Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 Математика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Бұл пəн педагогикалық мамандықтарға арналып дайындалған жəне болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді кəсіби тұрғыдан дайындауға бағытталған. Бағдарлама онтогенездің əр түрлі кезеңдерінде организм тіршілігінің, өсу жəне даму барысында ағзалардың жəне ағзалар жүйелерінің қызмет етуінің ерекшеліктерінің заманауи мəселелерін қамтиды. Пəнінің мақсаты - мектеп жасындағы балалардың анатомиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері, əртүрлі жастағы өсу жəне даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика оқулығынан тыс есептерді шешу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Математика оқулығынан тыс есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін кеңейту негізінде білім алушылардын математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, реалды өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Қазіргі әлемдегі білімнің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсету, математика мұғалім мамандығын игеруге жағымды жағдай туғызу, студенттерде өзіндік білім алуға және педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыру, болашақтағы кәсіби іс-әрекеттің шығармашылық сипатын студенттердің саналы түрде түсінуіне мүмкіндік жасау, тұрақты жән кәсіптік өздігінен жетілу қажеттілігін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементарлы математика
    Несиелер: 5

    Пəнді оқытудың мақсаты болашақтағы жалпы орта білім беретін мектеп пен арнаулы оқу орындары математика пəні мұғалімдерінің кəсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру жəне дамыту. Студенттердің мектеп математика курсы бойынша алған білім, білік жəне дағдыларын, құзыреттіліктерін жүйелеу, жалпылау, тереңдету, математикалық сауаттылығын қалыптастыру, жалпы математикалық мəдениетінің деңгейін көтеру, негізгі математикалық пəндерді, элективті курстарды оқып үйренуге қажетті базалық білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру, өздігінен математикалық білімдерін бағалай білу, жетілдіру дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикалық талдау 1
    Несиелер: 5

    Болашақ математика бакалаврының өз бетінше ойлау қабілетін жетілдіруі үшін математикадан теориялық білімнің практикалық негіздерін жете меңгеруі. Математикалық іргелі білім беру мынадай бөлімдерден тұрады: бір айнымалыдан тәуелді функцияның берілу тәсілдері, сандық тізбектер пен функцияның шектері, бір айнымалыға тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеулері, функцияның экстремум нүктелерін табу, туынды көмегімен функцияларды зерттеу, интегралдық есептеулер жүргізу. Математикалық талдау1 курсының басты мақсаты – студенттердің математикалық талдаудың аталған негізгі тарауларын оқып-үйренуіне көмектесу және оларды түрлі қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсының негіздері
    Несиелер: 3

    Бұл курс мектептегі математика курсын оқуда қолданылатын математикалық ұғымдарды жалпылауға, түсінуге, байланыстыруға және интеграциялауға арналған. Курсты оқу кезінде оқушыларды есептерді шешуге үйретудің әдістері мен тәсілдерді қолдануда жалпы мәдени құзыреттіліктер қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері.
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық талдау 2
    Несиелер: 5

    Білім алушыларды бір айнымалыға тәуелді функциялардың интегралдық есептеулерін үйрету. Анықталмаған, анықталған интегралдың қасиеттерін түсіндіру. Қарапайым таблицалық интегралдаудан күрделі интегралдаудауға көшу. Интегралдау әдістерін үйретіп, есептер шығарту. Анықталған интегралдың физикалық, геометриялық қолданыстарына есептер шығарту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математика тарихы мен методологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Математиканың даму тарихы мәліметтерінің негізінде математикалық ұғымдар мен теориялардың қалыптасуын, ішкі мазмұны мен логикасының кеңеюін көрсету. Орта мектеп мұғалімінің математиканы оқытуда оқушының пәнге деген қызығушылығын тарихи мәліметтер беру арқылы арттыруы оқыту сапасын көтерудің бір жолы болумен қатар, оқушы жастардың диалектикалық ой-өрісін, еркін ой тәрбиесін жетілдіруге, түптеп келгенде, математикалық тұжырым-нәтижелердің адамның, жасампаз асқақ ой-парасаты арқасында дүниеге қалайша келіп, нендей қиындықтармен қалыптасқанын танып-білуіне мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сызықты алгебра
    Несиелер: 5

