Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03202 Мультимедиялық журналистика в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақ журналистикасының тарихи алғы шарттары және оның 1917 жылға дейінгі даму ерекшеліктері, қазақ басылымдарының шығу тарихы мен қазақ газеттерінің бағыты, ұстанымы, қазақ газеттерінің көтерген мәселелері мен оған патшалық Ресей билігінің көзқарасы оқытылады. Советтік қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік береді. Мақсаты: Қазақ газеттерінің қоғам дамуындағы орны мен қазақ журналистикасы дамуындағы қилы белестер туралы оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 5

    Студент пәнді оқу барысында журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы, журналист жұмысының әдістерімен танысады. Журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері, БАҚ-тың біріктірушілік және даралаушылық қызметі түсіндіріледі. Пәннің мақсаты – ақпаратты жинау, өңдеу және тарату, қоғамның өзекті мәселелерін жеткізу, зерттеу және айқындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Телерадиожурналистика
    Несиелер: 6

    Телевизиялық техникамен таныстырады, әрі компьютерлік бейнемонтаж жасауға бейімдейді. Телерадиожурналистика жанрларының қалыптасу тарихы, тікелей эфир және техникамен қамтамасыз ету, БАҚ-та ақпаратты жинау, өңдеу және тарату үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Пәннің мақсаты - сценарий жазу, студия ішінде жұмыс істеу, хабарға қатысушыларды дайындау, жүргізуші және диктор қызметтерін атқару, редактор, оператор, режиссер және т.б. қосалқы топтардың міндеттерін білуге, игеруге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
    Несиелер: 5

    Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
    Несиелер: 5

    Экономикалық даму заңдары, ғылыми-техникалық прогрестің әсері зерттеледі, экономикалық талдаудың заманауи әдістері, экономикалық модельдердің құрылысы мен қолданылуы ашылады. Кәсіпкерлік компаниялардың төрт түрі, басқарушы топ ұғымы, команда құру принциптері қарастырылады.Сыбайлас жемқорлықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың, халықаралық сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен мәні және онымен күресу тәжірибесі беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі
    Несиелер: 4

    Ақпаратты жинауға, өңдеуге және таратуға әсері туралы түсінік береді. Түрлі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпарат берудің түрлері мен жанрларын талдайды. Студенттер журналистік жанрлардың жіктелуін зерттейді, материал мақсатының форманы таңдауға әсерін зерттейді, масс-медианың түрлі түрлеріне арналған ақпараттық журналистік мәтіндерді жасайды. Пәннің мақсаты - түрлі жанрларды негізге ала отырып, журналистиканың зерттеу әдістерін талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Веб қосымшаларды әзірлеу және жобалау
    Несиелер: 5

    Пән веб-бағдарламалаудағы күрделі деңгей және жаңалықтар, PHP, MySQL тілдері және басқалар, олардың қолданылу аясы және ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруын қадағалайды. Мақсаты: Оңтайландыру әдістерін білу және оларды кәсіптік қызмет міндеттерін шешуде қолдану. Автоматтандыру құралдарын (CMS) пайдаланатын сайттарды құру әдістері игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Стилистикалық морфология, синтаксис, бұқаралық байланыс құралдарының тілі мен стиліне әлемдік және кәсіптік құбылыстардың әсер етуі, баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар менматериалдар, бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио мен теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс бейне жазбасы және дәстүрлі және жаңа медианың тілдік және стильдік ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің мақсаты – текстің түрлері және редактордың олармен жұмыс істеу стилистикасымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шетел журналистикасы
    Несиелер: 5

    Шетел журналистикасының тарихы, БАҚ дамуының қазіргі бағыттары, АҚШ, Еуропа, Америка, Азия, Африка елдері журналистикасының даму бағыттары, жаңа халықаралық ақпараттық тәртіп қарастырылады. БАҚ-тағы монополиялану процесі және шетелдік күнделікті басылымдардың типологиясы таныстырылады. Шетелдік беделді журналистердің шығармашылық шеберханасы талқыланады. Пәннің мақсаты – әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының даму бағыттарымен, қалыптасу тарихымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ публицистикасының қалыптасу және даму проблемалары
    Несиелер: 4

