Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Тіл білімінің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Курста тіл білімінің теориялық негіздері, негізгі ұғымдар жүйесі, тілдің табиғаты, мәні, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымы, қазіргі тіл ғылымының негізгі зерттеу бағыттары мен салалары қарастырылады және талданады. Пәнді меңгергеннен кейін студент тіл ғылымы жайлы теориялық тұжырымдарға қатысты өз ойларын айта біледі, пікірлерін дәлелдей алады; тіл біліміндегі жалпы ортақ ұстанатын қағидаларды сипаттайды; тіл құрылымы туралы теориялық түсініктерді жіктейді және салыстырады. ХІХ-ХХ ғасырда тіл ғылымының дамуын, тіл ғылымының бағыттарын, ұлтаралық тілдер байланысын жүйелейді. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы тіл ғылымының шектесімін анықтайды. Тіл ғылымының басқа ғылым түрлерімен шектесімін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттану ғылымына кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік эстетикалық танымын қалыптастыруға, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтандыруға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент әдебиеттанудың негізгі ұғымдары мен категорияларын сипаттайды; гуманитарлық пәндер жүйесіндегі әдебиеттанудың орны мен рөлін анықтайды; көркем шығарманың құрылымы мен мазмұнын талдаудың әдістері мен тәсілдерін саралайды; көркем шығармашылықты зерттеуде заманауи әдебиеттанудың әдіснамалық аппаратын қолданады; әдеби шығарманың құрылымы мен мазмұнын сыни тұрғыдан талдайды; қазіргі заман ұстанымы тұрғысынан көркем шығарманың мазмұнын бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ұлы дала фольклоры мен әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Курс фольклордың табиғаты, оның өмір сүру заңдылықтары, жанрлары, классификациялау принциптері; фольклордың қазіргі әдебиеттегі көрінісі мен қолданысы, Түркі қағанаты, оғыз, ислам қарахан, Алтын Орда, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет жайлы мәселелерді қарастырады. Пәнді игеру нәтижесінде студент фольклористика ғылымының өзіндік сыр-сипатын сипаттайды; фольклордың халықтың өнері, дәстүрі, таным-түсінігі екенін ажыратады; жазба ескерткіштер мен әдеби мұралардың өзіндік ерекшеліктерін айқындайды; хандық дәуірдегі әдеби мұра бойынша ғылыми әдебиеттер мен мәтіндерді сыни тұрғыдан талдайды; ақын-жыраулардың шығармашылық тұлға ретіндегі ерлік, қайраткерлік қасиеттерін бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілі пунктуациясының теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән қазақ тілі пунктуациясының теориялық негіздері мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Курста пунктуация теориясы, емле және пунктуация ережелері, қазақ пунктуациясы және сауатты жазу дағдыларын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері, қазақ тыныс белгілерін оқытудың зерттелуі, пунктуацияны оқытудың лингивистикалық негіздері қарастырылады. Курс соңында орфография мен пунктуацияны оқытудағы кездесетін қиындықтарды саралайды, тыныс белгілерін жазу практикасында қолдануды бір ізге түсірудің тиімді жолдарын анықтайды; тыныс белгілері түрлері мен ерекшелігін ажыратады; тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін сыни тұрғыдан талдайды, пунктуациялық заңдылықтарды дұрыс қолдану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Курс қазақ тілі салаларының негізгі теориялық ұғымдары мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Пәнде қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамы, дыбыс жүйесі, грамматикалық құрылысы бойынша теориялық, практикалық мәселелер қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент тіл дыбыстарының түрлері мен жасалу жолдарын, дыбыстардың үндесу заңдылықтарын, сөздерді таптастыру принциптерін сипаттайды; сөз мағынасы мен олардың түрлерін айқындайды; сөзжасамның негізгі тәсілдерін, грамматикалық ұғымдардың мән-мағынасын ашып көрсетуде теориялық заңдылықтарды қолданады; әр сөз табының грамматикалық түрлену жүйесін сыни тұрғыдан талдайды; синтаксистің негізгі объектілерін, олардың синтаксистік қызметін көрсете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оқу сауаттылығы
    Несиелер: 5

