Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Информатика в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Мектеп информатикасының жаңартылған мазмұны
    Несиелер: 5

    Информатика пәнін оқытудың инновациялық құралдарды қолданудың әдістемелік негіздері мазмұнын, мақсатын, әдіс- тәсілдерін үйретеді Мақсаты: Инновациялық әдістермен Информатика пәнін оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық информатика
    Несиелер: 5

    Ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Мақсаты: информатиканы оқытудың жалпы әдістемелік принциптері мен бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың оқу процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Оқытудың нақты уақытқа, кезеңіне сай оқушылардың білімділігінің жоғарғы деңгейінің бар болуы; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері мен ережелері. Мақсаты: мектеп информатикасын оқытудың дидактикалық әдістерін жетік пайдалана білу. Іскерлікпен және дағдылармен қаруландыру; болашақ мұғалімдерді информатика саласында сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі формаларын ұйымдастыруға және өткізуге дайындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың экономикалық шаралар жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ ол үшін экономикалық ғылымның заңдылықтары мен әдістерін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Курс педагогикалық білімнің теориялық-әдіснамалық негіздерін, пәні мен мазмұнын, даму ерекшеліктері мен ерекшеліктерін және педагогика ғылымының тарихын; оқыту теориясын, оқыту принциптері мен әдістерін, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында психологиялық-педагогикалық қызметтің түрлері мен формаларын зерттеуге бағытталған. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен технологияларды оқыту және тәрбиелеу процесінде субъекті-субъектілік қарым-қатынастың тәжірибелік қолданылуы. Педагогтың әдеп кодексі және қарым-қатынас этикеті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 4

    Инклюзивті тәжірибені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.Инклюзивті білім беру барлық балалар әртүрлі оқытуды қажет ететін тұлға болып табылады деген ұстанымға бағытталған әдіснаманы дамыту. Мақсаты: Инклюзивті білім беру ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету модельдері туралы түсініктер қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы бiлiм берудегi маңызын, оның болашақ кәсiби түрде дайындаудағы орнын терең түсiнуi, мектеп информатика курсының мазмұнын iрiктеу принциптерiн түсiндiре алуы. Мақсаты: Информатиканы оқытудың әдістері мен нысандарын білуі. Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Maple ортасында қолданбалы есептерді шешу әдістемесі
    Несиелер: 4

    MAPLE ортасында қолданбалы есептерді шешу әдістемесімен танысу, математикалық есептерді компьютерде шешу барысында қолданылатын әдістерді пайдалану. Мақсаты: MAPLE бағдарламалық пакетін пайдаланып, кез-келген объектілердің математикалық сипаттамаларын есептеуді үйрету және MAPLE тілінде есептер шешу біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 5

    Математикалық талдауда көбінесе функциялар зерттеледі. Олардың көмегімен табиғат заңдылықтары, техникада, экономикада және басқа облыстарда кездесетін әртүрлі процесстерді математикалық тілмен айқын жазуға болады. Мақсаты: айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен таныстыруды шексіз аз шамаларды талдау арқылы жүргізу. Оның негізін дифференциалдық және интегралдық теориясында есептеуді үйрену.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мектепте информатиканы саралап оқыту
    Несиелер: 5

    Білім беру мекемесі қызметінің барлық салаларында ақпараттық және коммуникативтік технологияларды, компьютерлік және мультимедиялық өнімдерді белсенді пайдалану Мақсаты: студенттерді информатиканы жалпы және сараланған оқытуда қолдана отырып, мамандандырылған сыныптарда қолдану жолдарын үйрету және информатика пәнін оқытудың мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын игеру принциптері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • IT құралдарын пайдалану практикумы
    Несиелер: 5

    АТ-инфрақұрылымын және бизнес-үдерістерді моделдеу технологияларын салыстыру және пайдалану. АЖ қойылатын талаптарды анықтау және оны әзірлеу процесін ұйымдастыру. Ұйымда пайда болатын әр түрлі мәселелерді шешу үшін АЖ процестерін модельдеу және автоматтандырудың әртүрлі құралдары мен әдістерін қолдану. Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, локальді тораптардың жұмысын игеру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттарды қорғау
    Несиелер: 5

    Ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау әдістері. ДЕЭМ-де ақпаратты қорғау. Есептеу желілеріндегі ақпаратты қорғау. Мақсаты: Объектіні идентификациялау және құптау механизмдері, желілік жүйелердің қауіпсіздігін оқып уйрену. Желілердің әр түрлі деңгейдегі принциптерін білу; желіні құру кезінде пайдаланылатын әр түрлі байланыс құрылғыларын қолдануға; LAN пайдалану кезінде туындайтын проблемалы жағдайларды шеше алу, ақпараттық қауіпсіздік процесін жетік меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйелер cәулеті
    Несиелер: 5

    ЭЕМ құрылымының негізгі ұғымдары. Есептеу жүйесі мен желісін ұйымдастыру принциптері. Арифметикалық-логикалық құрылғы. Басқару құрылғылары, енгізу-шығару құрылғылар тобы, жады. Бағдарламаны басқару. Желі типтері. Берілгендерді жіберу әдісінің классификациясы. Мақсаты: ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері, есте сақтау құрылғылары, микропроцессордың өңдейтін бөлігін ұйымдастыру, интерфейстер, ақпарат алмасудағы енгізу және шығару шиналары, дербес компьютерлардың сәулеті негізінде микропроцессорлар құрылымын оқытуға негізделген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Программалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Программалау технологиясы. Негізгі түсініктер мен ұстанымдар. Программалық жабдықтардың технологиялық сипаттамаларын анықтау. Мақсаты: студенттерді бағдарламалық жабдықтарды жасау барысында қажет болатын программалық жүйелерді талдау, жобалау, жүзеге асыру және тестілеу әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оларды қазіргі бар, қолданылып жүрген ұстанымдар мен технологиялармен таныстыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Программалық қамтамасыз етуді жобалау
    Несиелер: 5

    Бағдарламалық қамтамасыз етудің жобасын дайындауға объекті-бағдарлы тәсілді қолдану. Мақсаты. Студенттердің теориялық білімімен қатар бағдарламалық қамсыздандыруды құру процесін ұйымдастыру және бағдарламалық жүйелерді өндірістік құрастырудың технологиялық принциптерін жүзеге асыру саласында қалыптасқан практикалық білімдерін жетілдіруді мақсат етіп қояды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Программалау І
    Несиелер: 5

    Программалау әдістеріне кіріспе. Негізгі операторлармен жұмыс. Бағдарлама құрылымы. Бағдарламаны өңдеу жолдары. Функциялармен жұмыс. Пайдаланушы анықтаған деректер түрлері. Құрылымдар. Динамикалық деректер құрылымы. Мақсаты: Программалау кіріспесімен танысу. Негізгі операторларды, бағдарлама құрылымын, бағдарламаны өңдеуді білу. Білім алушыларға программалау тілінің мүмкіндіктерін қолдануды, күрделі программалар құруды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интегралды есептеу
    Несиелер: 5

    Математикалық есептерді шешудің негізгі әдістері және шешу жолдарын үйренуі; Математикалық білімнің қолданбалы бағытын меңгеруі; Тип тік есептеулерді орындау жєне оларды ќорғау. Мақсаты. Математика курсының қолданбалы бағытын күшейту; Студенттерді қолданбалы есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдануға үйренуге бағыттау; Студенттердің логикалық және алгоритмдік ойлану қабілетін дамытуға, математикалық білімді өз беттерінше кеңейтуге және тереңдетуге ынталы болуына қол жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп информатикасын оқытудың дидуктивті әдістері
    Несиелер: 5

    Оқытудың дидуктивті әдістерін оқыту процесінің дағдыларын, әдістемелік шығармашылықты қалыптастыруда қолдану. Бағдарлама информатиканы оқыту әдістемесі саласында мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындығын беруге арналған. Мақсаты: студенттердің орта оқу орындарының информатика курсының құрылымы мен мазмұнының педагогикалық негіздерін терең меңгеруін қамтамасыз ету, болашақ оқытушыларда оқушылардың ғылыми іс-әрекеті үшін информатиканы оқыту мәселелерін шеше білуге тәрбиелеу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгебра және сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Математика инженерлік-техникалық зерттеулерде өте маңызды қызмет атқарады. Ол тек сандық есептің қаруы ғана емес, сонымен қатар дәл зерттеулердің әдісі және ұғымдар мен мәселелерді анағұрлым нақты қалыптастырудың құралы болып табылады. Мақсаты: мәселелерді математикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ математикалық зерттеу әдістерін және сандар теорясы көмегімен шешу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мультимедиалық оқыту программалары
    Несиелер: 5

