Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Білім алушы аналитикалық геометрия негізгі түсініктерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы геометрияның рөлін анықтайды; студентердің абстрактілі логикалық ойлау қабілеті және математикалық ұғымдармен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады; аналитикалық геометрия бойынша есептерді шешуде алған білімдерін қолданады; шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; есептер есеп шығаруда тиімді әдісін пайдаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементарлық математика
    Несиелер: 5

    Білім алушы орта мектепте және басқа да арнаулы орта оқу орындарында кәсіби қызметке дайындауға арналған, толық көлемде мектеп математикасының курсына кіретін бағдарламалық материалды қамтиды., кәсіби тұрғыда есептердің түрлерін және белгілі алгоритмдер құру дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді ажыратады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсындағы қолданбалы есептер
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектеп математикасының негізгі бөлімдерін, қолданбалы бағытын сипаттайды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің математикалық модулін құру дағдысы қалыптасады; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшеліктерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 12

    Білім алушы айнымалы шамаларды зерттеудің әдістерін толық сипаттайды; дифференциалдық және интегралдық есептеулер мағыналарын ажыратады; теоремаларды дәлелдеу барысында талдаулар жасайды; классикалық және қазіргі заманғы модельдерін талдаудың негізгі құралы ретінде алған теориялық білімін өз бетінше есептер шығаруда қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тригонометрия негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика курсында тригонометрия негіздері бойынша есептердің мазмұнын сипаттайды; тригонометриялық есептерді шешуде қарапайым және күрделі есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін қарастырады, қиындығы жоғары теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу дағдысы қалыптастады;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 6

    Білім алушы алгебраның негізгі түсініктері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы алгебраның рөлін анықтайды; математикалық мәдениеттің алгебралық құрамын ашады; математикалық модельдеудің қазіргі заманғы тұжырымдамаларының базасы ретінде алгебраның теориялық негіздерін меңгереді; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика курсында параметрі бар есептердің мазмұнын сипаттайды; математикалық есептерді шешуде параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді, классикалық теңсіздіктерді, параметрі бар есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін қарастырады, қиындығы жоғары стандартты есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптастады;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дифференциалдық геометрия және топология
    Несиелер: 5

    Бұл курста классикалық дифференциалдық геометрияның әдістерін және көрнекті бейнелерді, қазіргі дифференциалдық геометрияның негізгі ұғымдарын қарастырады; Евклид кеңістігіндегі қисықтар мен беттер теориясын, топологияның негізгі түсініктерін, көпбейнелердегі тензорлық талдауды мен риман геометриясының элементтерін сырты дифференциалдық формалар теориясының негіздерін сипаттайды;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Функционалдық сауаттылық және логика
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; мағыналарды ажырата алады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз бойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ұлы даланың педагогикалық мұралары
    Несиелер: 4

    Курста Ұлы даланың ұлы ағартушылары мен ғалымдарының педагогикалық мұраларына шолу жасалады. Оқу барысында студенттер Ұлы Дала ғалымдарының өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды: әл-Фараби, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин және басқалар Курс студенттерге Қазақстандағы педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы мәселесінде ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім жүйесіндегі менеджменттің ғылыми негізін студенттерде қалыптастыру, басқару жүйесі түрлерін игерген теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен іске асыра білуі; игерген теориялық және тәжірибелік білімдерінің негізінде білім беруді басқаруды дамытады,басқару жайлы білімді өздігінен жаңартады, басқарудың тәжірибелік ғылыми негізі шығармашылық тұрғыда болуы керектігін түсінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геометрия негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы Евклидтік геометрияның негіздемесін, кеңістік, логикалық, алгоритмдік ойлауды біледі; аксиомалар жүйесімен математикалық құрылымдарды талдауды, математиканың базалық идеялары мен әдістерін сипаттайды; геометрия негіздерінің негізгі зерттеу әдістерінде мәселелерді шешеді, коммуникативтік дағдысы қалыптасады, құбылыстар мен процестерді моделдеу құралы ретінде практикалық есептерді шешу үшін математикалық модельдерін құрастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білім алушы математика бойынша оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады; математиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес математикадан сабақты жоспарлай алады; математикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, математикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Білім алушы кездейсоқ және ақпараттық процестердегі заңдылықтардың анықтайды; адам өміріндегі барлық саласындағы кездейсоқ процестердің математикалық және компьютерлік моделін құрады; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін әр түрлі қолданбалы есептерді шешуде кеңінен қолданады; табиғаттағы кез-келген кездейсоқ процестерді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі және академиялық жазу
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика, оқу қызметі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттарын, мазмұнының ерекшеліктерін, кіріспе мен қорытынды гипотезасын тұжырымдайды; зерттеудің жалпы әдістері жөніндегі ұғымдарды сипаттайды; жеке қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізеді; академиялық хаттың негізгі белгілері: жоба жұмысының мазмұндық құрылымын, кесте толтыруға, график тұрғызуға, геометриялық есептерді кеңістікте кескіндеуге, ғылыми мақалалар, аннотациялар, рефераттар, рецензиялар, эсселер жазуға машықтанады; ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында талқылау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математика тарихы және заманауи жетістіктері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математиканың даму тарихы мен әдіснамасы қарастырады; математиканың даму дәуірін, математикалық ғылымдағы ашылымдардың мазмұнын, қазақ математикасының негізін қалаушылардың жетістіктерін сипаттайды; заманауи, тарихи жетістіктер мен деректерді жинайды; алған теориялық білімдерін математика сабақтарында қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беруде математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында математиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі математиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, математикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушылар ғылыми математика мен мектеп математика курсының ара қатынасын түсінеді, математикалық есептерді шешуде теңдеулер мен теңсіздіктерді, классикалық теңсіздіктерді, параметрлі есептерді, мәтіндік есептерді, қозғалысқа берілген есептерді, алгебралық есептерді шешудің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін кәсіби қызметте қарастырады, стандартты және стандартты емес есептерге талдаулар жасайды, есептерді шешудің геометриялық әдісін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Функционалдық талдау
    Несиелер: 5