    Сызықтық алгебра сызықтық теңдеулер жүйесі, матрица, анықтауыш, векторларды қарастырады. Кері матрицаны табу, анықтауышты есептеу, алгебралық көпмүшеліктердің түбірін табу есептерін қарастырады. Матрица, анықтауыштың қасиеттерін көрсетіп, бірлік матрицаны табуға, матрицаларды көбейтуге, анықтауыштарды ретін төмендету арқылы есептеуді үйретеді. Студенттерді сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер ережесі, матрицалық әдіс және Гаусс әдістерімен шешуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алгебра және анализ бастамалары
    Несиелер: 5

    Мақсаты- білім алушыларды табиғат құбылыстарын түсіну үшін қажетті математикалық ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру. Математикадан есептерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгеру; математикалық білімді дамыту; осы математикалық білімді күнделікті өмірде қолдану; практикалық қызметте математикалық білімді қолдану білігін дамыту. Математикалық материал бойынша есептерді шешу алгоритмдерін өз бетінше құру және орындау. Практикалық жағдайларда қолдану үшін қажетті математикалық білім мен білік жүйесін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Менеджмент (минор 1)
    Несиелер: 6

    Қазіргі басқару ғылымы: мазмұны, ерекшеліктері, мағынасы, негізгі принциптері мен компоненттері. Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері. Ұйымдар: түрлері, қасиеттері, сипаттамалары. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Басқару әдістерінің жіктелуі. Қазіргі заманғы компаниялардың қызметін жоспарлау. Дамудың негізгі, пессимистік және оптимистік сценарийлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсының пәнаралық байланыстары
    Несиелер: 4

    Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстардың мәнін көрсете отырып, оның теориялық негіздерін, іске асыру жолдарын, практикалық жақтарын ашып, болашақ математика мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды іске асырудағы білім, білік, дағдыларын тереңдету. Математика пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарына ПАБ-тар тұрғысынан талдау жасай білулері. Пәнаралық мазмұнды есептерді шығарудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және оларды оқушыларға меңгертудің жолдарын үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
    Несиелер: 4

    Мақсаты: оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, сыныптан тыс сабақтарда оқушылардың математика бойынша білімдерін тереңдету. Мектепте математиканы оқыту процесінде математикалық дайындықты жетілдіру әдістері сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың және жүргізудің заманауи тәсілдері арқылы қарастырылады . Студенттерде сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі жүргізу, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу және басқару әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Математикадан тыс жұмыстың заманауи түрлері мен типтері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Функционалдық талдау
    Несиелер: 5

    Функционалдық талдау – қазіргі математиканың негізігі тарауларының бірі. Функционалдық талдау курсынан функциялар (операторлар), метрикалық және сызықтық нормаланған кеңістіктер туралы мәлімет алады. Сызықтық операторлар мен функционалдардың қасиеттері, қолданыстары қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық талдау 3
    Несиелер: 5

    Бұл курста сандық қатарлар, функционалдық тізбектер және қатарлар, дәрежелік қатарлар, көп айнымалыға тәуелді функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулеріне және екі, үш, қисықсызықты интегралдар жайлы түсініктер беріледі. Бұл тараудағы басты мақсат- қатарлар теориясы мен көпайнымалы функцияларды дифференциалдау және интегралдаудың есептеу жолдарын үйрету. Олардың геометриялық, физикалық қолданыстарына есептер шығару әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Болашақ мамандарға педагогика ғылымдарының теориялық негіздерін, тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын меңгерту, тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білімдер және іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады. Негізгі тақырыптар: Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйе- сіндегі орны. Педагогика əдіснамасы мен əдістері. Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты проблемалар. Білім мəні мен маңызы. Оқу процесінің мəн-мағынасы. Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алгебра және сандар теориясы 1
    Несиелер: 6

