Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Информатика мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Программалау тілі: Python
    Несиелер: 5

    Пән мәліметтердің базалық типтерімен, құрылымдық және объектілі – бағытталған программалау (ОБП), GUI программалау модельдерімен, ұғымдарымен таныстыратын сабақтар сериясын қамтиды. Tkinter пакетінің құралдарымен пайдаланушының графикалық интерфейсін құру ерекшеліктері, ойындарды бағдарламалаудың базалық, Pygame кітапхананың негізгі мүмкіндіктері қарастырылады; негізгі функцияларға, кластарға басты назар аударылады; Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы қосымшалар жасау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалау тілі: Java
    Несиелер: 5

    "Программалау тілі: Java" пәнін оқығанда студенттер Java-да теориялық білім мен практикалық бағдарламалау дағдыларын дамытады. Студенттер ақпараттық жүйелердің негізгі ұғымдары, жіктелімдері және архитектурасымен танысады, Java SE платформасында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістері мен әдістерін үйренеді, Java SE платформасында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, тестілеу және орналастыру технологияларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 4

    Пән кинематика, динамика, статика заңдарын, зат құрылысы, жарыққа қатысты негізгі заңдылықтарды, жарықтың сыну, шағылу заңдарын, атом ядросының модельдері мен элементар бөлшектер жөніндегі теорияны түсінуге, нәтижесін талдауға бағытталған. Физикалық заңдардың негізі, мәселенің шешімін талдау, сандық білім беру ресурстарын кәсіби қызметте қолдану, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика мен дизайнның негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде компьютерлік графиканың негізгі түсініктерін меңгеру, Adobe Photoshop және CorelDraw бағдарламаларын салыстыру көзделеді. Adobe Photoshop бағдарламасының негізгі құралдары, суреттерді өңдеу әдістерін меңгеру үшін оларды пайдалану тәсілдері мен баптаулары; дизайн жасау, презентацияларды ресімдеу және web-беттерге арналған суреттерді дайындау жүйесі қарастырылады. Жобалық жұмыста графикалық өнімдер жасау, веб-сайттарда көрсету жолдары ұсынылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Программалау тілі : С++
    Несиелер: 7

    Пән С++ тілінде программалау негіздерін; тіл спецификацияларын; тілдің синтаксисі мен семантикасын; объектілі-бағытталған программалау концепцияларын; кластарды, әдістерді және объектілерді құру мен пайдалану тәсілдерін; MFC кітапханасынан программалық модельдеу жолдарын; графика мен анимацияны программалау негіздерін меңгеруге бағытталады. Ақпаратты көрсету әдістері мен программаның құрылымдануын қамтамасыз ететін технологиялар қарастырылады. Жобалық жұмыста программалық қосымшалар құру көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математика 1
    Несиелер: 5

    Бұл пән басқа пәндерді меңгеруде базалық білімді қалыптастыратын, білім беру бағдарламасының құрылымында математикалық циклге енетін жалпы кәсіби пән болып табылады. Жоғары математика элементтерінің программалауды, дискреттік математиканы және арнайы пәндерді зерттеу үшін маңыздылығы қарастырылады. Жобалық жұмыста ақпаратты формальдау, құрылымдау мен моделдеуде математиканың аппараттарын қолдану тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер
    Несиелер: 6

    Пәнде негізгі логикалық блоктар, операциялық жүйелердің негіздері, командалар жүйелері, мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру және басқа да ақпарат беру, енгізу-шығару құралдары, интерфейс жүйесін басқару құрылғылары, компьютер архитектурасының негіздері, дербес компьютер құру үшін фон-Нейман принципі қарастырылады. Жобалау жұмысында қазіргі операциялық жүйедегі үдерістердің бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін процестерді игеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Компьютерлік жүйелер, желілер, телекоммуникация және ақпаратты қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнде жүйелер мен желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері, терминологиясы, OSI моделі, Internet жүйесіне қосылу әдістері: электрондық пошта (E-mail); UseNet, TelNet, FTP технологиялары мен электрондық байланыс құралдары;ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері; электрондық цифрлық қолтаңбаныңрөлі жәнеөмірдегі қауіпсіздік шараларықарастырылады. Жобалық жұмыста Internet жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Математика 2
    Несиелер: 5

    Курста анықталған және анықталмаған интегралдар, қатарлар теориясы, дифференциалдық теңдеулер мен ықтималдықтар теориясының элементтері қарастырылады. Сандық әдістер, оптималды басқару, вариациялық есептеу салаларындағы күрделі мәселелерді шешудегі алатын орнын дәйектеу, модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды талдау, пәндік білімді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік дайындығын қамтамасыз етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлаудың нормативтік кұжаттарын, мектеп информатикасының мазмұнын, оқыту әдістерін, формаларын, құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін; информатикадан есептер жүйесінің әдістемелік талаптарын; сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді, информатика кабинетінің жұмысын, мектептің акпараттық-білім орталарын, осы үдерістегі информатика мұғалімінің қызметтерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    "Ғылыми зерттеу әдістері"пәнін зерттеудің мақсаты - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен басқарудың заңдары, принциптері, түсініктері, терминологиясы, мазмұны, ерекшеліктері туралы білімді игеру. Бұл курс отандық және шетелдік ғалымдардың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулер жүргізудің негізгі тарихи аспектілері, теориялық қағидалары, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеу, ғылыми іздеу, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып негізделген тиімді шешімдер алу тақырыбын таңдау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 4