    Бұл пән журналист жұмысының ерекшелігін қарауға, жанрлар жүйесін меңгеруге, белгілі қазақ публицистері шығармаларын оқып, практикалық тұрғыдан соларға еліктеп жазуға, дәстүр мен жаңашылдық ұғымын терең түсінуге бағытталған. Мақсаты – болашақ журналистерді журналистика жанрларын кеңінен ұғынуға, өрелі ой айтуға қалыптастырып, қоғамдық пікір туғызудағы шеберліктерін шыңдап, журналистік қызметтің қыр-сырын үйретіп, оның қоғамдағы атқаратын рөлін көрсету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арт-журналистика
    Несиелер: 5

    Ұлттық және әлемдік өнер бағытында қоғамдық пікір қалыптастыруға, аудиторияны мәдениет пен өнер саласындағы ақпараттық қажеттіліктердің кең спектріне бағдарлауға үйретеді. Мәдениет пен өнердің, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнерінің, музыканың, киноның қызметін талдау дағдыларын дамытады, өнертану мәселелерін баяндайды. Мақсаты: Арт-журналистика пәнінің ерекшеліктері, оның жанрлары мен формалары туралы білімді игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары
    Несиелер: 5

    Қоғаммен байланыстың мәні мен маңызы, қазіргі коммуникациялық технлогиялар, қоғаммен байланыстың әдіс-тәсілдері, баспасөз-бросы, баспасөз-мәслихаты, баспасөз-реализ т.б. түсініктердің қоғаммен байланыс қызметіндегі ақпараттық сипатын түсіндіреді. Пәннің мақсаты - студенттерді желілік журналистиканың ерекшелік сипаттарымен, Интернеттің пайда болу және дамуымен, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістерімен, веб парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесімен, сайттарды басқару жүйесімен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Веб-технологиялар
    Несиелер: 5

    Web-сайттар жасау және оларды Internet-тің Web-серверлерінде орналастыру мен түзетуге қатысты практикалық дағдыларды меңгереді. Мақсаты: Веб журналистиканың ерекшеліктерін, Веб сайттарды құру жолдарын, оны дамытудың тетіктерін, стильдік ерекшеліктерін үйрету. Веб сайтқа контент, подкаст, инфографикаларды жедел жүктеуге машықтануі. Веб журналистиканың басты мақсаттарының бірі ретінде ақпаратты жедел әрі нақты үлгіде өз аудиториясына ұсынуға баулу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мультимедиалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пән интерактивті мультимедиалық технологиялармен, вирустық маркетинг, конференциялар, видео бөлісу, бейнелер жасау және редакциялаумен таныстырады, веб-журналистика саласында шығармашылық ойлауды дамытады, мультимедиалық журналистика дағдыларын меңгеруге ықпал етеді. Пәннің мақсаты - телевизия, радио, интернет басылымдарда жарық көрген әлеуметтік мәселеге байланысты материалдарды талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистік шеберлік
    Несиелер: 5

    Студенттерге журналистік шеберліктің негіздерін үйрету, басылымдар мен электронды ақпарат құралдарына енген жаңа технологияларды,журналистиканың пішіндері мен жанрларын, телеарна мен тікелей эфир ерекшеліктері, жазылым, қойылымдық бағдарламалар мен деректі фильмдерді дайындау шеберлігіне үйрету және саяси сауатты журналисті дайындап шығару. Мақсаты – кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірбиелік тұрғыдан білім беру, журналистік шығармашылықтың қыр- сырына баулу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспасөздегі әдеби өңдеу
    Несиелер: 5

    Пән теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысуға бағытталған. Пәннің мақсаты - БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білуге студенттерді баулу, машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стилистика және редакциялау
    Несиелер: 5

    Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларүға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алады. Мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді. Мақсаты – студерттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Талдамалы журналистика
    Несиелер: 5

    Талдамалы мақалаға қойылатын талап-шарттарды, сараптамалық материалдың жазу ерекшеліктерін, тақырып таңдау және оны аша білу әдістер меңгеріледі. Мақсаты: болашақ журналистерге маңызды ақпаратты дәл уақытында алуды, көкейтесті проблемаларды дер кезінде көтеріп, батыл пікірлер айтуды үйрету. Түйткілді мәселені зерттеп, зерделеуге, деректерді талдап, дәйектеуге машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Онлайн БАҚ редакциясының жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Мемлекетарадлық қарым-қатынасты реттейтін ережелер мен қағидаларды, ақпаратқа қолжетімділікті реттейтін заңдарды білу, əлеуметтік жікшілдік, нəсілшілдікке қатысты материалдарды жариялауға шек қою, жеке адамның өміріне қол сұғу мәселелерін сараптайды. Мақсаты - журналистика мен онлайн БАҚ-қа қатысты Ұлттық қауіпсіздік жəне халықаралық заңнамаларды білу. Сөз бостандығы мен пікір білдіру еркіндігі жəне демократиялық, конституциялық ашықтық қағидаларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстандық жаңалықтар сайты
    Несиелер: 5