    Қазіргі технологиялық процестің ерекшелігі. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Бағдарламалық өнімнің жіктелуінің элементтері. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Ақпараттық технологияның құрылуының методологиялық негіздері. Мақсаты: білім алуда интернет ақпараттық ресурстарын, іздеу жүйелерін, арнайы бағдарламаларды және электронды оқулықтарды мультимедиалық білім алу құралдарын пайдалануды меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп үшін сандық білім беру ресурстарын жобалау және құру
    Несиелер: 5

    Курс оқыту үдерісіне интерактивті қосымшаларды әзірлеуге және дамытуға және мультимедиялық қосымшаларды құру саласындағы практикалық дағдыларды алуға әдістемелік және технологиялық тәсілдерді зерттеуге арналған. Мақсаты: интерактивті қосымшалар мен мүмкіндіктер туралы түсініктер мен идеяларды меңгеру, оларды оқу үдерісінде қолдану және дамыту принциптерін жүйелі түрде түсіну

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Алгебра және талдау негіздерін оқыту
    Несиелер: 5

    Сызықтық теңдеулер жүйелері және оларды шешу әдістері. Матрицалар алгебрасы. Сызықтық кеңістіктіктер. Сызықтықтық операторлар және олардың матрицалық жазылуы. Мақсаты: логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды; алгебралық есептерді шешу мен зерттеу әдістерін игеруді; математикадағы сандық әдістерді игеруді; өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясы негізін құрайтын шексіз шағын талдау арқылы айнымалы шамаларды зерттеудің іргелі әдістерімен танысу. Мақсаты: Дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерін меңгереді, қазіргі заманғы қолданбалы есептерді зерттеуде терең пайдалнады, дифференциалдық теңдеулерді зерттеуде қажетті математикалық аппаратты меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электротехника және электроника негіздері
    Несиелер: 5

    Электр тізбегінің негізгі элементтері. Ом заңы. Джоуль-Ленц заңы. Кирхгофтың ережелері. Бір ізді және параллель жалғанған тізбектер. Баламалы кедергілері есептеу әдістері. Күрделі тізбектерді түрлендіру әдістері. Потенциалдық диаграмма. Мақсаты. Электр және магнит тізбектеріндегі орнатылған және өтпелі процестерді оқып меңгеру, қарапайым электр тізбектерін есептеу; микроэлектроника және қазіргі өндірістік электроника құрылғылары мен аспаптарының қызметін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютердегі практикум
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы программалау тілдерін, қазіргі мәліметтер базасын білу; желілер мен бағдарламалау технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері мен мәліметтерді беруді оңтайландыру тәсілдерін білу; бағдарламалық өнімдерді құру үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдана білу Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, локальді тораптардың жұмысын игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Жиындар теориясы, комбинаторика элементтері және ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқытудың тиімді жолдарына көңіл бөлінді. Мақсаты. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері мектеп математикасының барлық кәсіби бағдарлы оқыту бағдарламаларын игеру. Математика пәні бойынша орта мектепте ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін енгізу және талдауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Программалық қосымшалар құру
    Несиелер: 5

    Күрделі бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасауының әдістері мен тәсілдер. Ақпараты өндеу бағдарламалық жүйелердің модульдік структурасын жасауы. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың метрикасын өлшеуі. Мақсаты. Визуалды ортаның негізгі элементтерін меңгеру, мәліметтерді енгізу/ шығару үшін DELPHI қарапайым құраушыларын пайдалануды меңгеру, және сызықты алгоритмді пайдаланатын қосымшаны құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физика
    Несиелер: 5

    Студенттерге физиканың іргелі заңдарын, классикалық теорияларын, қазіргі заман физикасы туралы білімін және оларды іс жүзінде қолдану икемділіктерін қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулердің әдістемелерін игеретін деңгейде білім беру. Мақсаты. Физика курсы жоғарғы математика және теориялық механика курстарымен қатар теориялық негізін және фундаменталдық базасын құрайтын шешудің әртүрлі сандық әдістеріне үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Диcкретті математика және математикалық логика
    Несиелер: 5