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерін, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, білім беруде және оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалана отырып, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін сыни ойлау тұрғысынан қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Объектіге-бағытталған программалау: С#
    Несиелер: 5

    Пәнде Microsoft Visual Studio платформасының негіздері және C# тілінің синтаксисі, C# тілінде ОБП игеру, мұрагерлік және полиморфизм, оқиғаларды жүзеге асыру және пайдалану, класс кітапханаларын және консольдық қосымшаларды құру; .NET ортасында Windows-қосымшаларды дамыту қарастырылады. Жобалық жұмыстарда программалық технологияларды салыстыру арқылы программалық қосымшалар жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Web-программалау негіздері
    Несиелер: 5

    Пән Web-интерфейстер мен Web-қосымшаларды құрастыруға арналған НТМL, CSS, JavaScript-тің Web-стандарттары мен технологияларын игеруге, Web-программалау саласында теориялық, практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталады. Пәнде сайт құрастыратын танымал конструкторлар, лендинг, визиткалар, бизнеске арналған ресурстарға шолу жасалады. Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы веб-сайттағы ақпаратты құрылымдау, оны интернет желісінде көрсету әдістерін игеру көзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Информатиканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары
    Несиелер: 6

    Жаңартылған білім беру бағдарлама негізінде информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары, оқытудың инновациялық технологиялары, қолдану тиімділігін креативті бағалау әдістері қарастырылады. Инновациялық оқыту технологияларын жобалаудың принциптері мен ерекшеліктері, оқытуда бұлтты технологияларды және инновациялық-педагогикалық технологияларды қолданудағы оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынасы, МООК құру мен жобалау технологиялары мен қадамдары оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сандық əдістер
    Несиелер: 6

    Пәнде сызықты емес теңдеулерді, сызықты және сызықты емес теңдеулер жүйесін, дифференциалдық және интегралдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері; әр тақырып бойынша қажетті теориялық бөлімдері және MathCad математикалық пакетінде типтік есептерді шешу, сондай-ақ екі айнымалысы бар функцияның экстремумын табу әдістері қарастырылады. Жобалық жұмыстар MathCad математикалық пакетінде іске асырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім беру робототехникасы
    Несиелер: 7

    Пәнде LEGO және Arduino негізінде жиналатын және бағдарламаланатын практикалық тапсырмаларды орындау; құрастырылған құрылғылардан,датчиктерден деректердің оқылуы/өңделуі; олардың смартфондардан, компьютерден, интернеттен алынуы және жіберілуі қарастырылады; компоненттерді, схемаларды құрастыру, бағдарлама жазу, диагностикалау әдістері сипатталады. Жобаны жазу, оны жылжыту, IT Startup-ты іске қосуды ұйымдастыру әдістерін меңгеру және робототехниканың өмірдегі рөлін дәйектеу көзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Деректер базасы және ақпараттар жүйесі
    Несиелер: 6

    Пән деректер базасының объектілерін құру, түрлендіру және деректерді еркін реляциялық деректер базасында басқару үшін SQL тілі моделін үйрену және қолдануға бағытталады. Пәнде ақпарат жүйелерінің реляциялық деректер базасын жобалау кезеңдері, деректерді индекстеудің негізгі әдістері, BigData туралы ғылым саласындағы қазіргі тенденциялары қарастырылады. Жобалық жұмыста ақпараттық жүйелер жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Интернет заттарына кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән интернет заттарының негізгі түсініктері мен міндеттерін, аппараттық, бағдарламалық және желілік қамсыздандыруларын оқытуға бағытталады. Пәнде IoT жүйесін жобалау, негізгі функционалдылықты дамыту, желілік қосылыстар, тасымалданатын деректердің форматтары мен түрлері қамтылады. Жобада таңдалған жабдықты пайдалану арқылы жүзеге асыру жолдары мен оны жылжыту, IT Startup-ты іске қосуды меңгерту қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Информатиканы оқытудың жеке және қашықтықтан оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән информатиканы қашықтықтан оқыту әдістерін, мақсаттарын, түрлерін оқытуға бағытталған. Сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың интерактивті өзара іс-қимылы, ҚО ұйымдастыру-техникалық модельдері; жаңа үлгідегі оқу орындарындағы технологиялардың негізгі түрлері;ҚО ақпараттық техологиясын (LMS) қолдану; МООК информатиканы ҚО құралы ретінде қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Информатика пәнінен олимпиада есептерін шешу әдістері
    Несиелер: 5