    Қазақстандық жаңалықтар сайттарының даму тенденциясымен танысады. Сайт жаңалықтарын даярлаудың озық технологиясын, конвергенттік журналистиканы еңсереді. Мақсаты - қазақстандық жаңалықтар сайтының ақпараттық базасымен танысып, басқа да қазақстандық ақпарат көздерінің, Ақпарат Агенттіктері мен ақпараттық сайттардың, порталдардың, интернет газеттердің, электронды БАҚ-дың жаңалықтар қызметі өнімдерін талдауға, ақпаратты қорыту дағлысын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Журналистиканың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Журналистиканың құқықтық негіздерін оқыта отырып, студенттерді құқық тақырыбына жазуға бейімдейді. Құқық қорғау саласының ішкі құрылымдарындағы өзіндік ерекшеліктер мен өзгешеліктері негізінде жаңа сипаттағы журналистік ізденістер қажеттігін студенттерге ұғындырады. Пәннің мақсаты - журналистиканың құқықты негіздерінің Қазақстандағы даму кезеңдерімен студенттерді жан-жақты таныстыру; құқықты журналистиканың функциялары мен маңызын түсіндіру; журналистиканың құқықты негіздерін әр түрлі жанрлар аясында таныпбілуге үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Лонгрид
    Несиелер: 5

    Интернет-ресурстар. Интернеттегі материалдарды өңдеу, редакциялау және жазу. Онлайн тәртібінде жұмыс істеу мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Интернет-ресурстар. Блог сайты. Мақсаты: Студенттерді Интернет желісін пайдаланып жұмыс істеу әдістерімен, веб парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесімен, сайттарды басқару жүйесімен таныстыру. Желілік журналистиканың жанрлары мен пішіндерін меңгеру, қазіргі Интернет журналистиканың теориялық мәселелері менерекшеліктерін, проблемаларын талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телерадио арналардағы журналист этикасы
    Несиелер: 5

    Студенттерді этикалық кодекстердің шығу тарихымен танысады. Журналистің оқырманмен, кейіпкермен, әріптестерімен қарым-қатынастың этикалық аспектілерін үйренеді. Мақсаты - болашақ журналисті оқырманмен, кейіпкермен, әріптестерімен қарым-қатынаста телевидение мен радио журналистеріне тән этикалық нормаларды ұстануға үйрету және оның журналистикадағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика
    Несиелер: 5

    Газет, журнал шығару өндірісінде компьютерлік технологияның әдіс-тәсілдерін, мерзімді басылымдардың дизайны, газет беттерін безендіруді оқытады. Сонымен қатар компьютерлік орнатудың теориясы мен практикасы, фотожурналистика тарихы және оның даму кезеңдері, сандық фотоның ерекшеліктері қарастырылады. Мақсаты: мерзімдік басылымдарда компьютерлік технологияны қолдану және сандық фото жүйелермен жұмыс істеуге үйрету. Фотожурналистиканы игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар
    Несиелер: 5

    Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихы туралы толық ақпар алады. Адамзат қоғамының соңғы елу жылындағы маңызды халықаралық қатынастардағы саяси оқиғалардың негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтарын қарастырады. Жаңа ақпараттық технология үлгілерімен, ерекшеліктерімен танысады. Пәннің мақсаты - халықаралық қатынастарға терең талдау жасау, студенттерде жаһандық ақпарат қоғам жағдайындағы халықаралық қатынастарға ғылыми көзқарас қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиожурналистика жанрларының мазмұны мен пішіні
    Несиелер: 5

    Радионың пайда болуы мен дамуы, хабар таратуға қойылатын талаптар,тікелей эфирдегі импровизация өнері, тілдік шеберлік және сөйлеу мәдениеті қарастыралады. Мақсаты: студенттерді радиожурналистиканың ерекшеліктерімен, радионың пайда болу және хабар тарату кезеңдерімен, қазақ радиосының дамуымен, жұмыс әдістерімен, радиохабарды әзірлеудің шығармашылық процесімен, этикалық қағидалармен, радиожурналистиканың қазіргі теориялық проблемаларымен және сөйлеу мәдениетімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік желілердегі PR
    Несиелер: 5

    Әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа технологияларды пайдалана отырып, байланыс және ақпараттық байланыстарды орнатуды үйренеді. Әлеуметтік желілердегі жарнаманың шығу тарихы мен даму кезеңдерін қамтиды. PR -дің түрлері оқытылады. Мақсаты - слайд-шоу, дыбыстық слайд-шоу жасауды, бейне материалдар мен интерактивті карталарды жасау үшін желілік қызметтерді пайдалануды, аудиториямен әртүрлі формаларда интерактивті қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Журналистика менеджменті және маркетинг
    Несиелер: 5

    Медиа саланы басқару, жетістіктерді көбейту, іскерлік медиа бизнесті дамыту, медиа өнімдерді сату және тарату дағдыларын қалыптастырады. Бұл пән БАҚ менеджменті мен маркетингі теориясын, әлемдік медиа-бизнестің тәжірибелерін қарастырады. Шетелдік медиа магнаттардың маркетингтік бағдарламалары талданады. Медиа-маркетологтардың маркетингтік саясатын жүргізуді, медиа-өнім тұтынушыларының сұранысын саралауды машықтандырады. Мақсаты: медиа саланы басқару қабілетін дамыту, медиа өнімдерді сату және тарату тәсілдерін, медиа құрылымның шығармашылық және экономикалық перспективаларын оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби және салалық журналистика
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнында салалық басылымдар мен электронды ақпарат құралдарының салалық жанрлары, студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын оқытып, cалалық журналистиканың проблемалары мен ерекешеліктері, талдамалы, сараптамалық журналистиканың негіздері ескеріледі. Мақсаты - салалық журналистиканың негізі мен қалыптасуы, дамуы туралы білімдерін жетілдіре отырып, экономикалық, саяси, мəдени, әскери, медицина, экология, су русурстары саласы, ғылым-білім салалары бойынша бейімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық журналистика
    Несиелер: 5

    Шетелдік БАҚ-тың дамуы, шетелдік ақпараттық агенттіктермен ақпарат алмасу процесі, маңызды ақпаратты әлемдік деңгейде өңдеу және талдау тәсілдері, оны отандық БАҚ-та пайдалану, халықаралық журналистиканың елдің саяси өміріндегі және мемлекеттің дамуындағы орны оқытылады. Мақсаты: шетелде болып жатқан оқиғаларды талдауға, ақпаратты өңдеуге, шетелдік жаңалықтардың мазмұны мен мәнін талдауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиохабар даярлау технологиясы
    Несиелер: 5

    Радиорепортаж, жаңалықтар, қойылымдық хабарларды әзірлеуді оқытады. Оқиға болған орыннан тікелей репортаж жүргізіп, эфирге қосылу мүмкіндіктерін меңгереді. Пәннің мақсаты - радиохабарларды дайындауды үйрету, жанр ерекшеліктерін, радио форматтарындағы жанрлар мазмұнымен, жаңа пішіндерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радиожурналистиканың қалыптасу тарихы
    Несиелер: 5

    Радионың шығу тарихы, Қазақстанда радожурналистиканың қалыптасуы, Қазақ радиожурналистерінің шығармашылығы, радио технологияларының даму кезеңдері, дыбыс жазу апапараттарының түрлері және оны пайдаланудың ерекшеліктері. Мақсаты - радио жанраларын, форматтарын, пішіндерін, радио жанрларын, радиода жаңалықтар қызметі, ақпарат тарату, драмалық қойылымдар, радиопостановкалар, радиоконцерт, тікелей репортаж жасау жұмыстарымен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фотожурналистиканың қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Фотография, фотопублицистика, фоторепортаж, фото ісі туралы іргелі білім алуға көмектеседі. Фотоақпаратты алу, жинау, өңдеу және сақтаудың қазіргі заманғы техникаларын пайдалануға дағдыланады. Оны баспа, электрондық БАҚ-да жариялауға, жарнамалық және медиаресурстарды жасауға, фото ісінің технологияларын меңгеруге үйретеді. Мақсаты - фотоаппарат маркаларымен, объективтің түрлерімен, фото ісіндегі жарықтың маңызы және ролімен,фотоның композициялық құрылымымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Flash-технологиялар
    Несиелер: 5