    Курс студенттердің оқу, жазу машығын сипаттай алуға, ақпаратты толық меңгерту дағдыларын анықтауға, тыңдалым, оқылым машығын қалыптастыруға, мәтінмен жұмыс жасау қабілетін дамытуға бағытталған. Курс соңында студенттер мәтіндерді сыни тұрғыдан талдай алады; жазылым дағдысын қалыптастырудағы мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін қолданады; мәтіндегі сөздерді есте сақтау, оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады. Тіл білімі салаларының негізгі теориясын меңгере отырып, сыни тұрғыдан талдайды және кәсіби салада қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлы даланың педагогикалық мұралары
    Несиелер: 4

    Курста Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына шолу жасалады. Оқу барысында студенттер Ұлы Дала ғалымдарының өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды: әл-Фараби, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. М.Жұмабаев, І.Алтынсарин және басқалар Курс студенттерге Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы мәселесінде ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады., кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 6

    Курс компьтерлік лингвистика және интеллектуалдық технологиялар, психолингвистикадағы эксперименттер, этнолингвистика, психолингвистика, психолингвистиканың қолданбалы аспектілері, этнолингвистика және антропологиялық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоэкология бағыттарын меңгертуге бағытталған. Пән антропоөзектік бағыттың қазақ тіл білімінде қалыптасуын, зерттеу нысанын, «тілдегі адам» немесе «адамның тілі» проблемасын, негізгі қағидаттары мен ұстанымдарын, ұлттық сананың тілдегі көрінісін қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде қазіргі тіл білімінің негізгі заңдылықтары мен зерттеу қағидаттарын сипаттайды; ұлттық сананың тілдегі көрінісін талдайды; жаңа бағыттарға қатысты тәжірибелерді сыни тұрғыдан саралайды; психолингвистикадағы эксперименттерді қолданады; жаңа бағыттардың маңызын анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 6

    Курста 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдері шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен мазмұны қарастырылады. Пәнді меңгергеннен кейін кезең әдебиетінің негізгі даму бағыттары мен заңдылықтарын сипаттайды; 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің ауызша дәстүрлік жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығын, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелерін ғылыми теориялық тұрғыдан сипаттайды. Кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларын әдеби даму және сыни тұрғыдан талдайды, теориялық білімді практикада қолданады. Үлгісі, түрі мол, сан жанрлы XIX ғасыр әдебиетінің көркемдік табиғатын саралайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім жүйесіндегі менеджменттің ғылыми негізін студенттерде қалыптастыру, басқару жүйесі түрлерін игерген теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен іске асыра білуі; игерген теориялық және тәжірибелік білімдерінің негізінде білім беруді басқаруды дамытады,басқару жайлы білімді өздігінен жаңартады, басқарудың тәжірибелік ғылыми негізі шығармашылық тұрғыда болуы керектігін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Грамматикалық сауаттылық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс білім алушылардың филология ғылымының теориялық және практикалық негіздері бойынша білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін кеңейтуге бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер оқу сауаттылығы мен жазу сауаттылығы негіздерін сипаттауға, тілдік талдау жолдарының бастапқы негіздерін сыни тұрғыдан талдауға, сөйлеу қолданыстарын толық игеріп сауатты жазуға, әдеби тілде сөйлеуге үйренеді; алынған теориялық білімді ауызша және жазбаша мәтіндерді құруда қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Оқу пәнінің міндеті – қазақ тілі мұғалімін кәсіптік-әдістемелік даярлау, мектепте жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты заманауи үлгілеу қағидаттарымен таныстыру. Курста қазақ тілін оқытуға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасындағы білім мазмұны, оның педагогикалық, психологиялық методикалық аспектілері талданады. Критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен қағидалары, сабақты өткізу, оның құрылымы, білім беру технологиялары, инновациялық әдіс-тәсілдер, сыныптан тыс және оқу-тәрбие жұмыстары, теориялық білімді практикада қолдану жолдары қарастырылады. Пәнді оқу барысында студент қазіргі заманғы әдістемелік жүйелерді талдайды; пәннің теориялық негіздерін және оны оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, «Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтар құрудың заманауи әдістерін пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық
    Несиелер: 5