    Білім алушы кеңістіктер теориясы жалпы ұғымын түсінеді. Метрикалық, топологиялық, сызықтық, Евклидтік кеңістіктерді сипаттайды. Метрикалық кеңістіктегі үзіліссіздік, жинақтылық қарастырылады. Кеңістіктің түрлеріне тұжырымда жасайды. Банахов пен Гильберт кеңістігін қарастырады. Функционалдыұ талдаудың математиканың басқа саласымен байланысын, қазіргі кезде математикамен қатар кванттық физикада да кеңінен қолданылуын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Бұл курста қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген түрлерін интеграциялау әдістерін қарастырады; қарапайым дифференциалдық теңдеулерді және қарапайым теңдеулерді жеке туындылармен сапалы интегралдау әдістерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады; жаратылыстанудың әр түрлі облыстарында кездесетін нақты дифференциалдық теңдеулер мен жүйелерді шешудің тиімді әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі жаңа технологиялар
    Несиелер: 6

    Бұл курста оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін қарастырады; білім беру технологияларын қолдана отырып, теориялық зерттеулерін сипаттайды; инновациялық технологияларды меңгеру барысында оқыту әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтайды; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда сандық ресурстарды пайдаланады; оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық логика және дискретті математика
    Несиелер: 5

    Бұл курста математикалық объектілердің теориялық принциптерін, графтар теориясының негізгі мәселелерін және математикалық логика аппаратын қолдану әдіснамасын сипаттайды; жиындар теориясының, математикалық логиканың және графтар теориясының есептерін шешудегі оңтайлы әдістемелерін таңдайды;математикалық логиканың әртүрлі бөлімдерінің теориялық және тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу әдістерін қарастырады; болашақ кәсіби қызметте математикалық логикасы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көрсеткішті және логарифмдік теңдеулерді шешудің тиімді әдістері
    Несиелер: 6

    Білім алушы математика курсында көрсеткішті және логарифмдік функцияның ерекшеліктерін сипаттайды; математикалық есептерді шешуде көрсеткішті және логарифмдік теңдеулерді, классикалық теңдеулер мен теңсіздіктердің әртүрлі әдістерін, тәсілдерін қарастырады, қиындығы жоғары стандартты есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптастады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Есептерді шешудің әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; математикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; математикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; тәжірибелік мәселелерді шешудің әдістерін зерттейді; дәлелдеуге, есептеуге, салуға, математикалық сауаттылыққа берілген есептерді талдау, шығару әдіс-тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мәтіндік есептерді шешу тәсілдері
    Несиелер: 5

    Білім алушы математика курсында мәтіндік есептердің түрлерін анықтайды; мәтіндік есептерді шешуде әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; қозғалысқа, уақытқа, пайызға, балқу, құю және жолға байланысты есептерді қарастырады, математикалық сауаттылыққа берілген есептерді талдай отырып, есеп шығару барысында қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математиканы оқытудағы сандық білім беру ресурстары
    Несиелер: 5

    Білім алушы геометрияны оқытуда Geometers Scetchpad мүмкіндіктерін, стереометриялық есептерді шешу құралы ретінде қолданады; математика сабақтарында GeoGebra ортасында компьютерлік анимация жасайды; мектептегі геометрия сабақтарында GeoGebra бағдарламасын пайдаланады; тақырып оқыту барысында GeoGebra интерактивті геометриялық ортасын пайдаланып стандартты емес теңдеулерді шешудің әдістемелік ерекшеліктерін анықтайды; қарапайым стереометриялық есептерді шешуде сызбалар құрады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 5