    Студенттер веб-технология негіздері мен жұмыс принциптері: сайттар, қосымшалар және интерфейстердің ерекшеліктерін үйренеді. Бұл пәннің қазіргі цифрлық медиа қарыштап дамып жатқан қоғамда ерекше сұранысқа ие. Болашақ мамандар интернет журналистиканы әр қырынан тануына мүмкіндік береді. Мақсаты: мобильдік құрылғыларға арналған интерфейстерді дамыту технологияларын түсіну бойынша бағдарламалық жүйелердің интерфейстерін әзірлеуге арналған технологияларды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Data-журналистика
    Несиелер: 5

    Медиа коммуникацияны зерделеудің теориялық зерттеу тәсілдерін қалыптастыру сандық компьютерлік және интернет деректерін пайдалану негізінде аналитикалық медиаконтентті ұсынуды, деректерді талдап, қорытуды, зерделуді үйретеді. Мақсаты: толық емес немесе шектеулі ақпараттан дұрыс пайымдар, тұжырымдар шығара білу. Ғаламтор мәселелері және оған қатысты қызықты ақпараттарды сараптап, салыстырып талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиадизайн
    Несиелер: 5

    Оқушылардың шығармашылық, графикалық, сызықтық, тоналды және түсті композицияның негізгі заңдылықтары туралы түсініктерін дамыту қарастырылады. Жарнамалық материалдың дизайнерлік элементтері, фирмалық эмблемалардың, жапсырмалардың, композициялық орналасу әдістері оқытылады. Мақсаты-дизайнды креативті дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін үйрету,компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеудә меңгерті. Болашақ маманға жарнамалық жобаларды әзірлеу кезінде жаңа технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SMM-журналистика
    Несиелер: 5

    SMM – әлеуметтік желіде, интернет платформаларда жұмыс істеу дағдысы, SMM-нің бір баламасы – Бренд журналистика. Студент осы мамандықты игеруде жаңа заманғы мультимедиа, сандық технологияларды оқып, біліп, парақша мен сайттың жұмысын ұйымдастыруды, оның көркем безендіру әдістерін, жарнамалық, имидждік мәтін жазуды үйренеді. Мақсаты: SMM журналистканың қыр-сырын таныстыру, ерекшеліктерін үйрету, технологиясын түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Цифрлық медиадағы Big datа
    Несиелер: 5

    Студент сандық медиаиндустрияда үлкен мәліметтерді қолдана алады. Сондай-ақ оның ерекшеліктерін меңгере отырып, игерген білімін Big data -журналистикада пайдалануға мүмкіндігі бар. Мақсаты: сапалы және тиімді журналистік өнім мен контент жасау үшін өзекті болып табылатын Datа-журналистиканың теориялық концепциясы туралы терең түсінік қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жарнама және БАҚ
    Несиелер: 5

    Жарнама саласының негізгі ұғымдарын, оның теориясы мен тәжірибесін меңгеріп, БАҚ-тағы жарнаманың рөлін біледі және отандық жарнама технологиясының тәжірибесін пайдалану, жарнаманың табиғатын, оның жан-жақты қырлары мен болашағын, қоғаммен байланыс жасаудың негізгі тетіктерін түсінеді. Мақсаты - PR технологияларын игеру және жарнама түрлерін ажырату. Жарнама жасаудағы түрлі заманауи әдістерді қолдану.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теледидардағы компьютерлік дизайн
    Несиелер: 5

    Телехабарлар даярлауда компютерлік дизайн жасау мен дизайнер жұмысының қыр-сырымен танысады. Жаңа технологияларды оқып біледі. Мақсаты - телевизялық дизайнның ерекшеліктері мен оның жасалуы, компьютерлік дизайнер қызметінің маңызы, ДТ бағдарламалық компьютерлік дизайн өнімдерінде практикалық жұмыс жасау үшін қажетті ақпаратты алу; компьютерлік графика мен дизайнның алдыңғы қатарлы технологияларының үйрену және қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі газет жанрлары
    Несиелер: 5

    Газет жанрлары, олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері, хабарлама жанрының өзіндік ерекшелігі, хабарлама жанрлары, корреспонденцияның ерекшеліктері, газет жанрларына стиль жөнінен қойылатын талаптар, баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері түсіндіріледі. Мақсаты - БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін сараптап, оларды қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спичрайтер
    Несиелер: 5