    Білім алушыларды алгебра және сандар теориясы пәнімен, оның математикалық аппараттарымен, жиындар және оларға қолданылатын амалдармен, қасиеттерімен, жиындардағығы амалдармен, қатыстармен, алгебралық құрылым ұғымымен, сызықты кеңістік, матрица, анықтауыш ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен, сызықты теңдеулер жүйесімен, оларды шешу әдістерімен таныстыру. Осы ұғымдарды қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Жиын, ішкі жиын, жиындарға қолданылатын амалдар, олардың қасиеттері, Эйлер-Вень диаграммасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геометрия 1
    Несиелер: 6

    Аналитикалық геометрия-жоғары математиканың маңызды бөлімдерінің бірі, геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешеді. Аналитикалық геометрияның негізгі түсініктері-нүктелер, сызықтар, жазықтықтар, қисықтар және екінші ретті беттер. Аналитикалық геометрияның негізгі әдісі-координаттар әдісі, онда геометриялық фигуралардың қасиеттері алгебралық әдістермен зерттелетін теңдеулерді қолдана отырып зерттеледі. Мақсаты: студенттерді аналитикалық геометрияның мазмұны мен зерттеу әдістерімен таныстыру. Оларға осы әдістерді нақты есептеулерде зерттеу және қолдану дағдыларын үйрету. студенттерді келесі ұғымдармен, ережелермен және фактілермен таныстыру: Аналитикалық геометрия пәні, вектор, векторлардағы операциялар, қисық теңдеу, жазықтықтағы түзу теңдеулер, сызықтардың өзара орналасуы, екінші ретті қисық теңдеу, эллипстің канондық теңдеуі, гиперболаның канондық теңдеуі, параболаның канондық теңдеуі, түзудің жалпы теңдеуі, координаталар жүйесіне қатысты түзудің орналасуы, түзу теңдеуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі басқарушылық қызметті тиімді ұйымдастыру. Педагогикалық менеджменттің ғылыми-теориялық негіздері мен оқу-тәрбие үдерісіндегі жəне білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктерін меңгеруге ықпал жасау. Болашақ педагогтарды білім берудегі менеджменттің мəні жəне негізгі міндеттерімен таныстыру; педагогикалық менеджменттің түрлері, бағыттары туралы түсінік беру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Функциялар теориясы және функциялық талдау элементтері
    Несиелер: 6

    Функциялар теориясы мен функционалдық талдау элементтері бұл жалпы ғылыми және арнайы пәндерді оқуға қажетті іргелі пән. Бұл курсты оқу кәсіби есептерді шешуде математикалық әдістерді практикада қолдану дағдыларын жетілдірудің ең тиімді құралы болып табылады. Студенттердің математикалық мәдениетін қалыптастырады, жүйелі математикалық ойлауды дамытады. Пән алгебра, математикалық талдау және геометрия идеяларының шексіз өлшемді жағдайына жалпылау болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Пəннің мақсаты мектепте математика бойынша білім нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Математика бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау əдістері мен құралдарының қазіргі жағдайы туралы білім. Математикадан оқушыларды объективті бағалаудың негіздерін меңгеруге қызығушылық жəне оң мотивация (уəждеме), шығармашылық іс-əрекетке жетуге талпынуының қалыптасуы мен дамуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геометрия 2
    Несиелер: 4

    Студенттерді дифференциалды геометрия әдістерімен, геометрияның негізімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Оларға осы әдістерді нақты есептеулерде зерттеу және қолдану дағдыларын үйрету. Студенттерді келесі ұғымдар мен тұжырымдармен таныстыру: қисық, қисықтың ерекше нүктелері, скаляр аргументтің вектор-функциясы, қисыққа жанама, жанама теңдеуі, жанасатын жазықтық, қисықтың ұзындығы, қисықтың қисықтығы, қисықтың бұралуы, Френе формулалары , эвалюта және жазық қисықтың эвольвентасы