    Білім алушы математикалық моделдерге сәйкес шешілетін есептердің сандық шешімін алу жолдарының негізгі әдістерін анықтайды; қазіргі заманғы бағдарламалық кешендер мен жүйелерді модельдеуде сандық әдістерді қалыптастырады; сандық шешімін табуда ақпараттық технологияны пайдаланады; нақты процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін сандық түрде жүзеге асыру болатын қарапайым есептерді шешудің негізгі әдістерін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 5

    Білім алушы әртүрлі табиғи процестердің математикалық модельдерін құру әдістерін сипаттайды: интегралды теңдеулерді шешудің тиімді әдістерін қарастырады; жеке туынды теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін зерттейді, алынған шешімдердің физикалық мәнін анықтайды; математикалық физиканың негізгі есептерін шешу үшін математикалық аппаратты қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Физика
    Несиелер: 5

    Білім алушы физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, физикалық идеяларды дұрыс сипаттайды; есептерді талдап шығаруда заңдылықтарды қолданады; физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; физика пәнінің әртүрлі салаларына қатысты теориялық және эксперименталдық оқу мәселелерді шешуге дағдыланады; оқу әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • STEM-білім
    Несиелер: 5

    Білім алушы STEM технологиясын тәжірибеде қолданады; робот техникасын модельдеу барысында деталдарды құрастырады; зертханалық жұмыстарда шығармашылық идеяларын насихаттау арқылы жүзеге асырады; ғылыми зерттеулерде: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін, жел энергетикасын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математикадан олимпиадалық есептерді шешу
    Несиелер: 6

    Білім алушы әртүрлі деңгейдегі математикалық есептердің түрлерін, есеп шығарудың алгоритмін анықтайды; олимпиадалық және күрделілігі жоғары есептерді қарастырады; стандартты емес есептерді шешуде логикалық ойлау және алгоритмдік мәдениеті қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қиындығы жоғары есептерді шешудің тиімді жолдары
    Несиелер: 5

    Білім алушы қиындығы жоғары есептерді шешудің ерекшеліктерін, есептерді шешудің мазмұнын анықтайды; қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді, тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Математикадан ғылыми әдебиеттермен жұмыс
    Несиелер: 6

    Бұл курста мектеп оқушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу кезінде әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; қажетті дерек көздерін пайдаланудың тиімді әдістерін меңгереді; зерттеу жұмысының әдебиеттеріне сілтемелерді қоюды үйренеді; пайдаланған әдебеттер тізімін жазу ережесіне машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехниканың даму тарихы мен қазіргі уақыттағы қолданылу салаларын оқып үйренеді. Сонымен қатар LEGO EV3 Mindstorms NXT, ALPHA1 PRO платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, Alpha1 Pro бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды. Графикалық бағдарламалау өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерін зертханалық сабақтарда сипаттап есептеулер жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON5

    математиканы оқыту әдістерін, есептерді шешудің жолдарын, сандық білім беру ресурстарын, инклюзивті білім беру жүйесін, бағалау жүйесінің критерилерін тиімді қолданады;

  • Код ON3

    элементар математиканың стандартты және стандартты емес, логикалық және статистикалық, қолданбалы есептерін шеше алады;

  • Код ON2

    геометрияның негізгі теоремаларын, кеңістіктегі құбылыстар мен процестердің моделдерін, қисықтар мен беттер теориясын дәлелдейді;

  • Код ON8

    мектептегі ғылыми зерттеу-жұмыстарды, академиялық жазуды, әдебиеттермен жұмыс жасауды, математика саласында ұйымдастыруға қабілетті;

  • Код ON4

    жалпы физика заңдарын қорытуды, физикалық идеялардың дұрыстығын, математикалық және физикалық тұрақтыларды зертханада, интегралдау арқылы физикалық есептердің шешу жолдарын дәлелдейді;

  • Код ON1

    айнымалы шамалардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерін, дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін, кеңістіктер теориясын, алгебралық теорияның негіздерін, салыстырулар теориясын есеп шығаруда қолданады;

  • Код ON7

    оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп гигиенасын, қоршаған ортаның тіршілік қауіпсіздігін және дамыту мәдениетінің жолдарын, кәсіпкерлік қызметтерін, ұлттық құндылықтар мен азаматтық ұстанымдарды меңгерген;

  • Код ON6

    Ұлы даланың құндылықтарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін сыни тұрғыдан қолдана, теориялық білімімен нақты тәжірибелік дағдыларын басқарушылық қызметте іске асыра, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлап жүргізе алады;

6B01501 Математика
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті)

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Астана халықаралық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика пәнінің мұғалімі
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика пәні мұғалімрін дайындау
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Сулейман Демирел атындағы университет

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Ағылшын тілі
6B01501 Математика
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика-информатика
Бакалавриат

Қазақстан-Американдық еркін университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01501 Математика пәні мұғалімрін дайындау
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top