Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01518 География в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Курста ғылым әдіснамасы негіздерінің тарихын, ғылым философиясын, ғылыми білімнің әдіснамалық тәсілдерін, ғылыми білім құрылымын, ғылымның қазіргі маңызы мен даму болашағын және ғылым мен білімнің бірлігін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Географиялық ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
    Несиелер: 5

    Географиялық ғылыми зерттеудің нәтижелерін және оларды коммерцияландырудың әрбір кезеңінің мазмұны қарастырылады, географиялық зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың үлгілері келтіріледі. Географиялық ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілеріне байланысты мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-әдістемелік зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Ғылыми бiлiмнiң әдicнaмaлық нeгiздepi, ғылыми зepттeу жәнe oның кeзeңдepі, ғылыми жұмыcтың нeгiзгi түpлepi, зepттeу пpoцeciнiң лoгикacы мeн құpылымы, зepттeудiң ғылыми aппapaтын құрастыру әдістері, әдeбиeтпeн өзiндiк жұмыc жacaу әдicтeмeci өзара тығыз тәуелділік, жүйелілік ұстанымдарына сәйкес қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу білім алушыларды басқару қызметінің психологиялық компонентінің рөлі мен көп аспектілі мазмұны туралы қазіргі заманғы ұғымдармен таныстырады; болашақ магистрдің психологиялық мәдениетін кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру және өзін-өзі жетілдіру үшін арттырады, болашақ мамандардың, зерттеушілердің тұлғалық-кәсіби психологиялық идеяларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептегі географиялық білім мазмұны
    Несиелер: 5

    Курста жоғары мектептегі географиялық білім берудің жағдайы мен даму кезеңдері, мазмұны қарастырылады. Пәнді зерттеу нысаны жоғары оқу орындарының географиялық білімі болып табылады. Курстың материалы магистранттарға жоғары мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың және жұмыс істеудің негізгі принциптері мен заңдылықтарын игеруге, студенттің жеке басының кәсіби ойлауы мен кәсіби бағытын қалыптастырудың психологиялық негіздерін зерттеуге көмектеседі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны магистранттардың шетелдік әріптестермен қарым-қатынас жасау және ғылыми (мамандыққа сәйкес) ақпараттарды жинақтау кезінде кәсіппен, ғылыми қызмет салаларымен байланысты міндеттерді шешу үшін шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті деңгейін дамытуды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Жоғары мектеп педагогикасының мақсаттары мен міндеттері. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымын меңгеру. Жоғары мектеп педагогикасын зерттеу әдістері. Қазіргі әлемдегі жоғары мектеп. Университеттердің дидактикасы. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы. Жоғары мектептің мазмұны. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесі, оның ерекшеліктері, құрылымы. Жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері, әдістері, Педагогикалық әдістемелері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • География ғылымының тарихы мен әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны қазіргі география ғылымының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратының қалыптасуының тарихи негізін, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу теориясының географиялық аспектілерін, географиялық білім иерархиясын, география мәселелерін, өзекті проблемаларын, оны шешу жолдарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Географиялық білім мазмұнындағы экономикалық түсініктер жүйесін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 3

    Курста экономикалық географияның категориялық ұғымдар жүйесі, олардың мектеп мазмұнында берілу заңдылығы, ұғымдардың өзара байланыс, экономикалық географияның негізі ұғымдарының даму және қалыптасу заңдылықтары қарастырылады. Сонымен қатар экономикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістері талданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Арал өңірінің топонимикасының геоэкологиялық аспектілері
    Несиелер: 3

    Курста негізгі теориялық және әдіснамалық компоненттерімен қатар аймақтық топонимикалық шолу жасалады. Топонимиканың жалпы заңдылықтары қарастырылады. Арал өңірінің геоэкологиялық жағдайының аймақтық топонимикалық жүйесі сипатталады. Арал өңіріндегі геоэкологиялық жағдайларды көрсететін топонимдердің шығу тарихы қарастырылады. Арал өңірінің топонимикасының сөзжасамдық үлгілері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орнындарында географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясына сәйкес географиялық білім беру жүйесін түсіндіруге арналған. Жоғары оқу орнындарында географиялық пәндерді оқыту формалары және оларды ұйымдастыру ұстанымдары. Лекция.Семинар, СӨЖ. Зерттеу жұмыстары. Далалық оқу практика мазмұны қарастырылады. Өзіндік жұмыс бойынша нұсқаулар, аралық аттестаттауға арналған тапсырмалар мазмұны қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Географиялық ақпаратты іздестіру және құрылымдау әдістері
    Несиелер: 5