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    "Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны" пәні таңдалған мамандық бойынша студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыратын теориялық курс ретінде әрекет етеді. Басқа педагогикалық және әдістемелік пәндермен бірге бұл курс қашықтықтан оқыту, электронды оқыту, электронды оқытудың теориясы мен ұйымдастырушылық негіздері контекстінде дизайнер-мұғалімнің мәні туралы білімді қалыптастырады, олардың мағынасын, білім беруде қолдану механизмін тереңірек түсінуді қамтамасыз етеді."Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны" пәнінің мақсаты - студенттерді жобалаудың педагогикалық технологияларын қолдана отырып, жоғары өнімді электрондық оқыту үшін оқу материалдарын жасауға үйрету, білім беру ортасында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • HR менеджмент (минор 2)
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттердің адами ресурстарды басқару саласындағы ұйымдастырушылық-басқару қызметінің білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру. Компания қызметкерлері. АРБ саласындағы тиімді технологиялар. "Ассесмент-орталық" қызметкерлерді іріктеу және бағалау жүйесінде. Персоналды бағалаудың диагностикалық жүйесі. Кадрлық консалтинг. Мотивация жүйесін қалыптастыру және жетілдіру технологиясы. Кадрлық резервті құру принциптері. Персоналды диагностикалау құралдары. Бейімделудің заманауи әдістерін салыстыру: тәлімгерлік; баддинг; кураторлық және job shadowing. Диагностикалық картаны әзірлеу және модельдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Болашақ математика бакалаврына «Математиканы оқыту әдістемесі» пәнін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларын меңгерту. «Математика» пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесі жайлы түсінік беру. Жалпы және бейіндік білім беруде математика пәнінің мәнін ашу, пәнді меңгерудің психологиялық-педагогикалық аспектілерінің мәнін ашу. студенттердің мектеп бағдарламасы, оқулықтары мен оқу құралдарын үйренуін және терең талдай білуі мен олардағы әдістемелік қағидаларды түсіне білуін қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгебра және сандар теориясы 2
    Несиелер: 5

    Білім алушыларды группа, сақина, өріс, сызықты кеңістік, сызықты оператор, сызықты алгебра сияқты алгебралық құрылымдармен, сандар теориясы элементтерімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Студентердің осы салалардың зерттеу әдістерін меңгеруіне және осы әдістерді нақты есептерде қолдануға үйренуіне, дағдылануына қол жеткізу. Білім алушыларды группа, группаның қарапайым қасиеттері, ішкі группалар, іргелес кластар және қалыпты ішкі группағ группалар гомоморфизмі, Кэли және Лагранж теоремалары, группалар гомоморфизмі туралы теоремалар, сақина, сақинаның қарапайым қасиеттері, сақиналар гомоморфизмі, сақина идеалы, идеал бойынша фактор сақина, сақиналар үшін изоморфизм теоремалары, евклидтік сақина, өріс туралы түсініктерін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математика пәні бойынша дарынды балалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттердің математика пәні бойынша дарынды оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады. Бұл пәнде математика пәні бойынша оқушылардың зерттеу жұмысының түсінігі, ғылыми зерттеу әдістері, оқушылардың математикалық зерттеу қызметі, математикалық ойлауы. оқушылардың математикалық қабілеттері, оқушылардың математикалық қабілеттерін диагностикалау, оқушылардың математика бойынша ғылыми конференциясы, оқушылардың математикалық әдебиеттермен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың зерттеу жұмыстары барысында әдеби дереккөздерді іздеу және рәсімдеу туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың негізі оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері болып табылады, онда мұғалімнің табысты оқудағы рөлі мен ұстанымы және кәсіби құзыреттілігі қарастырылады. Курстың мақсаты-сындарлы оқытуда іскерлік дағдыларды қалыптастыру. Студенттерді кәсіби қызметінде констуктивті оқыту әдістерін қолдана білуге үйрету, студенттердің жалпы әдістемелік білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру, оқыту әдістерін зерделеу, талдау кезінде болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды, математикалық есептерді шешу мен зерттеу әдістерін игеруді, математикадағы сандық әдістерді игеруді, өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білуді үйретуді мақсат тұтады. Табиғаттағы кез-келген кездейсоқ процестерді зерттеу туралы ұғымды, ықтималдықты-статистикалық объектілерді зерттеуден алынған нәтижелер негізінде ақпаратты өңдеудің жаңа технологияларын жасау туралы білімді қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 4