    Белгілі тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда және халық алдында сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазу әдістері қарастырылады. Заманауи спичрайтерлердің тәжірибесімен танысады. Мақсаты: саяси маңызды мәтіндерді жазу дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық пікірді тудыруға ықпал ету. Спичрайтер кәсібінің психологиялық аспектілерін үйрету және ақпарат ағынын талдай білу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Конвергентті журналистика негіздері
    Несиелер: 5

    Пән конвергенттік журналистиканың технологиялық және әлеуметтік-мәдени алғышарттары, қазіргі бұқаралық коммуникациядағы әлеуметтік желілер мен азаматтық журналистиканың рөлі, конвергенттік журналистің негізгі дағдылары, Web үшін фотосуреттер мен бейнелер: композиция, редакциялау, оңтайландыру, жариялау, ақпаратты берудің графикалық тәсілдері оқытады. Мақсаты - студенттердің конвергентті журналистикада сәтті кәсіби қызметке қабілеттілігін дамыту. Мультимедиялық журналистік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; Интернет-БАҚ-та авторлық құқық жобаларын жасауға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық публицистика
    Несиелер: 5

    Осы жанрдың ерекшеліктері мен қалыптасуын, баспасөз бетінде өзара хат алмасу арқылы публицистикалық жанрдың жүгін көтерген тұлғалардың шығармашылығымен танысады. Пәннің мақсаты- қазақ әдебиеті сөз зергерлерінің өзара алысқан публицистикалық сарындағы хаттары, ондағы қоғамға ортақ мәселелерді талқылау, елдің мүддесі жайлы пікір алмасулар, білгілі бір проблема төңірегінде ой бөлісулердің жанрлық сипатын саралап, эпистолярлық жанр ерекешелігін таныту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Интерфес редакторы
    Несиелер: 5

    Word TR негізгі мүмкіндіктері, мәтін құру, редакциялау. Көру функциялары. Автоматты түрде параққа бөлу. Мәтінді пішімдеу. Емлені автоматты түрде тексеру. Кестелер құру. Тасымалдарды орналастыру. Автоматты бет нөмірлеу процестерін үйренеді. Мақсаты - (ITR) – бұл мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама-белгілі бір құрылымы мен дизайны бар таңбалар тізбегі ретінде мәтінді енгізу, өңдеу, сақтау, іздеу және ойнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Интерактивті контент жасау
    Несиелер: 5

    Bизуализация және композициялық теорияның негізгі принциптеріне сәйкес келетін деректерді көрсету құралдарын әзірлейді; деректерді бейнелеудің әртүрлі әдістерін бағалайды. Мақсаты - ДК және бағдарламалық компьютерлік дизайн өнімдерінде практикалық жұмыс жасау үшін қажетті ақпаратты алу; компьютерлік графика мен дизайнның алдыңғы қатарлы технологияларының жүйелі түрде ұсынылуын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сыр өңірі журналистикасының тарихы және тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Сыр өңірі баспасөзі дамуындағы тарихи, экономикалық, әлеуметтік факторлар зерделенеді. Қызылорда астана болған тұстағы Сыр өңірінен шыққан республикалық басылымдардың тарихы, өңірлік басылымдар тарихындағы қоғамдық-саяси ахуалдың жазылуы мен өзекті мәселелердің көтерілуі, облыстық «Сыр бойы» газеті, облыстық телерадио арналардың даму жолдары туралы оқып, білу. Мақсаты: Сыр елі ақпарат құралдарының тарихын, тәжірибесін, даму жолдарын зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Аймақтық журналистиканың қалыптасуы мен даму жолдары
    Несиелер: 5

    Аудандық газеттердің жарыққа шығуы мен онда қызмет істеген есімі осы күнге дейін аталмай келген журналистер мен публицистер шығармашылығымен танысады. Мақсаты - аймақтық басылымдар тарихындағы қоғамдық-саяси ахуалдың жазылуы мен өзекті мәселелердің сөз етілуіне мән беру; облыстық «Сыр бойы» газетінің тарихи кезеңдердегі бет-бейнесін, бағыт-бағдарын айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON5

    Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы мен қалыптасу тарихын, халықаралық құқық пен журналистік ұйымдарды біле отырып, шетелдік журналистиканың қазіргі даму бағыттарын талдай алады.