    Пән әдебиеттің көркемдік даму заңдылықтарының маңызын тануға, ақын-жазушылардың шығармашылығының тақырыптық негізін, замана сабақтастығын, дәстүр жалғастығын айқындай білуге үйретеді. Курс көркем әдебиеттегі көркемдік даму, дәстүр және жаңашылдық мәселелерін меңгертуге бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттің көркемдік даму заңдылықтарын сипаттайды; әдеби даму және дәстүр жалғастығын саралайды; әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік тұғырын анықтайды; Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығын, Әуезовтың тарихи роман дәстүрін әдеби көркемдік сыни тұрғыдан талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеулер негіздері және академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Пән академиялық жазудың теориясы мен тәжірибесін меңгеруге, академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасауға, академиялық және ғылыми мәтін жазу үшін қажетті ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттілікті дамытуға, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми мәдениетін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, алғашқы мәліметтерді жинау, ғылыми зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерін қолдануға, зерттеу нәтижелерін практикаға апробациялауға, ресімдеуге және енгізуге бағытталған. Курсты меңгеру нәтижесінде студент нақты, дәйекті, бірыңғай дәлелді эссе құрастыра алады; авторлардың бақылаушы және қолдаушы идеяларын анықтау, бағалау және талқылау арқылы мәтіндерге сыни талдау жасай алады; тиісті тілді, риторикалық заңдылықтар мен дәлелдерді қолдана отырып, дипломдық жұмысты жазады және қорғай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пән ХХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға тоқталып, сол кезеңдегі ағымдар мен бағыттардың маңызын тануға, ақын-жазушылардың шығармашылығының тақырыптық негізін, замана сабақтастығын, дәстүр жалғастығын айқындай білуге үйретеді. Әдеби жанрлардың аударма, әдебиет сыны, көсемсөздің дамуын ХХ ғасырбасындағы проза, лирика, драмматургия және аударма мәселелерін меңгертуге бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен байланысын, ой-сананы оятудағы міндеттерін сипаттайды; алаш қаламгерлерінің идеялық, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін айқындайды; діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін саралайды; осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін және жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасын талдайды; осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Курс сөзжасам жүйесінің негізгі теориясы бойынша жалпы бағыттарды оқытуға бағытталған. Пән тілдің сөзжасам жүйесіне енетін (сөз, ұғым, мағына, тұлға, мазмұн, сөзжасам, тұлғажасам, сөзжасамдық/тұлғажасамдық жұрнақ, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтарды, сөзжасамның тәсілдерін, түрленім жүйесі) ұғымдарды қамтиды. Курс студенттерге сөзжасамдық талдау, морфемдік талдау, этимологиялық талдау тапсырмаларын құрастыруға көмектеседі. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер қазақ тілі сөзжасамының тұжырымдамалық негіздеріне, тіл ғылымы жүйесіндегі орнына талдау жасап, алған теориялық білімін кәсіби қызметінде қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің морфемалар жүйесі
    Несиелер: 5

    Курс морфеманың теориялық негіздерін, морфтар жүйесін, олардың лексика-грамматикалық сипатын, функциялық ерекшеліктерін, грамматикалық нөльдік морфема т.б. ғылыми ұғымдарды түсінуге ықпал етеді. Пән морфтар жүйесі, морфемалар жүйесі, морфтар морфонологиясы ұғымдарын қамтиды. Курс соңында студенттер грамматикалық нольдік морфема, аналитикалық единицалар жасайтын көмекшілерді анықтайды; түбір мен қосымша шегін салыстырады; сөз бөліктерінің сөзжасамдық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдайды, сөздердің түрлену заңдылықтарын тәжірибеде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
    Несиелер: 5