    Пән информатикадан олимпиада есептерін шешу әдістерін үйретуге; ақпарат пен ақпараттық жүйелерді модельдеуге, оны құрылымдауға, алгоритмдік шешімдерін табуға, оларды салыстыра отырып программалық құралдармен өңдеу жолдарын игеруге; үлкен сандар, коммивояжер, графтарды қолдану және өзге де есептерді шығару жолдарын меңгеруге бағытталады. Жобалық жұмыста информатикадан (онлайн, қашықтан, жеке және командалық) олимпиадаларды ұйымдастыру жолдары қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Web- платформадағы электрондық оқыту
    Несиелер: 6

    Пән білім берудің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған электронды оқыту әдістерін жетілдірумен байланысты. Электрондық білім берудің принциптері, іске асырылуы, электрондық білім берудің стратегиялық аспектілері, материалдық қамтамасыз ету, электрондық оқытудың құралдарын таңдау және тиімділігін бағалау, жоғары оқу орындарында Е-learning енгізудің директивті және бастамашылық негіздері қарастырылады. Жобалық жұмыстар Moodle программасымен іске асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Білім берудегі Smart-технологиялар
    Несиелер: 6

    Курс білім алушыларға жаңа ақпараттық, коммуникациялық және интерактивті технологиялар саласында, оқу материалын визуализациялау және оқыту сапасын арттыру үшін жеке интерактивті бағдарламалар құру дағдыларын қалыптастыруда қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруды қамтиды. Мұғалім деңгейінде оқыту процесін басқару және оқыту құралы ретінде АКТ-ны пайдаланудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын зерделеу. SMART білім берудегі интерактивті технологиялар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды жасау
    Несиелер: 6

    Пән Java-ны қамтитын интерактивті қосымшаларды, сондай-ақ Android үшін мобильді қосымшаларды құру әдістерін оқытуға бағытталады. Дұрыс интерфейс пен архитектура Android Studio ортасында мобильді қосымшаларды жасау үшін қажетті білім мен практикалық дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Пәнде мобильді қосымша бойынша жоба құру, оны жылжыту, IT-Startup-ты іске қосуды игеру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Машиналық оқытуға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән машиналық оқытуға қатысты мәселелердің негізгі түрлерін (классификацияны, регрессияны және кластеризацияны) зерттеуге; машиналық оқытудың негізгі әдістері және олардың ерекшеліктерін оқытуға; нақты мәселені шешу үшін үлгілердің сапасын бағалау және оларды Python-ның кітапханалары арқылы деректермен жұмыс істей отырып жүзеге асыруға бағытталады. Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы машиналық оқыту мәселелері зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • STEM білім беру
    Несиелер: 6

    Пән білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін; оқытуды ұйымдастыруға пәнаралық тәсілді; ҚР-да STEM-білім беруді іске асыру ерекшеліктерін; мектепте STEM-технологияларды енгізудің негізгі шарттарын және STEM-технологиялардың түрлерін; білім алушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тартудың білім беру технологияларын; роботтарды бототехникалық конструкциялау, бағдарламалау және модельдеу негіздерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON5

    Есептеу жүйелері мен робототехниканың архитектуралық ерекшеліктері мен принциптерін, типтерін, логикалық блоктар жұмысының ұйымдастырылуын сипаттайды

  • Код ON11

    Оқу-тәрбие процесінде оқушыларды дамытуға педагогика, психология негіздерін және олардың әдістері мен құралдарын инклюзивті білім беруді ескере отырып пайдаланады

  • Код ON3

    Программалау әдістерін, моделдерін, технологияларын және оның инструментальды құралдарын есептеу жүйелерін таңдау/талдау үшін салыстырады

  • Код ON6

    Инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады

  • Код ON9

    Академиялық адалдық мәдениеті мен принциптерін ұстана отырып, информатика саласындағы ғылыми зерттеулер мен академиялық хаттардың әдістерін қолданады

  • Код ON7

    Критериалды бағалау технологиясы мен оқу стратегияларын қолданып оқу бағдарламасының мақсаттарына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасайды

  • Код ON4

    Бағдарламалау құралдарының көмегімен ақпаратты формалау мен құрылымдауды, оларды бейнелеу әдістерін, сондай-ақ өңдеу мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әр түрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламаларды әзірлейді

  • Код ON8

    Кәсіби салада немесе командалық жұмыста тұлғааралық, мәдениаралық толерантты қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияны қолдайды

  • Код ON10

    Кәсіптік салада этикалық, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер мен міндеттерді түсіндіреді

  • Код ON2

    Ақпараттық жүйені моделдеу мен жобалауда математика және физика ғылымдарының негіздерін, информацияның теориясы мен алгоритмдеу принциптерін қолданады

  • Код ON12

    Одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру қажеттілігін талап ететін информатика саласында жобалау жұмыстарын әзірлейді

  • Код ON1

    IT-білім беру метапәндік идеяларына негізделген білім мен түсініктерін мектеп информатикасы аумағында көрсетеді

Top