    Дискреттiк математиканың негiзгi бөлiмдерi және олардың қолдануларымен таныстыру. Дискреттi объектiлер, шектi жиындар, буль функциялары, айтылымдар алгебрасының формулалары, графтар және тiзбектер және құпиялар теориясының проблемаларымен танысады. Мақсаты: студенттерді қазіргі математика тілінің әдіснамалық негіздерін меңгеруге, дискретті математиканың негізгі түсініктері мен әдістерін: логикалық есептеулер мен функционалды жүйелермен жұмыс жасауға үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы және кездейсоқ процестер
    Несиелер: 5

    Корреляциялық талдау. Ұғымы. Сызықтық корреляция. Корреляция. Коэффициенті. Регрессиялық талдаудың негізгі ұғымдары. Регрессия теңдеулері.Сызықты және сызықты емес регрессиялардың параметрлерін ең кіші квалраттық әіспен анықтау. Мақсаты. Заман талабына сай қазіргі техниканың- сенімділік, жаппай қызмет көрсетуі, автоматикалық басқару, өнім сапасын статистикалық бақылау теорияларды да ықтималдық теориясы көмегімен ықтималдық заңдылықтардың математикалық моделін құру арқылы іске асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Программалау ІI
    Несиелер: 5

    Программалаудың синтаксисін игеру, кірістірілген және пайдаланушы өзі құрған деректер типтерін білу, жадымен дұрыс және тиімді айлалы әрекет жүргізе білу, стандартты кітапханалар мүмкіндіктерін пайдалана білу. Мақсаты. Програмаллау ІІ қазіргі тәсілдерін зерттеу, програмалларды жазу дағдысын алу, өңдеу, тестілеу, толықтыру, талдау, қауыпсіздікті жабдықтау және Программалардың сенімділік әдістерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ДЭЕМ-дегі практикум
    Несиелер: 5

    Көп процессорлы компьютерлер жұмысының архитектурасы мен принципі, параллель алгоритмдерді бағдарламалық жүзеге асыру. Мақсаты: компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, локальді тораптардың жұмысын игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дискретті бағдарламалаудың есептері
    Несиелер: 5

    Лагранждың көпмүшеліктер ережесі. Кун-Таккер теоремасы.Екілік есеп. Градиентті әдіс. Градиентті проекциялау әдісі. Субградиентті проекциялау әдісі кодтау. Мақсаты. Студенттерді қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп информатикасын кәсіп алды дайындау
    Несиелер: 6

    Информатиканы оқыту әдістемесі пәні. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатика пәні математика, физика пәндерімен байланысы. Мақсаты: Мектеп оқушыларының математикалық оқу жұмысын ұйымдастыру формалары және әдістерін, математикалық ойлауын дамытудың жалпы ережелерін меңгереді, орта оқу орындарында математикадан білім берудің ұйымдастыру формаларын оқып, бейінді, инклюзитивтік мектептерде математиканы оқыту ерекшеліктерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп информатикасын оқытудың дидактикалық әдістері
    Несиелер: 6

    Оқытудың нақты уақытқа, кезеңіне сай оқушылардың білімділігінің жоғарғы деңгейі; мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен танымдық қызметке қызығушылығын қамтамасыз ететін білім мен еңбек мотивтерінің қалыптасуының жеткілікті деңгейінің бар болуы; Мақсаты: мектеп информатикасын оқытудың дидактикалық әдістерін жетік пайдалана білу. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері мен ережелерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Олимпиада есептерін шешу әдістері
    Несиелер: 5

    «Математикалық индукция әдісі», «Диофант теңдеулері», «Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер», «Комбинаторика», «Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру», «Теңсіздіктерді дәлелдеу» тақырыптарында қиындатылған есептердің шешу жолдарын меңгереді. Мақсаты: олимпиадаларда қиындығы жоғары есептерді шығаруда тригонометриялық түрлендірулер, теңдеулер құру, стандартты есептерінің шешу әдістерін білу, олимпиада және станддартты емес есептерді шеше білуді және тепе-теңдіктерді дәлелдеулерді құруды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында қателіктер классификациясы, алгебралық және трансцендентті теңдеулерді шешу, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің итерациялық әдістері, жай және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге қойылған шекаралық есептерді шешу әдістері баяндалады. Мақсаты: Қолданбалы есептерді шешудің жуықтау әдістері, математикалық моделдеу әдістері, қате көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жайындағы түсінікті студенттерге жүйелендірілген түрде қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 5