    Курс грамматикалық форма мен мағына арасындағы байланысты ашуға, морфологиялық категорияларды сипаттау және талдау үшін қажетті терминологияны зерттеуге бағытталған. Пән сөздердің морфологиялық құрылымын, сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формаларды, сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз формаларын, олардың жасалу тәсілдері мен түрлерін; негізгі грамматикалық ұғымдарды қамтиды. Курс соңында студент грамматика теориясындағы негізгі грамматикалық ұғымдарды тереңдетіп сипаттайды; туынды сөздердің жасалу ерекшеліктері мен тәсілдерін анықтайды; сөздің лексикалық және грамматикалық мағына айырмашылықтарын салыстырады; негізгі грамматикалық ұғымдардың мәнін анықтауда теориялық заңдылықтарды қолданады; тілдік элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдайды; сөз таптарының лексика-грамматикалық, синтаксистік қызметтерін саралайды; сөз таптарының ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері негізінде бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Филологиялық білім берудегі тілдік талдау технологиясы
    Несиелер: 5

    Курс қазақ тілі ғылымының бірыңғай мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын кешенді-сатылы талдау технологиясы бойынша меңгертуге, әдеби тіл нормасын үйретуге, сауатты да көркем жазуға дағдыландыруға, жүйелі ойлау мен мәдениетті сөйлеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Пән білім алушылардың фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік бірліктерге сатылай кешенді талдау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курс негізінде студент білімді ғылыми негізде сатылай кешенді меңгереді; әртүрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жүргізеді; сатылай кешенді талдаудың негізгі қағидаларын тиімді пайдалану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Курс сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі бойынша сөз тұлғаларының байланысу амалдары, сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрамы мен түрлері, сөйлемдердің бірліктерге бөліну тәсілдері, жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы туралы нақты теория мен негізгі заңдылықтарды түсінуге ықпал етеді. Пәнде сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі, сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем түрлері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөздердің тіркесу қасиеті мен түрлерін сипаттайды; сөз тіркесінің құрамы мен түрлерін анықтайды; сөздердің байланысу формаларын салыстырады; сөйлемнің құрылу принциптері бойынша теориялық заңдылықтарды қолданады; сөйлемнің құрамы мен түрлерін сыни тұрғыдан талдайды; сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс әдебиетті оқытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін меңгертуге бағытталған. Курста білім алушы әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылмыми пән екендігін, мектептік пәндер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктерін меңгереді. Критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен қағидалары, сабақты өткізу, оның құрылымы, білім беру технологиялары, инновациялық әдіс-тәсілдер, сыныптан тыс және оқу-тәрбие жұмыстары, теориялық білімді практикада қолдану жолдары қарастырылады. Пәнді оқу барысында студент қазіргі заманғы әдістемелік жүйелерді талдайды; пәннің теориялық негіздерін және оны инклюзиялық ортада оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сабақтар құрудың заманауи әдістерін пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілі сөз таптарының жүйесі
    Несиелер: 5

    Курс сөздерді таптастырудың негізгі теориясы мен принциптерін, олардың мәні мен сипатын, ішкі мазмұнын ажырата білуге үйретеді. Пән тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық сипатының сан алуандылығын, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ғылымда олардың сөз таптарына бөлінетіндігін және сөздерді сөз таптарына бөлу олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін білдіретін белгілері негізінде жасалатынын сипаттайды. Курс соңында студенттер тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне талдау жасайды, лингвистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін игереді, тіл бірліктері мен олардың қызметі туралы теориялық заңдылықтарды түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Курс қазақ тілі синтаксисінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын меңгертуге бағытталған. Курста синтаксис саласының негізгі заңдылықтары, сөз тіркесі, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік бірліктерден айырмашылығы, сөз бен сөздің байланысы, сөйлем түрлері, олардың құрылысы, жасалу жолдары мен түрлері, бөгде сөз, оның түрлері, тыныс белгілері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөйлемнің құрылымдық семантикалық түрлері мен ерекшеліктерін сипаттайды; сөйлемнің құрамындағы және семантикасындағы құбылыстарды анықтайды; синтаксистік заңдылықтарды дұрыс қолданады; коммуниктивтік мақсатқа сәйкес түрлі құрылымдағы сөйлемді құрастырады және сыни тұрғыдан талдайды; негізгі синтаксистік бірліктің қызметін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 5