  • Код ON4

    ҚР Конституциясы мен "БАҚ туралы"Заң аясында журналистің құқықтары мен міндеттерін біледі және сақтайды. Фактілер мен дәлелдерді жинай алады, жиналған ақпаратты талдай алады, ғылым мен техниканың жаңалықтарын қолдана отырып, ғылыми қорытынды жасай алады.

  • Код ON6

    Радио, теледидарда ақпарат даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігі қалыптасады. Мемлекеттік және тәуелсіз телеарналардың хабар беру өзгешеліктерін меңгереді. Ғылым мен техниканың жаңалықтарын пайдалана отырып, дерек пен дәйектерді жинауға, жиналған ақпаратты талдауға, ғылыми тұжырымдар жасай алады. Фотоаппарат маркаларымен, объективтің түрлерімен, фото ісіндегі жарықтың маңызы және ролімен, фотоның композициялық құрылымын біледі.

  • Код ON1

    Қазақстанның қазіргі кезеңі туралы мәліметті меңгереді. Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде толық білім алады; Әлеуметтік сипаттағы міндеттерді шешуге байланысты арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың комплексін меңгереді; студентте саяси сана қалыптасып, қоғамдағы болып жатқан саяси процестерге баға бере алады. Саяси сауаттылығы, саяси белсенділігі артады. Курсты меңгеру барысында отансүйгіштік, елжандылық сезімдері арта түседі; мәдениеттің негізгі құндылықтарын игереді. Ағылшын тілін біледі, қазақша және орысша сөйлейді.

  • Код ON3

    Журналистік туынды жасау дағдысын, ойлау мәдениетін, сөйлеу техникасын, стилистика ережелерін, әралуан құбылыстар мен үдерістерді ғылыми талдау және жорамалдау негіздерін игереді.

  • Код ON2

    Журналистика тарихын және қазақ мерзімді баспасөзінің, қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің, қазақ публицистикасының көшбасшыларының, шетелдік журналистика жауһарларының пайда болуын біле отырып, журналистиканың жанрлық ерекшеліктерін, сондай-ақ қазақ және өңірлік журналистиканың даму ерекшеліктерін түсіндіруге қабілетті. Қазіргі қазақ журналистерінің ғылым, өнер, әдебиет және экономика тақырыптарындағы мақалаларын талдау дағдыларын игере отырып, оларды стиль даралығы тұрғысынан бағалай алады.

  • Код ON7

    Желілік журналистиканың ерекшелік сипаттары, интернеттің пайда болуы және дамуы, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістері, веб-парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесі, сайттарды басқару жүйесімен жұмыс жасауға қабілетті. Онлайн режимінде жұмыс істей алады. Сандық технологияларды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану нәтижелерін бақылау және бағалау, қазіргі заманғы әлеуметтік медиа құралдарын пайдалана алады. Ақпараттық медиа сауаттылықтың ерекшеліктерін, осы салаға қатысты ең негізгі технологиялық құралдарды танып біледі. Big-Data технологиялық процесі мен оның журналистикада қолдануын, datа-журналистиканың конвергентті БАҚ-пен өзара әрекеттесу механизмдерін түсінеді. Материалдың жанрлық ерекшеліктерін ажырата біліп, электронды деректер базасымен, онлайн-медиа құралдарымен жұмыс істеу арқылы конвергенттік стильді меңгереді.

  • Код ON8

    Журналистік зерттеу жүргізу дағдыларын игере отырып, журналистің кәсіби қызметінің мақсаттарын, әдістері мен тәсілдерін практикада қолдануға, ақпарат көздерімен, цифрлық бейнемонтаж және дыбысты өңдеу жөніндегі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге, желілік ақпарат тасымалдаушысы ретінде интернет-сайттар құруға, түрлі форматтағы мерзімді басылымдарды айналдыруға қабілетті.

6B03202 6B03202 - Қоғаммен байланыс
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03202 Қоғамдық қатынастар
Бакалавриат

"Тұран" университеті мекемесі

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03202 Конвергенттік журналистика
Бакалавриат

Халықаралық Бизнес Университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03202 Халықаралық журналистика
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03202 Сандык журналистика
Бакалавриат

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03202 Қоғаммен байланыс және адами ресурстар (PR&HR)
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B03202 Журналистика (ТВ және Мультимедиа)
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B03202 Медиа-журналистика
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03202 Қоғаммен байланыс
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B042 Журналистика және репортер ісі

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top