    «Жасанды интеллект жүйелері» курсы қазіргі таңда интеллект жүйесінің негізін меңгеру, сараптамалық жүйелерді қолдану мен құру тәсілдерін үйрету, білім инженері саласында келешек мамандарды дайындау барысында қолданылады. Мақсаты: жасанды интеллект жүйесінің негізін меңгеру, сараптамалық жүйелерді қолдану мен құру тәсілдерін үйрету, білім инженері саласында келешек мамандарды дайындау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оңтайландыру әдістері
    Несиелер: 5

    Оңтайландыру әдістері. Сызықты программалау есептерінің қойылымының мысалдары. Сызықты программалау есептерінің әртүрлі формасы. Сызықты программалау есептерін шешу әдістері. Мақсаты.Оңтайландырудың математикалық теориясының аспектілерін және оны қандай да бір әдіспен іске асыруды оқу. Болашақ мамандардың заманауи техникалық жүйелерді талдау және басқару кезінде оптимизациялық әдістерді қолдана білуін және білімін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Ақпаратты сақтау, өңдеу және өңдеу әдістерін, әдістерін сыни бағалау және талдау, сандық технологиялар арқылы ақпаратты жинау және тарату әдістерін қалыптастыру. Мақсаты: қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр түрлі салалардағы кәсіби қызметте, ғылыми және тәжірибелік жұмыс үшін, өздігінен білім алу және басқа да мақсаттарда пайдалануда студенттердің кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерін игеруге мүмкіндік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Компьютерлік графика негіздері
    Несиелер: 5

    Объектілер арасындағы ақпараттық байланыстарда, мәліметтерді өңдеу процесстерін қабылдауда бүтіндікке және көрнекілікке жету үшін графикалық әдістерді қолдану. Мақсаты.Компьютерлік графиканың негізгі бөлімдерімен (растрлік, векторлық) жұмыс істейтін жабдықтар туралы мәлімет алу, графикалық бейнені өңдеу, бейне кескінін салу әдістерін көрсету, конструкторлық құжаттар даярлау, бейненің екі, үш өлшемді кескінін жасау әдістерін үйрену.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Қазіргі технологиялық процестің ерекшелігі. Басқарудағы автоматтандыру процесінің құралдары. Бағдарламалық өнімнің жіктелуінің элементтері. Ақпараттық технологияның таңдау критериясы. Мақсаты: инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқытудың техникалық құралдары
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында білім алушылар құжаттарды жобалауда элементтерді компьютермен жобалау жүйесін қолдану дағдыларын қарастырады. Жобалаудың мәліметтерін сақтауда және өңдеуде техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдануды үйренеді. Мақсаты: Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау. В процессе изучения дисциплины обучающиеся рассматривают навыки использования системы компьютерного проектирования элементов при проектировании документов. Научатся использовать технические и программные средства для хранения и обработки данных проектирования.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 6

    Мәліметтер қорында алгоритмнің негізгі ұғымдары, мәліметтер модельдерінің түрлері, мәліметтерді сұрыптау жолдары. Мақсаты. Мәліметтер базасын құру және оның жүзеге асуын қадағалау. Сондай-ақ мәліметтер қорын басқару жүйесі негізінде деректерді өңдеу, қорғау және талдау алгоритмдерін үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Стандартты емес есептерді шешу әдістері
    Несиелер: 5

    Стандартты емес теңдеулер мен теңсіздіктер; арифметика бойынша олимпиадалық есептер; алгебра бойынша олимпиадалық есептер; мәтіндік есептер және геометрия бойынша олипиадалық есептерді шешу жолдарын қарастыру. Мақсаты: математиканы тереңдетіп оқитын сыныптардың және есеп сайыстарның жұмыстарында пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және математикалық олимпиадаға қатысу үшін оқушыларды жанжақты даярлауға қажетті білімді береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON6

    Коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалана отырып, ақпараттық әдістемелік материалдарды қолдану тәсілдерін меңгереді. Оқыту құралдары туралы түсінік қалыптастырады. Оқу-тәрбие жұмысында түрлі әдістерді қолданудың объективтік тенденциялары (бағыттары) ретінде қарастырылатын дидактикалық, дедуктивті әдістердің қасиеттері және өзара байланыстары туралы біледі. Мектепте информатиканы оқыту деңгейін бағалауды, информатиканы оқыту барысындағы жоғарғы деңгейге қойылатын есептер және стандартты емес есептерді шешудің жаңа тәсілдерін игереді.

  • Код ON7

    Қазіргі заманғы электр жабдықтарының негізгі тораптарының қызметі мен орындалатын функцияларын игереді. Математиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде Maple ортасында қолданбалы бағдарламалар пакетін оқу кезінде білімді қолдана алады. Компьютерлік графика объектілерінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекітеді және практикалық қызметте IT құралдарын пайдаланады. Жасанды интеллект жүйесін қолдану бойынша нақты міндеттерді шеше алады. Delphi бағдарламалау ортасында тапсырмаларды жасайды және игереді.

  • Код ON4

    Алгоритм ұғымын біледі, ол қолданатын мүмкіндіктермен танысады, мәселенің алгоритмдік шешімін формальды түрде дәлелдей алады, алгоритмнің күрделілігін асимптотикалық талдау, алгоритмдерді күрделілік сыныптарына сәйкес жіктеу, алгоритмдердің сапасын салыстырмалы бағалау критерийлерін құра алады және мәліметтер базасының жұмыс режимін сипаттай алады. Инклюзивті білім беру бағдарламасын біледі. Дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика есептерін шешуді, алгебра және талдау негіздерінен түрлі есептерді шығару біліктігін меңгереді.

  • Код ON1

    Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі сатыларының объективті тарихи білімі, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы теориялық идеялары, қазіргі заманғы әлемдегі саяси ғылымның зор маңызы, мәдени даму заңдары, психологиялық білім, философияның біртұтастық, ақпарат іздеу, сақтау және өңдеу әдістері, ақпарат жинау, «Рухани жағыру» патриоттық актісінің тұжырымдамасы, мазмұны және негізгі құндылықтары, дене шынықтыру мәдениетінің құралдары мен әдістерін біледі. Орыс тілінде еркін сөйлейді және ағылшын тілін меңгереді.

  • Код ON2

    Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі деңгейіне және оқушының мүмкін болатын интеллектуалдық даму деңгейіне сәйкес келетін білім мазмұнын, кұрылымын және көлемін анықтай алады. Білім беру мен білім алудың қазіргі деңгейіне бара-бар информатика пәнін оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасай алады. Информатиканы саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі деңгейлерін біледі.

  • Код ON5

    Орта білім беру саласында педагогикалық қызметті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыты мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Педагогикалық қарым-қатынас жағдайын талдай алады. Ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетінше сатып алуға және практикалық қызметте, оның ішінде білімнің жаңа салаларында жаңа білім мен дағдыларды пайдалану жолдарын меңгереді.

  • Код ON3

    Бағдарламалау тілдерінің классификациясын қолдана отырып, бағдарлама құрастыруды және қамтамасыз етуді үйренеді. бағдарламалау сапасының көрсеткіштерімен танысты. Программалаудың технологиялық мен методологиялық шешімдерді салыстырмалы оңай ендіреді және программалық қосымшалар құра алады. Классикалық және қазіргі математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгереді. Оқу және педагогикалық практика барысында студент информатиканы оқыту әдістемесі саласындағы білім мен іскерлікті бекітеді және оқу-тәрбиелік міндеттерді өз бетінше шешуге машықтанады.

  • Код ON8

    Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, информатиканың негізгі ұғымдары мен түсініктерін, пәннің негізгі мазмұндық желілерін іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, информатика курсының және оқушыларды компьютерлік технологиялардың оқыту мүмкіндіктерін біледі. Компьютерлік бағдарламаларды ұтымды қолдана алады және оқушылармен жұмыс жасауда олардың әдістемелік тиімділігін бағалай алады.

Top