    Мақсаты: Студенттердің дифференциалдық теңдеулер теориясын меңгеруі. Бірінші ретті қарапайым дифференциалдық теңдеулерді, екінші және жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістерін үйрету. Курста бөлінетін айнымалылары бар және оларға келтірілген теңдеулер қарастырылады. Біртекті, сызықтық теңдеулерді, Бернулли, Лагранж, Клеро, Риккати теңдеулерін толық дифференциалдарда шешу әдістері көрсетілген. Екінші және жоғары ретті тұрақты коэффициенттері бар сызықтық біртекті, гетерогенді теңдеулер және ретті төмендетуге мүмкіндік беретін теңдеулер қарастырылады. Дифференциалдық теңдеулер жүйесін шешу. Әр түрлі салаларда дифференциалдық теңдеулерді қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Алгебра және сандар теориясы 3
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Білім алушыларды сандар теориясының үздіксіз бөлшектер, бір белгісізді салыстырулар, алғашқы түбір және индекс бөлімдерімен, көпмүшеліктер сақиналарымен, қасиеттерімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Студентердің осы салалардың зерттеу әдістерін меңгеруіне және осы әдістерді нақты есептерде қолдануға үйренуіне, дағдылануына қол жеткізу. Шектеулі және шектеусіз үздіксіз бөлшектер, лайықты бөлшектер және олардың қасиеттері, периодты үздіксіз бөлшектер, анықталмаған теңдеулерді шешу, лайықты бөлшекті сандар жұбының тізбегі кеңістігіндегі функция ретінде беру, бір белгісізді салыстырулар, бірінші дәрежелі салыстырулар, бірінші дәрежелі салыстырулар жүйесі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математиканы кіріктіре оқытудың практикумы
    Несиелер: 4

    Математикалық әдістер құбылысты тереңірек түсінуге, ондағы маңызды заңдылықтарды табуға көмектеседі. Ғылымның дамуымен математикадан оқытылатын материал күрделене түседі. Сондықтан нақты ғылыми дүниетанымды, білім алушылардың білімінің тұтастығын қалыптастыруға бағытталған орта мектепте математикалық білім беруді интеграциялау идеясы қажет болады. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді даярлау мақсатында арнайы курс енгізіледі. Интеграция ұғымы және оның мектептегі мәні, сондай-ақ қазіргі математикадағы интеграция процесінің ерекшеліктері берілген. Математика сабақтарында интеграцияның бағыттары мен әртүрлі деңгейлері көрсетілген. Алгебралық және геометриялық әдістердің байланысы. Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде алгебралық және геометриялық әдістерді біріктіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көшбасшылық және жауапкершілік (минор 3)
    Несиелер: 5

    Көшбасшылық және жауапкершілік терминінің түсінігін анықтау, көшбасшылықтың қасиеттерін ашу, еңбек үдерісінде адамдардың мінез-құлқын тиімді басқару тетіктері туралы түсінікті қалыптастыру, ұйымдағы жанжалды жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ету, тиімді командаларды құру дағдыларын дамытуға ықпал ету. Жаупкершілікке үйрету. Жауапкершілікпен басқару. Жауапкершілікті сезіндіру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геометрия 3
    Несиелер: 5