    Курс ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы қағидаларды әдеби тұрғыдан талдауға, ұлттық танымды қалыптастыруға бағытталған. Курста кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдайды; абайтану мектебінің қалыптасу жолдарын сипаттайды; ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігін талдайды; шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен үндестігін анықтайды; абайтанудың қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын сын тұрғысынан бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Курс қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін меңгеруге, Тәуелсіздік идеясының түп-төркінін, бағыт-бағдарын саралай алуға, ұлттық әдебиетіміздің соңғы жетістіктерін жинақтап сипаттауға бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттану ғылымының негізгі теорияларын сыни тұрғыдан меңгере отырып, қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің идеялық, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін айқындайды; жетекші ғалымдардың көркем мәтін бойынша әдеби теориялық зерттеулерін әдебиеттану саласының негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолдануға қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әдебиеттік тұлғатану
    Несиелер: 5

    Курс әдебиет зерттеуші ғалымдардың өмірі, шығармашылығы, әдеби мұрасының эстетикалық деңгейі, жазушының шеберлігі, атқарған қоғамдық қызметтері жайында оқытуға бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде әдебиеттің дамуына айрықша үлес қосқан әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылық жолын сипаттайды; шығармаларын тарихи-мәдени процесс аясында сын тұрғысынан талдайды; шығармашылығы мен шығармаларының көркемдік ерекшелігін саралайды; ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесін, заңдылықтарын кәсіби салада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектепте академиялық жазылымды оқытудың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 6

    Курс ғылымға және оның жіктелуіне, ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасына анықтама береді, ғылыми ақпараттың негізгі көздерімен, оқу-ғылыми жұмыстың құрылымымен, мектеп оқушыларының ғылыми бағыттағы жұмыстарын (эссе, жоба жұмыстарын, баяндамаларды) жүргізу, ресімдеу және қорғау ерекшеліктерімен таныстырады. Студенттер ғылыми гипотезаларды тексеру және қайта қарау мақсатында тиісті деректерді жинау үшін тиісті құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, бірлескен ортада ғылыми зерттеулерді жоспарлай, жобалай және жүргізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы сандық ресурстар
    Несиелер: 5

    Курс қазақ тілі мен әдебиетін қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес оқыту әдістерімен және сандық білім беру ресурстарын пайдаланудағы білімдерін, дағдылары мен іскерлікерін кеңейтуге бағытталған. Курста қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқыту кезінде білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін, гипермəтіндік технологияларды мобильді, бұлттық, смарт технологияларды енгізу және іске асыру процесін ұйымдастырудың теориялық-практикалық негіздері қарастырылады және талданады. Пәнді меңгергеннен кейін студент сандық құралдарды сипаттайды; онлайн-сервистер мен интерактивті оқытуға арналған платформаларды талдайды; оқытуда QR кодтарын қолданады; бейнеконференция жүйелерін саралайды; онлайн тестілеу және білімді бақылау сервистерін анықтайды; оқытудағы сандық ресурстардың тиімділігін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ поэзиясы
    Несиелер: 5