    Курста магистанттарға ақпapaтты жинaуды, caқтaуды жәнe бepудi ұйымдacтыpу әдістері туралы білім беріледі. Aқпapaттық құжaт көздepiн жiктeу, географиялық ақпapaтты ipiктeу, түрлі бacылымдap бoйыншa cұpыптaу, интepнeттeн aқпapaт iздeу, бacпa өнiмдepiмeн жәнe бұқapaлық aқпapaт құpaлдapынaн aлынaтын aқпapaтпeн жұмыc, географиялық элeктpoнды oқулықпeн жұмыc жасау бойынша практикалық нұсқаулықтар беріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп географиясындағы геоинформатика және картографиялық білімдерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән шеңберінде геоақпараттық жүйе - географияны оқытудың тиімді дидактикалық құралы ретіндегі сипаттамасы, мобильді геоақпараттық жүйелер, картографиялық түсініктер жүйесі, заманауи картографиядағы Интернет-технологиялар, Гео кескіндер, Сандық және электрондық карталар туралы түсініктердің мектеп географиясы мазмұнында берілу сипаттамасы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Геосаясат және елтану
    Несиелер: 4

    Курс мазмұнында заманауи геосаяси үдерістердің мазмұны, геосаяси қауіпсіздікке әсер етуші факторлар, Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайының талдауы, Дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың қағидаттары, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі, дүниежүзі елдерін салыстыру және талдау жасау, бағалау әдістері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Географиялық білім беру аясында педагогикалық экспериментті жоспарлау және жүргізу
    Несиелер: 5

    Курс географиялық білімм беру аясында педагогикалық эксперименттің әдіснамасын қалыптастыруға, оның факторларын анықтауға, экспериментті жобалау бойынша практикалық құзыреттіліктерді дамытуға, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттерді жүргізуге, нәтижелерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану дағдыларын игеруге және эксперименттің тиімділігін бағалауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикалық әлеуметтік география мен геоглобалистиканың қазіргі мәселелері
    Несиелер: 4

    Әлеуметтік-экономикалық және саяси географияның негізгі ұғымдарын, әлемдік экономиканың мазмұны, даму және орналасу заңдылықтарын, геоглобализм мен жаһандануды қарастырады. Макроөңірлерді және жекелеген елдерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын сипаттайды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың өзекті жалпы әлемдік проблемаларын анықтайды. Әлемнің жалпы географиялық көрінісін, әлемдік және аймақтық дамудың негізгі мәселелерін талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік және саяси географияның өзекті проблемалары
    Несиелер: 5

    Ғылым жүйесіндегі әлеуметтік және саяси география ғылымының орналасу ерекшелігі. Әлеуметтік және саяси географияның объективті-пәндік мәні. Әлеуметтік және саяси географияның негізгі мәселелері. Елтану дербес география ғылымы ретінде. Әлеуметтік және саяси география құрылымының мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физикалық география мен ландшафттанудың қазіргі өзекті мәселелері
    Несиелер: 4

    Магистрлерді қоғам дамуының жекелеген дәуірлері бойынша физика-географиялық проблемалардың туындаудың алғашқы себептерімен және ландшафттанудың теориялық және әдіснамалық проблемаларымен таныстыру. География ғылымының қалыптасу процесі, оның қазіргі жағдайы, оның негізгі теориялық және әдіснамалық мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді игеру үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша пәндерді оқу шеңберінде қалыптастырылған құзыреттер қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кешенді физикалық географиялық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны әртүрлі табиғи кешендерді ұтымды пайдалануды негіздеу және оның негізгі компоненттерінің (рельеф, топырақ, өсімдіктер және т.б.) өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау үшін аумақты кешенді географиялық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің мазмұнын ашады. Табиғи аумақтық кешендерді (ТАК) жалпы ғылыми және қолданбалы кешенді физика-географиялық зерттеу әдістері қарастырылады: оларды зерттеуге ландшафттық-геохимиялық және ландшафттық-геофизикалық тәсілдер, далалық зерттеулер және ТАК картасын жасау, стационарлық және жартылай стационарлық зерттеулер, материалдарды камералдық өңдеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Географиядағы статистикалық әдістер
    Несиелер: 5

    Бұл курста қолданбалы географияда жиі қолданылатын математикалық статистика туралы айтылады. Курс тақырыптары географиялық зерттеулерді жүргізуде оларды пайдалану реттілігіне сәйкес келеді (дисперсиялық, корреляциялық, регрессия, уақыттық қатарлардағы тенденцияларды анықтау әдістері, трендтерді талдау және т.б.).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Географиялық далалық зерттеулер және тәжірибелер
    Несиелер: 5

    Курс мазмұнында экспедициялық әдістер, ландшафттық картаға түсіру, далалық әдіс, камералық кезең, далалық геологиялық зерттеулер, геологиялық бөлімдердің сипаттамасы, далалық құжаттама және суретке түсіру, жер бедерін зерттеудің далалық әдістері қарастырылады. Геоморфологиялық зерттеу әдістері, аспаптық бақылаулар, фотографиялық әдістер, далалық бақылау нәтижелерін бекіту, далалық күнделік жүргізу, далалық геоботаникалық зерттеу әдістерін практикада қолдану біліктілігі қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлемнің жаңа географиялық бейнесі
    Несиелер: 5