    Студенттерді проективті геометрия әдістерімен, геометрияның негізімен, олардың қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Оларға осы әдістерді нақты есептеулерде зерттеу және қолдану дағдыларын үйрету. Проективтік геометрия, проективтік геометриядағы аксиомалар, проективтік түзудің және жазықтықтың топологиялық құрылымы, проективтік координаттар және проективтік түрлендірулер, ангармоникалық қатынас, нүкте жұптарының гармоникалық бөлінуі, Штайнер теоремасы, Паскаль теоремасы, полюс және поляр, проективтік схемадағы әртүрлі геометриялар. Студенттердің проективті геометрия әдістерін, геометрия негіздерін қолдана білуін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Стандартты емес есептерді шығару әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттердің осы кезеңге дейін алған білімдерін талдау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау, қорытынды аттестаттауға дайындау. Қиындығы жоғары логикалық есептер шығарту арқылы математикаға деген тұрақты қызығушылықтарын ояту, ойлау қабілетін дамыту және математикалық мәдениетін жетілдіру. Шығармашылық ізденістерін дамыту, математика бойынша білімдерін кеңейту мен тереңдетуге ықпал жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық есептер шешу практикумы 1
    Несиелер: 4

    Пән мектеп математикасының барлық салаларын қамтиды. Курста күрделілігі жоғары есептерді шешудің негізгі ұғымдары мен терминдері, теоремалары, сипаттаушы әдістері қарастырылады. Сондай-ақ, осы есептерді шешуде логикалық пайымдаулар мен қажетті зерттеу әдістері қолданылады. Әр түрлі практикалық мазмұндағы математикалық есептерді шешудің стандартты емес және балама әдістері талданады және жүйеленеді, шешудің оңтайлы әдістері салыстырылады және таңдалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Комплекс облыстағы дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 4

    Студенттерге комплекс облыстағы қарапайым дифференциалдық теңдеулер туралы түсінік беру. Қарастырылып отырған теңдеудің тәуелді және тәуелсіз айнымалылары комплекс мәндерді қабылдайды. Күрделі саладағы дифференциалдық теңдеулердің түрлері және оларды шешу әдістері қарастырылады. Дифференциалдық теңдеулердің бұл түрін ғылымның әртүрлі салаларында және техникалық есептерде қолданыстары көрсетілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геометриялық есептер шығару практикумы
    Несиелер: 4

    Курста мектеп геометрия курсының есептерін шешу әдістерін жүйелеу берілген. Есептерді жазықтықта және кеңістікте шешу әдістері қарастырылады. Тамаша нүктелер және олардың қасиеттері. Теоремалардың дәлелденуі. Қарама-қайшылықтың дәлелдеу. Үшбұрыштарды шешуде Пифагор, Менелай, Чева теоремаларын қолдану. Жазықтықтағы және кеңістіктегі векторлар. Фигуралардың аудандарын, денелердің көлемін есептеу. Айналу денелері және олардың көлемі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық есептер шешу практикумы 2
    Несиелер: 5