    Курста қазіргі қазақ поэзиясы-Ұлттық поэзиямыздың даму жолдары мен бағыттары қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы поэзия жанры туралы жан-жақты сипаттайды; поэзиялық шығармалардың көркемдік-эстетикалық қуаты мен тілдік айшықтарын сыни тұрғыдан талдайды. көркемдік ізденіс, лирикалық кейіпкер, 60-90 жылдар поэзиясының көркемдік жетістіктері мен сипатын, ерекшеліктерін саралайды; әдеби процестегі орнын анықтайды;.қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік жетістіктерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ тілі мен әдебиетін қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистері
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі мектепте филологиялық пәндерді оқытудың қазіргі заманғы білім беру технологияларын, қашықтықтан оқыту платформалары мен сервистерін, интернетті, телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық және электрондық бағдарламалар мен оқулықтарды пайдаланудың тұтас көрінісін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер қашықтықтан оқыту платформаларын зерттейді; инклюзиялық ортада оқытудың модельдері мен технологияларын сипаттайды; оқыту жүйелерін ажыратады; оқытуға арналған интербелсенді тапсырмаларды жасаудың онлайн-сервистерін саралайды; қашықтықтан оқыту платформаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан талқылайды; қашықтықтан оқытудағы оқыту платформалары мен сервистердің тиімділігін бағалайды; аудио және видео өңдеу құралдарын қолданудың жаңа тәсілдері мен озық тәжірибелерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ тілі стилистикасы
    Несиелер: 6

    Курс қазақ тілі стилистикасының теориялық негіздері, фонетикалық, лексика-фразеологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік стилистиканың жалпы бағыттары бойынша оқытуға бағытталған. Курста стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері, салалары, негізгі ұғым-категорияларымен заңдылықтары, тілдің стилистикалық құрылымы, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері, тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері, стилистиканың зерттеу әдістері қарастырылады. Курс соңында студент тілдің әртүрлі деңгейлерінде стилистикалық талдау жасайды, стилистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін игереді, қазақ, орыс тілдерінде іскерлік және практикалық деңгейде қарым-қатынасты ұйымдастыруға қабілетті, сөйлеудің әртүрлі стильдері мен олардың қызметі туралы теориялық мәліметтерді түсіндіреді, сөйлеудің әртүрлі стильдерін, қазақ тілінің синонимдік барлық байлығын, әр алуан құралдарын іс жүзінде қолдана отырып, тілдік талғамын, сөйлеу мәдениетін көрсете алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясының негіздері және көркем шығарманы әдеби-теориялық талдау
    Несиелер: 5

    Курс көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтауға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер көркем әдебиеттің табиғатын сипаттайды; әдеби шығармалар табиғатын анықтайды; қазіргі әдебиеттанудағы зерттеулердің ғылыми тұжырымдарын қолданады; әдеби-теориялық талдаудың негізгі аспектілері мен тәсілдерін, кешенді талдаудың ерекшеліктерін көрсетеді; әдеби теориялық ұғымдардың ара жігін сыни тұрғыдан саралайды; көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыда талдайды; көркем шығарманы объективті түрде бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби тұлғатануы
    Несиелер: 5

    Курста қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуын, әдебиетіміздегі көркемдік ізденісті толық тани түсу үшін, қарымды қалам иелерінің барлық еңбектері жан-жақты қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент қаламгерлер туындыларының идеялық-тақырыптық мазмұны мен табиғатын айқындайды; теориялық білімді практикада қолданады; әдеби тұлғалардың қоғамдық және көркем көзқарасының қалыптасу жолын саралайды; әдеби тұлғалар шығармаларының текстологиялық зерттелуіне сыни тұрғыдан қарайды. Қаламгердің шығармаларын жүйелі түрде талдау арқылы оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Стилистика және сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 6

    Курс орфоэпикалық нормаға негізделген сөйлеу мәдениетінде ауызша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, сөзді мағынасына сай дұрыс қолдана білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер стилистика және сөйлеу мәдениеті теориясында қарастырылатын негізгі мәселелерге, сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері мен сөз қолдану заңдылықтарына, сөйлеу мәдениетіне ықпал етер сөйлеу техникасы және бейвербалды әрекеттер туралы деректерге, қазақ тіліндегі әңгімелесу және кітап стилінің түрлеріне баса назар аударады; сөздің мағынасын тар және кең түрлерден ажыратады; дұрыс емес бірлестіктердің ықпалынан стильден ауытқушылықтарды қарастырады және талдайды; қазақ, орыс тілдерінде күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын тиімді пайдалану дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазба жұмыстардың әдістемелік негіздері
    Несиелер: 6

