақсат қою және мақсатқа жету технологиясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық риторика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты -Білім алушыларды өз ойын ауызша да, жазбаша да дұрыс жүйелі жеткізе білуге, тіліміздің мол байлығын, көркемдеуші мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алуға тәрбиелеу. Шешендік өнерді тәжірибесінде қолдануға үйрету. сөздің қатысымдық сапасына, сөйлеу әдебіне мән беру; магистранттардың әдеби тіл нормасын жетік білуіне көмектесу; шешендік сөздерді тиімді қолдана білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: Сөз мәдениеті ғылымының негізгі мәселелері. Тіл мен сөз, олардың бір-бірінен айырмашылығы. Тілдің негізгі қызметі. Сөз мәдениеті туралы түсінік, оның зерттеу нысаны. Сөз мәдениетінің негізі-тілдік норма Риторика ғылымының теориялық негіздері: әдеби тіл, тілдік норма, олардың түрлері; Шешендік өнердің түрлері, сөз мәдениеті мен шешендік өнерді қалыптастыру жолдары, әдіс-тәсілдері туралы ақпараттар толық қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орны оқытушысының инновациялық іс-әрекеті
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты-педагогикалық инновациялық технологиялардың теориялық негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Курстың міндеттері: - педагогикалық инновациялық технологияларды зерттеу мен қолданудың ғылыми теориялық негіздерін меңгеру; - қазіргі уақытта оқытудың педагогикалық инновациялық технологияларын қолдану ерекшеліктерін ашу; - оқытудың инновациялық технологиясының әртүрлі аспектілері және оның болашақ дамуы туралы хабардар ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жобалау және жасау әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: «Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау және жасау» курсы магистранттардың пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру, олардың жобалау құзіреттіліктерін меңгеруін ұйымдастыру. Негізгі тақырыптар: - республика жоғары оқу орындарының пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жасау практикасын талдау және зерделеу логикасын; пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жасау негізі ретінде нормативтік-әдістемелік құжаттарды зерделеуді; пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жобалау және жасаудың жағдаятын диагностикалау, мәселелендіру кезеңдерін жүзеге асыра алу; жобалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" магистрларын педагогикалық пәндерді оқыту негізінде олардың бойында кәсіби сапаларды қалыптастыру, оларды қазіргі педагогиканың теориялық негіздері білімімен және оқыту-тәрбиелеу үрдісі кезіндегі алған білімдерін қолдануға байланысты іскерлік дағдылармен қаруландыру. Магистранттарды әдістеме туралы білім жүйесімен, типологиясымен, білім берудегі әдістеменің заңдылықтарымен, оқытудың жаңа технологиялары негізінде сабақты дұрыс ұйымдастыра білуге қаруландыру. Магистранттарда алған білімі негізінде шығармашылық және әдістемелік іс-әрекеттердің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми эксперимент жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Магистранттардың ғылыми зерттеулерді жобалау, ұймдастыру және жоспарлау саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыру, педагогиканың өзекті мәселелерін ғылыми зерттеу жобаларын ұйымдастыруды тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастыру, болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу және әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру, оларды кәсіби іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді шешуге даярлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON2

    Пәндік материалды баяндау кезінде өзінің ғылыми жетістіктерін пайдаланады

  • Код ON5

    Кәсіби міндеттерді шешу үшін инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін кәсіби пайдаланады

  • Код ON4

    Оқыту әдістемесінің әдістемелік үлгілерін, технологиялары мен тәсілдерін әзірлейді және іске асырады

  • Код ON3

    Оқу-тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларын оқытудың вариативті әдістері мен технологияларын қолданады

  • Код ON1

    Білім беру және кәсіби міндеттерді шешу кезінде ғылым мен білім берудің қазіргі заманғы мәселелерінің білімін көрсетеді

7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 1
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M003 Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top