    Курста геометриялық есептерді шешу қарастырылады. Тақырыптар бойынша планиметриялық есептер мысалында есептеу және дәлелдеу үшін геометриялық есептерді шешудің негізгі әдістері: үшбұрыштың геометриясы, шеңберлер мен бұрыштар, шеңберлер мен көпбұрыштардың тіркесімдері, аудандар. Тригонометриялық теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу әдісімен шешу. Құрамында модуль таңбасы бар тригонометриялық теңсіздіктер, қосымша бұрыш енгізу арқылы теңдеуді шешу. Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттерді ″ғылым″, ″ғылымтану″ ұғымдары мен таныстырып, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерту. Студенттерге педагогика ғылымының зерттеу нысаны, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық түрде қолдана білуін дамыту; ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру. Өзін қызықтырып мәселені теориялық материалдармен толықтырып, практикалық тұрғыда тәжірибе жинауға үйрету. Өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету, зерттеудің әдіснамасын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ойындар теориясының алгоритмі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттерге дау-жанжал жағдайындағы тиімді шешімді қабылдайтын математикалық модельдеумен айналысатын амалдарды зерттеу теориясының бөлімі ойындар теориясын меңгерту .Ойындар теориясы – дау-жанжал жағдайында тиімді стратегиялық шешім қабылдаудың модельдерін зерттейтін математика саласы. Әрбір ойыншының стратегиясы оның атқаратын функциясына тәуелді болады. Ойыншы ұтысты көп беретін стратегияны таңдап алады. Дау-жанжалдың шешілу нәтижесінде коалициялардың мүдделері ортақ болса, онда ойын «коалициясыз ойын» деп аталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі практикумы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: болашақ математика мұғалімінің математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдістерін, әдістемелік зерттеулерді, есептерді шешу және оларды түсіндіру тәсілдерін игеруі. Математиканы оқыту мақсаттары. Математикалық модельдер туралы түсінік. Қозғалыс есептері. Функцияны зерттеу. Есептің шешімін табу әдістері. Әдістерді қолдану. Интервалдар әдістері. Тригонометриялық функциялардың мәндері. Талдау және синтез. Индукция.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық логика және дискреттік математика
    Несиелер: 5

    Курс дискретті математика мен математикалық логиканың негізгі бөлімдері бойынша негізгі ұғымдарды игеруге бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер дискретті математика мен математикалық логиканың типтік есептерін шешу әдістерін қолдану білігі мен дағдыларын игереді; дискреттілік қасиеті бар құбылыстардың үлкен класын зерттеуде қолданылатын әдістер ретінде осы пәннің әдістері туралы түсінік беріледі; графтар теориясының, автоматтар теориясының, бульдік функциялар теориясының негізгі ұғымдарын қолданудың білім, білік мен дағдылары қалыптасады. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шағын комплектілі мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру ерекшеліктері
    Несиелер: 3

    Мақсаты: Шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруының педагогикалық негіздерін, ШЖБМ-ң тарихы мен қазіргі жағдайын, пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігін, оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу, пәндерді оқытуды жоспарлау, сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы, сабақты ұйымдастыру оқытылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектепте математиканы саралап оқыту
    Несиелер: 3

    Саралап оқыту — орта мектепте оқыту тәсілі. Орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламасын оқушылардың бейімі мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді көздейді. Мұндай оқыту арнаулы мектепте, сыныпта, сынып ішіндегі топта жүзеге асырылады. Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты өз деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін қолданылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп математика курсында ауызша есептер мен жаттығулар
    Несиелер: 5

    Математиканы оқыту процесінде айтарлықтай жетістіктерге жету тек материалдық қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттерімен анықталған оқу процесінің сипатына да байланысты. Ауызша тапсырмаларды әр түрлі формада ұйымдастыруға болады, мысалы, дайын модельдер мен сызбалар арқылы. Жаңа тақырыпты игеру барысында қолданылатын дайын сызбалар арқылы ауызша жаттығулар мен жұмыстарды орындау сабақта жұмыс уақытын дұрыс бөлу үшін қажет, сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық сауаттылық негіздерін қалыптастыру
    Несиелер: 5

    Курс студенттерде "функционалдық сауаттылық", "математикалық сауаттылық" ұғымдарының мағынасы туралы нақты түсінік қалыптастыруға арналған. Курстың мақсаты-белгілі, дәлелденген заңдылықтарды, әдістерді, оқыту әдістерін жүйелеу және қажетті оқу нәтижелерімен үйлестіру. Курс логикалық және стандартты емес есептерді шешудің ең жиі қолданылатын әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Математикалық сауаттылықтың компоненттері, білім алушыларда математикалық сауаттылықтың қалыптасуын диагностикалау әдістері туралы түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикадан олимпиада есептерін шешу жолдарын үйрету әдістемесі
    Несиелер: 4