    Курс жазба жұмыстардың әдістемелік негіздерін меңгеруге бағытталған. Пәнде жазба жұмыстарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, әдеби мәтінмен жұмыс, эссенің құрылымы мен түрлері, жазба жұмысты бағалау критерийлері, оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент жазба жұмыстарының жүйесін, ерекшеліктерін сипаттайды, қазақ орфографиясына тән негізгі заңдылықтарды анықтайды, жазба жұмыстарға қойылатын талаптарды саралайды, жазба жұмыстардың бағалау критерийлерін анықтайды, жазба тілге тән белгілерді жіктейді және салыстырады. Жазба жұмыстарының түрлерін сыни бағалайды, жазба жұмыстарына тән әдіс-тәсілдерді жүйелейді. Курс студенттерге жазба жұмыстарын ғылыми-методологиялық, практикалық тұрғыдан талдауға және тапсырмалар жүйесін құрастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі әдеби процесс
    Несиелер: 5

    Курс қазіргі әдебиетке тән қағидаттарды сипаттауға, әдеби процесс пен әдеби сын саласындағы зерттеулердің ғылыми тұжырымдарын саралауға бағытталған. Курс соңында студент әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының негізгі теориясын сыни тұрғыдан меңгеріп, кәсіби салада қолдана алады. Әдеби бағыттар мен жаңа ағымдарды (модернизм, постмодернизм, экзистенциализм, т.б. ағымдар) ажырата алады; жазушының стиліне талдау жасай алады; әдебиеттану ғылымының жетістіктерін бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әдебиет теориясы және филологиялық талдау
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді әдебиет теориясының даму және қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыруды, әдеби бейне, көркем шығарма, әдеби жанр, көркем шығарманың тілі т.б. әдебиеттанудың басты категорияларын меңгертуді мақсат етеді. Пән негізгі әдеби-теориялық категорияларды. оқытуға, көркем мәтінді талдау үшін қажетті практикалық және кәсіби-теориялық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студент сөз өнерінің поэтикасын, көркем мәтінге филологиялық талдаудың методологиялық аспектісін түсіндіреді; негізгі әдеби-теориялық категорияларды сипаттайды; көркем мәтінге филологиялық талдаудың мәні мен негізгі бағыттарын қарастырады және саралайды; әдеби құбылту мен айшықтаудың түрлерін анықтайды; ұлттық және әлемдік әдебиеттің қазіргі даму бағыттарын айқындайды; шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды; сөз өнерінің қоғамдық функциясын түсініп, практикада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON4

    қазіргі білім беру жүйесіне сәйкес оқыту әдістерін меңгерген, инклюзивті білім беруде кәсіби шеберлік көрсетеді және критериалды бағалауды қолданады;

  • Код ON2

    лингвистика және әдебиеттану саласының негізгі заңдылықтарын кәсіби салада қолданады;

  • Код ON5

    кәсіби салада экологиялық мәдениет, тіршілік қауіпсіздігінің теориялық және практикалық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізеді; ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастыру дағдыларын меңгереді; экономика, кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсетеді.

  • Код ON7

    академиялық жетістіктерін арттыру мақсатында зерттеу мәдениеті мен академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыру негізінде кәсіби бағытталған коммуникативтік міндеттерді шешеді;

  • Код ON1

    тіл білімі және әдебиеттану ғылымы салаларының негізгі теориясын сыни тұрғыдан меңгереді;

  • Код ON3

    қазақ, орыс тілдерінде іскерлік және практикалық деңгейде қарым-қатынасты ұйымдастыруға қабілетті;

  • Код ON6

    білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық процесін бақылап басқара біледі; кәсіби қызмет саласында цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;

  • Код ON8

    білім алушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың және Ұлы Даланың рухани құндылықтарының теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолданады, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізеді.

6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 6B01701-Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Еуразия гуманитарлық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

Мардан Сапарбаев институты (Mardan Saparbaev Instityty)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top