    Курста қазіргі география әлемінің жалпы сипаттамасы: оның саяси картасынің қазіргі бейнесі, әлем халқының даму жағдайы, табиғи ресурстардың географиясы, әлемдік экономиканың қазіргі құрылымы және оның "қантамыры" — қаржы жүйесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоршаған орта және антропогендік геожүйелердің мониторингі
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны қоршаған орта мониторингінің мақсаттарын, міндеттерін және жіктелуін, қоршаған табиғи ортаны бақылаудың қалыптасуының қысқаша тарихын, бақылау түрлері және олардың өзара байланысын, қашықтықтан зондтау әдістері мен технологиясын, жердегі бақылау әдістерін, климаттық бақылау әдісін, қоршаған орта сапасын бағалау критерийлерін, табиғи-техникалық геожүйелердің мониторингін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инновациялық білім беру технологияларын география сабағында қолдану
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұны педагогикалық технологиялардың даму тарихына, "педагогикалық технология", "білім беру технологиясы", "оқыту технологиясы" ұғымдарын талдауға және оларды әртүрлі түсіндіруге арналған. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі келтірілген. Географияны оқытудың заманауи технологияларының негізгі әдістері сипатталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы географияның қазіргі проблемалары
    Несиелер: 5

    Географиялық теорияның құрылымы мен әдісіне талдау жасау (метатеориялық) проблемалары. Географияның даму, зерттеу заңдылықтары бойынша (әдіснамалық) проблемалар. Географиялық таным проблемалары. Географиялық зерттеулер әдісінің проблемалары. Географиядағы теориялық проблемалар. География ғылымының қолданбалы проблемалары. Экономикалық және әлеуметтік география құрылымының проблемалары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Күрделілігі жоғары географиялық есептерді шығару әдістемесі
    Несиелер: 4

    Курс шеңберінде күрделі географиялық есептердің түрлері, есептерді шешу жолдары, географияның барлық бөлімдері бойынша күрделі есептерді деңгейлік тапсырмалармен шешу қарастырылады. Географиялық есептерді қызықты тәсілдермен шешу әдістемесі қарастырылған. Білім алушылар оқушыларға теориялық және практикалық білімді шешу жолдарын көрсете алады,стандартты емес және стандартты олимпиадалық есептерді, сондай-ақ олимпиадалық тапсырмаларды бағалау тәсілдерін шешеді және құрастыра алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Ғылыми білімнің қалыптасу тарихы мен философиялық заңдылықтарды талдай алады, өзінің кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік, толеранттылық және қазіргі қоғамның демократиялық құндылықтары басымдықтарында өзінің азаматтық ұстанымын қабылдай алады, ЖОО да ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдана алады.

  • Код ON2

    Шет тілін географиялық, педагогикалық ақпаратты іздеу және құрылымдау барысында қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады, кәсіби қызметте ақпаратпен жұмыс жасай алады.

  • Код ON3

    ЖОО- да оқу үдерісінде білім алушылардың басқарушылық-психологиялық мәдениеттін қалыптастырады және дамытады, тұлғаға бағдарлап оқытуды ұйымдастыруда инновациялық оқыту технологияларының тиімді түрін бағалай алады.

  • Код ON4

    Табиғат пен қоғамның бірлігін тұтас түсіну үшін географияның қалыптасу тарихы мен әдіснамасын талдау, синтездеудің және бағалаудың негізінде әлемнің жаңа географиялық бейнесінің ерекшеліктерін көрсетеді және қоғамдық қатынастардағы географиялық тенденциялардың маңыздылығын түсіндіре алады.

  • Код ON5

    Қоршаған орта және антропогендік геожүйелерге жүргізілген мониторинг нәтижелерін талдап, зерттеу нәтижелерін географиялық статистикалық әдіспен өңдей алады.

  • Код ON6

    Педагогикалық, психологиялық, географиялық және әдістемелік білімдер кешенін қолданып ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыра алады.

  • Код ON7

    Жоғары және орта мектептегі географиялық білім мазмұнына талдау жасайды, жоспарлайды және геоинформатика және картографиялық, экономикалық бөлімдерді оқытудың тиімді әдістемесін жоспарлай алады.

  • Код ON8

    Картографиялық, физгеографиялық, экономикалық-экологиялық зерттеулер бойынша күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын ұсына алады.

  • Код ON9

    Кешенді физикалық- географиялық зерттеулерді, ландшафтану, экономикалық әлеуметтік география мен геоглобалистика бағытында талдауларды ұйымдастыра отырып, географиялық ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қабілетін меңгереді

  • Код ON10

    Географияның негізгі бағыттары және Арал өңірінің топонимикасының геоэкологиялық аспектілері бойынша өзекті мәселелерін тарихи және философиялық, тілдік тұрғыдан талдайды және бағалай алады.

Top