    Курста дарынды оқушылардың олимпиадаларға дайындық кезінде математикалық ойлауын дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады. Математикадан олимпиадалық есептерді шешуді оқытудың формалары мен әдістері көрсетілген. "Олимпиадалық есеп" ұғымын түсіндіру. Математикадан олимпиадалық есептердің ерекшеліктері, оларды олимпиадалық есептермен жұмыс жасауда көрсету . Теңсіздіктердің дәледеу. Коши, Коши-Буняковский теоремалары арқылы теңсіздіктерді дәлелдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы физика курсы
    Несиелер: 5

    Mақсаты: Студенттерді физика негіздерімен жалпы физика курсының бағдарламасы көлемінде таныстыру. «Физика» курсының негізгі тараулары: механика, молекулалық физика және термодинамика, нақты газдар, сұйықтар және қатты денелер, электрдинамика, тербелмелі қозғалыстар және толқындар, оптика, кванттық және атомдық физика негіздері болып табылады. Студент жалпы физиканың негізгі заңдарын меңгеріп, есептерді шығаруға теорияны қолданады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көпмүшеліктер сақиналары
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Білім алушыларды бір және бірнеше айнымалыдан көпмүшеліктер сақиналар теориясымен және олардың зерттеу әдістерімен таныстыру. Оларға осы салалардың зерттеу әдістерін меңгерту және нақты есептерде қолдануға үйрету, дағдыландыру. Сақина, сақинаның идеалы, фактор сақина, сақиналардың гомоморфизмі туралы теоремалар, бір белгісізден көпмүшеліктер сақинасын құру, көпмүшеліктің дәрежесі, көпмүшеліктерді қалдықпен бөлу теоремасы, көпмүшелікті екі мүшеге бөлу, көпмүшеліктің түбірі, бүтіндік облыстағы көпмүшелік түбірлерінің саны, көпмүшеліктер теңдігінің алгебралық және функционалдық анықтамалары, орнына қою гомоморфизмі туралы теорема, ең үлкен ортақ бөлгіш

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON9

    Математиканы оқыту технологиясында зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістерін қолданады; оқушылардың пәнді меңгерудегі дағдылары мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін меңгереді.

  • Код ON11

    Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, азаматтық қорғаныстың рөлі мен міндеттерін, құтқару және апаттың – қалпына келтіру жұмыстарын біледі.

  • Код ON12

    Практикалық есептерді шығару, ақпаратты өңдеу мен таратуда математикалық әдістерді, программалау мен қазіргі заманғы ақапараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады.

  • Код ON2

    Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, формалары мен тәсілдерін, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Балалар мен жасөспірімдер өсунің жалпы заңдылықтарын, жүйке жүйесінің физиологиясын біледі.

  • Код ON8

    Жалпы физиканың, іргелі, қолданбалы математиканың білімдерін және ақпараттық технологияларды құбылыстар мен процестерді жинақтау мен талдау үшін қолданылады; бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін теориялық талдау әдістерін, компьютерлік модельдеу тәсілдерін меңгереді.

  • Код ON7

    Математиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.

  • Код ON6

    Іргелі математиканы оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгерді.

  • Код ON4

    Білім беру процесінің барлық субъектілерінің (жеке, оқушылар, ата-аналар) қызметін талдайды, сынып және зертханалық сабақтарда математиканы оқыту процесін жетілдіру үшін әріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс істей алады.

  • Код ON1

    Математиканы оқытудың педагогикасы мен әдістемесін, ағылшын тілінде, оның ішінде online режимде оқытудың заманауи білім беру технологияларын, тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі; білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін меңгерген.

  • Код ON10

    Зерттеу және кәсіби қызметінде негізгі математикалық әдістерді математикалық есептерді талдауда қолданады.

  • Код ON5

    Экономика, менеджмент, маркетинг және қаржы негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы қазіргі заманғы басқару технологияларының рөлі мен маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен принциптерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.

  • Код ON3

    Кәсіби қызметте жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, бала құқықтары және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы негізгі құжаттарды; бағалаудың критериалды әдістерін; зерттеу нәтижелерін пайдаланады

Top